Қорадан қи шығару мал шаруашылығында өте күрделі жұмыс. Оларды үнемі шығарып тұру қажет. Мал қораларынан қиды механикалық, гидравликалық немесе пневматикалық әдістермен және қолмен шығарады.
Механикалық әдіс сиыр және шошқа қораларында тиімді. Стационарлы құралдарға қырғыш транспортерлер (ТСН-2, ТСН-3) және шынжырлы-қырғыш қондырғылар (УС-10, УС-15)жатады.
Сиырларды байлап ұстайтын қораларда қиды қырғыш транспортерлер арқылы шығарады. Ал сиырларды тегіс бетонды және торлы еденде байлаусыз бокстарда ұстағанда скеперлі қырғыш қондырғылар қолданылады.
6 5
Сурет 1. ТСН-3 қырғыш транспортерінің сызбасы
1 – қырғыш; 2 – қырғышты қозғалтқыш құрылғы; 3 – тартқыш шыншыр; 4 – қиғаш транспортер; 5 – горизонтальді транспортер; 6 – айналдырғыш құрылғы.
ТСН-3 қырғыш транспортері бір-біріне тәуелсіз жұмыс істейтін екі транспортерден тұрады: көлденең және қиғаш. Көлденең транспортерді қи каналына орналастырады және ол төртбұрышты жабық жүйені құрайды. Бұл транспортер қиды жылжытып, қи жинағышқа алып келеді, ол жерден қиғаш транспортер қиды сыртқа шығарады.
Сурет 2. УС-15 шыншырлы-қырғыш қондырғы
1 – іске қосқыш жетек; 2 – айналдырғыш құрылғы; 3 – жылжытқыш; 4 – шынжыр; 5 – қырғыштар.
УС-15 қондырғысы қиды 3 тәсілмен тасымалдай алады: қораның бір шетіне, екі шетіне және ортасына. Шынжырға жалғанған жылжытқыш қырғыштырды қозғалта отыра қиды жинауға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында қырғыштар жазылып, қи каналып енін толық қамтиды және қи каналының табанына дейін жетіп қиды ығыстырады.
Сиыр және шошқа шаруашылықтарында мал серуендеу алаңдарын және сиырды қорада, қалың төсеніште ұстағанда қиды бульдозерлер арқылы шығарады.
Гидравликалық әдіс. Үзбей және ауық-ауық жұмыс жасайтын әрі қи өздігінен ағатын жүйе. Қиды бұл әдіспен үзбей шығарғанда қи каналдағы су бетінде қалқып жылжуы арқылы оның біткен жерінде орналасқан алмалы- салмалы табалдырықтан асып үнемі шығып отырады, ал ауық-ауық шығарғанда – қи арнайы жапқышы бар қораны бойлай орналасқан каналдарда жиналады да 7-14 күнде шығарылып отырады.
Гидравликалық әдіс ірі шошқа кешендерінде, едендерінің торлы тесіктері бар сиыр қораларында қолданылады.
Ірі шаруашылықтарда сиырды байлап және байлаусыз торлы еденде ұстағанда еденнің астында қи жиналатын траншея жабдықтайды. Ондағы қиды жылына бір рет жаз кезінде тазалайды.
Құс қораларында құсты торлы батареяларда ұстағанда саңғырық барлық ярустардан бір мезгілде қырғышпен шахтаға жиналады. Одан әрі саңғырық қырғыш конвейер арқылы арнайы контейнерлерге салынып, сақтайтын орынға апарылады.
Мал шаруашылықтарындағы канализация жүйелері
5 6
Сурет 3. Канализация жүйесінің сызбасы
1 - қи каналы; 2 – коллектор (көлденең қи каналы); 3 – қи жинағыш; 4 – сорапты станция; 5 - сыртқы канализациялық құбыр; 6 – қи сақтау қоймасы.
Иды сақтау
Қою және сұйық қиды арнайы қи сақтағышта сақтайды. Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыш жасау үшін сақталады.
Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдетілу жүйесімен қамтамасыз етілуі керек, себебі көп сақтаған уақытта көмірқышқыл газының, сонымен қатар жарылу қаупі бар және улы (метан, күкіртті сутегі және т.б.) газдардың жиналуы мүмкін.
Сұйық көңге арналған көңсақтағыш 2-5 м тереңдікте темір-бетоннан жасалған, ал қою қи үшін (төсеніштік) ашық аса терең емес (сәл терендетілген) су өтпейтін алаң немесе 1,5-2 м тереңдіктегі көңсақтағыш қолданылады.
Жер бетіндегі көңсақтагыш жан-жағы 1,6 м биіктікте бетондалып қоршалған алаңкай. Көңсақтағыштың түбі мен қабырғасы су өтпейтін агрессивті ортаға төзімді болу керек. Мұндай көңсактағыштар қою қиды сақтауға арналған (ылғалдылығы 70 пайызға дейін).
Қою көңді сақтаудың екі әдісі бар: анаэробтық және аэробты-анаэробтық. Анаэробтык, әдісте (суық) қиды тығыздап жинап ылғалдап отырады. Мұндай жағдайда анаэробты микроорганизмдердің қатысуымен ашу процесі жүріп оның температурасы 25-300 С дейін көтеріледі. Аэробты-анаэробтық әдісте (ыстық) қалыңдығы 2,0-2,5 м бос үйілген қида аэробты микроорганимздердің қатысуымен болатын ашу процесінің нәтижесінде ондағы температура 60-70оС дейін көтеріледі. Мұндай тсмпературада бактериялардың көбі (оның ішінде қауіптілері де) және гельминттердің жүмыртқалары жойылады. Ойпаң жерлер көңсақтағыш орналастыруға жарамсыз келеді, әсіресе жауын суы, ағын су жиналатын жерлер.
Көңсақтағыштың сыйымдылығын жобалау кезінде онда түсетін қи массасы және оның сақталу ұзақтығы ескеріледі.
Мал экскременттерінің көлемі олардын түрі, жасы, азықтандырылу жағдайына байланысты. Экскремент көлемі (зәр және нәжіс) 1 тәулігіне әр бас ірі қара малға шамамен — 7,0-55 кг, шошқаға — 3,3-22 кг, жылкыға — 12-42 кг, қойға — 1,3-3,5 кг құрайды.
Көң құрамына экскременттермен бірге төсеніште кіреді. ал қиды гидравликалық жүйемен тазалағанда — су оның негізгі бөлігі (сүйық нәжіс) болып табылады. Төсенішсіз көңнің көлемі оған косылатын су мөлшеріне көп байланысты. Әр бастан шығатын сұйық көңнің мөлшері шошқа кешендерінде шамамен 18-40 л (тәулігіне), ірі қара шаруашылықтарында 55-65 л (бордақы малы) және 170-190 л (сауын сиырлары).
Көңді сақтау ұзақтығы климаттық және шаруашылық жағдайына карай оңтүстік-шығыс аймақтарда 2-3 айды, ал солтүстікте — 5-7 айды құрайды.