Лекции.Орг


Поиск:




Жыныстық қылмыстық құқық бұзушылықтар




Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы «Sop-flay жэне өзге де нэпсіқұ_марлық сипаттағы күш қолдану эрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мэселелері туралы № 4 нормативтік қаулысында атап көрсетілгендей жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор жэне ол кең epic алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі сол мүлдай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына жэне жыныстьщ бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұ_ғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгер-шілік түрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады.

Бұл тұрғыда қылмыстардың топтық объектісі жеке тұлғалардың жыныстық бостандығын, жыныстық бостандыққа қол сүғушылықты реттейтін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі - жыныстық бостандықтың, жыныстық бостандыққа қол сү^ылмаушылықтың жекелеген салалары болып табылады. Объективтік жағынан Бұл тү_рғыдағы қылмыстардың барлығы белВенді эрекет арқылы жүзеге асырылады. Завдылық құрылысы жөнінен Бұл қылмыстар (зорлаудың ауырлата-тын түрінен басқалары) формальдық құрамға жатады.

Субъективтік жағынан осы топқа жататын қылмыстар тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.

Қылмыстың субъектісі - нақты қылмыс құрамының ерекшеліктеріне байланысты 14, 16 немесе 18-ге толған кез келген ер немесе эйел жынысты адамдар болады. Зорлаудың (120-бап) субъектісі тек ер жынысты адам болады. Енді осы топқа кіретін жекелеген құрамдарға талдау жасайық.

Бап. Зорлау

1. Зорлау, ягни жәбірленушіге немесе басқа адамдарга күш қолданып немесе оны ңолдану қатерін төндіріп не жабірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау -

2. Мынадай:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган;

2) өлтіру қатерін төндірумен уласқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басңа адамдарга қатысты аса қатыгездікпен жасалған;

3) жәбірленушінің соз ауруын жүңтырып алуына әкеп соңқан;

4) бірнеше рет жасалган зорлау-

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-арекеттер, егер олар:

1) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқса;

2) абайсызда жабірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС жүқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса;

3) көрінеу кәмелетке толмаган адамга ңатысты жасалса;

4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалса;

5) кәмелетке толмаган адаига қатысты ата-анасы, педагог не оны тәрбиелеужөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса;

6) қылмыстық топ жасаса -

4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар көрінеу жас балага ңатысты жасалса, -

Зорлаудың тікелей объектісі эйелдің жыныстық еркі жэне бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі эйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана эйел жынысты адамдар болады.

Объективтік жағынан алғанда зорлау жэбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жэбірленушінің дэрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады.

Зорлау дегеніміз еркектің эйелдің еркінен тыс, оның келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қатынас жасауы болып табылады. Бұдан басқа күш қолданылып жасалатын жыныстық актілер нэпсіқұмарлық сипаттағы басқадай іс-эрекеттерге жатады (мыса-лы, табиғи емес түрде жыныс қатынасын жасау, еркек пен еркектің, эйел мен эйелдің зорлықпен жасалатын жыныстык катынастары т.с.с).

Зорлауды жүзеге асырудың тэсілдері занда (120-бап) атап көрсетілген. Олар: 1) жэбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану; 2) немесе оны қолданбақшы бо-лып қорқыту; 3) жэбірленушінің дэрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көрсетілген. Күш қолдануға жәбірленушінің карсылығын басу үшін оны ү_рып-соғу, жарақаттау, басқа да тэнін ауыртатын жарақаттар келтіру, қол-аяғын байлау, тұрғын жайға қамап ерекше ұстау, көмек шақыруға мүмкіндік бермеу эрекеттері жатады.

Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінэлінің жэбірленушіні, оның балаларын не-месе жақын туыстарын, өзгеде оған жақын деген адамдарды ү_рып-соғып, сабайтынын, азаптайтынын немесе басқадай зорлық эрекеттерін жасайтынын білдіретін эрекеттері жатады.

