Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып Сөздердің морфемаларға мүшелену мүмкіндігі және олардың морфологиялық құрылымының өзгеруі




1. Сөздердің морфологиялық құрамының өзгеруі.

Сөздердің морфологиялық элементтерінің мағыналары күңгірттенбей және олардың жігі көмескіленбей тұрғанда, сөздердің морфемалық құрамы онай ажыратылады. Сөздердің құрамындағы морфемалардың шегі ауысып, олардың морфологиялық құрылымының өзгеруі қалай болса солай емес, белгілі бір грамматикалық процестердің әсерінен болады. Көрнекті лингвист В.А.Богородцкий сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеріне себепкер болатын грамматикалық (морфологиялық) процестердің қатарына сіңісу (опращение) құбылысы мен жылысу (переразложение) құбылысын жатқызыады.

Сіңісу құбылысы

Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айырылады да, ондай сөздер морфемаларға ажыратылып, мүешленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.

Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жайылып, олардың бір – біріне кірігіп кетуне, соның нәтижесінде сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық процес сіңісу құбылысы деп аталады.

Сіңісу процесінің нәтижесінде сөз құрамындағы морфемалар өзара әбден кірігіп, олардың бұрынғы жігі жойылады. Ондай сөздің қандай морфемалардан құралғаны бірден аңғарылмайды, оның лингвисттикалық анализ арқылы ғана айқындауға болады. Мысалы: проф. В.А.Богородцкий орыс тіліндегі "забыть" деген етістіктің құамындағы – за – ның қазіргі тілдегі префикс ретінде сөзден бөліне алмайтындығын айтады. Ал проф. Р.А.Будагов "забыть" деген етістік мүшеленбейтін бір бүтін сөз ретінде танылып, қажет болған жағжайжа ол сөзге басқа бір префикс жалғана алады (мысалы: забыть - перезабыть) дейді.

Морфологиялық сіңісу процесінің нәтижесінде құрамындағы бөлшектері (морфемалары) бір – біріне сіңісіп кетіп, бұл күнде мүшеленбейтін сөздер түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де, бар. Мысалы: тімтін (у), тіміскіле (у) тәрізді сөздердің алғашқы түбірі "тім" – екенін, ал – тін (-ті, -ін), - іскі – (-к,-кі), - ле дегендердің аффикстер екені күмән тудырмаса керек. Тілдің тарихи даму барысында морфологиялық сіңісу процесінің әсерінен бұл сөздердің (тімтін, тіміскіле) құрамындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалар бір – біріне әбден кірігіп және бастапқы мағыналары жойылып, соның нәтижесінде аталған сөздер морфемаларға ажыратылмайтын сөздерге айналған.

Сондай – ақ қазақ тілінде сөйлеуші адамдар қазірде "әекл" дегенді алып+кел деген сөздерден, "апар" дегенді алып+бар деген сөздерден құралған деп қарамайды, олардың шығу тегі, әдетте, еске алынбай, бір бүтін сөздер ретінде қабылданады.

Морфологиялық сіңісу процесінің әсері бойынша алғашқы түбір морфема мен аффикстік морфеманың бір – бірімен кірігуінен жасалған. Сіңіскен түбірлер немесе негіздерге түбір мен аффикстің кірігуінен жасалған түбірлерді ғана емес, сонымен бірге түбір мен түбірдің бір – бірімен кірігіп сіңісуінен жасалған сексен, тоқсан, апар, әкел тәрізді сөздерді жатқызуға болады.

Жылысу құбылысы

Тілдің дамуының әр түрлі дәуірінде сөз құрамындағы морфемалардың бір – бірімен ара қатысы өзгеруі мүмкін.

Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауысып, ол морфемалардың бұрынғы жігі мен ара қатынасының өзгеруі – жылысу құбылысы деп аталады.

