Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


СҰРАҚ: Когорттық зерттеу дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

СҰРАҚ: Жағдай бақылау дегеніміз не?

Оның артықшылықтары,кемшіліктері

 

 

Жағдай бақылау-анализдік(сараптау) ретроспективті зерттеулерге жатады.Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп алынады.Зерттеуге 2 топ алынады:

1)тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар

2) бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ

Зерттеуге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың себебін ретроспективті зерттейді. Бұл зерттеу аурудың этиологиясы туралы гипотезаны тексеруге көмектеседі.

w Алғашында аурудың жағдайын анықтайды (зерттеліп жатқан ауру анықталған науқастарды таңдау)

w Қауіп факторы жайында мүмкін болатын ретроспективті гипотеза анықталады

w Аталған ауруы жоқ, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас келетін бақылаудағы науқастар тобын анықтап алады

w Осы топтарда қауіптілік факторының бар немесе жоқтығын анықтайды

w Зерттеу кезінде барлық қорытынды белгілі

w Сирек жағдайларды зерттеуге,сонымен қатар зерттеу кезінде тез қорытынды алуға қолайлы

w Этиология жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы келеді

«Жағдай-бақылау» зерттеуінің артықшылықтары:

w Зерттеудің орындалуы жеңіл, арзан,жылдам.

w Ұзақ уақытты керек етпегендіктен тез таралатын (вспышка) ауруларды зерттеуде көмек береді.

 

 
 

 


 

 
 


«Жағдай-бақылау» зерттеуінің кемшіліктері:

w Зерттеуге қатысатындарды таңдауда жүйелі қате кетуі мүмкін

w Барлық талаптарға жауап беретін бақылауға қажетті жағдайдың санын табу қиын.

w Ретроспективті ерекше көріністер арасындағы уақытша байланысты нақты тіркеуге мүмкіндік бермейді

w Бағалаудағы мүмкін болатын қателіктер

w Салыстыру топтарын «жасанды» жинақтау

СҰРАҚ: Когорттық зерттеу дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.

Когорттық зерттеу- анализдік(сараптау) проспективті зерттеулерге жатады. Себептің және қауіп факторының аурудың болжамымен байланысын зерттейді. Қауіп факторы- аурудың пайда болуына әсер ететін факторлар.Мысалы: АГ ауруының қауіп факторлары-гиподинамия, гиперхолестеринемия, тұқымқуалаушылық, шылым шегу т.б.

2 топ алынады:

а) қауіп факторы әсер еткен топ

б)) қауіп факторы әсер етпеген топ

Осы 2 топ ұзақ уақыт бойы зерттеледі және алынған мәліметтер салыстырылады(зерттелетін нәтиже бойынша) Ол үшін қажетті ақпараттар күні бұрын анықталып, толық көлемде жиналады.Сосын зерттелетін қауіп факторының туындайтын нәтижемен(аурумен) қандай байланысы бар екені анықталады. Классикалық когорттық зерттеу үшін әр түрлі қауіп факторы әсер ететін 2 немесе одан да көп когорта іріктеліп алынады,бірнеше жыл бойы зерттеліп, жаңа клиникалық нәтижелер анықталады.

     
 
 
 


Артықшылығы:

 

w Когорта – қандай да бір жалпы белгілерімен біріктірілген топ. (мысалы сау немесе аурудың белгілі бір сатысындағы адамдар)

w Үздіксіз бақылау процесінің қай жартысында ауру дамығаны анықталады

w Зерттеудің басында қорытынды белгісіз болады

w Қауіп факторының әсеріне душар болғандардың ағымын проспективті зерттейді

w Қорытындыны бағалау үшін көптеген жылдар бойы бақылау қажет

w «Жағдай-бақылау» зерттеуімен салыстырғанда қымбатырақ

w Уақыт ағымы бойынша өзгерістерді бақылауға болады

w Бір фактордың әсеріне байланысты бірнеше қорытынды алуға болады

w Бір нәтижеге әсер ететін бірнеше факторларды анықтауға болады.

w Зерттеудің мақсатын анықтайтын сұрақ қарапайым.Мысалы:б елгілі бір фактордың әсеріне душар болғандар ауыруы мүмкін бе?

w Нәтижесі белгілі болғанда туындайтын жүйелі қатені болдыртпайды

 

Кемшіліктері:

w Көп уақытты қажет етеді

w Сирек кездесетін ауруларға арналмаған

w Когорттық зерттеудің негізгі кемшілігі – сирек қорытындыларды зерттеу үшін үлкен топтарды ұзақ уақыт бойы бақылау керек

w Қаражатты көп қажет етеді

w 100% бақылау мүмкін болмайды,өйткені уақыт өткен сайын зерттелетін фактордың әсері мен сипаты өзгеруі мүмкін.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тема 2.5.3.3 Развитие памяти в дошкольном детстве (2 часа) | Возможно изменение порядка проведения экскурсий, а также замена их на равноценные.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 943 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2545 - | 2237 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.