Математика» білім саласы бойынша
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
(1– 4-сыныптар)
Математика» пәнінен оқу бағдарламасы 2013
Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2.Бастауыш сыныптардағы (1 – 4 – сыныптар) математика пәні – «Математика» білім саласындағы кіріктірілген оқу пәні. Оны игеруде 1000000 - ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
3.Оқыту мақсаты ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету;көрнекі - бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
4. Оқытудың міндеттеріне:
1. тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
2. бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
3. оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
4. оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
5. стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
6. баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
7. қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
5. «Математика» пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағат, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат.
6. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
1) ана тілі пәнімен. Математикалық мазмұны бар тұжырымдарды, сөйлемдерді, қорытындылар мен жалпылауларды құру кезінде тілінің ережелерін қолдану, оқулықпен, дидактикалық материалдармен және т.б. жұмыс жасау кезінде оқушының оқу дағдысы мен сапасының қалыптасқан деңгейін ескеру;
2) дүниетану пәнімен. Математикалық мазмұны бар тапсырмаларды орындау барысында қоршаған ортадағы құбылыстар туралы білімдерін қолдану;
3) еңбекке баулу пәнімен. Математикадан жазбаша жұмыстарды орындау кезінде қол бармақтарының ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейін ескеру;
4) бейнелеу өнері пәнімен. Қағаз бетінде бейнелеу біліктігін қолдану, қағаз бетінде (жазықтықта) және кеңістікте заттардың орналасуын қабылдай білу біліктігін қолдану;
5) дене шынықтыру пәнімен. Кеңістікте бейімделу (солға, оңға және т.б сөздердің мағынасын түсіну) біліктігін қолдану арқылы жүргізіледі.
Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны
7. Дайындық кезеңі (12 сағат):
1) бірден онға дейінгі сандар тізбегі. Кері тізбек (оннан бірге дейінгі тізбек);
2) заттарды ұзындығы бойынша салыстыру. Ұзын (ұзындығы бойынша артық). Қысқа (ұзындығы бойынша кем), массасы бойынша салыстыру. Ауыр (массасы бойынша артық). Жеңіл (массасы бойынша кем), сыйымдылығы бойынша салыстыру. Көбірек (азырақ) сыйдырады, бағасы бойынша салыстыру. Қымбат (бағасы бойынша артық). Арзан (бағасы бойынша кем), ауданы бойынша салыстыру. Ауданы бойынша артық (кем);
3) заттарды санау. Есептік санау. Реттік санау. Артық, кем, сонша. Тура және кері санау;
4) заттардың кеңістікте орналасуы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Қозғалыс бағыты (бір-біріне қарама-қарсы, бір бағытта, қарама-қарсы бағытта);
5) қозғалысты жылдамдық бойынша салыстыру. Жылдам (жылдамдық бойынша артық). Баяу (жылдамдық бойынша кем);
6) заттардың пішіні. Геометриялық фигуралар. Нүкте, сызық (түзу, қисық), сәуле, үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, текше, шар. Заттарды пішіні, түсі және өлшемі бойынша салыстыру;
7) уақыт бойынша салыстыру (ерте, кеш). Үлкен (жасы бойынша үлкен). Кіші (жасы бойынша кіші);
8) есеп. Заттың көрнекілігі негізінде жауабы санау арқылы табылатын қосындыны (қалдықты) табуға, бірнеше бірлікке ұлғайтуға (кішірейтуге) берілген есептерді шығаруға дайындық;
8. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. Кесінді. 1 см дәлдікке дейінгі кесіндінің ұзындығын табу (24 сағат):
1) 1-ден 9-ға дейінгі атау. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандар қатары;
2) санауы бойынша сандарды салыстыру;
3) алдыңғы санға 1-ді қосу, санау барысында келесі сан болатын саннан 1-ді азайту арқылы санды алу;
4) қосу. «+» белгісі. 2 + 1 түріндегі жазудың оқылуы:«екі қосу бір», «екіге 1-ді қосу», «екіні бірге арттыру», «екі мен бірдің қосындысы»;
5) азайту. «–» белгісі. 2 – 1 түріндегі жазудың оқылуы: «екі минус бір», «екіден 1-ді азайту», «екіні бірге кеміту», «екі мен бірдің айырымы»;
6) қосу мен азайтудың тәсілдері: ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту,сандық қатарды қолдану;
7) санау нәтижесі мен сандарды салыстыру (соның ішінде есептеудің көмегімен есептің сұрағына жауап табу кезінде);
8) санның құрамы;
9) әртүрлі өлшеулер арқылы заттардың ұзындығын өлшеу. Заттың ұзындығы өлшеу нәтижесі мен санын салыстыру;
10) 0 саны. 0 санын алу және белгілеу.0-ден 10-ға дейінгі сандарды жазу;
11) 1 сағ. дәлдікке дейін сағат бойынша уақытты анықтау;
12) «<», «>», «=» белгілері. Теңдік. Теңсіздік;
13) тура және тура емес теңдіктер мен тексіздіктер;
11) кесінді. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Ұзындық бірлігі – сантиметр (1 см); Бөліктері бар сызғыш;
12) кесіндіні салу. Үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш;
9. 10 –ға дейін қосу мен азайту. Есептің құрылымы. Теңдік. Теңсіздік (48 сағат):
1) қосу. Қосынды. Қосылғыш. Қосындының мәні;
2) санды өрнек;
3) азайту. Айырма. Азайғыш. Азайтқыш. Айырманың мәні;
4) қосу мен азайтудың компоненттерінің арасындағы байланыс;
5) өзара кері амалдар;
6) қосу мен азайтудың тәсілдері: сандарды бөліктері бойынша қосу және азайту;
7) қосу мен азайтудың тәсілдері: ± 1, 2 түрінде бір-бірден, екі-екіден қосу және азайту, сандық қатарды, санның құрамы туралы білімдерін қолдану;
8) қосудың ауыстырымдылық қасиеті;
9) 10 дейінгі қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары;
10) 0 санымен қосу мен азайтуды орындау;
11) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының құрамы.1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг.;
12) ұзындық бірлігі – дециметр (1 дм). 1 дм = 10 см;
13) әріпті өрнек. Бір әрпі бар өрнектің мәні;
14) теңдеу. Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде және таңдау тәсілі арқылы теңдеулерді шығару. Теңдеудің түбірі;
15) есептің құрамы. Шарты және сұрағы. Есептің шешуі және жауабы. Қосындыны және қалдықты табуға, бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған есептер.
10. Толық ондықтар. Жүз (12 сағат).
1) жаңа санау бірлігі – ондық, оның құрылуы;
2) ондықпен санау. Ондықтардың атауы, реті, оқылуы және жазылуы;
3) ондықтарды салыстыру;
4) ондықтарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу мен азайту;
5) 20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар (ірілеу және ұсақтау);
6) азайғыш пен азайтқышты табуға берілген есептер.
11. 10-нан 20-ға дейінгі сандар. Өзара кері есептер (24 сағат):
1) екінші ондықтың сандарын оқу және жазу;
2) біртаңбалы және екітаңбалы сандар;
3) екітаңбалы санның бірліктер және ондықтар разрядтары;
4) екітаңбалы санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу;
5) айырымдылық салыстыруға берілген есептер;
6) кері есеп. Өзара кері есептер.
12. Қайталау (12 сағат):
1. қосу және азайтудың сәйкес жағдайларының кестелері;
2. 10-ға дейін және ондықтарды қосу және азайту;
3. өрнек, теңдік (оның ішінде теңдеу) және теңсіздік;
4. есепті шығару;
5. кесінділерді салу, олардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.