Өндірістік орындарда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жарықтылықтың ШРД-і 200 люкс болуы тиіс. Бірақ бұл жұмыс аймақтарындағы жарықтылық деңгейлері жұмыс орындарын аттестациялау бойынша бекітілген хаттама №88-07-13 (А-Қосымшасы) мәліметтері (3.7-кесте мен 3.4-сурет) бойынша 35пайызға, яғни 50 люкске жетпейді. Жарықтылық мөлшерін көбейту – өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын-алуды, жұмыстың қарқындылығын, өнімділігін арттырады. Жарықтандыру жүйесін жақсарту үшін, алдымен жарық беру жүйелеріне талдау жұмыстарын жүргізу керек.
Аса үлкен дыбыс қысымы құлақ жарғағын жарып жібереді.
Есту органдарына ең қолайсызы жоғары жилікті шу болып табылады (1000...4000 Гц).
Шу тек құлаққа ғана әсер етіп қоймай адамның миы ада әсер етеді. Мұндай қолайсыз шу құлақтан бұрын жүйкені тоздырады.ұйқы бұзылады, жад әлсірейді, адам тез шаршайды, күйгелекке ұрынады, басы ауырады, әлсірейді және т.б.
Кесте – Жұмыс орындарындағы хаттамалары бойынша шудың шамадан асу өлшемдері
Жұмыс орындары | Жұмысшы | Жылы | Хаттама | Норма бойынша дБА | Шектен шығуы |
07 001 001 001 | қақтаушы | 88-14-7 | |||
08 001 001 001 | қақтаушы | 88-14-8 | |||
07 001 001 001 | қақтаушы | 88-13-8 | |||
08 001 001 001 | қақтаушы | 88-13-7 | |||
07 001 001 001 | қақтаушы | 88-12-8 | |||
08 001 001 001 | қақтаушы | 88-12-7 | |||
07 001 001 001 | қақтаушы | 88-11-8 | |||
08 001 001 001 | қақтаушы | 88-11-7 |
Өндірістік орындарда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай шу деңгейінің ШРД-і 80дБ-ден аспауы тиіс. Бірақ бұл жұмыс аймақтарындағы шу деңгейлері жұмыс орындарын аттестациялау бойынша бекітілген хаттама №88-07-13 мәліметтері бойынша 35пайызға, яғни 8 дБ асып түседі. Шудың деңгейін төмендету–өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын-алуды, жұмыстың қарқындылығын, өнімділігін арттырады. Шудың деңгейін төмендету үшін, алдымен шудың шығу көздерін анықтап, талдау жұмыстарын жүргізу керек.
Сурет – Жұмыс орындарынғдағы шудың шамалары
Шудан қорғану. Шудың қолайсыз әерінен қорғану үшін өндірістік кәсіпорындарды жобалауда, құрылысында және олардың машиналарын, жабдығын пайдалануда кешенді ұйымдық, техникалық, медициналық шаралар белгілеу қажет.
Шумен күресудің тиімді жолы оның көзіндегі деңгейін машиналар құрылысындағы технологияларды өзгерту есебінен азайту болып табылады. Шу шығатын нысанында жою үшін құралдар таңдау қажет. Шудың көбі өндірістегі жабдықтың, машиналардың, станоктардың, әр түрлі тетіктерінің жұмыс істегенде шығаратын дыбыстары: тісті айналдырғыштар, подшипниктер, өзара соқтығысатын тетіктер және т.б. Тісті берілістердің шуын азайту үшін тістегіштерін ауыстыру арқылы оларды өңдеу, жинау, дәлдігін арттыру қажет. Мұндай шаралар тобына шулы процестерді шусыз процестермен алмастыру арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, шегелеуді дәнекерлеумен, соққылыны соққысызбен алмастыру, қалыптауды қысымдаумен ауыстыру және т.б. Ең шулы станоктардың бірі шегелегіш автоматты станок болып табылады.
ОРЫТЫНДЫ
«КазТрансОйл» АҚ талдау жұмыстары көрсеткендей, еңбек жағдайларын жақсарту мүмкіншілігі бар.
Жарақаттану мен кәсіби ауруды талдау арқылы осы курстық жұмыста жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша, менің тарапымнан мынадай шараларды қабылдау ұсынылды.
- жарақаттану мен кәсіби ауруларды алдын-алу үшін келесі конструктивті және техникалық шаралар қабылдануы тиіс:
- жарықтандыруды дұрыс ұйымдастыру;
- есту органдарына арналған жеке қорғаныс құралдарымен жұмысшыларды қамту және олардың беріктілігін тексеріп отыру;
- жұмысшылардың суық цехтарда жұмыс істеуінің салдарынан, яғни санитарлы-гигиеналық сұрақтарға байланысты метереологиялық жағдайлар (жылу, ауа қозғалысы, ылғалдылық) жөнді қарастырылмағанынан түрлі жарақаттар болып тұрады, сол себептен жұмысшыларға міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын, яғни, денені, басты, аяқты қорғайтын арнайы киімдерді, сонымен қатар суық мерзімдерде бетті суықтан қорғайтын масқаларды және суық күнде қол саусақтарын қорғау мақсатында жылы қолқаптардың талатылуын қамтамасыз ету және суық цехтарда метерологиялық параметрлерді нормативті талаптарға сай жасауды қарастыру;
Бұл шараларды қабылдау жұмыс жағдайларын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік мәні жоғары өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды алдын-алуға өз септігін тигізеді.