Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Жұқпалы аурулар ошағындағы індетке қарсы
жүгізілетін шаралардың құқықтық негіздері.Індет ошағын
тексеру кезінде құжаттамаларды рәсімдеу принцптері.
Дайындағын: Әбдіханова Самал
Тексерген: Қымбат Шарипова
Жоспары:
Кірісе
Негізгі бөлім
1. Індетке қарсы шаралар
2. Індетке қарсы шаралардың құқықтық негіздері
3. Індет ошағын тексеру кезінде құжаттамаларды рәсімдеу
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қалыпты жағдайда сырқаттанушылық деңгейінің жоғарылауына бір немесе бірнеше инфекция тіркелуі себеп болады, өйткені эпидемиялық процесске берілу факторлары қосылады (су, тағам өнімдері, тасымалдаушылар) немесе науқастардың көбеюі мен қоздырғыштың таралуы жоғарылайды, мысалы: ауа арқылы. Жұқпалы аурулардың эпидемиялық "жарылысы” пайда болады. Бұл жағдайда да бір қалада науқас саны тұмау ауруы тіркелсе де, тұрғындардың 1/3-нен аспайды.
Эпидемияға қарсы шаралар:
Клиникалық диагноз қою: науқастың этиологиясын анықтауда алдыңғы және соңғы диагноздардың айырмашылығының жиілігі;
Оңашалау және ауруханаға жатқызу: жалпы мұқтаж болғандардан оңашаланғандардың бөлігі
Емдеу: этиотропты емдеу алған аурулардың бөлігі. Аурудың аяқталуы. Тәртіп шектеулік (карантин) шара: карантин мен обсервацияға жататын обьектілер мен адамдарды қамтудың толықтылығы.
Дератизация: дератизацияға жататын обьектілердегі қамтылған бөлік. Кеміргіштердің дератизацияға дейінгі және одан кейінгі саны.
Ветеринарлық — санитарлық шара: ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
Індетке қарсы бағытталған санитарлық –гигиеналық шара: ресми құжаттарда қарастырылған және қалыптасқан ветеринарлық жағдайға керекті шаралардың орындалуының толықтылығы
Дезинфекция: бактериологиялық тексерудің нәтижелері
Дезинсекция: буынаяқтылардың дезинсекцияға дейінгі және одан кейінгі саны.
Вакцинациялау: тұрғындардың ішіндегі егілгендердің бөлігі. Егілгендердің иммундық реакциясы.
Иммундық түзету: иммундық түзетуге жататындардың егілгендер тобы Жедел алдын алу: жұғу қауіпі туғаннан кейінгі өткізу уақыты.
Індетке қарсы шаралар 3 бағытта жасалады:
Инфекция көзіне бағытталған шаралар. Беріліс механизмдеріне бағытталған шаралар. Қабылдағыш организмге бағытталған шаралар.
Эпидемиялық процестің І буынына бағытталған шаралар Антропонозды инфекцияларда жасалатын шаралар:
Инфекциялық ауруларды анықтау белсенді және енжар әдіспен жасалады. Белсенді анықтау әдісі:
Дәрігер науқас адамның үйіне барғанда немесе әрбір үйді аралау кезінде анықталады. Инфекциялық аурумен қатынаста болған кезде анықталады. Алдын алу дәрігерлік тексеру кезінде анықталады.
Енжар анықтау әдісі: науқас адам өзі ауырып немесе туыстары алып келген кезде анықталады.
