Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Функциялық экстрасистолияны емдеу




Ішімдікті, қою шәй мен кофе ішуді, темекі тартуды доғару, тамақты тоя ішпеу, ас қорыту жолының функциясын қалпына келтіру.

Седативті дәрмектер мен транквилизаторларды қолдану: валерианка түбірінің тұнбасы 1-2 ас қасықтан 4 рет; Зеленин тамшылары (құрамына белладонна кіретін) 20-25 тамшыдан 3-4 рет, бұл брадикардия үстіндегі экстрасистолияда тиімді; валокордин 25-30 тамшыдан 3-4 рет, т.б.

Бұлар әсер етпегенде антиаритмиялық әсерлі транквилизторлар қолданылады: диазепам (седуксен), элениум, андаксин т.б.

Калий дәрмектері: панангин 2 др. 3-4 рет; калий хлориді 10% ерітіндісін 1 ас қасықтан күніне 3-6 рет жеміс шырынына қосып; поляризациялаушы ерітінді венаға тамшылатып; калийге бай тағамдар.

Ваготонияға байланысты экстрасистолияда (тыныш қалыпта болып, дене қызметіне азаятын немесе жойылатын) М-холинолитиктер, мәселен құрамына белладонна кіретін дәрмектер және дене жаттығулары тиімді болады. Бекарбон 2 табл. 3-4 рет; Зеленин тамшылары 15-30 тамшыдан 3-4 рет; атропин сульфаты 0,1% ерітіндісі, 5-6 тамшыдан бастап 8-10 тамшыға дейін көбейтіп, күніне 3-4 реттен.

Күш түсуге (симпатикотонияға) байланысты экстрасистолияда, қан қысымын, пульсті қадағалай отырып, b-адреноблокаторлар қолданылады: конкор 5-10 мг тәулігіне 1 рет; тразикор 0,02-0,04 г 3-4 рет; вискен 0,005-0,01 г 1-2 рет; корданум 0,05-0,1 г күніне 3 рет т.б.

Органикалық экстрасистолияны емдеу. Ем экстрасистолияның түріне тәуелді. Қарыншаүстілік экстрасистолияда қолданылатын дәрмектер:

b-адреноблокаторлар, әсер етпесе кальций антагонистері (финоптин 0,04 г 3 рет, қажет болса дозасын 0,08 г 3 ретке дейін ұлғайтып), әсер етпесе — хинидин 0,2-0,3 г 3-4 рет немесе оның ұзак әсерлі түрі хинилентин 0,25 г 4-6 рет. Жүрек шамасыздығы болса, онда ең тиімдісі - жүрек гликозидтері (дигоксин, изоланид). Бұлар көмектеспесе, онда экстрасистолияның барлық, түрлерінде әсер ететін дәрмектер (кордарон, аймалин, пульснорма, ритмонорм т.б.) немесе дәрмектер қоспасы қолданылады: хинидин + дигоксин, хинидин + верапамил, Ь-блокаторлар + дигоксин,

Қарыншалық экстрасистолияда дәрмектің түрін экстрасистолияның себебіне қарап таңдайды. Миокард инфарктында — жүрек шамасыздығын күшейтпейтін, теріс инотроптық әсері аз антиаритмиялық дәрмектер көрсетіледі (лидокаин, тримекаин, аллапинин, кордарон).Жү рек гликозид-терімен уланудан дамыған экстрасистолияда калий дәрмектері тиімді, ал экстрасистолия жиі болып, оны тез жою қажет болса, онда емге дифенинді қосады (гликозидтік экстрасистолиядағы ең тиімдісі). Дифенинді қолдану жобасы: 1-2 тәулікте: 100 мг 5 рет; 3 тәулікте 100 мг 4 рет; 4-5 тәулікте 100 мг 3 рет. Сонымен қатар, осы жағдайда Ь-адреноблокаторлар, верапамил, ритмонорм, боннекорды қолдануға болады. Стенокардияда коронаролитиктік әсері бар антиаритмиялық дәрмектер қолайлы: b-адреноблокаторлар, кальций антагонистері, кордарон. Гипертония ауруында гипотензиялық әсер ететін b-адреноблокаторларды, кальций антагонистерін қолданады.

Пароксизмдік тахикардия. Бұл кенет басталып, кенет аяқталатын, минутына 140-250-ге жиілікпен жүретін, дамуы эктопия ошағынан импульстердің "автомат оғын жаудырғандай" бірінен соң бірі жиі шығуынан болатын ұстамалы тахикардия. Пароксизмдік тахикардияның патогенезі екі механизмнен болуы мүмкін;

1) қозу толқынының оралып кіруі ("re-entry" механизмі), яғни шыр айналуы;

2) төменгі жетекші орталықтарының автоматизмдік қасиетінің күшеюі.

Эктопиялық ошақтың орналасуына қарай пароксизмдік тахикардияның мына түрлерін айырады:

1) суправентрикулалық

· жүрекшелік,

· түйіндік.

2) вентрикулалық.

Бұлардың әрқайсысының ЭКГ-лық көрінісі өзіне сәйкес экстрасистолалық комплекстің көрінісімен бірдей. Жүрекшелік және түйіндік пароксизмдік тахикардияны бір-бірінен Р тісше арқылы айырады, ал Т тісше мен Р тісше қабаттасса, оларды айыру қиын. Сондықтан оларды біріктіріп, қарыншаүстілік тахикардия немесе QRSкомплексі жіңішке тахикардия атайды, өйткені қарыншалық комплекс деформацияланбаған (төмендегі-сурет).

Қарыншаүстілік ("QRSкомплексі жіңішке") пароксизмдік тахикардия.

Жүрекшелік пароксизмдік тахикардияның басты себептері: күшті эмоциялар, бас миына күш салынуы, гормондық өзгерістер (тиреотоксикоз, жүктілік, климакс, пубертаттык кезең); никотин, алкоголь,

кофенің әсерлері/WPW синдром; гипокалиемия; дигиталиспен улану; жүректің органикалық аурулары.Түйіндік және қарыншалық тахикардияның дамуында дигиталистік интоксикация және жүректің органикалық ауруларының рольдері басым.

Қарыншалық пароксизмдік тахикардияда QRS комплекстері деформацияланған, ол "QRS комплексі жалпақ тахикардия" аталады (төменгі-сурет).

Қарыншалық пароксизмдік тахикардия ("QRSкомплексі жалпақ " тахикардия).

Қарыншалық пароксизмдік тахикардияда, гиподиастолияның салдарынан гемодинамика бұзылысы ауыр болады. Жүректің жиі соғуынан қарыншалар қанға толып үлгермейді, соғу және минуттық көлемдер күрт төмендейді; басты ағзалар ишемияға ұшырайды, үлкен және кіші шеңберлерде жүрекшелердің алдында қан іркіледі, АҚтөмендейді, ал ұстама ұзаққа созылса - аритмиялық, кардиогенді шок дамуы мүмкін.

Клиникалық көрінісіне тән белгілер: жүректің қатты соғуы; жүрек тұсында салмақ сезіну; кеуденің қысылуы, мойынның, бастың солқылдау сезімдері; әлсіздік; бас айналуы, көз алдының қараңғылануы, талу; ентікпе мен жөтел; Ұстама кезінде науқастың тері жамылғылары қуқылданады, ағыл-тегіл тер шығады. ЖСЖ минутына 160-220 шамасында, мойын веналары ісінеді, ырғақ маятник тәрізді немесе эмбриокардияға ұқсас. Тахикардия ұстамасы ұзаққа созылса, жүрек шамасыздығының белгілері өрістей түседі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 562 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.