Бөлшектерді пластмассалармен жөндеу қарапайым, тиімді және сенімді. Олармен жөндеу кезінде қосылыста нығыздықты құру үшін үстіңгі беттерді өрістетуге, сызаттар мен тесіктерді бітеуге, бөлшектерді желімдеуге, үстіңгі беттерін түзетуге болады және қиын жерде орналасқан бөлшектердің саңылауларын да жабуға болады. Желім құрамын және пластмассаны пісірумен, дәнекерлеумен, хромдаумен, темірлендірумен ауыстыруға болады, кейде бұл әдіс бөлшектерді жөндеудің жалғыз ғана мүмкіндігі болып табылады.
Жөндеу кезінде қолданылатын пластамассаны екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне қатайтатын және қыздыру кезінде өзінің пластикалық қасиетін жоғалтатын термореактивті пластмассаларды жатқызуға болады. Оларды сызаттар мен тесіктерді желімдеу үшін және өрістету үшін әр түрлі композиция (сұйық немесе паста тәрізді) түрінде қолданады. Композицияның артықшылығы ЭД-20 және ЭД-16 эпоксидті шайыр негізін құрайды. Екінші топқа қыздыру кезінде қатайтпайтын және өзінің пластикалық қасиетін сақтайтын термопластикалық пластмассалар жатады. Олар әр түрлі бөлшектерді дайындау және өрістету үшін пайдаланылады. Оларға полиамидтер, мысалы, поликапролактам (капрон) П68, АК-7, капролон В, фторопласт Ф-4, полиэтилен және т.б. жатады.
Көлік техникасын жөндеу кезінде қолданылатын технологиялық желімдердің сипаттамалары 4.6-кестеде берілген.
4.6-кестеде берілген желімдерден басқа соңғы уақытта жөндеу барысында ашық ауада ұзақ уақыт бойында күнделікті тұтқырлықты сақтап отыратын және ауа жоқ жерде де тез арада қатайтатын анаэроб желімдерін қолданады. Анаэроб желімдерін өрістету, желімдеу үшін пайдаланады.
Сұйық құрамды желіммен бөлшектерді өрістету мынадай технологиялық сұлба бойынша жүргізіледі: бөлшек беттерін дайындау, қабатты жағу және термиялық өңдеу. Бөлшек беттерін дайындау, оның желім қабақшасымен ілінісінің жақсы жағдайын құру үшін өте қажет. Бұл жағдайларға беттің кедір-бұдырлығы мен оның тазалығы жатады.
Кесте
Детальдарды қалпына келтірудің кейбір тәсілдерінің негізгі техникалық көрсеткіштері
Детальдарды қалпына келтіру тәсілдерінің көрсеткіштері | Детальдарды қалпына келтіру тәсілдері | |||||||
Флюс қабаты мен балқыту | Көмірқышқыл газ ортасында балқыту | Ұнтақ тәріздес қоспамен газдық жалындық балқыту | Электримпульсті балқыту | Электржанамалы балқыту | Дірілдоғалы балқыту | Айнымалы ассиметриялы токта болаттандыру | Электрмеханикалық өңдеу | |
Детальдың ең төменгі диаметрі, мм | 35...40 | 25...30 | 10...15 | 10...15 | 18...20 | 20....30 | 12...15 | 20...30 |
Қалпына келтіру қабатының қалыңдығы, мм | 1,5...8 | 1...6 | 0,1...2 | 0,1...2 | 0,3...1 | 1...2,5 | 0,1...2 | 0,05...0,08 |
Қалпына келтіру бетінің түрлері | цилиндрлік | цилиндрлік және жазық | цилиндрлік, жазық және күрделі фигуралы | сыртқы цилиндрлік | цилиндрлік | цилиндрлік | цилиндрлік сыртқы | |
Қалпына келтіру кезінде детальдің ұзақмерзімділік коэффициенті | 0,9...1 (болат); 0,9 (қола) | 0,8...1 (болат) | 1...3 (болат) | 0,9...1 (болат); 1...0,95 (қола) | 0,9...1 (болат); 1...0,95 (қола) | 0,5...0,8 (беріктетілмеген болат) | 0,72 (болат) 0,9 (шойын) | 0,9...1,2 (болат) |
Қалпына келтірілетін детальдің материалы | болат, шойын, қола | болат, шойын | болат | болат,шойын, қола, мыс | болат,шойын, алюминий қорытпалары | болат | ||
Қалпына келтірілетін беттің келесі механикалық өңдеуінің қажеттілігі | көп жағдайларда өңдеу жүргізіледі | барлық жағдайларда өңдеу жүргізіледі | көп жағдайда өңдеу жүргізіледі | өңдеу жүргізілмейді |
Бөлшектердің өрістетілетін беттерінің кедір-бұдырлығын азайту үшін оларды қырнауыш қағазбен, металдық түрпімен, ірі түйірлі тастармен, металды қылшақпен, электрлі эрозиялық өңдеу арқылы жасанды өңдеу жасалынады. Тазалау мен майсыздандыруды ацетонмен, уайт-спиритпен, Б-1, Б-70 бензинімен жүргізеді. Майсыздандыру сапасын бөлшек бетін сумен суландырып тексереді.
