Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Вакцинамен егу жұмыстарын жүргізу




Балаларды алдын ала егулермен толық қамту мақсатында тұратын мекен –жайы бойынша аумақтық балалар емханасының қызметкерлері жылына 2 рет (көктем-күз) санақ жүргізіп, барлық балаларды тіркеуге алады. Ай сайын балалардың саны қайта тексеріледі, жаңадан туылғандар, келгендер, кеткендер, қайтыс болғандар тіркеу журналына жазылады. Ересек адамдардың тізімі аймақтық емханада жылына 1 рет қайта тексеріледі (тамыз-қыркүйек).

Балаларға санақ мына үлгіде алфавитті түрде жүргізіледі.

 

А.Ж.Т. жасы Адрес Қандай балабақшаға барады ескертпе
           

Балаларды егуге алдын-ала шақырады. Вакцина егу алдында дәрігер баланың денсаулығын толық тексереді, егуге қарсы көрсеткіштер жоқ болса баланың картасына вакцинаның атауын, егу мөлшерін, егу әдісін жазып, егуге рұқсат береді. Дәрігердің тағайындауы бойынша егу бөлмесінде вакцина егіледі, егу туралы мәліметтер тиісті құжаттарға тіркеледі. Егу құжаттарына вакцинаның егілген уақыты, вакцинаның сериясы, шығарылған мерзімі, кім дайындағаны және мөлшері мен егу әдісі жазылады.

Әрбір балаға арналған №63 үлгідегі «Профилактикалық егу картасы» картотека бойынша сақталады. Балалар емханасында 14 жасқа дейінгі балаларға арналады. Вакцина егілуге жататын балаларды картотека бойынша ай сайын белгілеп отырады. Картотекада егу карталарын 4 топқа бөледі:

1. Осы жыл бойы вакцина егілетін балалардың карталарын айлар бойынша қояды. Вакцина егуден кейін келесі егу жасалатын ұяшыққа қойылады.

2. Осы жылы егілмейтін балалардың карталары жылдар бойынша қойылады.

3. Уақытша кетіп қалған балалардың картасы.

4. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар балалардың карталары.

Егуден кейін бала 30 минут емханада дәрігердің бақылауында болады. Инактивацияланған вакцина егуден кейін 3 күн, тірі вакцина егуден кейін 5-6-ші және 10-11-ші күндері үйінде бақылауда болады. Егуден кейін болатын асқынулар туралы ата анасына мәлімет береді.

Егер егуден кейін жағымсыз реакция пайда болса, жедел хабарлама МСЭҚБ-ға беріледі, асқыну себебін анықтау үшін толық тексеру жүргізіледі.

Егуден кейінгі реакция жергілікті және жалпы болып бөлінеді. Егу реакциясының интенсивтілігі мына критерийлер бойынша бағаланады:

 

Егу реакциясының интенсивтілігінің көрсеткіштері

 

Реакция Анықталу дәрежесі Жергілікті Инфильтрат диаметрі Температура
Теріс Әлсіз Орташа күшті Жоқ 2,5 206-5 5 және жоғары 37,1-ден жоғары емес 37,1-37,5 37,6-38,5 38,5- тен жоғары

 

Жалпы және күшті реакциялар орташа есеппен, АКДС вакцинаны енгізгенде 1%, қызылшада 4%-тен аспайды.

Медициналық қарсы көрсеткіштері болса, 1-6 ай бойы ауырған сырқаттары туралы мәліметтерді ескеру керек. Учаске бойынша жиі ауыратын балаларды, аллергиялық анамнезі бар балаларды,«қауіпті топқа» жататындарға жеке жоспар бойынша егуді ұйымдастырады.

«Қауіпті топқа» жататын балалар:

1-топ- Орталық нерв жүйесі зақымдалған балалар;

2 топ- аллергиялық реакциялары бар балалар;

3-топ- тыныс алу жолдарымен жиі ауыратын және басқа да аурулары;

4-топ- егуге патологиялық реакциялары бар және анамнезінде вакцинадан кейінгі асқынулары бар балалар;

Ересек тұрғындардың арасында егу жұмысын жалпы емдеу мекемелерінің немесе өндіріс орындарындағы медицина-санитарлық бөлімдердің қызметкерлері жүргізеді.

Егу жоспары әрбір емхана бойынша келісім үшін МСЭҚБ жіберіледі.