Хабарлау. Инфекциялық ауруды анықтаған мед қызметкері жедел түрде СЭҚБ шұғыл хабарлама беруі тиіс. 058/у бланкасына тіркелуі тиіс. Бұл хабарлама 12сағат ішінде берілуі тиіс. Жекешелеу науқастың үйінде немесе инфекциялық аурулар ауруханасы. Аса қауіпті оба,тырысқақ, Қырым геморрагиялық қызбасы секілді ауруларда және іш сүзегі, бөртпе, дифтерия, полиомиелит, құтыру, күйдіргі, сіреспе ауруларында жедел түрде ауруханаға жатқызылуы тиіс. Инфекциялық аурудың диагнозын қою науқастың клиникалық белгілеріне, эпидемиологиялық анамнезге және зертханалық тексеру нәтижелеріне сүйеніп тұжырымдалады. Инфекциялық ауруды емдеу арнайы этиотропты және симптоматикалық болып бөлінеді Ауруханадан шығару. Жұқпалы аурулар ауруханадан толық емделгеннен кейін және зертханалық тексеруден кейін және зертханалық тексеру қорытындысы теріс болғаннан кейін шығарылады. Диспансерлік бақылау. Науқас адам емделіп болғаннан кейін аурудың түріне қарай «Жұқпалы аурулар бөлмесінде» дәрігер — инфекционисттің бақылауына, диспансерлік тіркеуге алынады. Зоонозды инфекцияларда жасалатын шаралар: анықтау жекешелеу емдеу вакцина егу жою Анықталған ауру зоонозды инфекциялар тобына жатса инфекция көзі болған жануардың түрін, санын, иесін және т.б көптеген эпидемиологиялық маңызы бар ақпараттарды жинау қажет.
Ошақта жүргізілетін эпидемияға қарсы шаралар Эпидемиялық процестің 1-буыны: Ауруды табу Эпидем анамнез жекелеу СЭҚБ хабарлау Эпидемиялық процестің 2-буыны: Дезинфекция Дезинсекция Дезинсекция Эпидемиялық процестің 3-буыны: Қатынаста болғандардың табу Инкубациялық кезеңге сай уақыт мерзіміне бақылау Қабылдағыш адамдарды қорғау Қатынаста болған адамдардан инфекция көзін табу
Төтенше жағдай ошағында эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық гигиеналық ұйымдастырулар
Бейбіт уақытта және "ерекше кезеңде” жүргізілетін санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар.
Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар тұрғындардың денсаулығын сақтау мен күшейтуге, сонымен бірге, жұқпалы аурулардың алдын-алу мен эпидемиялық ошақты жоюға бағытталған. Бұл шаралар барлық АҚ жұмысы кезеңінде және зілзәлә нәубәтінің зардаптарын жоюда жүргізіледі.
Қалаларда, тұрғын мекендерде, халық шаруашылығы объектілерінде ЭҚШ-ды АҚ-тың сол жердегі бастығы, ал осы шараларды жүргізу жетекшілігі АҚМ қызметінің бастығына бүктеледі.
Бейбіт уақытта жүргізілетін шараларға жатады:
1. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағын және таралу жолдарын зерттеу.
2. Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау тәсілдерін дамыту.
3. Тұрғындарға жоспарлы иммунизация жүргізу.
4. Жеке қорғану мед. құралдарын және дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын артығымен алу.
5. Тұрғындарға жеке және қоғамдық гигиена ережелерін үйрету.
6. Медициналық эпидемияға қарсы ұйымдарды құру, жабдықтау, оқыту.
7. Қарсыластың БҚ шабуылдау мүмкіндігін оқыту.
8. АМҚ (апат медицина қызметі) жеке құрамын, АҚ, қарсыластың бак. қаруды қолдану жағдайында жұмысқа дайындау.
Тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау жұмыстарында денсаулық сақтау органдары тарапынан қоршаған ортаның тазалығына, сумен қамтамасыз етуде, тағамды ұйымдастыруда, еңбек жағдайларына т.б. үнемі бақылау жүргізу өте маңызды. Осы барлық шаралар қарсыластың шабуылдау қауіпі төнсе, жеткіліксіз.
Мұндай шаралар жүргізілу қажет:
1. Тұрғындар мекендейтін қалаларда, халықшаруашылық объектілерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы бақылауды күшейту.
2. Қоршаған орта боъектілеріне үнемі бактериологиялық және лабораториялық бақылау ұйымдастыру.
3. Апат медицинасы мен АҚМҚ-ң күштері мен құралдарының, сонымен бірге тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғау күштерінің дайын болуы.
4. Тұрғындарға алдын-алу иммунизациясын жүргізу.
