Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мал шаруашылығы қалдықтарының су көздеріне тигізетін әсері




Табиғи су көздерінің ластануы. Табиғи су көздерінің басты ластауыштарына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен қатар мал шаруашылық орындары да жатады.

Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер жән т.б. өндіріс қалдықтары кіреді. Аталған ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Бұл өзгерістер әртүрлі болып келеді: судың физикалық қаситтерінің өзгеруі (алғашқы мөлдірлігі мен түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс пен татымның пайда болуы т.б.); судың химиялық құрамының өзгеруі (әсіресе, оған зиянды заттар судың бетіне жүзіп жүретін заттар түсуі, түбіне шөгінді шөгу, су қоймасынан түскен органикалық ластаушы заттарды тотықтыруға жұмсалуы салдарынан еріген оттегі мөлшерінің азаюы); бактериялар мен басқа да микроорганизмдердің, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдердің де пайда болуы салдарынан судың сапасының өзгеруі.

Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау.

Жер беті суларын ластанудан қорғауда гидротехникалық және агроорман-мелиоративтік шаралардың маңызы зор.

Пестицидтер мен тыңайтқыштардың зияндығын азайту мақсатында олардың мөлшері мен қолдану уақытын қадағалау және суаратын сумен бірге пайдалану, өсімдіктерді қорғауда улы химикаттарды биологиялық әдістермен ауыстыру тиімді.

Басқа лас су көздеріне қарағанда мал шаруашылығының ағынды лас суларының ерекшелігі оларды утильдеудің өте күрделілігі, әрі су көздеріне жойқын әсер етуінде. Малдан шығатын зиянды ағынды суларды өңдеудің қазіргі ең танылған технологиясы – оларды фракцияларға бөлу: қатты және сұйық бөліктерге. Қатты бөлігін компост ретінде пайдалануға болады, ал сұйық бөлігін (қоюлығы 18 пайызға дейін) реактордан өткізіп гумусқа (қара шірікке) айналдырады. Органика ыдыраудың барысында метан, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі бөлініп шығады. Аталған газдың энергиясын жылу мен энергия өндіруге пайдалануға болады.

Санитариялық күзет аймағы. Қазіргі қағидаларға сай, суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен (СКА) қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көздері ғана пайдаланылады. СКА-дегеніміз – су көздерінің және су құбыры құрылысының айналасындағы белгіленген арнаулы тәртіп сақтауға тиіс территория

Мұны ұйымдастырудағы мақсат-су көздерін, су құбырын, құрылысын және олардың территорияларын ластандырмас үшін күзетпен қамтамасыз ету. СКА-ны, ең алдымен оңай ластанатын жер бті су көздерінің маңынан құру керек. Бұл шараның жер асты суында санитариялық қорғаудың зор маңызы бар. Өйткені, мұндай шарақолданылса олардың да ластануы әбден ықтимал.

Ішетін ауыз суды ашық су көздерінен алатын су құбырларына арналған СКА-ға белдеу енгізіледі. Олар: қатаң тәртіп белдеуі; шектеу белдеуі жән бақылау белдеуі.

СКА-ның алғашқы белдеуі (қатаң тәртіп сақтау белдеуі) су көздері бар және де су жинайтын, су құбыры құрылыстары орналасқан аумақты қамтиды. Бұл белдеуде адамдар тұруға, құрылыс салуға (су құбырының техникалық қажеттілігіне байланысты объектілерден басқа) болмайды.

Бұл белдеу өзендер мен жармалардың су жинағыштан ағыстың жоғары бойымен кемінде 200 м және ағыстың төменгі бойымен кемінде 100 м алқапты қамтиды. Қатаң тәртіп белдеуінің көлемі өзен мен арнаның еніне байланысты. Егер өзен мен арнаның ені 100 м дейін болған кезде алғашқы белдеуге бүкіл акватория мен қарсы жағалаудың бір бөлігі (ені 50м) енеді, өзеннің немесе арнаның ені бұдан үлкен болған кзде акватория ені кемінде 100м болуға тиіс.

Су қоймалары мен көл үшін бірінші белдеу бүкіл акватория бойынша су жинау құрылысынан 100м қашықтықтанөтетін шекарамен белгіленеді.

Жер асты су көздерін пайдаланған кзд қатаң тәртіп белдеуінің радиусы су жинауышты айналдыра кемінде 30-50 м келтін жалпы алаңы 1 гектар жерді алады. Жақсы қорғалатын қабатаралық суы болса, аталмыш белдеу аймағы 0,25 га дейін шектелуі мүмкін.