Бак.препараттарды есептеу. Егілетін тұрғындар санын біле отырып, қажетті материалды есептеп шығарады: ол үшін бір адамға шаққандағы вакцинаның дозасын егілетіндер санына көбейтіп, 15-20% рұқсат етілген төгілу мөлшеріне (0,5 г мақта, бір рет қолданатын шприцтер, бір иньекцияға қажетті спирт) қосамыз.

Қолданбаған вакцина қалдықтарын жою тәртібі. Қолданбаған ампула және шишадағы вакцина қалдықтарын егу жасаған медицина қызметкері төмендегі әдістердің бірімен залалсыздайды:

  1. 30 минут қайнату (сібір күйдіргісінде 2 сағат);
  2. Дезинфекциялық ерітіндіге толық батыру.

Қолданған шприц пен инелерді қауіпсіз қатты қорапқа жинап, өртеу арқылы жою қажет, оларды бөлшектеуге, жууға, тазалауға болмайды.

 

 

Егуді ұйымдастыру.

Біздің республикамызда халықты иммунизациялаудың жалпы басшылығы мен бақылауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының нұсқауы бойынша атқарылады. Егу жүргізілуге тиісті жұқпалы аурулардың тізімі, халықты иммунизациялауға жататын контингенттің егу күнтізбесі, медициналық қарсы көрсеткіштері және т.б. мемлекеттік санитарлы–эпидемиологиялық қадағалау басқармасының нұсқауымен анықталады. Мемлекеттік, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі СЭҚБ мекемелеріндегі эпидемиологтың біреуі егу жұмыстарын ұйымдастыруға және препараттармен қамтамасыз етуге жауапты болады.

Егуді жүргізу тәртібі бойынша иммунизациялау емдеу-алдын алу мекемелерінде атқарылуы керек. Медициналық қызметкері жоқ немесе шағын жерлерде және халықты емдеу-алдын алу мекемеге алып бару қиын немесе мүмкін болмаған жағдайда, құрамында кем дегенде бір дәрігер және орта дәрежелі медициналық қызметкер бар, көшпелі бригада егу жұмысын жүргізеді. Бригада барған жерде арнайы бөлме бөлінеді.

Егу жүргізілетін күн халыққа және де балалардың ата-аналары немесе қамқоршыларына алдын ала хабарлап, олардың арасында түсінік жұмысы жүргізілуі керек.

Ересек тұрғындардың арасында егу жұмысын жалпы емдеу мекемелерінің немесе өндіріс орындарындағы медицина-санитарлық бөлімдердің қызметкерлері жүргізеді.

Сіреспе мен құтыруға қарсы шұғыл алдын алу шаралары емханалардың жарақаттанғандарды қабылдау бөлмесінде немесе аурухана жанындағы жарақат емдейтін бөлімшелерде жасалады.

Дәрілермен қамтамасыз ету орталықтан атқарылады. Егу бөлмелері, жарақат емдеу пунктері мен бөлмелері, денсаулық пунктері қажетті препараттарды СЭҚБ –на берілген мәлімдемесі, сұранысы бойынша алады.

Вакцина егу бөлмесінің қабырғаларын, еденді және үстелді ыстық 2% сабынды сумен жуу, 0,2 % хлорамин, ол болмаса 2% лизол ерітіндісімен сүрту қажет.

Егуді жүргізуге терісі мен кілегей қабатында іріңді зақымдануы бар, баспамен және респираторлы жұқпамен, сонымен қатар егу жүргізуге арнайы рұқсаты жоқ медицина қызметкерлері жіберілмейді.

Егу жүргізуге жіберілген қызметкер залалсыздандырылған халатпен, қалпақпен немесе орамалмен қамтамасыз етіледі, тырнақтары тұғырланып қырқылуы керек, қолды сабындап жуып, саусақтары спиртпен немесе иод тұндырмасымен өңделуі қажет, қол жууды әр 12-15 инъекциядан кейін қайталап отырады.

Қызметкерлерге нұсқама жасалғаннан кейін, егілуге жататын адамдардың тізімін жасау керек. Ол үшін денсаулық пункті мен медициналық-санитарлық бөлімнің қызметкерлері тиісті кәсіпорындар мен мекемелердің мамандар бөлімімен байланысып, керекті мәліметтерді алады.

