Егуді жұқтыру қаупімен байланысты жұмыстың басталуына 3-4 апта бұрын кешіктірмей жасау қажет (иммунитет пайда болуына қажет уақыт), максимальді пайда болуы (напряжонность) 5-6 ай, ұзақтығы 10-12 ай. Егуді жүргізер алдында қандай да бір серологиялық және тері-аллергиялық реакциялармен арнайы имунитетті анықтайды. Егу тек теріс нәтижелі адамдар жатады
Вакцинаны ияықтың сыртқы бетіне жоғарғы және ортаңғы үштік бөлік арлығына біррет теріге немесе теріастына салады. Ревакцинацияны 10-12айдан кейін жарты дозасын теріге салады. Асептика ережелерін сақтай отырып ерітілген вакцина 2сағат аралығында қолдануға болады.
Терілік вакцинацияны 2 тамшы (1-1010) вакцина арқылы, бір бірінен 30-40 мм арақашықтықта салады; вакцинаны 0.1мл физ.ерітінді 1егу дозасы қатынасында жасайды. 6 (сызба), 3 ұзындықтағы және 3 көлденең) 10 мм әрқайсысының арқашықтығы 3мм вакцинаны 30 сек аралығында үйкелейді (втирают) және 5 мин кепстіруге қоядады. Ревакцинация кезінде бір тамшыдан (5·109 микроб жасушасын) 6 (насечек) жасайды.
Теріастылық вакцинацияның: егу дозасы 25 кем емес - 0.5мл (4·108 микроб жасушасын); вакцинаны 12.5 мл физ.ерітінді сұйылтып 1доза вакцина қатынасында теріге салады.
Сәйкестілік
Бруцеллезге қарсы қатар бір уақытта келесі аталған инфекциялардың біреуімен тері вакцинасын егу жасалады: Ку риккетсиоз, туляремия және обаға.
Егуден кейінгі реакциялар және қарсы көрсеткіштер
Әуелде аздаған ғана реакциялар болады. Терілік вакцинация кезінде жергілікті реакция 24-48 сағаттан кейін гиперемия, инфильтрат немесе насечек жолы бойына күлгін-қызыл түйіндер түрінде пайда болуы мүмкін. Теріастылық егу кезінде 12-24 сағаттан кейін иньекция орнында қанталау, диаметрі 25мм диаметріндегі инфильтрат, аздап ауру сезімі болады. Жалпы реакция егілгендердің 1-2 пайызында алғашқы тәулікте дамиды және дімкәстік, бас ауруы, дене қызуының 37.5-38С көтерілуімен айқындалады.
Іш сүзегі
Іш сүзегі - ішек инфекциясы, көптеген дамушы елдерде (эндемиялы) таралған. Соңғы жылдарда іш сүзегі эпидемиясы ТМД елдерінде, Орта Азия, және де Санк Петербургтің әскери академиясында кең етек алған. ДДҰ мәліметі бойынша іш сүзегінен әлемде 500 000 адам өледі. Көбіне 5-19 ж аралығындағы балалар мен жасөспірімдер жиі ауырады, сондықтан эндемиялы аудандардағы мектеп оқушыларының вакцинациялау жүргізіледі.
Препаратқа сипаттама
Кесте ҚР-да тіркелген іш сүзегінің вакциналары
Вакцина | Құрамы | Дозасы |
ТИФИВАКспиртті құрғақ вакцина, Ресей | Инактивтелген және лиофилизирленген S.typhi 4446 штамы. 1ампула -5млрд микроб жасушаларынан тұрады. 2-8°С температурада сақтайды. | Ересектер 2 рет теріастына 0.5мл 25-35тәуліктен соң - 1.0 мл, 2 жылдан соң 1.0мл қайта вакцинациялау. |
ВИАНВАК ви полисахаридті сұйық, Ресей | Тазартылған капсулалы vi-полисахарид. 1дозада (0.5 мл барлық жаста) 25 мкг Ви антигені бар. Консеравнт-фенол. 2-8°С темпетартурада сақтайды. | 3 жастан бастап теріастына бір рет. Қайта вакцинациялау әр 3 жыл сайын. |
Полисахаридті вакциналардың тиіміділігі 70%, олар 1-2 аптадан кейін қабылдамаушылықты қамтамасыз етеді, ол 3 жыл бойы сақталады. Егулерді эпидкөрсеткіштері бойынша 3-7 жаста (вакцинаның түріне байланысты) және қауіп топтарына жүргізеді. Африка және Азия елдеріне баратын туристерге егу жүргізеді.
