Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауру және диагноз туралы түсінік.




Ауру (morbus) бұл организмде патогендік факторлардың ағзалар мен ұлпаларды зақымдауына байланысты дамитын процесс. Ауру екі түрге бөлінеді;

1. жедел (өткір).

2. созылмалы ауру. Өткір ауру белгілі бір уақыт көлемінде дамиды.

Созылмалы ауру адам өмірінің соңына дейін дамуы мүмкін, бірақ кейбір аурулар толық сауығумен аяқталады. Әр бір аурудың дамуы мына кезеңдерге бөлінеді:

 

1.Жасырын (инкубациялық, латентті) немесе симптомсыз клиникаға дейінгі кезең: бұл кезеңде науқас ауруын анықтау қиын, себебі науқас организмдегі патологиялық процесстің дамуын сезбейді.

2.Продромальді кезең- аурудың бірінші белгілерінің көрінуі.

3. Аурудың толық дамып айқындалган кезеңі, Аурудың осы кезеңі өліммен, асқынумен, сауығумен немссе оозылмалы түріне өтуімен аяқталуы мүмкін.

4. Сауығу - реконвалесценция кезеңі.

Өткір ауру сауығумен, сирек жағдайда өліммен аяқталады.

Созылмалы аурудың дамуы жоғарыда аталған кезеңдер түрінде өтеді,бірақ толық сауығу болмайды, себебі аурудың белгілері толық жойылмайды. Созылмалы аурудың дамуы фазада өтеді.

1. рецидив - аурудың өршуі немесе қайталауы

2. ремиссия - науқастың жағдайының біршама жақсарып, жұмысқа жарамдылықтың өз қалпына келуі.

Созылмалы ауру нәтижесі өлім, бірақ өлім аурудан емес басқа себептен де болуы мүмкін.

Этиология - бұл аурудың себебі туралы ғылым.

Ауру себептері.

1.Физикалық факторлар: қоршаған орта температурасының өзгеруі (жоғары және төмен температура, атмосфералық қысым).

2.Химиялық факторлар: химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер синтетикалық заттар).

З.Механикалық факторлар: жарақаттар, мидың шайқалуы, сүйектің сынуы мен шығуы.

4. Биологиялық факторлар: қоздырғыштар (вирустар, микробтар) қан
сорғыштар, гельминттер, қарапайым микроорганизмдер.

5. Тамақтанудың бұзылуы: мөлшерден артық немесе жеткіліксіз
тамақтану семіздікке, гиповитаминозға, авитаминозға әкеледі.

6. Психогендік факторлар: Өткір немесе созылмалы түрде
психикалық жарақаттардың орталық жүйке жүйесіне әсер етуінен
ішкі ағзаларда әр түрлі аурулар дамиды.

7. Әлеуметтік факторлар: тұрмыс және жұмыстағы жағдайдың
нашарлығы организм реактивтілігінің төмендеуіне әкеледі.

8. Тұқымқуалаушы факторлар: Бір отбасындағы отбасы мүшелері
және олардың туыстары белгілі бір аурумен ауыруы мүмкін м;
гипертония, буын аурулары, бронх демікпесі т.б. Кейбір отбасындағы
осындай аурулар тұқым арқылы берілмейді, тұқым арқылы ауруға
деген бейімділік беріледі. Әрбір ауру өзіне тән белгілермен
айқындалады.

Симптом - бұл аурудың белгісі. Симптомдар екіге бөлінеді.

1. Субьективті симптом - ауру белгілерін науқастың өзінің сезінуі.

2.Обьективті симптом- ауру белгілері тексеру кезінде анықталады. Аурудың даму барысында пайда болу мерзіміне қарай симптомдар ерте, кеш байқалатын симптомдар және спецификалық, спецификалық емес болып екіге бөлінеді.

Синдром - бұл патогенезі бір симптомдар жинағы.

Клиника - бұл ауру белгілерінің көрінуі.

Патогенез - аурудың және патологиялық процесстердің даму механизімі туралы ғылым.

Анамнез (anamnesis - воспоминание - еске түсіру) бұл науқас және оның ауруы туралы мәліметтер жинағы. Анамнездің екі түрі болады.

1. Ауру анамнезі.

2. Өмір анамнезі.

Анамнезді жинау науқаспен, науқас туыстарымен, таныстарымен сұқбаттасу арқылы жүргізіледі.

Диагноз (diaqnosis - распознавание-анықтау) медициналық
термиимен айтқанда ауру туралы қысқаша корытындылау.
Медициналық қорытынды «диагноз» ауру, өлімнің себебі немесе
физиологиялық жағдай, жүктілік туралы берілетін мәлімет.
Диагноз құрамына:

- аурудың түрі;

- негізгі аурудың аты;

- этиологиясы;

- патологиялық процесстің жайылуы;

- егер созылмалы ауру болса ремиссия, рецидив кезеңдері;

- асқынудың бар жоқтығы;

- қосымша аурудың аты;

- функциональдық жетіспеушілік дәрежесі;

- ағым ерекшелігі туралы мәлімет кіреді;
Диагноз түрлері:

1. Болжам диагноз - емханаларда, аурухананың қабылдау бөлімінде науқас шағымына, анамнез мәліметтеріне және обьективті тексеру мәліметтеріне қарай қойылады.

