Тапсырма бойынша суреттерді салып,бейнеленген киім модельдері мен сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру.
Бақылау сұрақтары.
1. Киім стилі қандай түрлерге бөлінеді?
2. Силуэт дегеніміз не?
3. Мата қандай қасиетке ие?
4. Мата бетіні ң Фактурасына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?
5. Мата суретіне байланысты қандай түрлері бар?
6. Түстердің адамға қандай әсері бар?
7. Киімдегі сәндік сызықтарға қандай сызықтар жатады?
8. Конструкторлы сызықтар дегеніміз не, ол қандай сызықтар?
9. Киім стилінің қандай түрлерін білесіз?
Практикалық жұмыс №4
Бұйымдардың пішін құру шығармашылық ізденістеріндегі көру иллюзиясының қолдануы
Мақсаты: Киімді көркемдеп жобалау барысында негізгі міндеті адам тұлғасындағы кейбір кемшіліктерді көрсетпей әдемі сұлу етіп көрсету.
Жұмысқа тапсырма.
1.1.1 Композициялық тәсілдерді пайдалана отырып,киім үлгісін жобалау
1.1.2 Толықтау келген әйелдерге көзбояушылық әсерді қолдана отырып, киім моделін жобалау
1.1.3 Костюмнің көрерменге көзбояушылық әсерлерінің пайда болуын салыстыру
Теориялық бөлім.
Киімді композициялауда киім түстерінің үйлесілімділігі үлкен роль атқарады. Әр түрлі түстер адамға түрліше эмоциялық әсер етеді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, көңіл-күйін түсіреді, ал ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйін көтереді.
Сонымен қатар түстер дененің өлшемі мен ауырлығын, көлемін өзгертіп көрсетеді. Қар түстер ауыр секілді көрінсе, ал ашық түстер жеңіл болып көрінеді. Жылы түстердің көлемі үлкен көрінсе, суық түстердің
көлемі кішірейіп көрінеді. Түстердің тағы бір қасиеті жасыл түс адамды тыныштандыруға әсер етсе, қызыл түс керісінше шаршатып, қан қысымын арттырады.
Киім түстерін таңдағанда оның қолдану мақсатына байланысты гигиеналық ерешеліктерді ескеру қажет. Жаздық киімдерді ашық түсті маталардан әрі қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті күн сәулесінің спектрлерін және инфрақызыл сәулелерді жақсы шағылыстыратын түстерді пайдалану керек.
Түстердің калориттік қасиеттері.
Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектрлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі жеті түрі бар: қызыл, қызыл-сары, сары, жасыл-сары, жасыфл, көк, көгілдір түстер Негізгі түстердің арасындағы түстер күлгін түстер (30 шақты) бар.
Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстер деп атайды.Ахроматикалық түстерге –түссіз ақ, қара, сұр жатады. Спектр түстерні мен күлгін түстері өте қанық түстер. Оларды ашық таза интенсивті түстер деп атайды. Түстердің қанықтылығын ақ немесе қара түстерді қосу арқылы өзгертуге болады. Түстерге ақ түсті қоса отырып ағартып көрсетеді, ал қара түсті қосып түстерді қарайтады. Хроматикалық түстердің ішінде жылы түстерге қызыл, қызыл-сары, сары, сарғыш реңкті түстер, суық түстерге – көкшіл реңкті түстер жатады.
Түстердің гаммасы.
Әр түрлі түстердің қанықтылығы және бірнеше түстердің жалпы сыртқы ерекшеліктерін гамма немесе тональдығы деп атайды. Егер киім бір түстен бірақ бірнеше тональдығынан тұрса, онда оны тональдылық деп атайды. Мысалы, әр түрлі тональдықтағы көк түстерді – көк түстердің тональдылығы немесе гаммасы дейміз.
Бір сатыдағы контрастылық
Көрші түстердің біріншісінен екіншісіне ауысуын бір сатыдағы контрастылық деп тайды. Барлық хроматикалық түстер қосымша және негізгі түстер болып бөлінеді. Негізгі түстерге сары, көк, қызыл, жатады. Ал, қосымша түстер осы негізгі түстердің қосылысынан алынады.
1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:
Альбом, су-бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы.