Декоративті қағаз қабатты пластик дегеніміз синтетикалық термореактивті байланыстырғыш шайырлары сіңдірілген арнайы қағаз түрлерін пресстеу арқылы алынатын, кең қолданысқа ие заманауи конструкциялы өңдеулік материал.
Крафт қағаз – қағаз қабатты пластик өндірісінде қолданылады арнайы қағаз түрі.
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚҚП - қағаз қабатты пластик
Мм-милиметр
М-метр
Кг-килограмм
Сек-секунд
МПа-мега паскаль
м3 – текше метр
Кіріспе
Ғимараттар мен үймереттердің сыртқы келбет кескіні оның қасбетін әрлеу сапасына, түсі мен фактурасына байланысты болады. Ғимараттарға архитектуралық әрлеуді қамтамасыз ететін материалдардың қатарына ақ және түсті портландцемент, шыны және одан жасалынатын негізгі бұйымдар, керамикалық бұйымдар, ағаш өнімдері және полимерден жасалынған бұйымдар жатады.
Қағаз қабатты пластиктің өндірісі Кеңес Үкіметі кезінде 1947 жылы басталған. Ал қағаз қабатты пластиктің тәжірибелі түрдегі өндірісі 1952 жылы іске қосылды. Қағаз қабатты пластиктің тарихи отаны Ресей болғанымен, қазіргі кезде Италияда және т.б шет елдерде өндірілетін әрлегіш қағаз қабатты пластиктер үлкен сұранысқа ие болып жүр.
Қағаз қабатты пластикті Еуропада кең түрде қолдану қабылданған. Қағаз қабатты пластикпен жуын бөлмелері мен дәліздердің қабырғаларын әрлейді. ҚҚП әсіресе ылғалдылығы жоғары жерлерді, температурасы жиі жоғары немесе төмен болып түрленіп тұратын аймақтарды өңдеу үшін қолданады. Қағаз қабатты пластикті жиһаздың барлық түрлерін өндіруде, вагондардың құрылысында, кеме құрылысында, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды өңдеуге қолданады.
Қағаз қабатты декоротивті пластиктің конструкциясы беткі декоротивті қабаттан, бірнеше ішкі қабаттардан және астыңғы қабат балансирден тұрады. Пластиктің ішкі қабаттары аминоальдегидті немесе фенолформальдегидті шайырларын сіңірген крафт-қағаздан жасалады. Декоративті қабат ретінде арнайы жоғары сапалы, түсі біркелкі немесе өрнектері бар, меламинқұрамды шайыр сіңірілген қағазды қолданады. Материалдың ұзақ тұрақтылығын меламинқұрамды шайыр сіңдірілген түссіз қағаздан тұратын қатты қорғағыш қабат қамтамасыз етеді.
Қағаз қабатты пластикке арнайы қосындылар қосу арқылы жақсы нәтижелерге қол жекізуге болады. Арнайы жолмен табиғи ағаш қабыршықтары қосылған қағаз қабатты пластик, табиғи ағаш массивіне қатты ұқсас болып келеді. Ал металл фольгасы қосылған пластик металдың орнына қолданылуы мүмкін. Табиғи ағаш қабыршағы бар қағаз қабатты пластикпен өңделген жиһаздың эксплуатациялық сипаттамалары, лакпен қапталған массивпен өңделгеннен жоғары болады.
Қазіргі кезде қағаз қабатты пластик көбінесе ас үй жиһазын жасауда және ас үйде қолданылатын жұмысшы қабаттарды өндіруде қолданылады. Әсіресе, жаңа заман дизайнында қағаз қабатты пластиктен жасалған декордың үлкен спектрі қолданылуда. Қағаз қабатты пластиктің көмегімен авангардтан классикаға дейінгі кез-келген әдемі және үйлесімді интерьер жасауға болады.
1 Өнім номенклатурасы
Декоративті қағаз қабатты пластик дегеніміз синтетикалық термореактивті байланыстырғыш шайырлары сіңдірілген арнайы қағаз түрлерін пресстеу арқылы алынатын, кең қолданысқа ие заманауи конструкциялы өңдеулік материал.
