Я.Йерасектің бағыттайтын тесті А.Керннің тестінің көшірмесі болып табылады. Ол үш тапсырмадан тұрады: ер адамның суретін салу, жазбаша әріптерді қайта жазу,(үш сөзден тұратын қысқа сөйлемнің көшіріп суретін сал “Ол нан жеді”, т.б.),көп нүктелердің көшіріп суретін салу. Я.Йерасек төртінші тапсырманы енгізді, әр бала 20 сұраққа жауап беру керек.
Ер адамның бейнесін көз алдыңызға елестетіп, оның суретін салу керек. Әріптерді және геометриялық фигураға біріктірілген нүктелер тобын қайта жазған кезде бірдей жағдай туғызу керек. Әр балаға 2-3 тапсырмалары бар парақтар таратылады.
3 тапсырмаға нұсқау.
“Мына жерде нүктелер салынған, жанына тура осындай етіп сал”.
Орындалған тестті бағалау.
1 тапсырмаға нұсқау. Ер адамның суреті.
1-ұпай мына жағдайда қойылады. Салынған фигурада бас, қол-аяқ, денесі болу керек, мойын болу керек. Басында шашы (немесе қалпақ, шляпа) болу керек. Құлақтар, көздер, мұрын, ауыз. Қолында 5 саусақ болады. Аяқтары қисық, ер адамның киімі салынған. Фигура синтетикалық әдіспен салынған болу керек (қолды қағаздан алмай, бір контурмен айналып сызуға болады). Аяқ-қолдары денеден “өсіп” жатыр.
2 ұпай қойылады, егер 1 бөлімдегі (синтетикалық әдістен басқасы) талаптар орындалса. Егер синтетикалық әдіс сақталып бір жетіспеушіліктер болса (шашы жоқ, мойны, қолының бір саусағы және т.с.с.)
3 ұпай. Денесі бар өте қарапайым сурет. Аяқ-қолдар жай ғана сызық сияқты салынған (оның біреуі салынбауы да мүмкін)
5 ұпай. Дене оның салынбаған (басы және аяғы), немесе қол-аяғының нақты суреті жоқ.
Адамның бейнесін салу ең ескі диагностикалық әдістерге жатады. 1926 жылы Ф.Гудинаф адам суретінің сапасын бағалау стандарттық сипаттар шкаласын құруға әрекет жасаған. Бұл шкала интелектуалдық даму көзқарасымен сурет бағалауына бағытталған.
3.1963 ж. Д.Харрис, Ф.Гудинафтың оқушысы, берілген тапсырманың жаңа стандартизациясын өткізді. Гудинаф-Харрис шкаласы 10 информативтік қасиетінің 10 категориясынан тұрады:
1) дене бөліктері, беттің бөліктері;
2) дене бөліктерінің бейнелеуінің көлемділігі;
3) дене бөліктерінің қосу сапалығы;
4) пропорцияларды қосу;
5) киімді бейнелеудің детальдығы, дұрыстығы;
6) фигураны профильде салудың дұрыстығы;
7) карандашпен жұмыс істеу сапасы; түзу сызықтардың нақтылығы мен сенімділігі;
8) формаларды салуда карандашпен жұмыс істеудің еркіндік дәрежесі;
9) сурет салудың техникасының ерекшеліктері (тек үлкен балаларда, мысалы, штрихтеу)
10) фигураның қозғалу мәнерінің берілуі;
Балалардың бейнелеу әрекеті қазіргі таңда өте жақсы зерттелген, оның стадиялары мен информативті қасиеттер анықталған. М.Д.Барретто, П.Лайта, К.Маховер, И.И.Будницкаяның, Т.Н.Головинаның, В.С.Мухинаның, П.Т.Хоментаускаяның және т.б. зерттеулері графикалық бейнелердің ерекшеліктері балалардың ойдық даму деңгейімен корреляциялайды. П.Т.Хоментауская былай деп санайды. Психолог графикалық презентациялардың төмендегі нәрселерге көңіл бөлу керек:
1. Дене бөліктерінің саны. Басы, шашы, көзі, қарашығы, кірпіктері, қасы, мұрыны, екі беті, аузы, мойны, иығы, алақаны, саусақтары, аяғы, табаны бар.