Препараттыі бұлшық ет ішіне енгізгенде үстел мен төсекшеге залалсыздандырылған жапқыш жабу керек, ал қолды хирургиялық ем дайындағандай жуу қажет.

Әрбір егілуші егуге қарсы көрсеткіші бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің тексерілуінен өтеді. Сырт киімі шешетін немесе тіркеу бөлмесінде қалдырылады. Егілуге жіберілген жағдайда препарат енгізетін жерлер (тері ішіне, тері астына және бұлшық етке) 70% спиртпен, спирт және эфир қосындысымен, йодтың 10% спиртті ерітіндісімен өңделеді. Тері үстілік егуде спиртті немесе спирттің эфирмен қосындысын қолданады, себебі басқа дезинфекциялық заттар теріге жағылатын вакцинаға әсер етеді.

Егу тек қана бір рет қолданылатын шприцпен жүргізіледі. Қолданар алдында дәрмектер мұқият тексеріледі. Егер дәрмек ампулада болса жоғары жағын спирт сіңірілген мақтамен сүртеді, сонан соң ампуланың мойнын айналдыра арашамен сызаттайды да, спиртпен сүртеді. Ампуланың жоғарғы мойнын шағын дәкемен орап, сындырады. Ашылған ампуланың бетін залалсыздандырылған дәкемен жабады немесе бірден стерилді стаканға аударып құяды. Дәрмекті ампула ашылғаннан соң 2-3 сағаттан асырмай пайдалану керек.

Егер препарат резеңкелі тығыны бар ампулада болса, пинцетпен металдан жасалған қалпақшасын алып тастайды да, тығынын спирт сіңірілген мақтамен сүртеді, инемен шаншып, дәрмекті залалсыздандырылған шприцке сорып алады.

Тері астына және бұлшық етке егуді дәрігердің бақылауымен тәжірибелі медициналық мейірбике мен фельдшер жүргізеді. Тері үстіне және энтеральді әдіспен егуді орта буын медицина қызметкерлері жасай алады, бірақ дәрігер бақылауы керек.

Тері астына егу әдісі барлық өлтірілген және кейбір тірі вакциналарды енгізу үшін пайдаланылады. Теріастылық егу дененің теріастылық жасушалықтарға бай болғандықтан - жауырын, иық және кіндіктен төмен қарын терісінің астына енгізу арқылы жүргізіледі. Енгізілетін орынның терісін қысып ұстап тартады да, қатпарланған жерге 45 шамасындай қиғаштап инені кіргізеді. Шприцпен ауа кіріп кетпеуі үшін дәрмекті енгізген кезде инені төмен қаратып ұстау керек. Вакцинаны енгізіп болғаннан соң инъекция орнын иодтың спиртті ерітіндісін жағып өңдейді. Егілген адамдарды 20-30 минут бақылайды.

Тері ішіне енгізу әдісі дәрмектің аз көлемін (0,1-0,2мл) енгізгенде (мысалы, туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы) қолданылады. Туберкулезге қарсы тері ішілік егу бір рет қолданылатын «туберкулиндик» шприцпен және шеті қысқартылып кесілген жіңішке инемен жүргізіледі. Егер адсорбцияланған дәрмек енгізсе, инъекция жасайтын жерді аздап уқалау керек. Дәрмектің дәл тері ішіне енгізгенін сол жерде шаш қапшықшалары ішке қарай батыңқыраған томпақша пайда болғанына қарай байқауға болады, томпақшаның беті лимон қабыршағының сыртына ұқсайды. Егер дпрепаратты енгізген жерде томпақша-көпіршік пайда болмаса, онда дәрмектің тері ішіне емес, тері астына түскені. Ол дұрыс енгізілмеген болып саналады.

Тері үстілік әдіс кейбір тірі вакциналарды (туляремияға, Ку-қызбасына, түйнемеге, обаға қарсы) еккенде және диагностикалық аллергиялық сынамалар жасағанда қолданылады. Тері сыртына егу иықтың, сирек жағдайда санның терісінің бетіне жағу әдісімен атқарылады. Терінің өңделген жеріне шыны таяқшамен немесе арнайы түтікшемен вакцинаны тамызады. Сонан соң медициналық қызметкер сол қолымен иықтың іш жағынан қысып ұстап, егілетін жердің терісін кереді. Оң қолымен дәрмек тамызылған жерді сызаттап тіледі де, скарификатордың тегіс жалпақ жағымен вакцинаны тілінген жерге ысқылап жағады. Онша терең кеспейді, қанның ұсақ тамшысы ғана көрінуі керек. Вакцина сіңіп кетуі үшін скарификацияланған жерді 10-15 минут ашық қалдырады.

