Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқытуда басты мақсаттың бірі – оларды сөз бен сөзді байланыстыра білу, яғни сөйлем құру қабілеттерін дамыту. Мұны бір сөзбен, балаларға грамматикалық дағдыларды меңгерту деп қарастыруға болады.
Белгілі психолог-педагог Ш.А.Амонашвили айтқандай, Үйретіліп отырған тілде баланың сөздік қоры қанша дамыса да, ол оның сол тілде сөйлеп кетуіне себепкер бола алмайды. Ересек және мектепке даярлық топтарындағы балалардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру үшін, тәрбиеші грамматикалық дағдыларды меңгертуді негізгі міндеттер арқылы жүзеге асыруы керек. Бірінші міндет- коммуникативті дағдылар мен қарапайым ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Тілді меңгеру балалардың бірнеше типтік сөз тіркестері мен сөйлем құрылымдарын жатқа білу ғана емес, сонымен қатар олар үйренген сөздерін өз бетінше әр-түлі құрылғыларды құрастыра білу. Айналасындағы адамдармен / тәрбиеші немесе топ балаларымен / қазақша тілдік қатынасқа түсу, яғни коммуникативтік дағдыларға үйрену үшін жағдайлар жасалумен қатар балалар қажетті мөлшердегі тілдік материалдарды білуі керек. Ол материалдар – тілдің грамматикалық / морфологиялық және синтаксистік / заңдылықтары, сөз тіркестерінің, сөздердің жасалу және өзгеру ерекшеліктері. Ескеретін жағдай:грамматикалық ереже анықтамалар мектеп тәжірбиесіндегідей, балаларға жаттатаылмайды, арнаулы ойын, логикалық жаттығулар барысында меңгертіледі. Берілген материалдың көлеміне қарай ересек және жоғары топ балалары өздеріне ұсынылған грамматикалық құбылыстың /яғни берілген сөз құрылымдарының қандай жағдайда қолданылатынын / мәнін әбден түсініп алу керек. Сонда ғана олардың еркін түрде коммуникативті тіл қатынасы дағдылары қалыптасып, ауызекі сөйлесу қабілеттері дамиды.
Екінші міндет- басқа ұлт балаларын қазақ тіліне үйретуде ана тілі дағдыларының келтіретін қиындықтарын жою. Мұндай қиындықтар көп жағдайда балалардың сөз тіркестерін өз бетімен құрастыруы кезінде сөйлем құрылысында жіберілуі мүмкін. Мысалы, бала тамақтану кезіне жолдасына тіл қатыса келіп: «Іш сүт, нан же», киіну кезінде «Бәтеңке ки, етік ки» деп, анатіліндегі дағдыларына сүйенеді. «Не бар, не жоқ?» ойынын ойнату кезінде, «қасқыр жоқ, түлкі бар» деген жауаптар береді. Немесе қазақ тілінде зат есімнің анықтауыш мүшелерінің жақ, шақ, орыс тіліндегідей род жағынан қатыспайтынын ескермей,заттардың, ойыншықтардың, түр-түсін, көлемін атауда балалар кібіртіктеп, сөйлемей қалуы мүмкін. Бұл ерекшеліктерді байқату үшін қос қуыршақты / ұл және қыз қатарын көрсетіп, олардың екеуіне де «жақсы», «әдемі» деген сөздермен бірдей тіркестермен сипаттап бара алатынымызды көрнекі түрде көрсетуіміз керек. Сол сияқты қазақ тіліндегі «емес» сияқты болымсыздық есімдіктерінің «бар», «жоқ» сөзіне қатысты сөздерден кейін тіркесетінін /алма ащы емес, тәтті/, «кім?» деген сұрақ адамға ғана қойылатынын, көптік жалғаудың түрлерін ойын жаттығулар арқылы бекіту көзделеді. Ана тілінде сөйлеу дағдыларына байланысты қиындықтарды жолдың бірден бір жолы – балалардың қазақ тілінде айтқан сөздеріндегі қателердің түрлерін жақсы біліп, олардың алдын алатын жаттығулар ұйымдастыру.
Үшінші міндет – бағдарлама бойынша берілетін грамматикалық тұлғалардың үйретілу жүйесін анықтау.
Басқа ұлт балаларына алғаш ұсынылатын тұлға «Мынау не?» деген сұрақ бойынша әр затты көрсете отырып, олардың аттарын айтқызу / Мынау –үстел. Мынау үй./
Балалардың өзара және үлкендермен сәлемдесе білу дағдылары да алғашқы сабақтарда да арнайы ұйымдастырылған ситуативті жағдайлар арқылы қалыптастырады. Бала тәрбиешіге «Сәлеметсіз бе! Әлия Омаровна» деп, құрбыларымен мысалы, «Сәлем Дина!» деп амандасып үйренуі керек. Мұндай тілдік операциялар іс жүзінде бірнеше рет айтылып бекітілмейінше, балаларға ол тұлғаларды еркін қолдану талабы қойылмайды. Қазақ тіліндегі жаңа грамматикалық құрылымдар көрнекі суреттер, ойыншықтар қолдану арқылы қалыптастырады. Бастапқы сабақтарда да
Балаларды қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету үшін қолданылатын грамматикалық құрылымдар.