2. Декоративтік (киімнің бөліктері және әшекейлері); қалпақ, жаға, галстук, банттар, қалта, белбеу, түймелер, прическасының элементтері, киімнің қиындығы, әшекейлер.
Фигуралардың абсолюттық өлшеулері деинформативтік болуы мүмкін: өз-өзіне сенімді балалар фигураларды үлкен етіп салады; кішкентай етіп қорқақ, күдікті балалар салады.
Егер 5 жастан жоғары балалар суретте беттің бір бөлігін (көз, ауыз) салмай қойса, бұл қарым-қатынас сферасында үлкен ауытқуларды, тұйықталуын, аутизмді көрсетеді.
Суреттің бөліктерге бөлу деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баланың психикалық дамуының деңгейі жоғары болады.
Өскен сайын балалар суретті жаңа бөліктермен толықтырады. Сол үшін, егер 7 жасар бала дененің бір бөлігін салмай қойса, онда оған көңіл бөлу керек.
Бірақ, берілген тесттің жеке диагностикалық маңызы жоқ, яғни тек оған сүйенуге болмайды: ол үлкен зерттеудің бір бөлігі ғана болады.
2 тапсырма. Жазбаша әріптерді қайта жазу.
1 ұпай. Қайта жазу қанағаттанарлық күйде. Әріптер үлгіден екі есе үлкен емес. Бастапқы әріп үлкендеу жазылған сөз горизонтальды сызықтан 30о - тан көпке ауытқымайды.
2 ұпай. Үлгі анық қайта жазылған. Әріптердің өлшеуі және горизонталь сызықтардың сақталуы есептелінбейді.
3 ұпай. Сөз үш бөлікке бөлінген. 4 әріпін әрең түсінесіз.
4 ұпай. Үлгідегі сөзбен екі әріп сәйкес келеді.
5 ұпай. Түсініксіз бір нәрсе.
3 тапсырма. Нүкте тобын қайта жазу.
1 ұпай. Үлгіге өте ұқсас. Сурет кішілеу болуы мүмкін.
2 ұпай. Нүктелердің саны мен орналасуы үлгіге жауап беруі керек. Қатарлардың арасындағы кеңістіктің екінің жартысындағы үш нүктенің ауытқуы мүмкін.
3 ұпай. Бір бүтіндей үлгіге өте ұқсас. Биіктігі мен енінен үлкен емес. Нүктелердің саны 7 ден көп 20-дан аз болады, 180о - қа да бұрылыс болуы мүмкін.
4 ұпай. Контур бойынша сурет үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктелерден тұрады. Суреттің үлкендігі мен нүктелердің санының маңызы жоқ. Басқа формалар қабылданбайды.
5 ұпай. Түсініксіз бір нәрсе.
Субтесттер орындалып болғанда, психолог бланкілерді жинап тест нәтижелері бойынша алғашқы топтау өткізеді. Балаларды төмен, орта, жоғары деңгейлері бойынша іріктейді.
Алынған нәтижелер баланы жалпы психикалық даму жағынан сипаттайды: моториканың дамуы, берілген үлгілерді орындай білу, яғни психикал ық әрекеттің еркіндігін сипаттайды.
2. Тану процестерінің даму деңгейінің диагностикасы. Мектептік ержетуінің ориентациялық әрекеттің еркіндігін сипаттайды.
1. Қай жануар үлкен – ат па ит пе?
Ат=0 ұпай, дұрыс емес жауап (-5) ұпай.
2. Таңертең сіз ертеңгілік ішесіз, ал күндіз.... түстейміз. Біз сорпа ішеміз, ет жейміз = 0 ұпай. Кешкі ас ішеміз, ұйықтаймыз, т.б. дұрыс емес жауаптар = -3 ұпай.
