Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары




Семинар жоспары бойынша пікір алысу Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.

2. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” және т.б. бағдарламаларының құрылымы:

Ш. Студенттердің өзіндік жұмыстары Бағдарламаларға талдау

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

 

Дәріс №8

Тақырып: Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері.

Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды үйрету, оны іс-тәжірибе барысында қолдана білуге дағдыландыру.

Жоспар

1. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері

2. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін оқыту әдісі деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:

1. Көрнекілік әдіс – егер оқылатын объектімен балалар тікелей танысатын болса, онда сол нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі қажет.

2. Сөздік әдіс.

а) Әңгімелеу әдісі – көркем әдеби шығармалармен таныстырған кезде жиі қолданылады. Әңгімелеу әдісі тәрбиешінің сұрағынан және балалардың жауабынан тұрады. Яғни бұл әдіс бойынша тәрбиеші де балада сөйлейді. Әңгімелесу әдісі кезінде де көрнекілікті пайдалануға болады. Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі бала әрі ойынға қызығады және байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

ә) Қайталап айту әдісі – бұл әдіс бойынша тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді немесе топсаяхатқа, серуенге шыққан кезде өздерінің көрген, бақылаған құбылыстарды естеріне түсіріп, мазмұндап айтады. Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Өйткені екі әдісте де бала тәрбиешінің айтқанын қайталайды. Ал бұл әдістің айырмашылығы еліктеу әдісінде кейде сол бойда немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің түсінігі бойынша қайталайды.

3. Практикалық әдіс – бұл әдістің мақсаты баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын қамтамасыз ету. Балабақшада көбінесе практикалық әдіс ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, оқылған ертегілерді, әңгімелерді кейіпкерлендіру арқылы сценарии құру арқылы балаларға рольдерді бөліп беріп, шығарманың оқиғасын еске түсіруге болады.

Тәсілдер:

Белгілі бір әдістің қолданылуы вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу, дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл деп атайды.

Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:

1. Негізгі

2. Жанама болып екіге бөлінеді.

Негізгі тәсілдерге: Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады. Ал жанама тәсілге: ескертпе, ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай бір оқу іс-әрекетінде негізгі тәсілдердің бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі болады да, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен баяндау кезінде көмекші роль атқарады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар:

Оқу іс-әрекеті – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу іс-әрекетін мазмұны, мақсаты жағынан өткізу әдіс-тәсілдері бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады. Жалпы дидактикалық мақсат бойынша оқу іс-әрекетін мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жаңа материалды түсіндіру

2. Балалардың алған білімдерін, дағдыларын бекіту

3. Қорытынды

4. Білімді жүйелеу

5. Аралас

Сонымен қатар балабақшада оқу іс-әрекетін өткізу әдісіне қарай әңгіме, оқу, топсаяхат болып та бөлінеді. Осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қай түрінен болсын төмендегідей талаптар қойылады:

1. Оқу іс-әрекетіне алдын ала мұқият дайындалу, яғни тәрбиеші топта өткізілетін әр тақырып бойынша алдын ала жоспар жасайды. Бұл жоспарда оқу іс-әрекетінің тақырыбы, мақсаты, қолданылатын әдістемелік әдістер, көрнекі құралдар анық көрсетілуі қажет.

2. Материалдың бала түсінгігіне ауыр, жеңілдігі. Сондықтан тәрбиеші жоспар жасаған кезде таныстырылатын жаңа тақырыптың баланы көп ойландыратындай ауыр болмауы немесе баланы жалықтыратындай өте жеңіл болмауы қажет, яғни жаңа тақырып баланың жас ерекшеліктеріне сай, өзі қысқаша қорытынды жасай алатындай дәрежеде болуы тиіс.

3. Оқу іс-әрекеттің тәрбиелік мәні. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кішкентайлар тобынан бастап белгілі бір жүйемен жүргізілетіндіктен балада тілге деген қызығушылық пайда болады. Яғни, балаға тіл үйрету кезінде, оның психологиялық процестері де жетілдіріледі. Сөйтіп, тіл дамыту оқу іс-әрекеті арқылы оларда мақсатқа жетуге талпынушылық, тәртіптілік, ізеттілік, еңбек сүйгіштік, ұжымдық секілді қасиеттер қалыптасады. Яғни тіл дамыту оқу іс-әрекетінің осындай тәрбиелік мәні бар.

4. Оқу іс-әрекетінің эмоционалдық сипаты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастамас бұрын балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту керек. Балаларға қанағат сезімін туғызуы тиіс. Яғни реті келгенде балаларды қызықтыратындай, күлдіретіндей дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы бастауға болады.

5. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы. Оқу іс-әрекеті әдетте өткен материалды қайталаудан басталады, содан соң жаңа тақырып түсіндіріледі. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы балалардың түсініктері сұралады. Оқу іс-әрекетінің қорытынды бөлімі балаларды сергітетіндей жұмбақтар айту, хормен өлең айтқызу, дидактикалық ойындар ойнату, сурет салдырту секілді жұмыстармен аяқталуы тиіс. Бақшадағы өткізілетін оқу іс-әрекетті көп сөзбен қорытындылаудың қажеті жоқ.

6. Оқу іс-әрекеті кезіндегі баланың сөйлеу белсенділігі. Баланың сөйлеу белсенділігін арттыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады және сонымен қатар бала өз жолдастарының жауабын тыңдауға да дағдылануы керек.

7. Оқытудың ұжымдық сипаты және баламен жеке жұмыс. Әдетте жаңа тақырып бойынша балаларға ортақ сұрақ қойылып, ортақ тапсырма беріледі. Кейде топтағы ұялшақ, аз сөйлейтін, өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын балалармен тәрбиешінің жеке жұмыс жүргізуіне тура келеді. Мұндай жеке жұмыс күннің екінші жартысында жалғастырылуы керек және баланың сөйлеу тілін жаттықтыру үшін ата-анасына да әдістемелі көмек көрсетіледі. Яғни тәрбиеші баламен үйде қандай жұмыс жүргізу кректігі жөнінде ақыл-кеңес береді.

8. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дұрыс өтуі топ бөлмесінің жағдайына да байланысты. Яғни бөлме ішінің жарықтануы, тазалығының талапқа сай болуы, орындықтар мен үстелдің балалардың жас ерекшеліктеріне дәл келуі секілді мәселелер қарастырылады.

9. Әр топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дұрыс өтілуі тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты.

Студенттерге берілетін тапсырма:

1. Әдіс дегеніміз не?

2. Тәсіл дегеніміз н?

3. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері

4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2661 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2349 - | 2070 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.