Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тізбектің қосылуы




Электр аппараттары қосылған кезде олардың түйіспелі жүйелерінде келесі процесстер орын алады:

а) түйіспелердің вибрациясы

б) түйіспе беттерінің эрозиясы

7.1.1. Түйіспелер вибрациясы

Вибрация кезінде пайда болатын процесстерді контактордың түйіспелі жүйесінде қарастырайық.

1 жылжымалы түйіспе 2 түйіспе рычагы және түйіспе рычагымен байланысқан. 4 жылжымалы емес түйіспе тіреуде мықты бекітілген.

Контактор іске қосылған кезде оның электромагнитінің орын ауыстыруы 1 және 4 түйіспелердің жанасуына әкелетін 2 рычагқа әсер етеді. Түйіспелердің жанасуы кезінде нәтижесінде түйіспелердің деформациясы және 1 түйіспенің оң жаққа қарай ығысуы болатын соққы пайда болады. Түйіспелер арасында саңылау пайда болады және кернеудің әсерінен электр доғасы пайда болады. 1 түйіспенің соққы кезінде алынған энергиясының 3 пружинаның қысылу энергиясына өтуі кезінде 1 түйіспенің оңға қарай жылжуы тоқтатылады.

Түйіспелердің вибрациясы олардың материалдарының балқуы мен шашырауы әсерінен тозуына әкелетін электр доғасының түзілуіне әкеледі.

Вибрацияны азайту үшін 3 пружинаның алдын ала деформациясы жасалады. Бұл жағдайда түйіспелердің жанасуы кезінде қысым күші нөлден

бастап емес, алдын ала бекітілген қысым шамасынан бастап өседі. Түйіспе пружинасының алдын ала тартылуы жылжымалы түйіспе ойылымы есебінен жүреді.

 

Түйіспенің ойылымы дегеніміз жылжымалы емес түйіспе болмаған кезде жылжымалы түйіспе орын ауыстыратын ара қашықтық. Сонда:

 

(7.1)

 

мұндағы с –түйіспе пружинасының қатаңдығы,

- түйіспе ойылымының өлшемі.

Түйіспенің ойылымы және түйіспелі пружинаның бастапқы басуының артуы кезінде түйіспенің өтпелі кедергісімен қатар вибрация да кемиді.

Осы уақытта тартылыс моментінің артуы жылжымалы түйіспе жылдамдығының артуына және тастанды амплитуданың артуына әкелетін кинетикалық энергияның артуына әкеледі. Байқағанымыздай, қосқыш электромагнит қуаты мен түйіспе ойылымы өлшемінің оптималды арақатынасы қажет.

Қысқа тұйықталуға түйіспелер қосылғанда жанасу нүктелерінде тастанды электрдинамикалық күштердің пайда болуынан түйіспелердің вибрациясы күшейеді. Түйіспелер жанасқан кезде олардың балқуын болдырмау үшін түйіспелі пружинаның алдын ала тартылу күштемесі тастанудың электрдинамикалық күшін компенсациялауы қажет және өтпелі кедергідегі кернеудің түсуі жанасу нүктесінің балқуына және түйіспелердің пісірілуін болдырмайтын қысым тудыруы қажет.

7.1.2. Түйіспе беттерінің эрозиясы

Түйіспелердің бір-біріне жақындау кезіндегі қысылу процесінде олардың арасындағы электр өрісінің кернеулігі артады, және белгілі бір ара қашықтықта (жүздеген ммиллиметр бөліктері) түйіспелер арасында ауа аралығының электр тесігі пайда болады. Тесілу кезінде электрондар анодты бомбалайды және оның материалы катодқа жұқа ине түрінде өтеді.

Материалдың бір түйіспеден екіншісіне ауысу кезіндегі, яғни материалдың құрамын өзгертпей қоршаған ортада булануын физикалық тозу немесе эрозия деп аталады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 395 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2783 - | 2343 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.