Ағаз қабатты пластиктің түрлері. Декоративті қағаз қабатты пластикті жоғары және төмен қысымды пластиктер деп екіге бөледі. Жоғары қысымды декоративті қағаз қабатты пластик жоғары шыдамдылық дәрежесімен және түрлі декоративті модельдер жасау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Жоғары және төмен қысымды пластиктер ішінен постқалыптанатын платиктерді бөліп айырған дұрыс. Постқалыптанатын пластиктерді қайта қалыптауға болады. «Постформинг» декоративті плиталары заманауи дизайнерлік талаптарға сәйкес келеді. Қағаз қабатты декоративті пластик бір немесе екі декоративті беттік қабаттармен жасалынуы мүмкін. Қағаз қабатты декоративті пластикті рулон және парақша түрінде шығарады.
Ағаз қабатты декоративті пластиктің артықшылықтары. Декоративті қағаз қабатты пластик, әрлеулік материалға қойылатын ұзақ тұрақтылығы мен сапасына байланысты талаптарға жауап береді. Қағаз қабатты пластик жоғары экологиялық қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Пластиктің үйкелуге және соққыларға қарсылығы жоғары. Қағаз қабатты декоративті пластиктің беті жылтыр немесе күліңгір етіп орындалуы мүмкін. Декоративті пластик ағаш, табиғи тас, алтын немесе күміс секілді етіліп жасалынады.
Ағаз қабатты пластик 60% крафт қағазынан және 40% термореактивті шайырдан тұрады. Қағаздар пластикке пресстеу кезінде идеалды геометрияны қамтамасыз етеді және қолдану мен тасымалдау кезінде жақсы иіледі. Ал шайырлар пластикті термошыдамды, берік және қоршаған орта әсеріне тұрақты етеді. Декоративті қағаз қабатты пластикті 120°C температурада 8-9 МПа қысымда 1,39 г/м3 тығыздыққа дейін пресстеу арқылы алады.
Ағаз қабатты пластиктің беткі қабаттары арнайы меламиноформальдегиті шайырлармен өңделу нәтижесінде пластик үйкелуге шыдамды болып келеді. Халықаралық стандарт бойынша қағаз қабатты декоративті пластиктің мүжілуге беріктігі тайбердің 350 айналымынан кем болмауы қажет.
Ағаз қабатты пластиктің отқа төзімділігін арттыру мақсатында қағаз бен шайырлар құрамына арнайы қоспалар «антипирендерді» қосады. Қоспалар пластиктің тез тұтанып жануын тоқтатады. Қоспалардың көмегімен отқа төзімді қағаз қабатты пластик алуға болады. Декоративті қағаз қабатты пластиктің тұтану температурасы 400-450°C құрайды. Бұл өз кезегінде қағаз қабатты пластикті қоғамдық ғимараттардың ішкі және сыртқы қабырғаларын, транспорттардың ішін қаптауға мүмкіндік береді.
Материал химиялық инертті. Қағаз қабатты пластик төмен су өткізгіштікке ие, тағамға жанасу кезінде қауіпсіз, тұрмыста қолданатын еріткіштерге төзімді, формальдегидті өздігінен бөлмейді.
Декоративті қағаз қабатты пластик термиялық өңдеуден өткен кезінде ешқандай зиянды бөлшектерге ыдырамайды. Декоративті қағаз қабатты пластиктің техникалық сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген.