5. Эвакуациялау және орналастыру кезінде тұрғындарды эпидемияға қарсы қорғауды ұйымдастыру.
6. Эвакуацияланған тұрғындар мен АҚ күштері топтарының уақытша орналасқан жеріндегі эпидемиологиялық жағдайлары туралы ақпаратты жинауды ұйымдастыру.
7. Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.
Сонымен бейбіт уақытта қарсыластың шабуылдау қауіпі кезеңінде, апат медицинасы қызметіне, АҚ-ң медициналық қызметіне осындай шараларды жүргізу басты жағдайды жақсы білуге және қарсылас бақ қару қолданған жағдайда санитарлық шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.
Апаттан соң алғашқы сағаттарда гигиенист дәрігер, токсиколог, радиолог, эпидемиолог, паразитолог, сонымен бірге коммуналдық-тұрмыстық қызмет өкілдері көмегімен кең көлемде медициналық барлау жүргізіледі. Аймақты эпидемиологиялық тексеру жұқпалы аурулардың пайда болу себебі мен жағдайын анықтау мақсатында, жүргізіледі.
Эпидемиялық барлау – бұл ТЖ ауданында, тұрғындардың денсаулығы туралы үнемі мәліметтің түсіп тұруы.
ТЖ-да эпидемиололгиялық жағдайдың тез арада өзгеруінде санитарлық-эпидемиологиялық барлауды уақытында жүргізу, яғни инфекция көзі мен берілу жолдары туралы мәліметті тез алудың маңызы зор.
Осындай барлау нәтижесі бойынша ТЖ ауданында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сәтті, сәтсіз, тұрақсыз және төтенше түрінде анықталады.
Сәтті жағдай – бұл тұрғындар арасында жұқпалы аурулар жоқ немесе бір-біріне қатысты емес бірен-саран сырқаттанушылық орын алады.
Тұрақсыз жағдай – бұл тұрғындар арасында бұрын тіркелмеген жекелеген жұқпалы аурулардың пайда болуы, таралмайтын, яғни эпидемия белгісі жоқ топтық сырқаттылықтың пайда болуы.
Сәтсіз жағдай – ары қарай таралу қауіпі бар топтық жұқпалы аурулардың пайда болуы немесе АҚИ (оба, тырысқақ т.б.) жекелеген оқиғаларды байқалады.
Төтенше жағдай – бұл эпидемияның пайда болуы немесе АҚИ топтық сырқаттылығы.
ТЖ кезінде апат аумағында санитарлық-эпидемиологиялық тексеру ошақ шекарасын анықтау және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын ұйымдастыру үшін жүргізіледі.
Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жою шаралары.
Қарсылас бактериологиялық (биологиялық) қару қолданған кезде тұрғындарды эпидемияға қарсы қамтамасыз етуде көптеген қиындықтар тууы мүмкін.
Бактериологиялық зақымдалу ошағы дегеніміз- бактериологиялық заттармен зақымдалған қалалар, тұрғындар мекені (тұрғындардың уақытша орналасқан мекені) немесе халықшаруашылық объектілері.
Бұл жағдайда зақымдалу ошағының шекарасы болып қалалардың, жекелеген тұрғындар мекенінің немесе халық шаруашылық объектілерінің шекаралары анықталды.
Биологиялық агенттермен зақымдау ошағын анықтау және жоюдың барлық шаралары бактерияға қарсы қорғаудың жоспарына сәйкес жүргізілді. Бұл жоспар санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен жалпы медициналық бөлім мамандарымен беріліп уақытында құрастырылады. Жоспар жоғарыдағы денсаулық сақтау органдарымен келісіліп, қала, аудан т.б. өкімімен бекітілді. Жоспардың енгізілгені туралы шешімді ТЖЭК шығарады. Ол апат ошағын анықтауда және жою шараларын жүргізуде бақылау, жетекшілік етеді.