Морфологиялық жылысу құбылысы түркі тілдерінде де бар. В.А.Богородцкийдің пікірінше, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі (-ың, -ің) түрінде болған. Бұл бастапқы форма –ын (-ің) менің, сенің, оның, соның деген есімдіктердің құрамында сақталған. Тілдің даму барысында морфологиялық жылысу процесінің нәтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып –ның (-нің) түрінде айтылып қалыптасқан.

Морфологиялық жылысу процесі түбір мен жалғаудың арасында ғана емес, сонымен бірге түбір мен жұрнақтың арасында да болуы мүмкін. Жұрнақ жалғану арқылы жасалған негіздің соңғы дыбысы онан сусып, жұрнақтың құрамына ауысады да, сөз бұрынғысынан басқаша түрде мүшеленеді. Түбір мен жұрнақтың арасындағы морфологиялық жылысу процесін "сарғай" деген етістіктің құрамын талдаудан көруге болады. Аталған туынды етістік (сарғай) "сары" деген сын есімнің бастапқы дыбысталу түрі "сарығ" формасынан жасалған. Қазақ тіліндегі "сары" деген сын есім онымен туыстас қазіргі хақас тілінде – сарығ, ұйғыр тілінде – сериқ, өзбек тілінде – сариқ, түрінде дыбысталады. Ренеалогиялық тұғыдан алғанда, "сарғай" деген туынды етістіктің құрамындағы жұрнақ - ғай емес, - "ай" жұрнағы. Морфлогиялық жылысу процесінің нәтижесінде, біріншіден, аффикстік морфеманың дыбыстық құрамы ұлғая түсе, екіншіден, сөз құрамындағы алдыңғы жұрнақ соңғы жұрнаққа жылжып, құранды жұрнақтар жасалады.

Сөздің морфологиялық құрылымының өзгеруіне сіңісу процесі мен жылысу процесі ғана емес, сонымен бірге күрделену процесі де әсер етеді. Күрделену процесі бойынша бастапқы туынды емес негіз туынды негізге айналып, осының нәтижесінде алғашында морфемаларға ажыратылмаған сөз морфемаларға мүшеленетін болады.

Күрделену құбылысы көбінесе төл сөздерде емес, кірме сөздердің морфемалық құрамында ұшрасады.

Сөздің морфемалық құрамына талдау жасауда ескеретін процестің бірі – декорреляция процесі. Декорреляция процесі бойынша, сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың сипаты мен мағынасын өзгереді. Декорреляция сөздің морфологиялық құрамын өзгертпейді, сөз морфемаларға алғашында қалай мұшеленсе, қазірде солай мүшеленетін болды.

Сонымен, декорреляция процесі бойынша, сөз құрамындағы морфемаларда сандық өзгерістер емес, сапалық өзгерістер болады. морфологиялық сіңісу процесі мен жылысу процесінің нәтижесінде морфемалардың бастапқыжігі өзгермей, тілдік табиғаты өзгереді, яғни өзінің сипаты мен мағынасы жағынан басқаша күйге түседі.

Сөз құрамындағы морфемалардың арасындағы біркелкі дауыстардың немесе біркелкі дауыссыздардың өзгеріске ұшрауы, атап айтқанда, ондай дыбыстардың тұтасуы нәтижесінде морфемалардың даралану ажыратылу мүмкіндігі әлсірейді. Мұндай құбылыс диффузия құбылысы немесе морфемалар диффузиясы деп аталады.

Диффузия құбылысы сөздің морфемаларға мүшеленуінің бастапқы қалпын өзгертпейді, сөз морфемаларға бұрын қалай мүшеленсе, қазірде де солай мүшелене алады.

Орыс тілінде морфемалар диффузиясы приду, разевать деген сөздердің құрамынан байқалады. Алдыңғы сөзде префикс пен негіздің арасындағы екі и дыбысы бір ғана и дыбысына таралып тұтасқан да, соңғы сөзде екі з дыбысы бір ғана з дыбысына ұласқан.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2345 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

826 - | 666 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.