кесте. Техникалық сипаттамалары
Физико-химиялық сипаттамалары | |
Түрі | қатты материалдан жасалған парақтар |
Тығыздығы | 1.35 г/см3 |
Ерігіштігі | суда, мұнайда, ацетонда, октанолда, метанолда ерімейді |
Қайнау нүктесі | жоқ |
Булану көрсеткіші | жоқ |
Балқу нүктесі | балқымайды |
Энергетикалық көрсеткіш | 18-20 МДж/кг |
Ауыр металлдар | сурьма, барий, кадмий, хром, қорғасын, сынап және селеннің улы қоспалары жоқ |
Химиялық тұрақтылық | толығымен қалыпты, реактивті немесе коррозиялы болып саналмайды |
Қауіпті реакциялар | жоқ |
Материалдармен үйлесімсіздігі | күшті қышқылдар беткі қабатынның құрылымын бұзады |
Отқа төзімділік қасиеті | |
Жану температурасы | 400°C |
Жарылу температурасы | жоқ |
Термалдық ауытқулар | 250°C жоғары. Қоршаған ортаға, улы газдардың мөлшеріне байланысты |
Сурет 1. Қағаз қабатты пластик
2 Шикізат материалдарының сипаттамасы
Қағаз қабатты пластикті өндіру үшін қағаз бен фенолформальдегидті және карбамидті полимерлер қолданылады. Пластиктің ішкі қабаттары үшін сульфатты целлюлозадан жасалған крафт-қаптамалы және изоляциялық-сіңіруші деп аталатын қағазды қолданады. Қағаз пластиктің негізі болып табылады. Пластикті дайындау мен тасымалдау кезінде басты салмақ крафт қағазына түседі. Бұл қағаздың нақты белгіленген салмағы, тығыздығы және біркелкі қалыңдығы болу керек. Қағаз құрамында өзге қоспалар, бүркемелер мен басқа да сыртқы дефекттер болмауы керек. Мұндай қағаз полимерлі байланыстырғышты жақсы сіңіруі қажет. Крафт қағазының құрғақ және ылғал кезінде де үзу беріктігі жоғары болу керек. Қағаздың ішкі қабатын қанықтыру үшін фенолформальдегидті полимерді қолданады.
Изоляциялық-сіңіруші және крафт қағазды қағаз қабатты пластиктің төменгі қабаттары үшін де пайдаланады. Бұл жағдайда изоляциялық-сіңіруші және крафт қағаздары түссіз карбамидті байланыстырғышпен қанықтырылып, қағаз қабатты пластиктің ішкі жағына орнатылады. Қағаз қабатты пластикті өңдеу үшін ағартылған сульфатты целлюлозадан жасалған үлгіленген қағазды қолданады. Бұйымның декоративтік қасиеттерінен бөлек суға төзімділігі жоғарылап, қажалуға төзімділігі жақсарады. Беттік қабатқа арналған қағаз мөлдір болмауы қажет. Үлгіленген қағаз қабатын ашық карбомидті тұтқырмен қанықтырады. Беттік қабат үшін біркелкі немесе түрлі түсті өрнектері бар қағазды пайдаланады.
Қағаз қабатты пластиктің 65% крафт қағазы құрайды. Крафт қағазы талшықты құрылымының арқасында ҚҚП-тің механикалық қасиеттерін жоғарылататын мықты қаңқа болып табылады. Дайын бұйымның сапасы мен өндірістік процестердің дұрыс қарқында өтуіне қолданылатын қағаздың салмағының тұрақтылығы қатты әсер етеді. Қағаздың салмақтық сипаттамаларының ауытқулары 2,5%-дан артық болмауы керек.
Крафт қағазынның салмағын 1м² көбейту дайындалған пакеттерді жинақтау жұмыс уақытын қысқартады. Мұны өз кезегінде өндіріске жақсы әсер ететін фактор ретінде қабылдауға болады. Бірақ, қағаз салмағын 200г/м² көбейту байланыстырғыштың бірқалыпты қанығуын нашарлатады және осы процестің жылдамдығы төмендетеді. Біркелкі қалыңдық қағаздың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Қағаз — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақта деген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді. Қағаз өндіру үшін әр түрлі ағаштар мен бір жылдық өсімдіктер целлюлозасы және ағаш массасы (уатылған ағашқа су араластырылған талшықты қойыртпақ) жұмсалады. Қасиетін жоғарылату үшін қағаз массасына (қағаз және картон жасау үшін пайдаланылатын ұнтақталған талшықты материалдар, су, үстемелер, бояғыш, желімдегіш заттар қоспасы) қосымша минералдық үстемелер қосады: минералдық заттар (каолин, тальк, т.б.) қағаз түсін ағартады, тығыздығы мен тегістігін арттырады және жақсы баспалық қасиеттер (мөлдір емес, бояу жұғатын, т.б.) береді; желімдік материалдар (канифоль желім, крахмал, шайыр, т.б.) қағаздың сия сормайтын қасиетін және парақтың беріктігі мен тығыздығын арттырады; кейбір қағаз түрлерін жасауда бояғыштар, химиялық талшықтар, т.б. қолданылады. Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.
