Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


II. Мемлекет басқарудың негізгі және салалық қағидалары.

I. Мемлекет басқару қағидалары.

Мемлекет – дегеніміз белгілі бір территорияға иелік ететін, жергілікті халыққа еркін дамуына мүмкіндік беретін,жоғары дәрежеде ұйымдасқан, күрделі ұйым. Кез – келген мемлекет институттарының бірі – халық (мемлекет азаматтары)пен қоғам. Мемлекет ішінде тәртіп сақтау үшін, атқарушы органдар арқылы, мемлекет басқару қажет.

Басқару - дегеніміз реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процессі [1].

Қағида - латын тілінен негіз, бастау мен ереже дегенді білдіретін термин.

Мемлекет басқару қағидасы мемлекет басқару жүйесінің негізгі элементі мен басқарушылық бастамасы ретінде қолданылады. Мемлекет басқару бұл мемлекет сияқты жоғары деңгейде ұйымдасқан күрделі құбылыс. Мемлекет реттеу мен басқару белгілі заңдылықтар мен қағидалар арқылы жүзеге асатын процесс. Мемлекеттік басқару қағидаттары – басқару органдары сүйенетін, басшылық бастамасы, яғни мемлекет басқару үшін қолданылатын ережелер. Ол белгілі заңдар жүйесі мен нормативтік актілерде заңды түрде бекітілген. Мемлекет басқару қағидаттары: әлеуметтік – құқықтық және ұйымдастырушылық түрге бөлінеді.

Мемлекет басқарудағы қағидалардың қажеттіліктерін келесідей сипаттауға болады:

1. Қағидалар басқару тәжербиесі үшін болжам ретінде қолданылады.

2. Басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеу үшін қолданылады.

3. Мемлекет басқарудағы құқытық негізіне тұрақтылық береді

4. Басқару қағидалары мемлекет қызметшілері, лауазымды адамадар мен азаматтарға тәрбиелік әсерін тигізеді.

5. Мемлекет басқарудың фундамент рөлін атқарады.

 

I.I Мемлекеттік басқару қағидаттарының түрлері

Әлеуметтік – құқықтық мемлекет қағидасы келесі институттардан тұрады:

1. мемлекет органдарымен қабылданған, демократия нормативтік актілерге негізделген демократиялық орталықшану қағидасы.

2. Мемлекет территориясында тұратын барлық ұлт өкілдерінің тең құқығы - ұлттардың теңдігі қағидаты.

3. Мемлекет басқару органдарының іс - әрекеттері белгілі жоспар, стратегия мен бағдарлама шеңберінде қызмет ету - жоспарлық қағидат.

4. Қоғам пікірімен санасу - бұқараның, халықтың басқаруға араласуы қағидаты.

Ұйымдастырушылық қағидаты келемі институттардан тұрады:

1. Қызметтер мен қағидаларды реттеу қағидасы.

2. Құзіреттілік шеңберінде жауаптылық қағидасы.

3. Мемлекет басқарудағы салааралық пен аумақтық бастамаларды біріктіру қағидасы.

4. Мемлекеттік органдарда төменгі орган жоғарғы органға бағынушылық негіздерді үйлестіру қағидасы.

5. Көпшілік пен жеке басқару әдістерінің біріктіру

II. Мемлекет басқарудың негізгі және салалық қағидалары.

Кез – келген мемлекеттің негізгі қағидалары заңдар жинағында немесе Конституцияда бекітілген. Конституция – мемлекет басқару ережелерінің басты қайнар көзі. Ол мемлекет саяси басқаруының қағидаларын анықтайды. Осыдан мемлекет басқару қағидаларын:

1. Негізгі (Конституциялық) қағидалары;

2. Салалық қағидалары.

Бұл екі түр бір-біріммен тығыс байланысы бар, бір түпкілікті жүйені құрайды.

Мемлекет басқарудың Конституциялық (Негізгі) қағидасы

ü мемлекеттік билік пен басқару билігі;

ü заңдылық;

ü мемлекет мүддесі алдындағы азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы (приоритет);

ü мемлекеттік басқаруды қатысуға азаматтардың тең құқытығы;

ü мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі;

ü Аумақтық – салалық; мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімділігі;

ü Халықаралық іскерлік.

Мемлекеттік билік пен басқару билігі қағидасы – мемлекеттің саяси мәні мен оның бағыныштылық әсерінің қоғамдық жүйеге әсерін көрсететін, Конституция мен заңдар арқылы жүзеге асырылады.

Заңдылық қағидасы мемлекеттік органдары мен оның қызметшілері, лауазымды тұлғалардың және ҚР азаматтардың құқық-бостандықтарын мен қадір – қасиеттерін сыйлауын талап етуін білдіреді.

Басқару органдарының және ондағы лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікірмен қызмет тәжірибесінің тіркелуін, есеп жүргізу міндеттілігін талап етуін - Мемлекеттік басқарудағы қоғамдық пікір мен жариялылық есебі қағидасы.

Мемлекеттік басқару құрылымдық негізін аумақтық – салалық қағида бейнелейді. Бұл қағиданың мәні мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен құрылысында аумақтық және салалық бастауларды органикалық бірігуімен құралады.

Мемлекеттік басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді тіркесі мемлекеттік басқару аппаратының барлық деңгейі мен буындарына басқару органдарының қызметі мен өкілеттіліктерін қайта бөлу үшін негіз болып табылады. Қаралып отырған қағида мемлекеттік аппараттың құру тәртібін, нысаны мен әдістерін анықтайды.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Практическая работа №7 Назначение видов обработки поверхностей | Пороки внутренних органов.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1419 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2649 - | 2220 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.