Бас бостандыгынан айыру орнынан тысқары жерге қысқа мерзімге шыгуға рүқсат етілген сотталган адамның шыгу мерзімі біткеннен кейін, сол сияқты айдауылсыз жүріп-түру қуқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталган адамның бас бостандыгынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатында түзеу мекемесіне қайтып оралмауы -
Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінде бас бостандыгынан айырылуға сотталғандарды ерекше жағдайларға (жақын туысының қаза табуы немесе ауыр науқасқа душар болуы, сотталған адамға немесе оның отбасына ауыр табиғи апат салдарынан елеулі материалдық зардап, басқадай ауыр оқиғалар болуына) байланысты қысқа мерзімге түзеу мекемелерінен шығуға рұқсат етілуі мүмкін. Бірақ осындай қысқа мерзімге заңды рұқсат алғандар, жазасын одан эрі өтеуден Бұлтару мақсатымен бас бостандыгынан айыру мекемесіне келмей қоюы да мүмкін.
Қылмыстық кұқык бүзушылыктың объектісі - бас бостандыгынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелерінің бірқалыпты қызметі.
Қылмыстық қү-қық бұзушылык объективтік жагынан бас бостандыгынан айыру орнынан қысқа мерзімге шыгуға рұқсат етілген сотталган адамның шығу мерзімі біт-кеннен кейін, сол сияқты айдауылсыз құкыгын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталган адамның бас бостандыгынан айыру түріндегі жазасын одан эрі өтеуден жалтару мақсатында жасаған түзеу мекемесіне қайтып оралмауы арқылы сипатталады.
Көрсетілген кылмыстық құкық бүзушылык екі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші-сі - бас бостандыгынан айыру орнынан қысқа мерзімге шыгуға рұқсат етілген сотталган адамның шыгу мерзімі біткеннен кейін түзеу мекемесіне белгіленген уақытта себепсізден себепсіз қайтып оралмауы (Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің арнайы бабы). Белгіленген мерзімнен кешігіп оралу қылмыстық құқық бүзушылық емес - тэртіптік теріс қылық ретінде қаралады.
Екіншісі - айдауылсыз құқығын пайдаланатын не қадағалауда жүрген сотталган адамның бас бостандыгынан айыру түріндегі жазасын одан эрі істеуден жалтару мақсатымен түзеу мекемесіне қайта оралмауы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің тиісті бабына сэйкес бас бостандыгынан айыруды түзеу жэне тэрбиелеу колонияларында өтеуші, сондай-ақ тер-геушілік оқшаулау мен түрмелерде шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмысқа қалдырылган, өзін жақсы жагынан көрсеткен сотталғандар: олардың орындайтын жұмысының сипатына қарап, күзетілетін аумақтан тыс жерде айдауылсыз немесе қасына кісі қосып ертпей жүруге рүксат етілген адамдар деп таньшады. Мұндай сотталғандар болек тұрған жайларда орналасады. Оларға түзеу мекемесінің шегінен тысқары, бірақ жергілікті атқарушы органдардың келісімімен түзеу мекемесінің экімшілігі белгілеген шекте жатақханаларда тұруға рүдсат етілуі мүмкін.
Қадағалауда жүрген адамдарға бас бостандыгынан айыруға сотталып жазасын қоныс колонияларында өтейтіндер жатады. Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару кодексінің арнайы бабына сэйкес мұндай адамдарға қоныс колониясының шегінен тысқары жүмысының сипатына байланысты жерлерде қадағалаусыз жүруге рүқсат етілуі мүмкін.
Осы корсетілген - айдауылсыз кұқығын пайдаланатындардың немесе қадағалауда жүрген сотталган адамдардың бас бостандыгынан айыру түріндегі жазасын одан эрі өтеуден жалтару мақсатымен себепсіз түзеу мекемесіне қайтып оралмауы қьшмыстық құқық бүзушылық болып табылады.
Қылмыстық қүдық бұзушылық құрамы формальдық жэне ол занда көрсетілген адамдардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бу_зушылықтың субъектісі - арнаулы 16 жасқа толған бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығуға рұқсат алған сотталған адам; не-месе айдауылсыз құқығын пайдаланушы не қадағалауда жүрген сотталған адам.