Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ТАҚЫРЫП. Дәріс № 1. Баланың мектепке даярлығы түсінігі мен ұғымы. – 2 сағат




Жоспар:

1.Баланың мектепке даярлығы түсінігі.

2.Баланың мектепке даярлығы зерттеу ретінде.

3.Баланың мектепке даярлығының түрлері: психологиялық, физикалық (биологиялық).

1.Баланың мектепке дайындығы - кұрамына тұлғалық және интеллектуалдық дайындық, сондай-ақ көру-моторлық координациясы дамуының жеткілікті деңгейі кіретін кешенді ұғым. Тұлғалык дайындық - оқу іс-әрекетініңмотивтерінің бар болуы (мектепке баруды ғана емес, сонымен қатар оқуды, оқуға байланысты белгілі міндеттерді орын- дауды қалаудың болуы), сыртқы әлемге танымдық көзқараспен қарау, коммуникативтік дағдылардың, қарым-қатынасқа түсу қалауының қалыптасқандығы; психиканың эмоциялық және еріктік дамуының жеткілікті деңгейі. Интеллектуалдык дайындық - жүйелі оқуды бастау үшін жеткілікті танымдық процестердің (қабылдаудың, естің, ойлаудың, қиялдың, сөйлеудің) қалыптасу деңгейіне жету, баланың балабақшаның стандартты бағдарламасының көлеміндегі білімдерді, біліктер мен дағдылары меңгеруі.[1]

Кез келген бала мектепке алғаш келгенде «жақсы оқысам екен» деген ниетпен келеді. Бірақ мектепке келген дайындық деңгейінің әртүрлілігі кейбір балалардың оқуға деген мүмкіндігін төмендетеді. Баланың мектепке келуі және алғашқы кездегі мектепте оқуы оның өмір салтын және іс-әрекетін өзгертеді. Бұл кезең мектепке келген 6 және 7 жасарлар үшін бірдей қиын болады. Физиологтардың, психологтардың, педагогтардың байқауынша, 1-сынып оқушыларының көпшілігінде жаңа жағдайға бейімделу қиын өтеді. Мектепке келген бала физиологиялық және әлеуметтік жағынан жетілген, ойлау мен эмоционалды дамуы қажетті деңгейге жеткен болуы тиіс. Бұл жастағы бала ойлау операцияларын меңгеріп, заттар мен қоршаған орта құбылыстарын жалпылап, сараптай біліп, өз әрекетіне жоспар құрып, өзін бақылай алады. Оның сөйлеу арқылы қарым-қатынас дағдыларың, қолдың ұсақ моторикасының және көру-қозғалыс координацияларының дамуына да мән беріледі. Сондықтан «баланың мектепке дайындығы» дегеніміз- бұл кешенді, көп жақты және бала өмірінің түгел сферасын қамтитын үрдіс.

Мектепте оқуға психологиялық дайындық- оқыту үрдісі барысында құрбылармен, мұғаліммен қарым-қатынас жасап, оқу бағдарламасын меңгеру үшін психологиялық қажетті деңгей.

Мектепке психологиялық дайындық проблемаларының теориясы Л.С.Выгодскийдің еңбектеріне негізделген.

Л.И.Божович: «Мектепте нәтижелі оқуға ықпалын тигізетін- баланың психикалық даму параметрлері: оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтері- баланың мотивациялық даму деңгейі; ырықты тәртіптің және интеллектуалды сфераның дамуы». Мектеп балалық шақ пен ересек өмірлерін біріктіретін буын. Егер балаға мектепке дейінгі мекемелерге бару міндетті болмаса, мектепке бару -міндет, сонымен қатар бала құрбылармен, ересектермен қарым-қатынаста болады.

Мектепке психологиялық дайындықты зерттеген психологтар, педагогтар бала тәртібінің ырықтылығына ерекше мән берген. Д.Б.Элькониннің есептеуінше, ырықты тәртіп ұжымдық- ролдік ойында туындайды, себебі бала осының арқасында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.