Қағаздың құрғақ күйінде қажетті беріктікке ие болуы маңызды. Крафт қағазының беріктігі горизонтальді қанықтырушы машина арқылы сығылу әсеріне және қағаз кенептің қозғалу жылдамдығына тәуелді болады. Тік орналасқан қанықтырушы машиналарда керу күші артады. Себебі, оған бағытталған барабанда ілініп тұрған қағаз кенептің салмағы әсер етеді. Полимермен қанықтырып кептірген соң қағаздың беріктігі құрғақ күйіндегі беріктігіне қарағанда 5 есе арта түседі. Қағаздың беріктігі дайын қағаз қабатты пластиктің беріктігіне тікелей әсер етеді. Қағаз өндірісі қағаз қабатты пластиктер үшін қағаздың арнайы сорттарын өндіріп шығарады.
Байланыстырғыш зат ретінде таза меламинформальдегидті және мочевинмеламинформальдегидті полимерлер мен олардың түрлі модификациялары қолданылады. Фенолформальдегидті резоль да байланыстырғыш ретінде алынады. Осы полимерлі байланыстырғыштардың ұқсас қасиеттері болғанымен, қағаз қабатты пластикті өндіруде ескеретін арқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Полимерлі байланыстырғыштың тұтқырлығы ісіңу және пресстеу процестерінде қағаз талшықтарының арасына біркелкі жайылуына әсер ететін маңызды көрсеткіш болып табылады. Дайын қағаз қабатты пластиктің беріктігі, суға төзімділігі және сырт көрінісі белгілі дәрежеде осы қасиетке байланысты.
3 Өндіріс тәсілін таңдау
Қағаз қабатты пластикті өндіру. Қағаз қабатты пластикті өндірудің технологиялық процесі негізгі бөлімдерге бөлуге болады:
1. қағазды полимерлі байланыстырғышпен қанықтырып кептіру;
2. қағазды парақшаларға кесіп, пакеттерге орау;
3. қағаз пакетті ыстық пресстеу;
4. кесу, өңдеу және орау.
Қағазды байланыстырғыш полимерлер ерітіндісімен арнайы қондырғыларда қанықтырады, содан соң оны міндетті түрде кептіргіш агрегатта кептіреді. Нәтижесінде кесуге және пакеттерге қаптауға қажетті беріктікке ие қағаз аламыз. Қағаздың түріне, байланыстырғыштың қасиеттеріне байланысты қанықтырғыш қондырғылар әртүрлі типтерге бөлінеді. Осы көрсеткіштер кептіру мен қанықтыру процестерінің технологиялық параметрлеріне әсер етеді.
Қағаз қабатты пластиктерді өндірудегі бірінші процес – қанықтыру және кептіру. Бұл процес өндірістің өнімділігіне, алынатын бұйым сапасына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Қанықтыру процесінің технологиясы күрделі болып келеді. Байланыстырғыш ерітінді целлюлоза талшықтарының арасындағы қуыстарды ғана еніп қоймай, талшықтардың өзін де қанықтыруы керек. Қанықтырылу дәрежесінің төмендеуі бұйымның сапасын нашарлатады. Қағазды қанықтыру кезінде ауаны толығымен сығып шығару қажет. Себебі, ауаның болуы пластиктің біртектілігін нашарлатып, беріктігін азайтады.
Кептіру кезінде екі процес жүреді: физикалық – еріткіштің булануы, химиялық – полимер конденсациясының тереңдеуі. Физикалық процес кептіргіш камера арқылы өтетін ауа көлемі мен температурасына байланысты. Химиялық процес дайын пластиктің сапасына қатты әсер етеді. Оған полимердің пресстеуге дейінгі қатуы мен тұтқырллығының төмендеуі тәуелді. Кептіру процесін тездету үшін минималды қатқан полимер қолданған жөн. Бірақ, ыстық пресстеу кезінде су мен формальдегид ұшып шығады. Осының салдарынан пластик пленкаға оралғанда шөгіп, жарықшақтар пайда болады. Сол себепті тұтқырлығын баяу жоғалтатын полимер қолданған дұрыс.