3. Күндіз – жарық, түнде....
қараңғы = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 4 ұпай.
4. Аспан – көгілдір, ал шөп....
Жасыл = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 4 ұпай.
5. Черешня, алмұрт, алма, қараөрік.... олар не?
Жемістер = 1 ұпай, дұрыс емес жауап = - 1 ұпай.
6. Поездан бұрын шлагбаум неге түсіріледі?
Автомобильмен соғыспау үшін. Басқалар поездің астына түспесін деп (т.б.) = 0 ұпай, дұрыс емес жауап = - 1 ұпай.
7. Москва, Ростов, Киев дегеніміз не?
Қалалар =1 ұпай. Станциялар =0 ұпай, дұрыс емес жауап =-1 ұпай.
8. Сағат неше болды? (сағат көрсету керек)
Жақсы көрсетеді =-4 ұпай, 1\4 бөлігі, бір сағат көрсетілсе дұрыс = сағатты білмейді = 0 ұпай.
9. Кішкентай сиыр – ол бұзау, кішкентай ит – ол....? кішкентай қой – ол....?
Күшік, қозы =4 ұпай
Екеуінің біреуін айтса =0 ұпай дұрыс емес жауап =-1 ұпай.
10. Ит тауыққа көбірек ұқсайды ма мышыққа ұқсайды ма? Қай жерлері?
Мышыққа, өйткені оның да 4 аяғы бар, түгі, құйрығы, тырнағы =0 ұпай. Мышыққа (коментарисіз) =-1 ұпай.
Тауыққа =-3 ұпай.
11. Автомобильдердің барлығында неге тежегіш қойылған?
Екі себеп: (дөңнен түскенде тежегіш беру, бұрылыста; біреумен соқтығыспау үшін, айдап болғаннан кейін тоқтау керек =1 ұпай, 1 себеп =0 ұпай.
12. Балға мен балта бір-біріне немен ұқсайды?
2 жалпы ұқсастық =3 ұпай (олар ағаштан, темірден жасалған, олар құралдар, олармен шеге қағуға болады) 1 ұқсастық =2 ұпай, дұрыс емес жауап =0 ұпай.
13. Тыйын мен мышық немен ұқсайды?
Олар жануарлар сияқты жауап немесе 2 жалпы қасиетті айту (4 аяғы бар, құйрығы, түгі, талдарға міне алады) =3 ұпай.
1 ұқсастық =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.
14. Шеге мен винттің айырмашылығы?
Егер сенің алдында олар жатса, оларды қалай ажыратасың?
Винтте – резьбасы бар =3 ұпай.
Винт бұралады, шегені қағады =2 ұпай.
Дұрыс емес жауап =0 ұпай.
15. Футбол, теннис, биіктікке секіру – олар....?
Спорт, денешынықтыру =3 ұпай.
Ойындар (жаттығулар), гимнастика, жарыс =2 ұпай.
Дұрыс емес жауаптар =0 ұпай.
16. Транспорттық құралдарының қайсысын білесін?
Жердің үстінде жүретін транспорт құралы; ұшақ немесе кеме =4 ұпай. 3 транспорт құралы, толық тізімі (оның ішінде ұшақ пен кеме), бірақ транспорт құрал не екенін түсіндіру керек =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.
17. Жас адаммен кәрінің арасында қандай айырмашылығы бар?
Үш қасиеті (ақ шаш, шашының жоқтығы, әжімдер, жұмыс істеу қабілеті төмен, нашар көреді, нашар естиді, жиі ауырады, тез өледі) =4 ұпай.
1 немесе 2 айырмашылығы =2 ұпай. Дұрыс емес жауап (оның таяғы бар, ол темекі шегеді және т.б.) =0 ұпай.
18. Адамдар неге спортпен шұғылданады?
