Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұқпалы аурулардың түрлері. Мамандығы:Жалпы медицина, 4 курс




Мамандығы:Жалпы медицина, 4 курс

Азақ тілі кафедрасы

 

 

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Практикалық сабақтарға арналған

Дістемелік нұсқаулар

Сөйлеу интенциясының тақырыбы: Жалпы инфекциялық аурулар

Курс: 4

Пәні: Кәсіби қазақ тілі

 

 

Алматы 2016

 

I.Тақырыбы: Жалпы инфекциялық аурулар

II. Мақсаты: тіл үйренуші ғылыми-өндірістік, медицина саласындағы жағдаяттарға қатысты лексикалық, грамматикалық тілдік бірліктерді сақтай отырып,сауатты пайдалану.

· Тіл байлығын арттыру.

· III. Міндеті:

· Практикалық маңызы:

· - студент сұхбаттасушымен тілдік қарым-қатынасқа түседі;

· -ақпарат алмасу, коммуникацияға түсу барысында сөйлеу әдебі формаларын кез-келген жағдаятқа сәйкес қолданады;

· -пікірін, эмоциясын білдіруге және осы мақсатта қолданылатын сөздердің лингво-мәдени мазмұнын түсіну дағдыларын меңгереді;

·

· IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

· 1. Мамандық бойынша семинар өткізу

· 2. Сұхбат, кәсіби сала бойынша диалог құру

· 3. Сөйлеу интенциясының тақырыбына сәйкес глоссарий

·

· V. Оқыту әдістері және тәсілдері:

· Кешенді: проблемалық, топтық жұмыс, миға шабуыл; коммуникативтік-бағдарлы оқыту; оқылым және жазылым арқылы сыни ойлау қабілетін дамыту; даралап-саралап оқыту, техникалық құралдарды пайдалану.

·

·

· VI. Тақырып бойынша тапсырмалар.

Тапсырма.Сөз тіркестерімен танысыңыз. Дауыстап оқыңыз, орыс тіліне аударып, мазмұнын баяндаңыз.

Инфекциялық аурулар, ішек аурулары, ауру қоздырңышы, жұқпалы аурулардың алдын алу.

2 тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді шағын абзацтарға бөліп, оған сұрақ қойыңыз.

Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.

Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:

· Ішек аурулары;

· Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;

· Қан немесе трансмиссивті аурулар;

· Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.

Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.

Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.

Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.

Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.

Жұқпалы аурулардың түрлері

Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру):

1. тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;

2. осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.

Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 677 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2241 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.