Жанама әсерлері және асқынулары
Реактогенді ТИФИВАК вакцинасы, егілгендерде >38.6С температура көтерілуі мүмкін, >50мм инфильтрат 7 пайызында болады. Жалпы реакция 5-6 сағаттан соң пайда болады, ұзақтығы 48 сағат, жергілікті реакциялар 3-4 күнге дейін. Сирек шок дамиды. ВИАНВАК реакция: сирек 24-48 сағ. бойы 1-5% субфебрилитет, бас ауруы болады.
Қарсы көрсеткіштері
ТИФИВАК -ты қолдануға қарсы көрсеткіштер көп. ВИАНВАК вакцина қүрамына гиперсезімтал адамдарға, жүктілерге жасалмайды.
Гепатит А
Гепатит А РНҚ-лы вируспен туындайтын, ауыз-нәжіс беріліс жолымен таралатын инфекция. Санитарлық стандарты төмен аймақтарда, өмір бойы иммунды болып қалатын мектепке дейінгі балалардың ≥80%, олардың70% симптомсыз түрінде ауырады. Қалаларда сырқаттанушылық жасөспірімдер мен ересектерге ауысады, оларда гепатит А ауыр өтеді, кейде көптеген айлар қайта қайталанады. Қалалардағы инфекция резервуары және ауылдық жерлердегі қабылдаушылық арасындағы тығыз қатынас салдарынан бұрқетпелер (жиі тағамдық және сулы) жыл сайын пайда болады.
Гепатит А созылмалы түрлері болмайды, тек созылмалы гепатит В немесе С мен қатар жүргенде, ауру фульминантты түрде өтеді.
Вакцинация мақсаттары:
Жаппай вакцинация Израйлде, Испанияда, Италияда елдерінде жүргізіледі, 2006 ж бастап АҚШ-тың Ұлттық күтізбесіне 12-24 ай болған нәрестелерге екіреттік вакцинация жүргізу бекітілді. Эпидкөрсеткіштермен жүргізілген вакцинация Қазақстанның біркелкі аудандарында таралған гепатит А-ның бұрқетпелерін тез тоқтатады.
Вакциналар
Гепатит А-мен В- ға қарсы моновалентті және комбинирленген вакциналар бар.
Әдістемесі және вакцинация схемасы
Барлық вакциналар бұлшықетке (негізінен) немесе тері\астына жасалады, толық курс 6-12ай аралығымен 2 дозадан тұрады. Иммундық ақаулары бар, гемодиализ науқастарына, бірінші вакцинадан бір ай өткен соң қайталап қосымша доза енгізіледі. Кіші жастардағы айырмашылық 3.4. кестеде көрсетілген. Комбинирленген вакциналарды гепатит В схемасы бойынша үш рет жүргізеді. Модельде екіншілік дозадан соң қорғаныс 25 жыл сақталады.
Қорғаныс реакциясы вакцинадан бір аптадан соң дамығандықтан ол жанасқанда тиімді. Иммуноглобулин мен вакцинаны бірге енгізу, аурудан қорғану пайда болуын тездетеді, бірақ кейде қарсыдене титрі төмендейді.
Гепатит А вакциналары
Вакциналар | Құрамы | Дозасы |
Геп-А-ин-ВАК Ресей | ЛБА-86 штамының инактивтелген вирионы (4647 жасуша дақылында өскен), адсорбент аммоний гидроксиді 0.5мг\мл. 1 мл-де >50 ИФА бірлігі (25нг) антибиотиксіз және консервантсыз | 3-17 жастағы балаларға 0.5мл, ересектерге 1.0 мл. |
ГЕП-А-ин- ВАК-Пол, Ресей | 0.5 мг\кг полиоксид ионы бар жоғарыдағыдай вакцина | |
Аваксимсанафи пастер, Франция | GВМ штамының инактивтелген вирусы. 0.3мг аммоний гидроксиді. 2.5мкл 2-феноксиэтанол, 12.5мкг формальдегид | 2 жастан жоғары балаларғаересектерге шприц-доза 0.5мл вакцина |
Бірінші дозадан кейінгі қорғаныс 12-18 айға созылады, сосын 2 дозаны енгізу ұсынылады. Бірақ қарсыденелердің қорғаныс титрі (сырқаттанушылық жоқ болғанда) Аваксим вакцинасын бір рет енгіген соң 3-5жылға сақталады, 2-дозаны нұсқаулықта көрсетілген кеш жасауға мүмкіндік береді.
