Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмысқа тапсырма.




1.1.1. Теориялық бөлімді оқып шығу.

1.1.2. Мода журналындағы киім үлгілерін таңдап алу, ондағы киім формасы мен элементтерінің өзара теңдестігі мен тұрақтылығын анықтау. Ол үшін төмендегілерге назар аударыңыз.

а) таңдап алған киім моделіндегі тепе-теңдік пен тұрақтылық қалай қамтамасыз етіледі.

б) қолдану мақсатына сай, киім формасындағы тұрақтылықы пен қозғалыс қалай байланысқан?

в) таңдап алған киім моделін мәерлеуде, киім формасы элементтерінің симметриялы және ассиметриялығы қандай роль атқарады?

1.1.3. Таңдап алған 3 киім модельдерінің эскизін салу жаттығуы.

 

Теориялық бөлім.

Костюм құрылысы адам омыртқасына сай өзіндік ось бойында орналасады. Костюм құрылысы тұрақты әрі тұрақсыз элементтерден құралады. Тұрақты элементтерге киімнің негізгі бөліктері – кеуде, белшалғы, жең, ал тұрақсыз бөліктеріне – жаға, қалта т.б. жатады. Киімге қосымша сән беру үшін дорба, қолшатыр, бас киім, аяқ киімдер енеді.

Киімді композициялау қасиеттерінің бірі симметрия мен ассиметрия болып табылады.

Симметрия – бұл бүтін затты симметриялық ось бойымен теңдей екі бөлікке бөлу болып табылады. Киімді композициялауда симметрия – киім формасын анықтайтын композиция заңдылықтары болып саналады. Дененің симметриясы – деп ось немесе жазық бетінде, центрден біршама қашықтықта орналасқан элементтер жиынтығы саналады. Адам денесіне симметриялы формада киімді композициялауда маңызды орынға ие болып қалыптылықты байқатады.

Симметрияның бірнеше түрлері бар: шағылысқан (зеркальная), центрлік, жазықтық, осьтік және т.б. Киімнің бөліктерінің симметриялық орналасуы тепе-теңдікті, статиканы (бірқалыпты, тыныштықты) білдіреді.

Ал ассимметриялық түрде киім бөліктерінің орналасуы динамикалық қозғалысты білдіреді, бірақ жеке бөліктердің тұрақты салмақты теңестігін байқатады, әрі композициялық теңдестікті шешім табады.

А.В. Шубниковтың зерттеуі бойынша симметриялы киім үлгілері төмендегіше топтарға жіктеледі:

- классикалық;

- ұқсас;

- афиндік;

- қисық сызықтығы.

1. Оның ішінде классикалық симметрия үш түрде байқалады: айнала шағылысқан, осьті, бұрылысты және орнықтырылған тепе-теңдік түрлері (12 а, б, в-суреттерде) көрсетілген.

2. Ұқсастық симметрияда – жеке формалары бір-біріне тең ғана емес, сондай-ақ үлкенді-кішілі масштабтағы конфигурациядағы барлық ұқсас формалар қарастырылады.

Ұқсастық симметрия екі түрде байқалады: параллельді және спиральды қозғалыста.

Параллельді қозғалыстағы ұқсастық симметрияда, дененің барлық ұқсас бөліктерінің масштабы – біртекті үлкеюі немесе кішіреюі барысында паралелльді орналасады. Мысалыға, орыс халқының ұлттық қуыршағы матрешка, бірдей ұқсас формалардың, бір форма ішінде жиналуы (13, а-сурет).

Спиральді қозғалыстағы ұқсастық симметрия белгілі бір аралықтағы формалардағы ось бойында айналуы. Костюмде винттік (спираль) симметрия көйлек шаруашылығында, аяқ киім бауларында, шаш түюде кездеседі (13, б-сурет).

3. Афиндік симметрия – бұл біртекті деформацияланған ұқсас формалар. Афиндік симметрия үш түрде кездеседі:

а) созылған, б) сығылған, в) қозғалған.

Белгілі бір бағытта форма ұлғайып, созылып көрінеді. Ол 14-суретте көрсетіп тұр.

Сығылуды форма белгілі бір бағытқа қарай кішірейе түседі (сығылу тәсілі – созылуға қарама-қарсы), (14, а-сурет).

Қозғалыста ауытқыған (14, б-сурет) формада жазықтықтың төменгі бөлігі сол қалында қалып, ал вертикальді ось кішкене көлбеу қалыпқа енеді, дөңгелек элипис бойында айналып иілгіштігі, мәндері өзгеріп отырады.

4. Қисық сызықты симметрияда формалар майысып, сығылып, сынып, ширатылып, алғашқы вертикальды бағытынан айнып түседі. Бұл жайында 22-суреттің а, б, в, г байқауға болады.

Сығылған форма симметрия (15, а-суретте) жеке бөліктерді деформациялау әсерінен пайда болады. Костюмде бұл бел тұсын қынау

әсерінен пайда болады. Оған мысал ХІХ ғасырдың киім стилі.

Майысқан формалар киімді бір немесе бірнеше бағытта орналасуы мүмкін. Оған готика, модерн стиліндегі киім үлгілерінің профиль тұсынан қарағандағы, слуэті мысал болады (15, б-сурет).

Майысу сатысына қарай форманың классикалық силуэті өзгере түседі.

Сынық формалы симметрияда – белгілі бағытта вертикаль осінің

сыну шарты байқалады. Костюмде бұл форманы бірнеше бөліктерге желбезектер, желсбіреуіктердің көмегімен кесу арқылы киімнің силуэтін өзгертуге болады. Мұндай киімдерге 1940-1950 жылдардағы киім үлгілері жатады (15, в-сурет).

Ширатылған формада – киім үлгілерін арнайы қозғалыс тудыру арқылы форманы деформациялауға болады.

Костюмде ол 1906-1910 жылдары киім үлгілері енді. Мұнда бел тұсы мен көкірек бөлігін белгілі бағытқа бұрау арқылы жасайды (15, г-сурет).

Жоғарыда атап өткеніміздей киім формасының статикалық күйде бейнеленуі-тұрақтылықты, тыныштықты, бірқалыпты күйді білдіретін геометриялық пішінде дайындалады. Мұнда барлық элементтер симметриялы ось бойымен орналасып, метрлік қатар мен ұқсастық элементтердің қайталануы негізінде қаланған.

Ал киімдегі динамикалық қозғалыс статикаға тіпті қарама-қарсы бейнеленетін қозғалысты білдіреді.Ассиметрия – композиция құралы, онда бір-біріне тең келмейтін бөліктердің орналасуын сырт көзбен қарағанда олартеңесіп көрінеді. Ассиметриялық композициядағы негізгі тәсіл біркелкі тұтастықты туғызу.

 

1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:

Альбом, су бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 578 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2455 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.