Тұтқырлығы мен ондағы ұшып кететін бөлшектер мөлшері үйлесетін байланыстырғыштың технологиясы оңтайлы болып табылады. Бұл, әсіресе, фенолды полимерлерге қарағанда тұтқырлығы аз болып келетін меламинді полимерді қолданғанда маңызды болады. Байланыстырғыштың тұтқырлығы мен құрамындағы ұшып кететін бөлшектер мөлшері ыстық пресстеу процесі кезіндегі қысымның мөлшеріне байланысты. Пресстің қысымы 70-120кг/см2 болғанда, 4% ұшып кететін қоспалары бар полимерді қолдану тиімді. Дайын қағаз қабатты пластиктің сырт түрі мен сапасын анықтайтын көрсеткіш пресстеуге дейінгі байланыстырғыш полимердің конденсациясы. Қағазды өнімділігі мен конструкциясы әртүрлі қанықтырғыш машиналарда қанықтырып кептіреді.
Бұл машиналарды үш топқа жіктеуге болады:
- кептіргіш камераның вертикальді орналасуы – қағазға ауа үстінен төменге беріледі;
- кептіргіш камераның горизонтальді орналасуы - қағазды механикалық тасымалдау және ауаның берілуі қағаз кенепіне қарама-қарсы қозғалады;
- кептіргіш камерасының горизонтальді орналасуы – пневматикалық қағаз тасымалдау, ауа кенепке перпендикулярлы түрде беріледі.
4 Өндірістің технологиялық схемасы
Қағаз қабатты пластиктерді өндірудің технологиялық сызбасы
Крафт қағазы Фенолформальдегидті шайыр
Қағазды байланыстырғышпен
қанықтыру
(Қанықтырғыш машина)
Қаныққан қағазды кептіру
(Кептіргіш пеш)
Қағазды парақшаларға кесу
(Кескіш станок)
Пакеттермен қаптау
(Қаптағыш машина)
Пакеттерді ыстық пресстеу
Пакеттерді кесу
(Кескіш станок)
Өңдеу, тегістеу жұмыстары
Қоймаға жіберу
Қағаз қабатты пластиктерді өндірудегі бірінші процес – қанықтыру және кептіру. Бұл процес өндірістің өнімділігіне, алынатын бұйым сапасына белгілі бір дәрежеде әсер етеді. Қанықтыру процесінің технологиясы күрделі болып келеді. Байланыстырғыш ерітінді целлюлоза талшықтарының арасындағы қуыстарды ғана еніп қоймай, талшықтардың өзін де қанықтыруы керек. Қанықтырылу дәрежесінің төмендеуі бұйымның сапасын нашарлатады. Қағазды қанықтыру кезінде ауаны толығымен сығып шығару қажет. Себебі, ауаның болуы пластиктің біртектілігін нашарлатып, беріктігін азайтады.
Кептіру кезінде екі процес жүреді: физикалық – еріткіштің булануы, химиялық – полимер конденсациясының тереңдеуі. Физикалық процес кептіргіш камера арқылы өтетін ауа көлемі мен температурасына байланысты. Химиялық процес дайын пластиктің сапасына қатты әсер етеді. Оған полимердің пресстеуге дейінгі қатуы мен тұтқырллығының төмендеуі тәуелді. Кептіру процесін тездету үшін минималды қатқан полимер қолданған жөн. Бірақ, ыстық пресстеу кезінде су мен формальдегид ұшып шығады. Осының салдарынан пластик пленкаға оралғанда шөгіп, жарықшақтар пайда болады. Сол себепті тұтқырлығын баяу жоғалтатын полимер қолданған дұрыс.