Бөлшек бетіне желімді қолмен немесе механикаландырылған әдіспен жағады. Қолмен жағу әдісінде шашақты жаққыш пайдаланылады. Бөлшек бетіне қабатты жапқан соң, бөлшекті (4.6-кестені қараңыз) бөлме температурасында немесе 3-5 минут 60-650С пеште ұстайды.
4.6-кесте
Көлік техникаларын жөндеу кезінде қолданылатын технологиялық желімдердің сипаттамалары.
Желім таңбасы | Желімдеу кезінде жағылатын қабат саны | Термиялық өңдеуде ұстап тұру | Термиялық өңдеу режимі | Желімдеу кезіндегі қысым | Желімденетін өнім материалдары | |
Қыздыру теспература сы,0С | Ұстау уақыты сы, сағ. | |||||
БФ-2 БФ-4 БФ-6 МПФ-1 ВС-10Т 88Н 88 НП Лейконат ФР-12* ПЭД-Б* ГЭН-150 (В) * | 2-3 | 30-40 - 10-15 - - - 20-30 | 120-130 140-460 60-80 155 5 180 5 20-25 20-25 140 5 140 5 25 10 120-145 | 2-3 1-2 0,5-1 0,5-0,7 | 0,3-2 0,5-1 0,5-1 0,5-1 | Металл, гетинакс керамикасы, текстолит Мата, тері, киіз, Алюминий және оның ерітінділері Металл, металдық материалдар. Резеңке, металл, пластик. Металл, резеңке, ағаш, тері, киіз, ағашпластик, Поролон, полистирол, металл, Металл. |
* Желімді пайдалану кезінде ғана дайындайды.
Содан кейін келесі қабатты жағады. Қабыршақ қалыңдығы жағылған қабаттар саны желім ерітіндісінің тұтқырлығына байланысты. Ірі бөлшектердің беттеріне желім құрамды механикаландырылған әдіспен, яғни әр түрлі төлкелер мен сақиналардың ішкі беттеріне қарапайым тозаңдатқыштармен тозаңдату жолымен (бояу тозаңдату түрінде) жабады.
Желімнің қалыңдатылған қатарын термиялық өңдеу қатайтуды тездетеді және оның беріктік қасиетін жақсартады. Қыздыру электр пешінде жүргізіледі. Соңғы желім қабатын жағып және ұстап тұрған соң бөлшекті бөлме температурасында кептіру шкафына орналастырады да, қажетті температураға дейін қыздырады (4.6-кестені қараңыз) (домалау мойынтіректері мен сақиналардан басқа, соңғыларын 100-1200С дейін).
Пештегі температураның көтерілу жылдамдығы минутына 2-30, үлкен жылдамдық кезінде желімнің жеңіл фракциясының бөлінуі болады және желімнің үстіңгі қабыршағы қатпарлы болып келеді. Көрсетілген температурада бөлшекті ұстап тұрады да, бөлме температурасына дейін суытады.
Сұйық желімді құраммен бөлшекті ұзартудың ерекшелігі: құралдың және технологиялық процестің қарапайымдылығы, қабыршақ қалыңдығын 0,001-0,10 дейін жағу мүмкіндігі, жамылғыны механикалық өңдеудің қажет еместігі, ұзартылатын металдың құрылымының өзгермеуі, термиялық өңдеудің температурасының жоғары еместігі.
Бөлшектерді сұйық желімді құраммен желімдеу желімді құраммен ұзартудан айырмашылығы: желімді жікті термиялық өңдеу бөлшек бетіне желімді қабатты жаққаннан кейін, ал өз арасында бөлшектерді біріктіргеннен кейін жүргізіледі. Тәжірибе бөлшектердің желімді бірігуінің беріктілігі желімденетін беттердің дайындау сапасына, желімденген қабаттың қалыңдығына, екі бөлшектің жабысу алаңына және желімденетін жіктің алдындағы термиялық өңдеу режиміне байланысты болатындығын көрсетті. Қысылу қысымы бөлшектердің материал мен иілгіштігіне байланысты. Желімденген бөлшектерді термиялық өңдеу мен суытылған соң 20-30 с. кейін ғана пайдалануға беру ұсынылады. Осы уақыт ішінде желімденген жіктің беріктілігі жоғарылайды. Желімді құраммен бөлшекті біріктірудің ерекшелігі: әр түрлі материалдарды бір бірімен біріктіруге болатындығы (4.6-кесте қараңыз), мұнай өнімдерінің әсерінде тұрақты қосылыстардың болу мүмкіндігі, дірілге төзімділігі, желімденген жікте ішкі қысымның болмауы. Процесс 1800С көп емес температурада жүргізіледі. Желімді қосылыстың кемшіліктеріне жылуға төмен төзімділігін және жоғары төзімділіктің жетіспеушілігін жатқызуға болады.