Жэбірленушінің дэрменсіз күйін пайдалануға оның дене бітімі немесе психикалық жай-күйіне байланысты (өте жастығына, кемтарлығына, есінің кіресілі-шығасылы бо-луына, басқадай ауыр науқастығы немесе ессіз ісүйге келуі салдарынан) өзіне қарсы істеліп жатқан эрекеттердің сипаты мен мэнін түсінбеушіліктен немесе оны түсінгенімен жэбірленушінің оған қарсылық көрсетуге мастығынан, немесе басқадай негіздер бойын-ша шамасы келмеген жағдайлары жатады.

Зорлау құрамы болу үшін кінэлі адам занда көрсетілген тэсілдердің бірін қолдана отырып, жэбірленушімен физиологиялык жағдайда жыныстық қатынаста болуы қажет. Яғни көрсетілген қылмыс жыныстық актіні бастаған уақыттан, яғни кінэлінің өз жыныс мүшесін жэбірлеушінің жыныс органына енгізген сэттен бастап аяқталған деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыс заңы алдау арқылы жыныс қатынасын жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгілемейді. Сондықтан да эйелді алдап, яғни оған үйленемін деп сеніміне қиянат жасау жолымен жыныс қатынасын жасауда әйелді зорлау қылмысының құрамы жоқ.

Ал күш жұмсау арқылы жэбірленушімен жыныс қатынасын жасауға бағытталған, бірақ кінэліге байланыссыз себептермен орындалмай қалған касақана эрекет зорлауға оқталу деп саналады.

Зорлауға оқталуды басқа қылмыстардан ажыратқанда кінэлі жэбірленушімен жы-ныс қатынасын оның еркінен тыс жасауды мақсат қылғанын жэне қолданылған күш осы мақсатқа жету үшін жұ_мсалғанын анықтау керек. Бұл жағдайлар анықталмаса, онда кінэлінің эрекетінде зорлауға оқталғандық үшін қылмыс құрамы жоқ.

Жэбірленушіні жыныс қатынасын жасауға көндіруге бағытталған дэмелену, жалы-ну, сондай-ақ алдау сияқты эрекеттерді зорлау немесе оған оқталу деп саралауға бол-майды. Нақты жағдайларға байланысты мұлдай іс-эрекеттер егер кінэлінің эрекетінде мэжбүрлеу фактісі орын алса, Қылмыстық кодекстің 123-бабымен саралануы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 2007 жылғы 11 мамырдағы осы қылмыс жөніндегі айтылған нормативтік Қаулысында әйелді зорлаудан өз еркімен бас тарту мэселесін дұрыс анықтаудың маңызына ерекше тоқталған. Осы Қаулыға сэйкес қылмыс жасауға кіріскен адам зорлауға оқталу кезінде оны ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұра зорлаудан өз ықтиярымен бас тарта оның эрекеті эйелді зор-лаудан өз еркімен бас тарту деп саналады.

Зорлаудан өз еркімен бас тартуға дейінгі жасалған қоғамға қауіпті эрекеттер (соққыға жығу, денеге жарақат салу, киімді жырту жэне т.б.) нақты жағдайларға қарай денеге қасақана жарақат салу, қасақана мүлікті жою жэне басқа жауаптылықты белгілейтін Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

Жыныс қатынасын жасауға физиологиялық жағынан қабілеті жоқ адамның жыныстық қатынастар жасау эрекеттері нақтылы жағдайларға байланысты бұзақылық, қорлау неме се өзгедей жауаптьшыкты көздейтін Қылмыстық кодекстің басқа баптары бойынша сара-лануы мүмкін. Мұндай эрекеттер зорлауға окталғандық деп танылмайды.

Субъективтік жағынан зорлау тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырыла-ды. Кінэлі адам жэбірленушімен онын еркінен тысқары жағдайда заңда көрсетілген тэсілдерді қолданып жыныс қатынасын жасайтынын біледі, сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді.

Зорлаудың субъектісі болып 14-ке толған ер адам ғана болады. Әйелдер осы қылмыстың үйымдастырушысы, айдап салушысы немесе көмектесушісі болуы мүмкін.

Қылмыстык кодекстің 120-бабының 2-тармағында зорлаудың мынадай ауырлататын түрлері көзделген:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған зорлау (ҚК-тің 31-бабының 1, 2-тармақтарын қараңыз).