Тұтқырлығы мен ондағы ұшып кететін бөлшектер мөлшері үйлесетін байланыстырғыштың технологиясы оңтайлы болып табылады. Бұл, әсіресе, фенолды полимерлерге қарағанда тұтқырлығы аз болып келетін меламинді полимерді қолданғанда маңызды болады. Байланыстырғыштың тұтқырлығы мен құрамындағы ұшып кететін бөлшектер мөлшері ыстық пресстеу процесі кезіндегі қысымның мөлшеріне байланысты. Пресстің қысымы 70-120кг/см2 болғанда, 4% ұшып кететін қоспалары бар полимерді қолдану тиімді. Дайын қағаз қабатты пластиктің сырт түрі мен сапасын анықтайтын көрсеткіш пресстеуге дейінгі байланыстырғыш полимердің конденсациясы. Қағазды өнімділігі мен конструкциясы әртүрлі қанықтырғыш машиналарда қанықтырып кептіреді.
Бұл машиналарды үш топқа жіктеуге болады:
- кептіргіш камераның вертикальді орналасуы – қағазға ауа үстінен төменге беріледі;
- кептіргіш камераның горизонтальді орналасуы - қағазды механикалық тасымалдау және ауаның берілуі қағаз кенепіне қарама-қарсы қозғалады;
- кептіргіш камерасының горизонтальді орналасуы – пневматикалық қағаз тасымалдау, ауа кенепке перпендикулярлы түрде беріледі.
Жоғары қысымды декоративті қағаз қабатты пластик жоғары шыдамдылық дәрежесімен және түрлі декоративті модельдер жасау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Жоғары және төмен қысымды пластиктер ішінен постқалыптанатын платиктерді бөліп айырған дұрыс. Постқалыптанатын пластиктерді қайта қалыптауға болады. «Постформинг» декоративті плиталары заманауи дизайнерлік талаптарға сәйкес келеді. Қағаз қабатты декоративті пластик бір немесе екі декоративті беттік қабаттармен жасалынуы мүмкін. Қағаз қабатты декоративті пластикті рулон және парақша түрінде шығарады.
5 Құрал жабдықтың техникалық сипаттамасы
Қағазды қанықтырғыш станок
Сурет 2. Қағазды қанықтырғыш станок
Қағаз қабатты плаастикті пакеттерге орау машинасының техникалық сипаттамасы 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Орау машинасының техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштердің атауы | |
Тегістегіштің өлшемдері, м Диаметрі Ені | 1,2 0,35 |
Тегістегіштің салмағы, т | |
Жүгіртпенің тік тұрған бөлігінің немесе чашаның 1сек. айналым саны | 0,45 |
Орталық осьтен тегістегіштің ортасына дейінгі ара қашықтығы Сыртқы Ішкі | 0,9 0,51 |
Пайдаланатын қуаты, квт | |
Өлшемдері, м Ұзындығы Ені Биіктігі | 4,35 2,918 2,87 |
Салмағы, т | 12,255 |
Өнімділігі, т/сағ |
Сурет 4. Кептіргіш пеш
3-кесте. Кептіргішпештің техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштерінің атауы | |
Өнімділігі, т/сағ. | 2,5 - 3 |
Барабан диаметрі, м | 1,6 |
Барабан ұзындығы, м | |
Барабан айналымдарының саны, 1 мин. | 5,7 дейін |
Барабанның енгіштік бұрышы, град. | 3 – 5 |
Электрқозғалтқышының қуаттылығы, квт. | |
Барабан түрі | Ұялы |
Өлшемдері, мм | |
Ұзындығы | |
Ені | |
Биіктігі | |
Салмағы, кг |
6 Өнім сапасын бақылау
Сапаның жоғарғы категориясы бойынша аттестацияланған плиталар, өнімді қабылдаудың қабылдау деңгейінің ақаулығы 2,5 % бақылауды қамтамассыз ететін физика – механикалық көрсеткіштерінің тұрақтылығымен жоғары деңгейде дайындалады.
Қағаз қабатты пластиктің түріне, арнауына қарай қолданылатын шикізат компоненттерінің тазалығына талаптар қойылады.
Қағаз қабатты декоротивті пластиктің конструкциясы беткі декоротивті қабаттан, бірнеше ішкі қабаттардан және астыңғы қабат балансирден тұрады. Пластиктің ішкі қабаттары аминоальдегидті немесе фенолформальдегидті шайырларын сіңірген крафт-қағаздан жасалады. Декоративті қабат ретінде арнайы жоғары сапалы, түсі біркелкі немесе өрнектері бар, меламинқұрамды шайыр сіңірілген қағазды қолданады. Материалдың ұзақ тұрақтылығын меламинқұрамды шайыр сіңдірілген түссіз қағаздан тұратын қатты қорғағыш қабат қамтамасыз етеді.
