Стратегиялыц жоспарлау дегеніміз басшы кабылдаған эрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арөылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегияның басты міндеті – үйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеркілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялыц жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу;сыртқы ортаға бейімдеу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері:
Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды және жасайды.
Стратегиялык; жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен негізделуі тиіс.
Стратегиялық жоспар фирманың айкындылығын, дербестілігін білдіреді,мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жагдайда жетілдіруді жэне қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Жайлы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде карастыру кажет, сонда ұзақ уақыт бойы фирманың кызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.
Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:
· Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.
· Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.
· Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады.Сондықтан,әрбір компания іс-әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндіктерін,ресурстарын зерттей отырып,өз стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы мүмкін.
Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 24 суретте келтірілген, ал оларды суреттеу төменде беріледі:
|
Сурет 24 - Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері
Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады.Олар-корпоративтік,бөлімше,бизнез-бірлік және өндірістік желі деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.