СКА-ның екінші белдеуі немесе шектеу белдеуіне сумен қамтамасыз ету көзін тікелей қоршап жатқан территория жатады. Ол өзеннің жағалауынан 500-1000 м қашықтықтағы аймақты алып жатыр.

Бұл аймақтың ұзындығы өзеннің қуаттылығына байланысты: үлкен өзендер үшін 20-30 км дейін, ал орташа өзендерде 30-40 км дейін барады.

Ашық су көздері үшін СКА-ның екінші белдеуінің шекарасын белгілеудің (өзен ағысының жоғары бойынан) негізгі көрсеткіші ретінде оның бктериялар мен органиклық заттардан өздігінен тазару процесінің жүру жылдамдығыблгіленген (климатқа байланысты бұл процес аяқталу үшін судың 3-5 тәулік бойы ағысы қажет).

Ақпайтын су көздерінде орналасқан су алатын орындар үшін шектеу белдеуінің шекаралары оның бүкіл акваториясының барлық жағынан 3-5 км қашықтықты қамтиды.

Жер асты су көздерінде бұл белдеудің негізгі мақсаты төменгі су орналасқан қабаттарды микробтық ластанудан қорғау болып табылады.

Жер асты суларын микробтық ластанудан тиімді түрде қорғау үшін шектеу белдеуінің шекарасынан су алатын көзге дейін ластанған ағыстың қозғалыс уақыты зардапты микробтардың өміршеңдігі мен вируленттік қаситтерін жоғалтуына жеткілікті болуы керек (100-400 тәулік арасында).

Бұл территорияны шаруашылық қажеті үшін, яғни мал бағуға және т.б. пайдалануға тыйым салынады.

СКА-ның үшінші белдеуі (бақылау белдеуі) екінші белдеудің сыртында жатқан территорияны қамтиды. Бұл аймаққа су көзінің айналасындағы су сапасының көрсеткіштеріне әсер ететін белгілі бір жер алаңы жатады.

Оның шекрасы су көзінің химиялық заттармен лстану жағдайына сай белгіленеді. Мұнда санитариялық қызмет органдары су індеті (инфекцияның) есабіне тұрақты бақылау жүргізеді. Сөйтіп, су арқылы індетті аурулар тарамас үшін алдын алу, сақтандыру шараларын ұйымдастырады

Жер бетіндегі су көздерінің және су құбырларының бас құрылысының санитариялық күзет аймағының (СКА) мөлшеері түрлі жғдайларға байланысты әрбір жекеленген жайттарда снитариялық органдарының келісімімен және құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары ескеріле отырып белгіленеді.

Су ресурстарын орынды да, тиімді түрде пайдалану, суды ластанудан, бүлінуден күзту, зиянды әсерлерді жою және алдын алу үшін су қорын мемлекеттік бақылауға алудың ерекше маңызы бар. Бұл бақылаудың міндетті барлық мемлкеттік, коопративтік, қоғамдық кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің және барлық азаматтардың супайдаланудың белгіленген тәртібін, су қорғау, олардың зиянды әсерлерінің алдын алу және жою, суды есепке алу ережелерін және басқа да ережелерді сақтауын қамтамасыз ету.

Суды ластанудан сақтау, сондай-ақ судың зиянды әсерлерінің алдын алу тұрғысында құқықты нормалар белгіленген. Суды шарушылық қажтіне пайдаланатын ұжымшарлар меен кеңшарлар, тағы басқа кәсіпорындар, ұйымдар мен азаматтар су пайдаланудың белгіленген жоспарын, ережелерін, нормалары мен тәртіптерін сақтауға міндетті.

Пайдаланылатын су көздерінің құрамы мен қасиеті, яғни суды шарушылыққа немесе ішуге және мәдени-тұрмыстық пункттерінде қолдану кезінде оның барлық санитариялық көрсеткіштері белгіленген нормадан аспауы керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Т.М.Телеуғали, А.Т.Манкибаев. Мал шаруашылығы өнімдерінің экологиясы.Оқу құралы. Алматы. 2015.

2 «Дүние», «Экология» Республикалық басылымдағы журналдар

3 Баранников В.Д., Кириллов Н.К. Экологическая безопасность с/х продукции, Москва, 2006.

4 Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена, Алматы, 2005.

5 Сайдулдин Т.С. Індеттану, Алматы, 1999.

 


Дәріс № 3,4

 

Тақырыбы Биологиялық қалдықтарды жинау және тасымалдау

 

Дәрістің сұрақтары:

1) Медициналық қалдықтарды жинау және уақытша сақтау

2) Мал шаруашылығы қалдықтарын жинау және уақытша сақтау

3) Биологиялық қалдықтарды тасымалдау барысында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралар

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1263 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2459 - | 2138 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.