Студенттің өзіндік жұмысы
Орындаған: Сабыр Асылбек, 513 «А»
Тексерген: Калжанова М. Ж.
Ақтөбе 2016
Науқастың аты-жөні: Тастанова Жанель Маратқызы
Туған күні: 18.08.2002ж.
Жынысы: қыз бала
Ұлты: қазақ
Білімі: орта
Қызметі: оқушы
Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан көшесі, 13/15
Алғашқы диагноз: Бронх-өкпелік ауру.
Клиникалық диагноз: Созылмалы іріңді обструктивті бронхит, қайталау фазасы, тыныс жетіспеушілігі ІІ дәрежесі. Өкпе эмфиземасы. Компенсациялы созылмалы өкпе текті жүрек.
Шағымдары:
Негізгі: тұрақты жөтел, көп мөлшердегі кілегейлі-шырышты қақырық бөлу, ентігу.
Қосымша: әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тершеңдік, тез шаршағыштық.
Anmnesis morbi: өзін жаздан бері аурумын деп санайды. Ауруын суық тиюмен байланыстырады. Өз бетімен ем қабылдамаған.
Anmnesis vitae: Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өсуі мен дамуы жасына сай, қатарынан қалмаған. СПИД, гепатит, тері-венерологиялық, туберкулез, тұқым қуалаушылық аурулары жоқ. Қан құйылулар, операциялар болмаған. Кішкентай кезінде жарақаттар алмаған. Зиянды әдеттері жоқ. Тағамдық заттарға, дәрілік препараттарға, тұрмыстық, химиялық заттарға аллергиясы жоқ. Ата-анасында тұқым қуалайтын аурулары тіркелмеген.
Status praesens communis:
Есі: айқын
Жағдайы: орташа ауырлықта
Жалпы келбеті:
٭ а) дене пішіні - дұрыс
٭ ә) конституциясы - нормостеник
٭ б) денесін ұстауы және жүрісі дұрыс, жүрісі өзгеріссіз
Бойы: 160см
Салмағы: 48кг
ИМТ: 18,3
Дене температурасы: 37˚С
Тері жамылғылары: ауырған жақ бет ұшының қызаруы, аздаған цианоз. Ауыз айналасында ұшық бөртпелері анықталады. Басқалай қасынған тырнақ іздері, қан құйылу ошақтары, жара, ойықтар жоқ.
Кілегей қабықтары: тері асты шел май қабаты жақсы дамыған, көзге көрінетін шырышты қабаттары ылғалды, қызғылт.
Серпімділігі: сақталған, қалыпты.
Лимфа түйіндері: пальпацияланбайды, ұлғаймаған.
Бұлшық ет жүйесі: жақсы дамыған, сәл миалгия байқалады, тонусы сақталған, атрофиялық өзгерістер мен әр түрлі ақаулар анықталмайды.
Сүйек-буын жүйесі: тірек-қимыл жүйесі қалыпты, кеуде торы деформацияланбаған, буындары еркін қозғалады.
Бездері: ұлғаймаған, ауырсынусыз.
Тыныс алу жүйесі: өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ сырылдармен қоса орташа және ірі көпіршікті сырылдар естіледі. Жөтелге ысылдаған тыныс пен ентігу қосылған.
Жүрек-қантамыр жүйесі: жүрек тондары тынықталған, ырғақты. АҚҚ 120/80 мм с.б.
Асқорыту жүйесі: іші жұмсақ, ауырсынусыз.
Несеп шығару жүйесі: несеп-жыныс жүйесі қалыпты. Жүйке, тірек-қимыл, эндокрин жүйесінде өзгерістер байқалмайды.
Жасалынған зерттеулер:
٭ ЖҚА
٭ Жалпы қақырық анализі
٭ Рентгенологиялық зерттеу
٭ ФСТ анықтау
٭ ЭКГ
Зерттеу мәліметтері:
1. ЖҚА: гемоглобин – 160 г/л, гематокрит – 60%, эритроцит – 6*10¹³ /л, лейкоцитоз – 12*10’9/л солға ығысу, ЭТЖ – 1-ден төмен.
2. Қақарықтың жалпы анализі: қақырық жасыл-сары түсті. Қақырықта нейтрофильдер мен макрофагтардың болуы. Микроскопияда лейкоциттер көру алаңын толық жапқан.
3. Рентгенологиялық тексеру: өкпе эмфиземасы мен пневмосклероздың рентгенологиялық белгілері анықталады.
4. ФСТ анықтау: өлшенген ТСТ, %-тің тиісті мөлшерден азаюы. Тиффно индексінің 70%-ға дейін, одан да төмен азаюы.
5. ЭКГ: синусты ырғақ, минутына 65 рет соғады, жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясы анықталады.
Шаралар | Бақылаудың 1-жылы | Бақылаудың 2-жылы | |||
Участкелік педиатр | 2-3 айда 1 рет (оң мәнді динамика болған жағдайда). Аурудың ауыр ағымында – айына 1 рет, көрсеткіштер бойынша жиі | 6 айда 1 рет (оң мәнді динамика болған жағдайда). Аурудың ауыр ағымында – айына 1 рет, көрсеткіштер бойынша жиі | |||
Басқа мамандардың қарауы | |||||
Пульмонолог | 3-6 айда 1 рет, көрсеткіштер бойынша | Жылына 1 рет | |||
ЛОР, стоматолог | Санациялағанға дейін жылына 2 рет, санациядан кейін жылына 1 рет | ||||
Реабилитолог-дәрігер, ЛФК дәрігері, иммунолог | Көрсеткіштер бойынша | ||||
Лабораториялық зерттеулер | |||||
ЖҚА, ЖЗА | 6 айда 1 рет, көрсеткіштер болғанда – жиі (педиатрдың немесе пульмонологтың әрбір қарауында) | ||||
Қан биохимиясы(протеинограмма, жедел фаза ақуыздары, ß-липопротеидтер) | 6 – 12 айда 1 рет | ||||
Капрограммаға нәжіс | 6 айда 1 рет | ||||
Қақырықты микрофлораға және антибиотиктерге сезімталдыққа зерттеу | Көрсеткіштер болғанда | ||||
Функционалдық зерттеулер | |||||
ФСТ (спирометрия, пневмотахометрия) | Жылына 1 рет, көрсеткіштер болғанда - жиі | ||||
Кеуде клеткасының рентгенографиясы | |||||
Бронхоскопия және бронхография | |||||
ЭКГ | Жылына 1 рет | ||||
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Н.Жаншахан «ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ» Ақтөбе – Алматы, 2011-2015ж.
2. Е.Т.Дадамбаев, Т.К.Кулмахан «Емханалық педиатрия».
3. В.Н.Чернышов, А.А.Сависько, А.А.Лебедько, М.С.Касьян, Т.Б.Козырева, В.Д.Павленко, Т.Д.Тараканова, Л.С.Щербак, С.Г.Гончаров «ПОЛИКЛИНИЧЕСКАЯ ПЕДИАТРИЯ» Москва – 2007ж.
4. Қазақша Уикипедия.