ТЖЭК негізгі міндеттері:
1. Ошақты жою жоспарын бекіту
2. Режимді-шектеу шараларын енгізу және алып тастау мерзімін анықтау
3. Қызметтерге әкімшілік, консультациялық және әдістемелік көмек беру
4. Ошақты жою бойынша жауапты адамдарды таңдау
5. Жағдайға байланысты ошақты жою жоспарын нақтылау
Бактериологиялық зақымдау ошақтарын анықтау және жоюда жүргізілетін шаралар жиынтығына жатады:
1. Тұрғындарға хабарлау
2. Бактериологиялық барлау жүргізу
3. Карантин және обсервацияны ұйымдастыру
4. Тұрғындарды толық санитарлық өңдеу жүргізу
5. Арнайы және арнайы емес профилактиканы жүргізу
6. Науқасты белсенді түрде анықтау
7. Пәтер ошағын, аймақты, ғимараттарды, киімдерді залалсыздандыру (дезинфекциялау)
8. Дезинсекция мен дератизацияны жүргізу
9. Тағам өнімдері мен суды залалсыздандыру
10. Санитарлық-ағарту жұмыстары
Карантин және обсервация туралы түсінік.Карантин дегеніміз-бұл жұқпалы аурулар ошақтарын анықтау және жоюға бағытталған режимді-оңашалау, әкімшілік-шаруашылық, эпидемияға қарсы, санитарлық және емдеу-профилактикалық шараларды құрайтын мемлекеттік шаралар жиынтығы.Карантиндік шараларды ұйымдастыру және жүргізу аймақтық ТЖЭК жетекшілігіне жүктеледі.Карантин орнату үшін міндетті түрде мынадай шараларды жүргізу керек:
1. Ошақты бөлектеу немесе күзет орнату, ошақта коменданттық қызмет енгізу.
2. Тұрғындардың кіруі мен шығуына, карантин аймағынан жүктерді алып шығаруда қатал бақылау.
3. Зақымдау ошағы арқылы автотранспорттың өтуіне және транзиттік жолмен темір жол мен су транспортының басқа тоқтауға арналған жерлерге тоқтауына тосқауыл қою.
4. Обсерваторларды құру және ошақтағы адамдарға және карантин аймағынан шыққан адамдарға обсервация бойынша шаралар жүргізу.
5. Тұрғындардың жекелеген топтары арасында қарым-қатынасты шешу.
6. Тұрғындарда, қалалық транспорт, сауда және тағам өндірісінде, халық шаруашылық объектілерінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету бойынша эпидемияға қарсы режимді құрастыру.
7. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, тұрғындарды тағам өнімдерімен және өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету.
8. Тағам өнімдері мен судың санитарлық экспертизасы.
9. Жедел және арнайы профилактиканы жүргізу.
10. Жұқпалы ауруларды ерте анықтау, оларды оңашалау және ауруханаға жатқызу.
11. Ауруды тасымалдаушыларды жою (дезинсекция және дератизация)
12. Тұрғындардың, өндірістердің, министрліктердің және ведомствалардың карантин ережесін қатал түрде орындалуын бақылау.
Санитарлық өңдеуді ұйымдастыру.Санитарлық өңдеу дегеніміз – бұл адамның денесін, көздің, мұрынның, ауыздың шырышты қабаттарын РЗ, КӘ, УЗ және БЗ-дан залалсыздандыруға бағытталған шаралар жиынтығы.Санитарлық өңдеу – жартылай өңдеу және толық өңдеу болып бөлінеді.Жартылай өңдеуді – зақымдау ошағында қысқа мерзімде өз бетінше және бір-біріне көмек көрсету арқылы, қажет болса медициналық эвакуация сатыларында зақымдау аймағынан шығарда жүргізеді.Толық санитарлық өңдеу – ұйымдастырылған жуу пунктерінде, аурухананың санитарлық өткізгіштерінде әртүрлі ұйымдардың санитарлық өңдеу бөлімшелерінде, әскери – медициналық мекемелерде және басқа да дезинфекциялық, дегазациялық жуу техникасы бар мекемелердежүргізіледі. Ол сабынды жылы сумен жуу арқылы киім мен аяқ киімді дезактивациялау, дегазациялау, дезинфекциялауды құрайды.
Орытынды
Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.