Пайдалануға дайын бояудың ұтымды тұтқырлығы болуы қажет. Тұтқырлығы жоғары кезде бір қабат қабықтың қалыңдығы артады да оның беріктілігі төмендейді, тұтқырлығы төмен болса қабаттың қалыңдығы азаяды да еріткіштің шығыны артады.
Лакты бояғыш материалдардың тұтқырлығы секундпен өлшенеді және ол В3-4 (6.1 сурет) вискозиметрдің түбіндегі 4 мм диаметрлі тесіктен 18-200С температура кезінде 100 мл көлемнің ағып түсуіне қажет уақытты білдіреді. Бұл уақыт 15 секундтан 45 секундқа дейінгі аралықта болуы керек. Егер сырлау кистісі көмегімен жүргізілетін болса, онда оның тұтқырлығы 30 секундтан 60 секундқа дейінгі уақытты құрауы керек.
6.1 сурет. В3-4 вискозиметрі: 1- стақан; 2- түйіршік; 3- таяныш.
Ол үшін вискозиметр сыналатын бояудың 100 мл мөлшерімен толтырылады (В3- 4 стандартты вискозиметрді ернеуіне дейін толтырса, 100 мл сыйымдылықта болады), ал содан соң секундомер бойынша оның босаған уақыты анықталады. Секундомерді басында дәнекерленген шаригі бар сымды ыдыстан тез суырып алған мезетте қосады. Тұтқырлықты дәл анықтау үшін өлшеуді үш – төрт рет қайталап орташа арифметикалық мәнін шығарады.
Сонымен қатар бояуды дайындаған кезде онымен үйлесімді еріткіш типін анықтау қажет. Мысалы нитроцеллюлоз негізіндегі бояулар бензинмен үйлеспейді және онымен араластырған кезде тұнба түзеді, ал басқалары бензинмен үйлесімді. Нитроцеллюлоз негізіндегі бояулар №646 еріткіштермен жақсы үйлеседі, олар неғұрлым кең тараған және автомобильдерді бояу өндірісінде қолданылады.
Бояудың негізгі көрсеткіштерінің бірі оның ескі түсті жеңуі. Ескі түсті жеңуі – бояудың боялатын беттің түсін толық жабу қабілеті.
Ескі түсті жеңуі г/м2 өлшемінде лакты бояғыш материалдарының мөлшерімен өлшенеді. Ол түссіз шыны кесегін оның астына қойылған шахмат тақтасының ақ және өзара квадраттары көрінбейтін бояғанша сырлауға қажет қабаттар саны.
Лакты бояғыш материалдар шығыны мен жабудағы материалдар ескі түсті жеңу көрсеткішіне байланысты. Автоэмальдардың ескі түсті жеңуі 1м2 боялатын бетке 30-дан 70 граммға дейінгі құрғақ қабыршақ аралығында болуы.
Сырлау
Өңделген шпательді қабат, ал ол жоқ кезде грунтталған жерлер бірнеше қабат бояумен жабылады. Бояулар да грунт жасалған тәсілмен енгізіледі. Ең көп тараған тәсіл пневмобүрку.
Бояудың В3 – 4 вискозиметрінде 17-30с тұтқырлыққа дейін ерітеді және 200-600кПа сығылған ауа қысымымен бүркіледі. Лакты бояғыш материалдарды алдын ала жылыту олардың тұтқырлығын төмендетеді, ол өз кезегінде еріткіштің аз мөлшерін пайдаланып, жұмысты төмен қысыммен атқаруға мүмкіндік береді. Мұндайда еріткіш шығыны 30 - 40 % кемиді, ал жабу қабатының қалыңдығы 1,5-2 есеге артады және тұмандатқанда жоғалулар қысқарады.
Қол бояу бүріккіштері 100-200м2/сағ өнімділікті қамтамасыз етеді. Сығылған ауаны бүрку алдында ылғал мен майдан тазарту ұсынылады. Пневмобүріккіш қондырғының сүлбесі 6.2 суретте келтірілген. Сығылған ауа қысымының ауытқуларын азайту үшін қосымша үлкен көлемді ыдыс – ресивер орнатылады. 6.3 суретте пневматикалық бояу бүріккіш сүлбесі көрсетілген. Түсірмелі ілмекке 7 әсер еткен кезде бекіткіш ине 8 өз орнынан шегінеді, осы кезде тұтқадағы канал арқылы келетін сығылған ауа бүріккіш бастың 1 ұштығынан үлкен жылдамдықпен шығып, ине 8 босатқан орталық тесік аймағында ауаны сиретеді. Бачоктан 2 берілетін бояу осы тесіктен ағатын болады және ауа ағынымен демеліп шашырайды.
Бояу бүріккіштер үшін сығылған ауаны 300-600 кПа қысым дамытатын кез келген компрессор қамтамасыз ете алады.
Бояудың әр қабаты кептіру кезеңінен өтеді, ал сыртқы қабаттарында мұқият тегістеу, жылтырату және лакпен қаптау жүргізілуі мүмкін.
Кептіру үрдісінде шаңнан кебу уақытын анықтайды. Ол кебе бастағаннан «дем алудан» күнгірт дақ көрінгенге дейінгі уақыт. Сырлаудан кейін біраз уақыт өткен соң жамылғыда аса қатпаған жұқа қабыршақ пайда болады, оған ауызбен 10 см ара қашықтықтан үрген кезде онда ауамен үрленген су булары бірден жинала бастайды. Бетінде күңгірт дақтың пайда болуы бойынша көрінетін су буларының жиналуының басталуынан шаңнан кебуінің аяқталу уақыты ретінде қабылданады.
Кебу өтіп жатқан ауа температурасының көтерілуі оған кететін уақытты қысқартады.
Эмальдардың кейбір түрлері тек ыстық кептіруді қажет етеді. Жамылғыны табиғи жағдайда кептіру тез кебетін лакты бояғыш материалдармен (акрилді, винилді, нитроцеллюлозды, перхлор винилді және т.б. сияқты) сырлағанда пайдаланылады.
«Дымқыл бойынша дымқыл» жамылғы қабаттарын енгізу технологиясын пайдалана отырып кебу мерзімін қысқартуға болады. Бұл жағдайда жабысқақтығы кеткен (жобамен 10-15 минут кептіреді) грунтовкаға немесе эмальдің бірінші қабатына лакты бояғыш материалдардың келесі қабатын енгізеді. Бұл қабатты талап етілетін уақытқа (24 сағаттан 48 сағатқа дейін) кептіреді, осы кезде толық кептірілмеген алғашқы қабаттар да кебеді.
6.2.-сурет. Пневматикалық бүрку қондырғысының сүлбесі: 1- компрессор;2- майменылғалды бөлгіш; 3- ресивер; 4- иілгіш түтік;5- бояу бүріккіш.
6.3.-сурет. Пневматикалық бүріккіш: 1-бүріккіш басы; 2-бояу бачогі;3- бүріккіштің қорабы;4- жабқыш винті;5- тұтқа; 6-орнату; 7-түсірмелі ілмек;8- бегіткіш инесі.
Кептірілген лакты бояғыш материалдар белгілі сапа көрсеткіштеріне ие болуы керек, оған ескі түсті жеңуі, қабаттың ұсталынуы, соққыға беріктілігі, иіліске және созуға төзімділігі, сонымен қатар қаттылық кіреді.