Қағазды байланыстырғыш полимерлер ерітіндісімен арнайы қондырғыларда қанықтырады, содан соң оны міндетті түрде кептіргіш агрегатта кептіреді. Нәтижесінде кесуге және пакеттерге қаптауға қажетті беріктікке ие қағаз аламыз. Қағаздың түріне, байланыстырғыштың қасиеттеріне байланысты қанықтырғыш қондырғылар әртүрлі типтерге бөлінеді. Осы көрсеткіштер кептіру мен қанықтыру процестерінің технологиялық параметрлеріне әсер етеді.
Байланыстырғыштың тұтқырлығы мен құрамындағы ұшып кететін бөлшектер мөлшері ыстық пресстеу процесі кезіндегі қысымның мөлшеріне байланысты. Пресстің қысымы 70-120кг/см2 болғанда, 4% ұшып кететін қоспалары бар полимерді қолдану тиімді. Бақылаудың түрлері мен обьектілері 4-кестеде көрсетілген.
4-кесте. Бақылаудың түрлері мен обьектілері
Цех | Өндірістік процестің кезеңдері | Бақылау обьекті | Бақылаудың негізгі түрі |
Қалыптау | Қалыптау процессі | Ыстық пресстеу арқылы гидравликалық прессте қалыптау | Механикалық беріктігі стандарт талаптарына сәйкес болуы керек |
Су | Температурасы | ||
Кептіру | Қағазды қанықтырылғаннан соң кептіру | Кептіргіштер | Температура, қысым ылғал-дылық, кептіру мерзімі, ке-ліп кететін газдардың темпе-ратурасы, газдардың ылғал-дылығы, кептірілген бұйым-ның сапасы |
Кесу | Кескіш автоматтарға орналастыру | Жиектерінің дұрыс өлшемде болуын қадағалау | қағаздың өлшемдері өлшенеді |
Дайын бұйымдардың қоры | Сақтау | Қойма алаңы | Су сіңіргіштік, аязға төзімді-лік |
7 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Жұмыс берушілердің ең басты мәселелерінің бірі, ол – еңбекті қорғау. Бұл әсіресе өндірістікпен айналысатын кәсіпорындарға қатысты мәселе. Кейбір жағдайларда зауыттарда арнайы қорғау бөлімшелері пайда болады.
Еңбек кодексінің 209-бабына сәйкес еңбекті қорғау, бұл – жұмысшылардың жұмыс істеу кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі. Бұған құқықтық, социал-экономикалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, реабилитациялық және тағы басқалары кіреді. Бұл мәселелердің барлығы, әрине, жұмыспен қамтамасыз етушінің мойнында болады.
Зауыттарда еңбекті қорғауды ұйымдастырып, оған бақылау жасайтын бір маман тағайындалуы керек. Ол маманның әрине жұмыс стажы және арнайы дайындығы болуы керек. Бұл ережелердің барлығы құрамында 50-ден астам жұмысшылары бар зауыттарға арналған.
Егер зауыт құрамында 50-ден аз жұмысшылары болатын болса, онда жұмыс беруші өзінің кәсіпорынының өнім шығару қабілеттілігіне қарай сақтау бөлімшелерін тағайындайды.
Қауіпсіздік техникасына жауапты адам өндірістік учаскелердің жетекшілері және кәсіподақ ұымдарымен бірлесе отырып еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алу және кәсіби ауруға шалдығу себептерін алдын алу жөніндегі күнделікті және перспективалық шараларды іске асырумен шұғылданады, жұмысшылар мен инженер-техникалық жұмысшылардың еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселесі бойынша оқуын ұйымдастырады, өндірістік жарақат алу мен кәсіби ауруға шалдығуды есепке алады, әрі талдайды, жаңадан қызметке алынған қызметкерлерге нұмқау береді және т.б.
Ережелер бойынша жұмысшылар жұмыс істеу ережесін белгілейтін еңбек қорғау жөніндегі нұсқауларды, сонымен бірге машиналар мен және мезанизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше температура жағдайында немесе лас жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі.