1жасқа дейінгі балаларда анасының гепетит А антиденелері вакцинациядан кейінгі антиденелерді төмендетеді (олар қорғаныс деңгейінен неғұрлым жоғары болады); 1 жастан кейін басқа вакциналарды бір мезгілде енгізгенде иммуногенділікті төмендетпейді.
Қарсы көрсеткіштері мен жанама әсерлері
Жалпы ережелерден басқа, вакцина құрамына (аммоний гидроксиді, феноксиэтанол және т.б.) гиперсезімтал адамдарға егу жүргізілмейді. Жүктілер егуі туралы мәліметтер жоқ, сондықтан олардың вакцинациясын тек аса қажет болғанда ғана жүргізу қажет. Вакцинация сирек 1-2 тәулік бойы дімкәстікпен, бас ауыруымен, субфебрилитетпен, енгізген дерге аздаған ісінумен жүреді, одан да сирек трансаминаза белсенділігінң жоғарлауымен, зәрде белоктың пайда болуымен өтеді. Вакцинациядан кейінгі кезеңде сирек дамитынауқымды асқынуларды вакцинациялаумен байланыстыруға келмейді.
Қауіп тобына вакцинация
Гепатит А қарсы егулер созылмалы гепатит В-мен С, басқа да бауырдың әртүрлі зақымдалуларында, және де алмастырушы терапия алатын гемофилия науқастарына жасау көрсетілген. Сонымен қатар жабық типтегі мекемелерде болатын, ОНЖ зақымдануы бар науқастарды вакцинациялау орынды.
Экспозициядан кейінгі алдын алу
Вакцинаны эпидошақта пайдаланған неғұрлым тиімдірек; тығыз қатынаста болғандарға иммуноглобулиндерді қоса тағайындауға болады. Осы әдісті тез алдын алуда пайдаланғану қажет (эндемиялық аудандарға шығар алдында).
Иммуноглобулинмен енжар алдын алу жанұялық немесе тығыз қатынаста болған балаларға 2 апта ішінде бір рет жүргізіледі, 1-6 жас 0.75мл дозада, 7-10 жаста -1,5мл, 10 жас, жасқспірімдер мен ересектерге – 3,0 мл. Гепатит А алдын алу мақсатында иммуноглобулиндерді қайталап енгізу 2 айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
Дизентерия Зонне
Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты Қазақстанда да шигеллездермен жалпы сырқаттанушылық айқын төмендеуде – 2000 ж. көрсеткіш 52,13-тен 2010 ж. – 16,18 %000 дейін азайды.
Иммундаудың мақсаты
3 Жастан асқан балалар мен ересектерде дизентерия Зонне алдын алуы үшін бірінші кезеңде вакцинациялау үшін ұсынылады:
· инфекциялық стационарлар мен бактериологиялық зертхана жұмысшылары;
· қоғамдық тамақтану және коммуналдық жайластыру сферасымен айналысатын адамдар;
· мектепке дейінгі мекемелерге және сақтандыру лагеріне баратын балаларға;
· дизентерия Зонне сырқаттанушылығы жоғары аймақтарға баратын адамдарға.
Эпидемиялық көрсеткіш бойынша халықты жаппай иммунизациялауды эпидемия немесе бұрқетпе пайда болу қауіпі туғанда жүргізеді (табиғи апаттар және т.б.). Егулерді сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі алдында жүргізеді. Шигеллвак -S.Sonei дақылынан алынған тазартылған липополисахарид. Консервант-фенол. Вакцинаны енгізуден 2-3 аптадан кейін 1 жыл бойы инфекцияға қабылдамаушылықты қамтамасыз етеді. Препараттың тиімділік коэффиценті - 92.4% Ампуласында 1мл, қорабында 5 немес 10 ампула түрінде шығарылады.
Дозасы және енгізу тәсілі
Шигеллвак вакцинасын терең тері астына немесе иықтың сыртқы жоғарғы үштен бір бөлігіне бұлшықетке бір рет енгізеді. Барлық жастағыларға дозасы 0.5мл (50мкг). Дизентерияға қарсы қайта вакцинациялау қажет болғанда жыл сайын бір рет сол дозада жүргізеді.
Жанама әсерлері
Реакциялары сирек және әлсіз: бастапқы кезде вакцина енгізген жерде қызару, ауру сезімі, дене қызуы 37.6° (24-48 сағат аралығында -3-5%) кейде бас ауруы болады.
Сары қызба
Сары қызба В тобындағы арбовирустармен шақырылады, инфекция көзі маймыл, тасымалдаушысы- масалар. Ағымы ауыр, жиі геморрагиялық белгілері, уремиялық кома дамуымен болатын, жіті бүйрек жетіспеушілігі және токсикалық энцефалит.
