Медициналық микробиология (грек.: micros – майда, ұсақ, кішкентей bios – тіршілік, өмір, logos – ілім) адам организмі мен микробтардың саналуан өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
Микробтар – әдетте біржасушалы, тіршілік етуге қабілетті өте майда тірі жәндіктер. Оларды тек арнайы аспаптар – микроскоптар арқылы ғана көруге болады.
Микробтар дүниенің барлық жерінде кездеседі. Біздің планетада 3-4 млрд жыл бұрын, яғни өсімдіктер мен жануарлардан бұрын пайда болғанолар қазіргі кезде тірі организмдердің кең таралған және ең көп түрі болып табылады. Микробтарды барлық жерден дерлік байқауғаболады. Микробтар көзге көрінбейтін топырақта, суда, ауада және біз ішетін аста да кездеседі. Олар тұздың жоғары концентрациясына және инсоляцияға (күн сәулесіменсәулелендіруге) шыдай отырып, барлық экологиялық тауашада– Антрактиданың мұздарынан бастап, Камчатканың гейзерлеріне дейін, Өлі теңіздің тұзды суларынан бастап, Африканыңшөліне дейінмекендейді. Тынық мұхиттың ең терең түбіндеде микробтар табылған.
Микробтар қоршаған ортаның зиянды факторларының әсеріне өте төзімдікеледі. Микробтардың тіршілік қабілетін сақтау температурасы–270-400°С шегінде ауытқиды.Микробтардың кейбір түрлері ядролық реакторлардың өзіндеөсіп-өніп,ғарышта сақтала алады.
Ғарышқа ұшу менашық ғарыштыңмикроорганизм жүйесіне –микробтардың орбиталық станциялардың констуркциялық материалдарына тигізетін әсерін зерттеу прокариоттарменмикроскопиялық эукариоттардың кейбір өкілдерінің ашық ғарыш жағдайында 18 ай бойы тіршілік қабілетін сақтайтынын көрсетті, бұл ұзақтығы бойынша Марсқа ұшып барып, Жерге қайта оралу уақытына тең.
Микробиологияның негізін қалаушы көрнекті француз ғалымы Луи Пастер микробтардың ерекше қызметін айрықша атай отырып, былай деп жазған: «Микробтар – табиғатта шексіз үлкен қызметатқаратын шексіз кішкене тіршілік иелері».
Микробтар басқа тірі организмдердің сыртқы жабындарыменшырышты қабаттарын мекендеп, олармен селбесе (селбесу) тіршілік етеді. Микробтардың жүздеген түрі адамдар мен жануарларда ауру қоздыруға қабілетті, оларды патогенділер деп атайды.
Патогенді микробтарға тән қасиеттер: адгезия (жасушаларға жабысуы) және адам организміндегі экологиялық тауашаныжайлап алуды қамтитын инфективтілік; инвазивтілік– микробтардың алғашқы жайлап алған тауашадан басқаларынаорын ауыстыру, тіндер мен жасушаларға тереңдеп ену қабілеттілігі; уыттылығы – зат алмасу үдерістерін немесе адам организмінің маңызды орталықтарының жұмысын бұзу.
Шартты-патогенді микробтар адамдаауру түрлерінтек белгілі біржағдайкезіндеғана туындатады. Шартты-патогенді микробтардың 400-ден астам түрі адамда аурутуындатаалады. Олардың арасында тамақөнімдерінде, топырақта, суда, адам тіршілігінің қалдықтарындамекендейтін микробтар бар. Олар адам организмінде тіршілік етеалады, бірақ бұл олардың дамуы менкөбеюі үшін қажетті кезең болып табылмайды.
Шартты-патогенді микробтардың резиденттер деп аталатынелеулібөлігі адам организмінің түрлі экологиялық тауашасын тұрақты түрде мекендейді.
Резидиент-микробтар иммунологиялық жүйеменөзіне тән емес резистенттілік механизмдерінің бақылауында болған кездеадам организмімен селбесулікқатынаста болады және оған зорпайда келтіреді. Дегенмен, белгілі біржағдайда олар иммундық жүйенің бақылауынан шығып кетеді де, организмге зиян шектіреді. Резиденттер қоздыратын аурулар оппортунистік деп аталады.
Медициналық микробиология – ең алдымен адам организмінжайлап алуға және/немесе онымен өзара қатынасқа түсугеқабілетті микробтар туралы, сондай-ақ бактериялар мен жасушаға дейінгіинфекция агенттері – вирустар, вироидтар, приондар қоздыратын ауруларға диагноз қою, алдын алу, емдеу әдістері туралы ғылым.
Медициналық микробиологияның зерттеу нысаны патогенді (ауру тудыратын) және шартты-патогенді (соның ішінде сау адамның организмінде мекендейтін резидентті түрлері) микробтар болып табылады.
Медициналық микробиологияның әрбір тарауы зерттелетін нысан – микробты жан-жақты талдауға мүмкіндік береді.
Микробтар морфологиясы – микробтық жасушаның пішінін, құрылысын жәнге құрылымдық заттектерін зерттейтін микробиология тарауы.Микробтар физиологиясы биологиялық функцияларды– метаболизмді, қоректенуді, қоректік заттектердің тасымалдануын, тыныс алуды, өсу менкөбеюді (репродукция) зерделейді. Бактериялар генетикасы бактериялық геномның құрылысын, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік механизмдерін зерделейді. Бактериялар таксономиясы саналуан микроб әлемін жүйелеуді, бактериялардың типтерге, класстарға, қатарларға және басқа таксономиялық топтарға бөлінуін зерттейді.