Баға құру саясаты - банк өнімдерінің түрлеріне қарай баға құру және олардың нарық конъюктурасының өзгеруіне қарай өзгеруі болып табылады. Қазақстандық банктер қызметтеріне баға құруының өзекті мәселелерін анықтайтын факторлар: 1) баға құру банк қызметтерінің маңызды бағыты және банк пайдасының көлемін реттеп отыратын басқару рычагы болып табылады; 2) банктердің өзара байланысқан қызмет пакеттерінің болуы пакеттен бөліп алуы қиын жеке қызметпен байланысты шығындарды бағалауға қиындық туғызады. 3) еліміздегі көптеген шағын және орта банктерде бағалық емес бәсекелестіктің әдістерін жеткілікті қолдануға қажетті ресурстары жетіспейді. 4) банк қызметтер нарығы коммерциялық банктердің санының көптігіне қарамастан олигополдық құрылымды иемденеді.
Банктегі баға құруды анықтайтын факторлар
Сыртқы факторлар | ||
Мемлекет 1.Реттеу; 2.Салықтар. | Бәсекелестер 1.баға деңгейі; 2.Саясат; 3.Сұраныс заңы. | Тұтынушы-лар 1.Бағалық икемділігі. |
Ішкі факторлар | |
Мақсаттар 1.Нарықты жаулау; 2.максималды табыс табу; 3. Жетекшілік орынды сақтау. | Әдістер 1.шығындық; 2.сұранысқа негізделген; 3.бәсекелік. |
Нарықтық баға корректировкасы |
Бағалық дискриминациясы Нақты белгіленген қызмет түрлерін қолданылуын қадағалау Теңестіруші баға құру Белгіленген қызметтер |
Банк өніміне баға қою келесі кезеңдерден тұрады:
· Баға белгілеудің мақсатын құру;
· Сұранысты бағалау;
· Шығындар құрылымын талдау;
· Бәсекелестер қызметтерінің бағаларын зерттеп білу;
· Баға белгілеу әдісін таңдау;
· Бағаны орнату;
Банктердегі тасымалдау логистикасының ерекшеліктері
Банк және оның негізі қолданылатын қаржы жүйесі экономиканың өзегі болғандықтан үнемі қозғалыс үстінде болады. Сондықтан осы қозғалыстарды мүмкіндігінше басқарып, тиімді бағыттай білуіміз қажет.
Логистика ілімі бізге осы қозғалыстарды банктің өзгешелігіне бейімдеп басқаруымызға мүмкіндік береді. Логистика маркетингті дамытудың белгілі бір тармағы ретінде де қолданылады. Логистика логикаға арқа сүйейді, яғни іс-әрекеттердің жүйелі,үйлесімді, тиімді және жылдам жүргізілуін негіздейді. Банкте логистикалық әрекет амалдарды қолдануға барынша мүдделі. Банк логистиканы келесі ағымдарға қолданады:
· Қаржы ағымдары
· Материалды техникалық ағымдар
· Ақпараттар ағымы
· Адам күші немесе персоналдар ағымы
· Уақыт ағымы
Логистика дұрыс жүргізілуі үшін 6 ережеге арқа сүйейді:
ЖҮК – қажетті тауарды
САПА – қажетті ойдағыдай сапада
МӨЛШЕР – қажетті мөлшерде
УАҚЫТ – жеткізілуге тиісті уақытта
ОРЫН – Ққажетті орында
ШЫҒЫН – минималды шығын
Логистика осы 6 қағиданың барлығы түгелдей жүзеге асқанда ғана өзінің мүддесіне жетеді. Банкте логистиканы жүзеге асыру үшін логистикалық жүйе құрады. Мұндағы жүйеге қатысушылар олардың іс әрекеттері орналасқан нүктелері.Олардың арақашықтықтары ағымдардың өткізу мүмкіндіктері қарастырылады.
Банк логистикалық жүйелерді өзінің спецификалық ерекшелігін ескергенде қаржы саласындағы орны, банктердің орналасқан географиялық мекені, ірі немес ұсақ болуы және т.б. назар аударады.
Логистикада 2 ағым қатар жүреді:
Ақпараттар ағымы
Аржы немесе материалдар
Қозғалыстың түрлерін таңдағанда 3 түрлі әдіс қолданылады.
· Шеңберлік әдіс. Жүкті тиеп-түсірудің бірнеше орындарын байланыстыратын көлік құралының бекітулі кеңсемен жол жүрісі.Шеңберлі әдісте бастапқы бекет соңғы болып табылады. Бұл әдісте 3 жағдай қолданылады:
Тарату әдісі
Жинау әдісі
Таратып жинау әдісі
· Маятниктік әдіс. Көлік құралының жол жүрісі тура және кері бағытта да бірдей трассада жататын қозғалыс бағыты.Онда да 3 тәсіл қолданылады:
Жүкпен барып бос қайту
Бос барып жүкпен қайту
Жүкпен барып жүкпен қайту.
· Аралас әдіс. Бір айналым кезінде бірнеше толық жүріс болуы мүмкін көлік құралдарының бірнеше қозғалыс бағыттарымен үйлесуі.
Әрбір қос пунктке қозғалыс бағытының өсім көлемін табу үшін
Формула: ∆KP=Ckj+Cjp-Ckp
C – арақашықтық
J – қосылатын пункттің индексі
K – 1-пункттің индексі
P – 2-пункттің индексі