2. Клиникалық диагноз- науқасқа тексерулер жүргізіліп, мәліметтер
жинақталып, емді бастағанда қойылатын диагноз.

3. Қорытынды диагноз - науқастың ауруы жан жақты толық
тексеріліп, мәлімет толық жинақталғаннан кейін қойылатын диагноз.
Бұл диагноз өзгертілмейді.

4.Дифференциальдық диагноз кейбір симптомдары бойынша негізгі аурумен ұқсастығы бар болжам диагноздарды тізімнеи шығару әдісі болып табылады.

5.Патологоанатомиялық диагноз - мәйітті жару барысында анықталатын науқастың ауруы туралы қорытындылау.

Емдеу терапия (грек тілінде therapia) -бұл адам организіміндегі патологияны жоюға және адамның денсаулығын өз қалпына келтіруге бағытталған іс шаралар комплексі. Науқасты емдеу диагноз қойылған соң жүргізіледі және ем кешенді болуы тиіс яғни ем құрамына дәрі дәрмекпен емдеуден басқа;

- еңбек және тұрмыс режиміи дұрыс қалыпгтастыру,

- тамақтану тәртібіп дұрыс ұйымдастыру, физиотерапевтік және басқа дәрісіз емдеу әдістерімен емдеу,

- диетотерапия - ем дәммеп емдеу кіреді.

Түрлі ауруларда қолданатыи 15 ем дәм бар. Емдеу әдістерінің негізгі түрлері; - консервативтік емдеу,

- хирургиялық емдеу

- екі әдіспен қатар емдеу.

Дәрі дәрмектермен емдеудің бірнеше түрлері бар;

А). этиологиялық ем

Б). патогенездік терапия- патологиялық процесстің даму барысында ағзаның қызметіне әсер ететін ем.

В). симптоматикалық терапия - патологиялық процесстің әр бір симптомдарына бағытталған терапия,.

Г). физиотерапиялық ем - бұл диатермия, үгу, ультрадыбыспен емдеу, сумен емдеу, ультракүлгін сәулемен,емдеу, гелиотерапия.

Д). психологиялық ем - науқасқа емделудің маңызды екендігін түсіндіру керек. Науқастарды емдеу - емдеу профилактикалық мекемелерде (ЛПУ) жүргізіледі. Амбулаторияларда жүргізілегіи ем амбулаториялық, стационарларда жүрізілетін ем стационарлық ем, саноторияларда жүргізілетін ем саноториялық курорттық ем деп аталады.

Профилактика - аурудың ошағын, себептерін жою арқылы адам денсаулығын сақтап қалуға, ішкі ағзаларда патологиялық процесстердің дамуының бастапқы сатысында арнайы тексеру «скрининг» көмегімен анықтауға және аурудың өршуінің алдын алуға бағытталған іс шаралар комплексі.

Профилактика түрлеріне; жеке бас профилактикасы, арнайы
профилактика, санитарлық профилактика, қоғамдық профилактика,
біріншілік және екіншілік профилактика, диспансерлеу

(диспансеризация), скрининг жатады.

Арнайы профилактика - белгілі бір ауруға қарсы, оның алдың
алу үшін жүргізілетін іс шара. Іс шаралар: вакцинация, ревакцинация жасау, химиопрофилактика.

Санитарлық профилактика - ауру ошағында жүргізілетін іс шаралар: Іс шараларға ауру ошақтарын сауықтыру, санитарлық және ветеринарлық бақылау, санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу, ауруды ерте анықтау жатады.

Қоғамдық алдын алу іс шараларына мемлекет деңгейінде өткізілетін іс шаралар жатады.

Біріншілік профилактика - дені сау адам организімінде аурудың пайда болуына қарсы жүргізілетін іс шара.

Олар тұрмыс - әлеуметтік және жүмыс жағдайын жақсарту, организмді шынықтыру, созылмалы инфекция ошақтарын санация жасау, дұрыс тамақтану жатады.

Екіншілік профилактика - бұл адамның бұрын ауырған ауруының қайталауына қарсы бағытталған іс шара.

Диспансерлеу - бұл дені сау адамдар арасында әсіресе жас өспірімдер мен балалар, әйелдер арасында адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға, адам өмірін ұзартуға, ауруды алғашқы сатысында ерте анықтауга және белгілі бір аурумен ауыратын науқастың денсаулығын қадағалауға, бақылауға бағытталған іс шара.

СКРИНИНГ - SCREENING (просеевание) ағылшын сөзінен аударғанда електен өткізу деген мағынаны білдіретін арнайы тексеру әдістерінің жалпы атауы. Скрининг медицина, биохимия саласында, өмірде т.б. әр түрлі салаларда қолданылады. Денсаулығы дұрыс деп санайтын адамдарды скрининг тексеруден өткізудің мақсаты аурудың симптомдары білінбеген жағдайда, әр бір адам денінің сау екендігіне көз жеткізу үшін, организмде патологиялық процесс дамуының ең бастапқы сатысын анықтау мақсатында жүргізілетін арнайы тексеру.

Скрининг тексеру қазіргі заманға сай жаңа медицина аппараттарымен жабдықталған емдеу профилактикалық мекемесінде (ЛПУ), жоғары санаттағы дәрігерлердің қатысуымен жүргізіледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3879 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2212 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.