Африка мен Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарында таралған. 1985 жылдан бері 15 ірі сырқаттанушылық бұрқ етпесі, оның 11 Африкада тіркелген. 1991 ж. бастап сары қызбаға қарса егулер (Африканың 24 елі мен Оңтүстік Американың 9 елінде) иммундаудың кеңейтілген бағдарламасына енгізілген. Эндемиялық аудандарға баратын адамдарға егулер жүргізіледі.
Препарат сипаттамасы
Тірі құрғақ сары қызба вакцинасы (Ресей) – патогенді микрофлорадан босатылған, сары қызбаның 17D штамымен әлсіретілген тауық эмбрионының тазартылған суспензиясы. ДДҰ талаптарына сәйкес, құрамында мономицин мен полмиксин қалдықтары бар. Шығару формасы: ампула 2 және 5мл дозасы, қорапта 10 ампула. 2-8° температурада сақтайды. Сақтау мерзімі 2жыл. Бұл вакцина халықаралық сертификатқа енгізілген жалғыз вакцина.
Қолданылуы және дозасы
Вакцина балалар (9 айдан бастап) мен ересектерге арналған. Вакцинацияны жұқтыру қауіпі жоғары болғанда балаларға 4-9 айынан бастап жүргізіледі. Иммуносупрессивті терапия курсынан кейін вакцинаны 1 жылдан кем емес уақытта енгізеді.
Вакцинаны (0.5 мл) эндемиялық аудандарға шықпастан 10 күн бұрын біррет дозада теріасты мен жауырынастына енгізеді. 100 пайыз иммундалғандардың бәрінде иммунитет 10 күннен кейін дамиды, ұзақтығы 10-15 жыл. иммунизацияланғандардың ішінде. Қайта вакцинациялауды 10 жылдан соң жүргізеді.
Асқынуылар реакциялары және қарсы көрсеткіштері
Егуден 12-24 сағаттан соң вакцина салған жерде 2-3 күнге созылған қызару, ісіну (2,5 см) дамиды. Вакцина алғандардың 5-10 пайызында 4-10 тәулікте да дене қызуы -38.5° көтеріледі, қалтырау, дімкәстік, бас ауыруы, бас айналу пайда болады, 2-3 күнге созылады. Сирек аллергиялық асқынулар болуы мүмкін, балаларда энцефалиттің бірен-саран оқиғалары болғаны туралы жазылған.
Қарсы көрсетулерге, басқа вакциналарға жалпыдан басқа тауық жұмыртқасы мен антибиотиктерге аллергия болуы. Осындай реакцияларға бейім адамдарға егу күні алты күнге ауыз арқылы қабылдайтын гистаминге қарсы препараттар тағайындайды.
15 жастан асқандарға егуді қажет болғанда тырысқаққа қарсы вакцинамен бірге жасауға болады, бұл кезде иммундық жауап төмен болуы мүмкін. 14 жасқа дейінгі баларда алдыңғы егуден кейін тырысқаққа қарсы егу интервалы 3 аптадан кем болмауы керек, басқа вакциналардан кейін – 2 айдан кем болмауы керек. Жүктілігі анықталмаған жүкті әйелдерге вакцинация жүргізгенде жүктілікті үзбейді (81 белгілі оқиғаларда ұрық инфекциясы 1 рет анықталған, ұрық дамуы бірбе-бір рет зардап шеккен жоқ).
Кене энцефалиті
Кенелік энцефалит флавируспен шақырылып, иксод кенелерімен таратылатын инфекция, бұл инфекция шикі сүтті ішкен кезде де жұғатыны туралы әдебиеттерде жазылған. Орманды алқаптарда және тайгалық аймақтарда эндемиялы болып келеді. ОНЖ зақымдалады: энцефалит – 30%, менингит - 60%, менингоэнцефалит – 10%. Егудің арқасында сырқаттанушылық деңгейі төмендеді. Бірқатар аймақтарда егу қауіп топтарынан басқа, мектеп оқушыларына да жаппай жүргізілді. Австрия елінде жаппай егудің арқасында, халықтың 75 пайызы егілген кезде бірен-саран оқиғаға дейін сырқаттанушылық төмендетілді.
Препараттың сипаттамасы
Кене энцефалитіне қарсы вакцина – әлсіретілген, алюминий гидроскидінде адсорбцияланған, вирус штамымен, қарсы дене мен белок құрамы бойынша ажыратылатын вакцина (3.5. кесте). Вакциналар 2-8 °С сақтау керек.