Лекции.Орг


Поиск:




Оқу жоспарынан көшірме




Алғы сөз.

Оқу әдістемелік кешен «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен 5В01000 Білім бағытындағы педагогикалық мамандықтарының студенттеріне, осы курс бойынша оқытушы жұмысын неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттермен жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

Мақсаты: болашақ мамандарды терең, жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру, кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру, болашақ педагогтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын, тұлғалық, кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.

Міндеті:
- студенттерде өркениеттік антропологиялық тұрғыдан тарихи педагогикалық білім жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

- тәрбие ісімен айналысқан көрнекті ойшылдармен, түрлі тарихи дәуірдегі және халықтардағы педагогтармен таныстыру;

- жетекші педагогикалық мәселелерді тарихи салыстырмалы сипатта қарастыру.

 

СИЛЛАБУС

2. Оқытушы (оқытушылар) туралы мәліметтер:

Оқытушының қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы:педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нәби Л.

Оқытушының қызметі, (ғылыми дәрежесі, атағы): аға оқытушы Сулейменова Зауре Екпінқызы, оқытушы Мұхамеджанова Гүлвира Советқызы.

Жұмыс орны: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Кафедра офисі: _ бас ғимарат_6 қабат, №601 кабинет.

Жұмыс тел.: 40-21-99.

Кеңес беру уақыты: Бейсенбі сағ 14.30- 15.30

Пән жөнінде мағлұмат.

Пән аты: Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Дәрісханалық сабақтардың өтілу уақыты мен орны

Іс-әрекет түрі Апта күні уақыты дәрісхана
Дәрісханалық сабақтар 1. Дәрістер Сәрсенбі 9.30 №2д/з
2. Практикалық (семинар) Сабақ кестесіне сәйкес
3. СОӨЖ Сабақ кестесіне сәйкес
5. I Аралық бақылау (АБ) 8-ші аптада
II Аралық бақылау (АБ) 15-ші аптада
Қорытынды бақылау (тестілеу) Күнтізбелік жоспарға сәйкес

Оқу жоспарынан көшірме

  курс   семестр Кредит саны   Дәрістер, сағ. Практ., семинар сабақтар, сағ. Тәжіриб. саб. сағ. СОӨЖ сағ. СӨЖ сағ. Барлығы сағ. Бақылау түрі
2,3,4         -       емтихан

4. Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, жас ерекшелік физиология және мектеп гигиенасы, педагогика, психология.

Постреквизиттер: педагогикалық практика, жеке пәндер әдістемесі.

5. Пәннің сипаттамасы:

5.1. Пәнді оқыту мақсаты:

Пәннің мақсаты: Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын, тәрбие үдерісінің негіздерін танып білуде болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогиклық құзыреттілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;

- тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

- студенттерде жалпыпедагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық, т.б. қалыптастыру;

- студенттерді оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарында үздіксіз креативтілігін дамытуға ынталандыру.

Білімі мен түсініктері:

Тәрбие жұмысының мәні, мақсаты мен міндеттері; мектеп пен социумның тәрбиелік жүйесі; сынып жетекшісі іс-әрекетінің жүйесі мен бағыттары; педагогикалық ынтымақтастық әдістері; балалар ұжымы; тәрбие жұмысының формалары, әдістері, құралдары; тәрбие технологиялары; тәрбие жұмысы және ұжымдық шығармашылық істер (ҰШІ) технологиялары; оқушылардың тәрбиелік деңгейлерінің және тәрбие жұмысының диагностикасы туралы.

Іскерліктері:

Сыныпта тәрбие жұмысын жоспарлау; педагогикалық қолдауды ұйымдастыру; балалар ұжымын қалыптастыру және оның жағдайын диагностикалау; балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ҰШІ-ті ұйымдастыру және тәрбиенің инновациялық технологияларын пайдалану; қиын балармен жұмыс және оның диагностикасы; ата-аналар жиналысын дайындап өткізу; оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру; дарынды балалармен жұмыс; мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Дағдылары:

Әртүрлі әдебиеттермен жұмыс; қажетті мағлұматты іздеу; баяндамалар дайындау; үй тапсырмасын орындау; өздігінен білімдерін толықтыру

Құзіреттіліктерді меңгеруі қажет:

Болашақ мұғалімнің құнды түсініктерімен, оның қоршаған әлемді сезіну және тану қабілеттерімен, онда бағдарлану, өзінің рөлін және арналғандығын саналы түсінуімен байланысты құнды мағыналы құзіреттілік;

-мақсатты білім мен біліктіліктермен оқу танымдық іс-әрекетті жоспарлау, талдау, рефлексия, өзіндік талдаумен байланысты қалыптасатын оқу-танымдық құзіреттілік:

-болашақ мұғалім іс-әрекетінің дағдысын оқу пәні мазмұнындағы, білім беру саласындағы және сонымен бірге қоршаған әлемдегі ақпараттармен қамтамасыз ететін ақпараттық құзіреттілік;

-айналадағы адамдармен және оқиғалармен қарым-қатынасын, тәсілдерін, қажетті тілдерін, топта жұмыс істеу дағдысын ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді игеруді енгізетін коммуникативтік құзіреттілік;

-физикалық, рухани және интеллектуалды өзін-өзі дамыту, эмоцианальды өзін-өзі реттеу және өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеруге бағытталған тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзіреттілігі

 

Сабақ жоспары





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 870 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

874 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.