Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Түйіспелердің қосылқан күйде жұмыс атқаруы




Бұл режимде 2 құбылысты қарастыруға болады:

а) түйіспелер арқылы номиналды ток өтеді,

б) түйіспелер арқылы қысқа тұйықталу тоғы өтеді.

7.2.1. Номиналды ток режимі

Алдыңғы сабақтарда ескерілгендей, түйіспелердің өтпелі кедергілері үшін екі температуралық нүкте тән:

Материалдың жұмсару және балқу температуралары.

Түйіспелердің сенімді жұмысы үшін номиналды ток кезінде өтпелі кедергіде кернеудің түсуі:

 

(7.2)

 

мұндағы түйіспе температурасы түйіспе материалының жұмсару температурасына тең болған кездегі кернеудің түсуі(түсіндірме әдебиетте көрсетілген).

Аппараттардың түйіспелі жүйесін берілген берілген номиналды ток кезінде және түйіспе материалы үшін кернеу түсуі белгілі болғанда есептеу кезінде (7.2) өрнегінен өтпелі кдергі, ал (7.1) өрнгінен қажетті түйіспені басу анықталады.

7.2.2. Қысқа тұйықталу режимі

Қысқа тұйықталу кезінде түйіспелер арқылы номиналды мәндерден

10-20 есе артық токтар өтеді. Қыздыру уақытының тұрақтысы аз болғандықтан, түйіспе ауданының температурасы дереу жоғарылайды және балқу температурасына дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар қысқа тұйықталу кезінде түйіспе ауданында пайда болатын тебу күштерінің әсерінен түйіспе басуы әлсірейді, нәтижесінде өтпелі кедергі артады және жылулық шығындар мен түйіспелердің қызуы артады, бұл түйіспелердің балқып бірігуіне әкеледі.

 

Тізбектің ажыратылуы

Түйіспелердің ажырау процесінде түйіспенің басуы кемиді, өтпелі кедергі артады және нәтижесінде түйісу нүктелерінің температурасы артады. Қызу кезінде түйіспелердің микротомпақтары балқу температурасына дейін қызады және түйіспелер арасында сұйық металл көпіршесі пайда болады. Түйіспелердің ары қарайғы қозғалысы кезінде көпірше үзіледі де ажырағыш тізбектің параметрлеріне (кернеу мен ток) тәуелді жоғары температурамен сүйемелденетін доғалық немесе солғын разряд пайда болады.

Жоғары температура материалдың қоршаған ортаға интенсивті қышқылдануы мен тозаңдауына, материалдың бір электродтан екіншісіне өтуіне және түйіспелерде оксидті пленканың түзілуіне әкеледі.

Түйіспелерде пленканың ортамен химиялық қосылуы пайда болуымен және қышқылдануымен байланысты тозуды химиялық тозу немесе коррозия деп атайды.

Түйіспелердің эрозиясы мен коррозиясы аппараттардың жұмыс істеу мерзімін қысқартады.

Доғалық разряд пайда болу үшін ток пен кернеудің мәні берілген материал түйіспелеріне тән кейбір минимал Uh0 мәндерден артық болуы қажет. Мысалы, мыс үшін U0= 12,3В, ал 10= 0,43А. Егер тізбектегі ток I0

Кем болса түйіспелер арасында солғын разряд немесе ұшқын, ал артық болса доғалық разряд пайда болады.

Түйіспелердің қызмет ету мерзімі олардың материалына, массасына, коммутация санына және тізбектің коммутациялық тоғының өлшеміне байланысты болады.

Түйіспелердің эрозиясымен күресу үшін келесі шаралар қолданылады:

а) доғаның жану ұзақтығын доға сөндіргіш құрылғы арқылы қысқарту,

б) іске қосылған кездегі түйіспелердің вибрациясын жою,

в) түйіспелер үшін доғаға төзімді материалдарды қолдану.

 

Дебиеттер

1. Чунихин А.А. Электрические аппараты.- М.: Энергия,1988. 75-85 б.

2. РодштейнЛ.А. Электрические аппараты.-М.:Энергия,1964. 40-44 б.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2348 - | 2305 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.