Д.Б.Эльконин мектепке дайындық проблемасын қарастырған кезде, оқу іс-әрекетінің қажетті негізгі шартын белгілеген:

- Балалардың өз әрекеттерін саналы түрде ережелерге бағындыру;

- Берілген талаптар жүйесіне бағдарлана алу;

- Айтушыны дұрыс тыңдай алу және ауызша формадағы тапсырмаларды

орындай алу;

- Үлгіні көру арқылы қабылдап, тапсырманы өзі орындай алу.

Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, А.А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін,әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р.В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады,қоршаған дүниенің заңдылықтарын,заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды,оларды өз әрекеттерінде қолдана алады,басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3].

Алайда, мектепке даярлау мәселесі Қазақстан ғалымдары Б. Баймұратова, Қ. Сейсенбаев, Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерінде біршама зерттелгені белгілі. Дегенмен, мектептегі оқуға даярлау мәселесі әліде өзекте мәселелердің бірі болып қала бермек. Мектепке психологиялық даярлықты жүзеге асыру ісін ғалымдар түрліше жіктейді. И. Шванцар, Л.И. Божович зерттеулеріне сүйене отырып, мектепке даярлықты жүзеге асыру ісін үш бағытта жүргізу қажет деп тұжырымдайды. Ал Е.Е. Кравцова мектепке даярлықтың төрт бағытын қарастырды:

1 бағыт - балаларды мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

2 бағыт – мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу;

3 бағыт - оқу әрекеттерінің алғы шарттары;

4 бағыт - баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі [1].

2. Бала мектепке барғанда физикалық дамуы жағынан да денсаулығы жағынан да мықты болуы қажет. Баланың бүкіл физикалық қабілеттерінің дамуына – төзімділігіне, күшіне, жылдамдығына, ептілігіне, икемділігіге назар аудару қажет. Баланың төзімділігі оның жұмыс істеу қабілетімен тығыз байланысты, себебі онсыз жұмысы жүзеге аса алмайды. Ең бастысы баланың қолдарының икемділігі дамығаны жөн.

Бірақ сонымен қатар баланың әлеуметтік жағдайы да өзгеріске дайын болғаны абзал. Алғашқы мектеп табалдырығын аттау – жаңа өзгерістерге әлеуметтік-психологиялық бейімделу кезеңі болып табылады. Сондықтан бірінші қатарға баланың психологиялық дайындығы қойылады. Оның құрамдас бөліктері жігерлілік, жеке тұлғалық және интеллектуалды дайындығы болып табылады.

Жеке тұлғалық дайындық – оқушының жаңа әлеуметтік ұстанымын қабылдау, оқуға деген ынтасы, мектеп бейнесін жақсы қабылдау.

Болашақ оқушының қоршаған адамдармен тіл табыса алуы да маңызды. Әдептілік нормаларын оқыту мектеп ережелерін меңгеруге көмектеседі. Жолдастық сезімдерін, ұстаздармен, сыныптастарымен тіл табысу үшін баланың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру қажет.

Мұғалімнің тапсырмаларын түсініп орындау үшін, жауапкершілікті болу үшін, оқу міндеттерін шешу мақсатында бүкіл күшін бағыттауда, белгілі бір жаста өз тәртібін басқару үшін жеке тұлғаның жігерлілік қабілеттерін дамыту қажет.

Интеллектуалды дайындық ұғымына білім қоры іспетті және қоршаған орта туралы ойы, және баланың ойлау дағдысының қалыптасуы жатады. Бірақ ең бастысы – жаңа нәрсені тану әлеует қабілеттерінің дамуы, білімпаздығының дамуы. Баланың мектепке дайындық деңгйін оның ауызекі тілінің жақсы дамуы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті, қиялы, ойлауы: қарапйым әңгімелеу алуы; заттарды салыстыра білу, бүтін мен бөлшекті белгіле алу, заттарды белгілі бір сипат бойынша топтастыра алу және т.б.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2899 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2310 - | 2124 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.