Бұлшық ет ішіне АКДС вакцинасын, АДС, АДС-М, АД-М анатоксиндерін, иммунноглобулиндерді, құтыруға қарсы дәрмектерді енгізеді.

Медициналық әдебиеттердегі мәліметтерге қарағанда вакцинаны негізінде екі жерге енгізу дұрыс деп саналады: емшектегі балаларға санының жоғары бөлігінің алдыңғы-сыртқы жағына, бір жастан асқан балаларға иықтың жоғары бөлігінің дельта-пішінде бұлшық етіне енгізу керек.

Бұлшық ет ішіне инъекциялаудан кейін жиі кездесетін ауыр асқынуларға бұлшық ет тырысуы мен жүйкенің зақымдануы жатады. Осындай асқынулар кез-келген жерге енгізгенде болуы мүмкін, бірақ ондай жағдайлар нәрестелердің жамбас етіне енгізгенде жиі болады. Майда ерімейтін антигендер жақсы сіңбейді.

Жамбас бұлшық етіне инъекция жасағанда жиі кездесетін асқынуларға –сегізкөз нервісінің зақымдалуы жатады. Жамбасты инервациялайтын немесе сол арқылы өтетін басқа да бірнеше нервтер (жоғары жамбас нервісі, орта жамбас нервісі және тіптен жыныс нервісі) зақымдануы мүмкін.

Санына вакцина енгізген балаларда иығына инъекция салған балаларға қарағанда жергілікті жағымсыз реакция әлдеқайда аз кездеседі. Керісінше, реакцияның ауыр дәрежесі, аяқ қимылының шектелуі және жалпы дискомфорттық жағдайлар санға инъекция жасағанда әлде-қайда айқын байқалады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, вакцинаны санға салғанда ұзын ине қолданса, инъекция орнында ісіну және қызару аз болады, қысқа ине қолданғанда жергілікті реакциялардың дамуы жиілейді.

1,5 жастан асқан балаларға вакцина егу орны ретінде санға қарағанда дельта-пішінді бұлшық етке енгізу дұрыс деп есептелінеді. Делта-пішінді бұлшық етіне егуді балалар жақсы көреді, ата-аналары да қоштайды және мұндай әдісте жанама реакциялар аз және жеңіл түрде кездеседі. Дельта-пішінді бұлшық етке егу жауырын қырының латеральді ұшы мен дельта-пішінді бұлшық ет бұдырының арасына салынады, сонда қолтық асты нерві мен садақша нервтің зақымдану мүмкіндігі азаяды.

Санның жоғарғы бөлігінің алдыңғы-сыртқы жағындағы төрт білекті бұлшық еті адам денесінің ең ірі бұлшық еттеріне жатады және сол жерлерде тіршілікке маңызды нервтер мен қан тамырлары орналаспаған.

Ауыз арқылы полиомелитке қарсы тірі вакцинаны қабылдағанда қолданылады. Ауыз арқылы қабылданатын дәрмектер сұйық немесе таблетка түрінде болуы мүмкін. Таблеткаларды сумен ішу керек. Дәрмекті қабылдау медицина қызметкерлерінің бақылауымен өткізілу керек.

Мұрынішілік әдіспен арнайы бүріккіштің көмегімен ингаляциялау немесе тамызу арқылы тұмауға қарсы құрғақ тірі вакцина енгізіледі. Мұрынішілік иммунизация пульверизатордың немесе басқа аспаптардың көмегімен атқарылады. Вакцинаны тамызу үшін түтікшені қолданбаған дұрыс. Дәрмекті енгізудің алдында мұрын қуысы шырышты-кілегейден тазартылуы керек. Егілетін адам басын шалқайтып, вакцина енгізгенде терең дем алуы тиіс. Емшарадан кейін егілген адам шалқайып 2-3 минут отыруы және 30 минут мұрын жолдарын тазаламау керек. Тозаңдатқыш аспаптың басын әр пациенттен кейін спирт сіңірілген мақтамен сүртеді немесе от жалынында қыздырып өңдейді.