2 себептен (дендері сау болу үшін, тіке жүру үшін, семіріп кетпеу үшін, жетістікке жету үшін және т.б.) =4 ұпай, 1 себеп =2 ұпай.
Дұрыс емес жауап (бір нәрсені істей алатын болу үшін) =0 ұпай.
19. Біреу жұмыстан қашқан кезде, неге біз ол жаман нәрсе дейміз?
Ол үшін басқалар жұмыс істеу керек. Ол жалқау. Айлығы аз, оған ол ешнәрсе ала алмайды =2 ұпай. Дұрыс емес жауап =0 ұпай.
20. Конвертке не үшін марканы жабыстырады?
Хатты жіберу үшін =5 ұпай.
Басқа штраф төлеу керек еді =2 ұпай.
Дұрыс емес жауап =0 ұпай.
Сұраулық өткізгеннен кейін ұпайлар санынан нәтижелер есептелінеді. Берілген тапсырманың сандық нәтижелер 5 топқа бөлінеді.
1. топ - +24, одан >
2. топ - +14-тен 23-ке дейін
3. топ - 0-ден 13-ке дейін
4. топ - -1-ден 10-ға дейін
5. топ - > -11-ден
Класификация бойынша бірінші 3 топ + болып есептелінеді. +24, +13-ке дейін ұпай жинаған балалар мектепке оқытуға дайын деп есептелінеді.
Тестілеу нәтижелердің жалпы бағасы мектепке оқытуға дайын деп 3 субтесттер бойынша 3-тен 6-ға дейін ұпай алса, есептелінеді. 7-9 ұпай алған балалар тобы орта деңгейді білдіреді. 9-11 ұпай алған балалар объективті мәлімет алу үшін қосымша зерттеуді қажет етеді. 12-15 ұпай жинаған балаларға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені бұл көрсеткіштер нормадан төмен болып саналады.
Керн – Йерасек әдістемесі мектепке оқытуға дайындықтың даму деңгейінде алдын-ала бағыт береді.
Мектепке баратын балаларды диагностикалауды психикалық даму көрсеткіштері есебінен өткізу пайдалы.
3.Е.А.Бугрименко, А.Л.Венгер, Н.Н.Поливанова, Е.Ю.Сушкова осы диагностикалық процедурасы ретінде төмендегі механизімдерді сипаттайтын әдістеме кешенін ұсынады:
1. оқу әрекетінің элементтерінің даму деңгейі: үлкендердің тапсырмаларын нақты және тиянақты орындау қабілеттілігі, оны тапсырмасын өзінше орындау, тапсырманың шарттар жүйесіне ориентация жасау. (“Графикалық диктант”, “Үлгімен ережелер”, әдістемелері)
2. бейнелеу – образдық ойлаудың даму деңгейі (бейнелеу - схемалық) оқу материалын меңгеру (“лабиринт” әдістемесі)
Барлық әдістемелерді топтың зерттеу барысында өткізу керек, өйткені олар баланың үлкендердің айтқанына еру қабілеттілігіне қағытталған.
“Графикалық диктант” әдістемесі (Д.Б.Эльконин құрған) үлкендердің айтқанын нақты орындау және мұқият тыңдау қабілеттілігін анықтауға бағытталған, берілген сызықтардың бағытталуын дұрыс қайтасызуына, үлкендердің тапсырмасы бойынша өзінше әрекеттену қабілеттілігіне бағытталған.
Зерттеу үшін әр балаға тор көзді дәптердің парағы таратылады. Оған 4 нүкте салынады. Зерттеудің алдында психолог балаларға түсіндіреді: “Қазір біз әдемі ою саламыз. Олар өте әдемі және тиянақты болу керек. Ол үшін мені мұқият тыңдаңыз. Мен қанша торға, қай жағына сызық жүргізуін айтамын. Сендер тек сол сызықтарды сызыңдар, содан кейін тоқтап тұрыңдар. Келесі сызықты қолдарыңды парақтан алмай, сызықты үзбей, жалғастырыңдар. Оң қол есік жақтағы – оң қол (ориентир) оңға” деген кезде, есік жаққа жүргізесіңдер (тақтада бір торға есік жаққа қарай сызық жүргізеді) Ал қазір екі тор жоғарықарай. Енді сол қолды терезе жаққа созыңыз. (ориентир-терезе) Енді солға қарай үш торға сызық сызыңдар. Түсінікті ме?