Жұмысшылар өздерінің еңбек міндетін атқаруына байланысты мертіккенде немесе денсаулығына басқадай залал келгенде Ережелер бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Қазіргі іс жүзіндегі ережелер бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға басшылық ету және жауапкершілік әкімшілікке жүктеледі.
Құрылыс бұйымдары мен материалдарын өндіретін бірлестік ұйымдарында техникалық қауіпсіздік ережелерінің орындалуы және құрылыс материалдарын өндіру жұмыстарындағы санитарлық өндірістікті қарап, қамтамасыз ету инженерлі-техникалық жұмысшыларға жүктеледі. Көрсетілген инженерлі-техникалық жұмысшылар адамның өміріне немесе днесаулығына қауіп төндіретін жағдай туындағанда құрылыстық-өндірістік жұмысты тоқтатып, арнайы жұмыс өндіру журналына сәйкес жазбаны тіркеп қоюы тиіс.
Құрылыс алаңдарда немесе жұмыс істеп отырған ортада санитарлы-тұрмыстық бөлмелер және құрылғылар болуы тиіс: гордеробты бөлмелер, жуынатын бөлмелер, кебуге арналған бөлмелер, арнайы киімнің залалсыздандыруы, шаңсыздандыруы, тамақтану пункттері, күн және атмосфера радиациясынан және өндіріс құрылғыларының сәулелерінен қорғану құрылғылары мен бөлмелері болуы қажет. Зауыттарда еңбекті қорғауды ұйымдастырып, оған бақылау жасайтын бір маман тағайындалуы керек. Ол маманның әрине жұмыс стажы және арнайы дайындығы болуы керек. Бұл ережелердің барлығы құрамында 50-ден астам жұмысшылары бар зауыттарға арналған.
Егер зауыт құрамында 50-ден аз жұмысшылары болатын болса, онда жұмыс беруші өзінің кәсіпорынының өнім шығару қабілеттілігіне қарай сақтау бөлімшелерін тағайындайды.
Қорытынды
Қағаз қабатты пластиктің өндірісі Кеңес Үкіметі кезінде 1947 жылы басталған. Ал қағаз қабатты пластиктің тәжірибелі түрдегі өндірісі 1952 жылы іске қосылды. Қағаз қабатты пластиктің тарихи отаны Ресей болғанымен, қазіргі кезде Италияда және т.б шет елдерде өндірілетін әрлегіш қағаз қабатты пластиктер үлкен сұранысқа ие болып жүр.
Қағаз қабатты пластикті Еуропада кең түрде қолдану қабылданған. Қағаз қабатты пластикпен жуын бөлмелері мен дәліздердің қабырғаларын әрлейді. ҚҚП әсіресе ылғалдылығы жоғары жерлерді, температурасы жиі жоғары немесе төмен болып түрленіп тұратын аймақтарды өңдеу үшін қолданады. Қағаз қабатты пластикті жиһаздың барлық түрлерін өндіруде, вагондардың құрылысында, кеме құрылысында, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды өңдеуге қолданады.
Қағаз қабатты декоротивті пластиктің конструкциясы беткі декоротивті қабаттан, бірнеше ішкі қабаттардан және астыңғы қабат балансирден тұрады. Пластиктің ішкі қабаттары аминоальдегидті немесе фенолформальдегидті шайырларын сіңірген крафт-қағаздан жасалады. Декоративті қабат ретінде арнайы жоғары сапалы, түсі біркелкі немесе өрнектері бар, меламинқұрамды шайыр сіңірілген қағазды қолданады. Материалдың ұзақ тұрақтылығын меламинқұрамды шайыр сіңдірілген түссіз қағаздан тұратын қатты қорғағыш қабат қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Б.С Сатеков Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары – Тараз:Сенім 2007
2 А.Кулибаев, У.Бишімбаев, Е.Қасымов, Қ.Бисенов Сәулеттік материалтану – А.: ИздатМаркет,2006
3. В.А.Пискарев.Декоративный-отделочные стройтельные материалы. М.1977
4. Ғаламтор желісі