Криминалистика пәні өзіне тән даму заңдарына және қағидаларына сәйкес қалыптасып дамып отырады. Заңдары:
• криминалистиканың қалыптасқан және қазіргі кезде жаңадан пайда болған теориялары мен тұжырымдамаларының арасындағы өзара байланыста болу заңы;
• басқа ғылымдардың осы күнгі жетістіктерін тез арада қылмыстық тергеу жүргізу өндірісіне енгізу заңы;
• криминалистика ғылымы әдістемелік ұсыныстарының қылмысты ашуға, тергеуге және болдырмауға қажеттілігін арттыру және осы тәжрибені криминалистика ғылымы жетістіктері негізінде ұштастырып жетілдіру заңы;
• криминалистиканың және де басқа қосалқы, тектес ғылым салаларындағы ғылыми-техникалық өрлеу негізінде криминалистиканың даму барысын үдету заңы.
Криминалистиканың қағидалары негізінен мына көрсетілген үш бағытта болады:
шынайылық қағидасы, ол криминалистік ғылыми зерттеулердің қандай да болмасын саяси көзқарастан, ой-ұғымнан тәуелсіздігі, шынайы өмірдегі заңдылықтар мен құбылыстардың мүмкіндігінше дәлме-дәл бейнеленуін көрсетуіне негізделуі қажет;
тарихтық қағидасы, яғни криминалистика пәнінің мазмұнын, қызметін және байланыстарын басқа ғылымдардың динамнкалық қарым-қатынаста ұстап, олардың Іпайда болуымен және өзгерістерімен ұштастырылып отыруы керек;
ғылыми жүйелілік қағидасы бойынша криминалистиканың жеке бөлімдерінде оқытылатын құбылыстар мен фактілер бір бүтіннің бөліктері ретінде өзара байданысты да теуелді де қарастырылуы қажет.
Криминалистік зерттеу ақпаратының негізгі бастаулары:
а) қылмыспен, құқық бұзушылықтың түрлерімен күресті, қылмыстық іс жүргізуде қалыптасатын әрекеттер мен қатынастарды реттейтін заңдар мен олардан шығатын басқа да нормативтік актілері. Қылмыстық әлеуметтік және халықшаруашылық статистикасының ақпараттары.
б) құқық қорғау органдары жүргізетін қылмыстық, азаматтық істердіңтүрлі тексеру,материалдары; прокурорлық, тергеушілік, сараптамалық, жедел-іздестіру сот практикасының құжаттары және қылмыскерді табу, ашу және алдын алу жұмысында қолданылатын бақылау органдарының мәліметтері;
в) заң саласындағы және басқа ғылымдар саласындағы теориялық, әдістемелік, анықтамалық әдебиеттер, ғылыми-техникалық жетістіктер, ғылыми туындылар тұжырымдамалары және оларды іс-жүзінде пайдалану тәжірибесі мен қорытындылары;
г) ғылыми ізденістер мен олардың қорытындыларының практикада пайдасы барын дәлелдейтін құқық қорғау саласының мамандары мен қызметкерлерінің көзқарастары, қорытындылары, ойлары, ұсыныстары және т.б.
Криминалистика жүйесі ғылымының пайда болуынан бастап бүкіл тарихы бойына дамып және жетілдіріліп отырады. Бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда. Криминалистика өз алдына ерекше, дербес ғылым болғандықтан, оның өзі іштей өзара байланыстығы жеке бөлімдерінен құралған ғылым жүйесі болып табылады. Көптеген оқулықтарда дәстүрлі түрде криминалистика жүйесі төрт бөлімнен құралған, олар: Криминалистиканың жалпы теориясы; Криминалистік техника; Криминалистік тактика.
Криминалистік әдістеме (қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі.
Криминалистік техника бөлімінде заттай дәлелдемелерді және іске қатысты деректерді іздеп табуға, бекітуге, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістерді, қолданылатын қажетті техникалық құралдарды қарастырады.
Криминалистік тактика (тергеу тактикасы) тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолданылатын тиімді де нәтижелі әдістерді, оларды қолдану қағидаларын қарастырылады.
Криминалистік әдістеме (қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі) - бұл бөлімде жеке қылмыстар бойынша жургізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі, себебі әрбір қылмыс түрін тергеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты жеке бір істі тергегенде қолданылатын техникалық және тактикалық тәсілдер мен әдістер тергеліп жатқан қылмыстың ерекшеліктеріне бейімделеді.
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қаладыда, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі обьектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика ғылымының пәні екі бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімі заңдылықтары:
- қылмыс тетігінің заңдылықтары;
- қылмыс және оған қатысушылар туралы ақпараттың пайда болу заңдылықтары;
- дәлелдемелерді жинақтау, зерттеу, бағалау мен пайдалану заңдылықтары.
Екінші бөліміне қылмыспен күресуге қажетті криминалистік құрал-жабдықтарды, тәсілдер мен әдістерді ойлап шығару, практикаға енгііп пайдалану және оларды жетілдіру жатады.
Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.
Криминалистика жүйесі ғылымның пайда болуынан бастап бүкіл тарихы бойына дамып және жетілдіріліп отырады. Бұл процесс осы күнге дейін жалғасуда. Криминалистика өз алдына ерекше, дербес ғылым болғандықтан, оның өзі іштей өзара байланыстығы жеке бөлімдерінен құралған ғылым жүйесі болып табылады. Көптеген оқулықтарда дәстүрлі түрде криминалистика жүйесі төрт бөлімнен құралған, олар:
- Криминалистиканың жалпы теориясы;
- Криминалистік техника;
- Криминалистік тактика;
- Криминалистік әдістеме.
Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш топқа бөлінеді.
Криминалитиканың жалпы немесе басты міндеті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен басқа да ғылымдар саласы сияқты өз тұрғысынан көмектесу.
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын обьективтік заңдылықтардың одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы және жеке теорияларын дамыту, олардыңжалпы әдістемелік негіздерін жасау;
- Заттай жәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа техникалық құралдарды жасап шығару;
- Алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу арқылы олардың нәтижелігін арттыру;
- Қылмыстардың жекелеген түлерін тергеудің әдістемесін өңдеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;
- Қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық қорғау органдарына ұсыну;
- Шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады.
СӨЖ
Тақырыбы
Орындаған
Тексерген
Тобы