Сирек жағдайда, көбіне бұлшық ет ішіне дәрмекті енгізгенде егілгендер арасында шок болуы немесе талып қалуы мүмкін. Сондықтан осындай жағдайда алғашқы көмек көрсететін дәрілер (адреналин, эфедрин, кофеин, нашатыр спирті, преднизолон, мезотон және т.б.) дайын тұруы қажет.

Егу шараларын өткізгеннен соң 24-48 сағаттан кейін дәрмектің енгізілуіне ерекше реакциялардың болуын тексереді. Егілгендерді ішінара зерттеу кезінде вакцинациялауға дейінгідей дене температурасын өлшейді.

Иммунизация емшарасы мұқият тіркелуі керек, ол үшін балаларды «баланың даму тарихы мен алдын-алу егулер картасына», ересектерді-«егуді есепке алатын журнал мен амбулаторлық картасына» тіркеп жазады. Егілгендерді журналға алфавит бойынша тіркейді (№64 нысана). Медициналық кітапшасы болса, егілгендігі туралы мәліметтер соған да жазылады. «Алдын алу егулерді есепке алу журналында» егу күнін, дәрмектің сериясы мен мөлшерін жазады.

Емдеу жұмысын есепке алу емдеу-алдын алу және балалар мекемелерінің егу бөлмелерінде, денсаулық пунктерінде, дәрігерлік учаскелерде, медициналық және фельдшерлік пунктерде, балалар емханасы мен халыққа білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Тиісті емханалар қызмет көрсететін жерлердегі тұрғындардың иммунизациялауына сол емхананың бас дәрігері жауапты. Осындай жұмыстарды дәрігерлік учаскелерде (СВА), фельдшерлік пунктерде (ФП және ФАП) жүргізудегі жауапкершілік сол медициналық мекемелердің басшыларына жүктеледі.

Алдын ала егулерін дәл есепке алу келесі жылға егу жоспарын жасау үшін керек. Алдын ала егулердің жоспары әрбір медициналық–санитарлық бөлімдерде, денсаулық сақтау пункттерінде, емханаларда, т.б. мекемелерде бұрын жүргізілген егулерді есепке ала отырып, декреттелген топтар құрамының саны негізінде жасалады.

«Алдын ала егулер мен вакцина қозғалысы туралы» №5 статистикалық есеп беру ай сайын, әр бір ай ішінде жасалған алдын-алу егулерін тіркейтін жұмыс журналының негізінде жасалады (№064/у). Егуді есепке алу вакцинация жүргізілген жердегі медициналық мекемелер (тұрғын жер, аудан) бойынша жасалады.

Уақытша келген адамдарға жасалынған егулерді де есепке алу керек. Өйткені егуді тіркеу мен сол жерде жұмсалған вакцина көлемінің (санының) тікелей байланысы бар. Осындай есепке алуда егілген адамдардың саны, вакцинациялау мен ревакцинациялау ажыратылып, анықталмағанымен, тиісті медициналық мекемелер (жергілікті, аудандық, облыстық) бойынша бір ай ішінде жасалған егулердің саны ескеріледі және нысана бойынша вакцина қозғалысы туралы ай сайынғы есеп беру жүргізіліп отырады.

    Нысаның БҚСЖ бойынша коды__________ Код формы по ОКУД ҚҰЖЖ бойынша ұйым коды______________ Код организации по ОКПО
Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрлігі Министерство здравоохранения Республики Казахстан   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы “23” қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген №063/е нысанды медиицналық құжаттама
Айналайын Наименование организации   ТОО “Городской центр ПМСП” Медицинская документация Форма №063/у Утверждена приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан “23” ноября 2010 года №907

Алдын алу екпелерінің

КАРТАСЫ

КАРТА

Профилактических прививок

 

Есепке алынды (Взят на учет) Ұйымдасқан балалар үшін балалар мекемесінің атауы (для

«____» ________________ _______ж.(г. организационных детей наименование детской организации)_____________________________________________

___________________________________________

1. Тегі,аты,әкесініңаты(Фамилия,имя,отество) ___________________________________

2. Туған күні (Дата рождения) _______________ 3. Мекен-жайы: елді мекен (Домашний адрес: населенный пункт

________________ көшесі (улица) _________________________ үй (дом) _________ корпус ______ пәт.(кв.

Мекен-жайы ауысқаны туралы белгілері (Отметки о перемене адреса) ________________________________________

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1925 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.