2) өлтіру қатерін төндірумен ұштасқан, сондай-ақ жэбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау.

Өлтіремін деп қорқытуға жэбірленушінің өзін, балаларын, жақын туыстарын, басқа да жақындарын шын мэнінде өлтіруге бағытталған іс-эрекеттерді жүзеге асыруға негіз боларлық сөздер айтуы, қимылдар көрсетулері (мысалы: қару-жарақ, жарылатын зат, суық қаруды кезенуі) жатады. Жэбірленушіге жэне басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен зорлауда осы қылмыстың ауырлататын жеке түрі көрсетілген. Қатыгездіктің түсінігіне Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағының «д» тармақшасына талдау жасағанда толық тоқталғанбыз.

3) Жэбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына экеп соққан зорлау. Өзінде соз ау-руы бар екенін білетін адам эйел зорлауды жүзеге асырса немесе зорланған жэбірленуші осы аурумен ауырса кінэлінің әрекеті осы тармақ бойынша тікелей сараланады.

4) бірнеше рет жасалған.

Бірнеше рет зорлау деп аяқталғаны немесе аяқталмағанына, сондай-ақ кінэлінің осы қылмысты жүзеге асырудағы атқарған рөліне қарамастан Қылмыстық кодекстің 120-бабын қамтитын екі немесе одан да көп қылмыстарды істеуін айтамыз. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-тармағының «г» тармақшасы бойынша саралауға істеген қылмысы үшін кінэлінің бұрын сотгалғандығы немесе сотталмағандығы есепке алын-байды. Бүрын нэпсіқүмарлық сипаттағы зорлау эрекеттерін жасаған адамның (121-бап) эйел зорлағаны да (120-бап) осы баптың 2-тармағының «4» тармақшасымен саралануға жатады.

Кінэлі адам шамалы уақыт ішінде бір ниетпен жэбірленушімен бірнеше рет жыныс қатынасын жасаса, онда оның осы әрекетінде зорлаудың бірнеше мэрте жасалған құрамы бар.

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-тармағында зорлаудың өте ауырлататын мына түрлері үшін:

1) абайсызда жэбірленушінің өлуіне экеп соқтырған;

2) абайсызда жэбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ ЖИТС-ны жүктыруына немесе өзге ауыр зардаптарға экеп соққан;

3) көрнеу кэмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

көрінеу кэмелетке толмаған адамды зорлау 14 пен 18 жастың арасындағы жэбірленушіні олардың кәмелетке толмағанын кінэлінің көрінеу біле тұра зорлау эрекеттері баптың осы тармағы бойынша саралануға жатады. Егер кінэлі адам жэбірленушінің жасы жөнінде шын мәнінде кателессе, онда оны осы тармақ бойынша жауапқа тартуға болмайды.

4) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тэртіпсіздік барысында жасалса.

5. Кэмелетке толмаған адамға қатысты ата-анасы, педагог не оны тэрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге де адам жасаса;

6. Қылмыстық топ жасаса.

Абайсызда жәбірленушінің өліміне экеп соқтырған зорлауда кінэлінің екі нысаны орын алады. Зорлап жыныс қатынасын жасауды кінэлі тікелей қасақаналықпен жүзеге асырады, ал одан болатын зардап - жэбірленушінің өлуіне абайсыздықпен жол береді.

Қасақана кісі өлтірумен ұштасқан зорлау эрекеті орын алса, онда кінэлінің эрекеті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «10» тармақшасының жэне Қылмыстық кодекстің 120-бабының тиісті тармақтарымен қылмыстардың жиынтығы бойынша сара-ланады.

120-баптың 3-тармағының «2» тармақшасында көрсетілген өзге де ауыр зардаптарға - жэбірленушінің өзін-өзі өлтіруі немесе өзін-өзі өлтіруге оқталуы, бала туу, жыныстық қатынас жасау қабілетінен айырылуы, т.с.с. жатады.

Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1, 2 немесе 3-бөліктерінде көзделген эрекеттер, егер олар көрінеу жас балаға қатысты жасалса, онда заңда көтеріңкі жауаптылық бел-гіленген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1650 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1034 - | 847 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.