36. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
1. мәтінді есептің құрылымын;
2. өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
3. арифметикалық амалдар компоненттерінің аталары;
4. қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланысты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
5. сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
6. арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
7. шамалардың бірліктерінің белгілеулерін: 1 сағ, 1 см, 1 дм, 1 тг, 1 л, 1 кг, 1 м, 1 мин, 1 с, 1 тәул, 1 мм, 1 км, 1 мм2, 1 см2, 1 дм2, 1 м2, 1 мм3,1 см3,1 дм3, 1 м 3 , 1 г, 1 ц, 1 а, 1 км/сағ, 1 м /мин, 1 см / с және т.б.;
8. ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
9. тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
10. шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
37. 4-сыныптың соңында оқушыларда:
1. оқулықпен жұмыс жасау, оқулықта берілген суреттер мен сызбалардың, жаттығулар мен талаптардың мағынасын түсіне білу;
2. жаттығулардың орындалуының, есептермен теңдеулердің шығарылуының дұрыстығын тексеру;
3. математикалық белгілерді дұрыс қолдану;
4. талдау, салыстыру, жалпылауды қолдану;
5. миллион деңгейінде сандарды оқу, жазу және салыстыру;
6. натурал сандармен және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау, санның квадраты мен кубын есептеу;
7. калькулятордың көмегімен есептеу;
8. мәтінді есептерді шығару, оның ішінде арифметикалық тәсілмен (амалдап немесе өрнекті құру және оның мәнін табу арқылы шығару) және теңдеулер арқылы шығарылатын қозғалысқа, бірігіп атқарылатын жұмысқа, шамалар арасындағы тәуелділіктерге берілген есептерді шығару;
9. теңдеу мен теңсіздікті, өрнек пен теңдеуді ажырату;
10. өрнектің мәнін табуда ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдану;
11. сандарды еселік және айырымдылық салыстыру (бір санның екінші саннан қанша есе артық, қаншаға артық болатынын табу) ережелерін қолдану;
12. өрнектің мәнін табуда арифметикалық амалдардың орындау ретінінің ережелерін қолдану;
13. арифметикалық амалдар белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде, таңдау тәсілімен, тура санды теңдіктердің қасиеттерін қолдану арқылы теңдеулерді шығару;
14. кесінді салу, кесінділер мен сынық сызықтарының ұзындықтарын өлшеу және салыстыру;
15. торкөз қағазға тіктөртбұрышты (шаршыны) салу;
16. циркуль және сызғыштың көмегімен кесіндіні қақ бөлу;
17. шеңберді дөңгелектен ажырату, бұрыштарды (тік, сүйір, доғал, жазыңқы) атау;
18. геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу және ол әріптерді дұрыс оқу біліктігі болуы қажет.
38. Тұлғалық нәтижелер. Оқушылар көрсете білуі қажет:
1. өз Отанына, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет;
2. әлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну,жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарауды; қоршаған ортаны сақтауға деген ұмтылысын;
3. қоршаған ортаны сақтауда өз белсенділігін;
4. жауапкершілік, ұқыптылық, зейінділігін және тәртіптілігін;
5. салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын; шығармашылық жұмысқа, жұмыстың нәтижесіне деген ынтасын;
6. үлкендермен және өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау қабілетін;
7. білім мен қызмет түрлерін игеру мен кеңейтуге қызығушылығын, тапсырманы орындауда шығармашылықпен қарауын;
8. үлкендерге құрмет және кішілерге қамқорлығын
39. Жүйелі - әрекеттік нәтижелер. Оқушылар қолдана білуі қажет:
1. ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;
2. қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;
3. ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;
4. математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;
5. дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;
6. математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;
7) жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;
8) өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;
9) өз іс әрекетін бағалауды;
10) оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерінқолдана білуі қажет.