Осыдан кейін психолог жаттықтыру оюды салуға көшеді. “Бірінші оюды сала бастаймыз. Карандашты ең жоғарғы торға қойыңыз. Парақтан алмай, сызық салыңдар. Бір тор төмен, бір тор-оңға, біреуі-жоғарыға, біреуі–оңға, біреуі-төмен, біреуі-оңға, біреуі-жоғарыға, біреуі-оңға, біреуі-төмен. Ал енді тура осылай етіп өздерің сызып жалғастырыңдар”.
Нұсқау берген кезде психолог ұзақ үзілістерді сақтау керек, (балалар алғашқы сызықтарды бітіру үшін). Оюды өз алдына салуға 1,5-2 минут беріледі. Балаларға оюды парақтың еніне бойы сызудың қажеті жоқ екенін ескертеді.
Процес барысында психолог мұқият бақылап отырады, балаларды мақтап отырады. Бірақ оюды салудың ешқандай нұсқаулар қайталанбайды.
Ою өздерінше салып болғаннан кейін психолог жұмысты тоқтатады: “Болды, енді бұл оюды салмаймыз, басқасын саламыз. Тыңдаңдар, үш тор-жоғары, бір-оңға, екі-төмен, бір-оңға, екі-жоғары, бір-оңға, үш-төмен, бір-оңға, екі-жоғары, бір-оңға, екі-төмен, бір-оңға. Ал енді өздерің жалғастырыңдар”.
1,5-2 минуттан кейін соңғы оюдың диктовкасы басталады: “Карандашты ең төмен нүктеге қойыңдар. Тыңдаңдар, үш тор-оңға, бір тор-жоғары, бір тор-солға, екі тор-жоғары, үш тор-оңға, екі тор-төмен, бір тор-төмен, үш тор-оңға, бір тор-жоғары, бір тор-солға, екі тор-жоғары. Ал енді өздерің жалғастырыңдар”.
Нәтижені бағалау.
Жаттықтыру оюдың нәтижелері бағаланбайды. Әр оюдың диктант орындалуы мен оюды жеке салуы бағаланады.
Бағалар шкаласы:
1) оюдың нақты қайта салу-4 ұпай (сызықтардың түзу еместігі, сызықтардың дірілдеуі есептелінбейді және бағаны төмендетпейді)
2) бір қатесі бар қайта салуы-3 ұпай
3) бірнеше қатесі бар – 2 ұпай, егер ою жай ұқсап тұрған болса – 1 ұпай.
4) бөлек элементтердің ұқсамайтындығы – 0 ұпай.
Өзінше ою салу үшін осы шкала бойынша баға қойылады. Сонымен, бала екі баға алады. Олыр 0-ден 4-ке дейін болады. Қортынды баға (диктант) әр бөлек оюға қойылған үш сәйкес бағалардың ең кішісі мен ең үлкенін қосындысынан шығады. Ол баға О-ден 8-ге дейін болуы мүмкін.
Осылай оюды өз алдына салған үшін қорытынды баға қойылады. Содан кейін екеуін қосып қосынды ұпай (ҚҰ) шығарады. Ол 0-ден 16-ға дейін болуы мүмкін.
Семинарлық сұрақтар:
1.Әлеуметтік адаптация.
2.Ауытқушылығы бар балалардың әр жастық кезеңіндегі әлеуметтену процесінің тиімділігін арттыру ерекшеліктері.
3.Балалардың әлеуметтену деңгейлерін айқындау әдістері.
СОӨЖ тапсырмалары.