1.Сотта не сотңа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәнің, жэбірленушінің көрінеу жалган айгақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жагдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган керінеу қате аударма -
2. Сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша не пайдакүнемдік ниетпен жасалган дал сол іс-әрекеттер -
Сотта не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куэнің, жэбірленушінің көрінеу жалған айғақтары не сарапшының, маманның қорытындылары, сол сияқты сондай жагдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган көрінеу қате аударма -
Мүлдай эрекеттер қылмыстық немесе азаматтық істер бойынша шындықты ашуға бөгет келтірумен бірге сот, тергеу немесе алдын ала анықтаушы органдардың дұрыс қызмет атқаруын бұзады. Осыған орай қылмыстық құқық бұзушылыктың тікелей объ-ектісі - әділсоттылық мүддесі, ал қосымша тікелей объектісі жеке тұлғаның кұқықтары мен мүдделері болады.
Құрылысы жөнінен Бұл кылмыстық кұқық бұзушылық формальдық құрамға жатады және қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мынадай эрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:
1) Сотта, не сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куэгердің, жэбірленушінің көрінеу жалған жауап беруі; 2) сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі; 3) дэл сондай жагдайларда сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаган көрінеу қате аударма,
Куэгердің, жэбірленушінің жалған жауабына олардың өздеріне мэлім болган фактілер женінде толық немесе ішінара шындыққа сай келмейтін мэліметтер беруі. Егер куэгер немесе жэбірленуші жэне мэлім болған фактілер туралы ештеңе айтпаса, онда олардың эрекеті жауап беруден бас тарту деп танылып, олар Қылмыстық кодекстің 421-бабы бойынша жауапты болады.
Зерттелген объект бойынша саналы түрде жалған, шындыкда жатпайтын немесе сенімсіз, екі ұшты іс материалдарына негізделген қорытындыны жасауы сарапшының көрінеу жалған қорытынды беруі деп білеміз. Іс үшін мэні бар процеске қатысушылардың деректерін, жауаптарын саналы түрде, эдейі бұрмалап, теріс аударуды аудармашының жасаған көрінеу бүрыс аудармасы деп білеміз.
Қылмыстық құқық бұзушылық формальдық құрамға жатады. Жэне ол занда көрсетілген эрекеттердің істелген уақытынан бастап, іске эсер еткеніне немесе эсер етпе-геніне қарамастан аяқталған деп танылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың аяқталу уақыты қылмыстық іс жүргізу сатысына тікелей байланысты. Алдын ала тергеу немесе алдын ала анықтама жүргізу сатысында куэгердің, жэбірленушінің, аудармашының жауап беру хаттамасына қол қойған, ал сарапшының жазбаша қорытынды берген сэтінен, ал істі сотта қарау сатысында - куэнің, жэбірленушінің жауап беру немесе сарапшының кррытындының мазмұнын жариялаған, аудармашының жауаптар мен қорытынды мазмұнын аударған уақыттан бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
Заңда көрсетілген көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытынды беруі немесе атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашының қате аударуы деген сөздің өзі бұл қылмыстың субъективтік жағынан тікелей қасақаналыкден жасалатынын көрсетеді. Заң бұл қылмысты белгілі бір ниетпен байланыстырмайды. Қылмыстық кұқық бұзушылық ниет айыпкердің жағдайын жақсарту немесе киындату, одан кек алады деп қорқу, пайдакүнемдік, қызғаныш т.с.с. болуы мүмкін. Егер куэ, жэбірленуші белгілі бір факті жөнінде шын қателесіп жауап берсе, сарапшы кэсіптік деңгейінің төмендігінен қате қорытынды берсе немесе аудармашы тілді немесе терминдердің ерекшелігін жете білмеуден дұрыс аудармаса, онда оларды ҚК-тің 420-бабымен жауапқа тартуға негіз жоқ.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - жасы 16-ға толған куэгер, жэбірленуші, сарапшы немесе аудармашы.
Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаумен, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған дэл осы эрекеттер - қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлататын түріне жатады (420-баптың 2-тармағы). Ауыр немесе аса ауыр қылмыстың түсінігі ҚК-тің 11-бабының 4-5-тармақшаларында берілген. Сондай-ақ пайдакүнемдік мақсатта жасалған эрекеттерге түсінікті ҚК-тің 419-бабының 3-тармағында талдау жасағанда түсіндіргенбіз.