Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Шаңсыздандырғыш камераның параметрлері




Өнімділігі, т/сағ - 175, 300 т/сағ;

Камераның ұзындығы, м: - 2,045 және 2,065;

Камераның биіктігі, м - 1,64;

Жұмсалатын ауа мөлшері, м3/сағ:

аспирациялық сору жүйесі үшін - 5500 және 8500;

ауаны үрлеу жүйесі үшін – 4300 және 6500;

Аэродинамикалық кедергісі, Па: ауа сору жүйесі үшін – 30 Па;

ауа айдау жүйесі үшін - 1200 Па.

 

Дәннің ылғалдығы 12-14 % құрағанда тазалау тиімділігі – 60-50 %.

Жалюздік тордың үстіндегі дән қабатының қалыңдығы – 230 және 500 мм құрайды. Осы параметрлерді қамтамасыз ете отырып, дән массасын жеңіл қоспалардан жартылай ғана тазартуға 11,5 кВт/сағ –тан артық энергия жұмсалады. Дегенмен, ауа таратқыш тор үстінде дәннің псевдоқопсытылған қабатын жасау үшін энергия көп мөлшерде жұмсалады. Сонымен қатар, жаңадан жиналған дән құрамында жеңіл қоспалар мен шаң-тозаң көп мөлшерде кездеседі. Мұндай жағдайда тор бетіне қажетті өнімділікпен дәнді тиегенде қабат қалың болып келетіндіктен, дән массасынан жеңіл қоспалар мен шаң-тозаңды бөліп алу күрделене түседі.

Соңғы жылдардағы машиналар мен дәнді жеңіл қоспалардан тазалау процесін жетілдіруге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылай келе мынадай тұжырымдар жасалды:

- соңғы 15-30 жылдар көлемінде Ресейдің алдыңғы қатарлы элеваторларында қолданыла бастаған шаңсыздандырғыш камера мен аэронауалар жұмысшы жайға бөлініп шығатын шаң концентрациясы біршама төмендеткенімен, қалыптасқан мәселені түпкілікті шешпеді.

- шаңсыздандырғыш камера мен аэронауаның өнімділігі элеватордағы тасмал ортасының өнімділігін қамтамасыз еткен жағдайда дәнді жеңіл қоспалардан тазалау тиімділігі 50-ден 20 т/сағатқа дейін төмен түсіп кетеді. Дән қабаты қалыңдаған сайын дәнаралық кеңістікке ауа ағынын бірқалыпты тарату үшін үрлеу жолымен псевдоқопсытады;

- жалпы псевдоқопсыту процесі өте көп мөлшерде эгнергияны талап етеді: сору жүйесінің кедергісі 30 Па құраса, ауамен үрлеу жүйесінің кедергісі 1200 Па құрайды, яғни 40 есе жоғары;

- жоғарыдағы машиналардың көмегімен дән массасын жеңіл қоспалардан тазалау мақсатында процесстің технологиялық тиімділігін арттыру үшін өнімділікті төмендетеді. Бұл жалпы қарастырылып отырған процесстің дәннің массалық бірлігіне шаққандағы меншікті шығынын молайтады. Сондықтан бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – процесске жұмсалатын энергияны төмендету болып табылады.

Негізінен дән массасынан жеңіл қоспаларды элеваторлардың тиеу-түсіру тораптарында қабылдау кезінде бөліп алу – жұмысшы жайдың тазалығын қамтамасыз етеді, қоймада дәннің сақталу мерзімін арттырады. Бұл жерде элеватор тасымалдағыштарының – үздіксіз принципті тасымалдағыш таспалы конвейерлердің өнімділігі – механикаландырылған қоймалар үшін 50 т/сағ, элеваторлар үшін 100, 175 және 300 т/сағ екендігін ескеру қажет.

Іздену нәтижелеріне сүйене отырып, механикаландырылған астық сақтау қоймалары мен элеваторлардың тасымал-технологиялық ағынды өнімділігін қамтамасыз ету, жеңіл қоспаларды дәннен тиімді бөліп алу жолымен технологиялық процесстің тиімділігін арттыру үшін щағын құрылымды пневмоқұрылғы дайындап, жұмысшы камерасын көпсекциялы етіп құрылымдау мүмкіндігін қарастыру керек. Өнімділікті өзгертпей отырып, тиелген дәнді бірнеше қабатқа бөліп жіберу - ауа ағынына кедергіні төмендетеді;

сонымен қатар дән ағынын қопсыту мақсатында оның сусымалық қасиетіне сүйене отырып, жасаған техникалық шешімдер псевдоқопсыту процесін ығыстыра алады. Нәтижесінде дәнді жеңіл қоспалардан тазалау процесіне жұмсалатын энергия төмендейді;

ұсынылып отырған аэродинамикалық пневмосұрыптағыш камералы машинаның негізгі жұмысшы органы ауа кіруге және аэроқоспа шығуға арналған, аспирация жүйесіне жалғанатын жалюздік торлы қиықтүтіктер болып табылады. Ал жұмысшы зона – осы қиықтүтіктердің арасындағы бос кеңістік. Қиықтүтіктердің арасына дәнді жоғарыдағы көлбеу тордың көмегімен қопсытып жіберуге болады. Тордағы білеулер дәнаралық кеңістіктегі ауа жүруге арналған бос каналдардың еніне теңескенде, дәнаралық кеңістіктен ауа ағыны кедергізіс өтіп, өзімен бірге дән құрамындағы жеңіл қоспаларды ілестіріп әкетеді;

машинаның атқаратын функциясы аспирациялық сору жүйесінің көмегімен орындалатындықтан, дәнді жеңіл қоспалар мен шаңнан тазарту технологиялық процесінің меншікті шығыны төмен.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 736 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2456 - | 2270 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.