Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Детальдарды қалпына келтіруді ұйымдастыру




Детальдарды қалпына келтіру машина жөндеудің өзіндік құнын азайту мен қосалқы бөлшектерді тұтынуды қысқартудың маңызды қоры болып табылады. Жөнделген машиналар қорын өсіру мәселесі және оның үлесін жаңа қордың 80%-ына дейін жеткізу қалпына келтірілетін детальдардың сапасына жоғары талаптар қояды. Жөнделген детальдардың ұзақмерзімділігі жаңа детальдардың ұзақмерзімділігінен кем түспеуі тиіс, сондықтан да оларды қалпына келтіру технологиясы жоғары экономикалық тиімділік пен тұрақты сапаны қамтамасыз етуі қажет. Жөндеу заводтарының деректері бойынша детальдарды қалпына келтірудің құны жаңа детальдар құнының орташа есеппен 40...50%-ын құрайды.

Кез келген тозған детальдің бірнеше ақауы болуы тиіс. Машиналарды пайдалану жағдайлары әртүрлі болғандықтан, бір модельдегі машиналардың біртиптегі детальдарының тозу дәрежелерінде де үлкен алшақтық пайда болады, ал жөндеуге түсетін детальдар өлшемдерінің таралуы өнеркәсіпте дайындалған детальдардың қалыпты заңдылығынан көп айырмашылықта болады.

Жөндеу қорының бастапқы жағдайының беймәлімділігі жөндеу өндірісінің басты ерекшеліктерінің бірі болып табылады.

Техникалық жағдайлары бойынша детальдар тозуының шектік мәнін біле отырып, тәжірибе жүзінде математикалық статистика әдістерін қолдану арқылы детальдар тозуының таралу қисығын тұрғызуға арналған мәндердің шамаларын табамыз. 4.15-суретте детальдар тозуының эмпирикалық 1 және теориялық 2 қисықтары берілген.

 

4.15-сурет. Э-652 экскаваторының реверсивті механизмінің горизонталь білік мойыншасы тозуының эмпирикалық (1) және теориялық (2) таралу сызықтары: m – тозудың таралу жиілігі

 

Детальдарды қалпына келтіру тәсілін таңдау салыстырылатын тәсілдердің техникалық көрсеткіштерін, детальдарды қалпына келтіру шығындарын және ұзақмерзімділік коэффициентін ескере отырып негізделуі тиіс (4.4-кесте). Жаппалардың ұзақмерзімділік коэффициенті бірден үлкен, кіші немесе бірге тең болуы мүмкін.

Қалпына келтірудің флюс қабатымен балқыту, көмірқышқыл газы ортасында балқыту, электримпульстік және электржанамалық балқыту, электрхимиялық өңдеумен балқыту тәсілдерін пайдалану кезінде динамикалық және айнымалы жүктемелерге төтеп беретін детальдарға қолдануға болады. Ал ол тәсілдердің қайсысын қолдану керектігі материалдардың конструктивтік ерекшеліктеріне, отырғызу сипатына, детальдарға түсетін күштерге, тозу сипатына байланысты болады. Тәсіл таңдау кезінде сонымен бірге жаппаның негізгі металмен ілінісу беріктігіне, қалпына келтірілетін детальдың тозуға төзімділігіне және т.б. назар аудару қажет болады.

Металдандырудың артықшылықтары: бөлшектерді қыздыру мен жылдам салқындату негізінде жаппаның жоғары қаттылығы; қалыңдықтар (10 мм-ге дейін) алу мүмкіндігі; жөнделетін детальды қыздыру (700С-қа дейін); жаппа қабатының майды жұтуы немесе ұстап қалуы, осының салдарынан тозуға төзімділіктің артуы және т.б.

Металдандырудың кемшіліктері: металдандыру бетін дайындау нәтижесінде детальдың тозуға кедергісінің төмендеуі, жаппаның төмен механикалық қасиеттері; негізгі металмен қабаттың ілінісу қаттылығының төмендігі (5....40 мПа); майда детальдарды металдандыру кезінде металдың үлкен шығындары және т.б.

Жөндеу өндірісінің қазіргі жағдайға сәйкес келетін кішісериялы өндіріс үшін топтық технология принциптерін жетекке алуға болады. Қалпына келтіру технологиясы конструктивтік және технологиялық белгілері бойынша ұқсас детальдарды топтастыру арқылы қалпына келтіру негізіндегі технологиялық процестерді типтендіру барысында жасалады.

Көлік техникасының негізгі детальдарын жіктеу және оларды қалпына келтірудің жобалық тәсілдерінің үлгісі 4.5-кестеде келтірілген [17].

Берілген детальдің немесе детальдар тобының жөнделуге қажет екендігі анықталған соң қалпына келтірудің нақты завод жағдайындағы тәсілдері белгілі болады, олардың ең тиімді тәсілі таңдалады. Топтық өңдеу әдісімен детальдарды қалпына келтіру партиядағы детальдар санын өсіреді және өндірісті сериялық түрге жақындатады.

Жөндеу өндірісінде қолдану масштабы бойынша қалпына келтіру тәсілдері жобамен төмендегідей таралады: пісіру және балқыту – 70%, жөндеу өлшемдері бойынша өңдеу – 12%, элетролиттік жаппамен жабу – 8%, бастапқы материалдарды полимерлерге алмастыру – 6%, қосымша жөндеу детальдарын дайындау – 3%, пластикалық деформацияны қолдану – 1%.

Жөндеу-механикалық заводтарда соңғы кездері тозған детальдарды ауыстыратын детальдарды дайындаудың шығынсыз және азшығынды технологиясы енгізілген. Детальдарды қалыптаумен өңдеу барысында металдың үлкен үнемділігін жасауға болады. Жөндеу заводтарында сонымен бірге балқытылатын модельдер бойынша құю әдісі кеңінен қолданылады.

Құю үшін 35Л, 40ХЛ және Р18 болаттары пайдаланылады. Дайындалатын детальдар қатарына трак, шынжыртабан буындары, кронштейннің бірнеше түрлері, білікшелер және т.б. жатады. Барлық құйманың 70%-ы ары карай өңдеуді қажет етпейді, тек 30%-на ғана бұрандалар салуға, тесіктерін тесуге, кілтек ойықтарын салуға тура келеді. Осы көлемдегі детальдарды механикалық өңдеумен дайындап шығу үшін қосымша 40 металкесу станогі қажет болған болар еді.

4.5-кесте

Машина детальдарының негізгі жіктелуі және оларды қалпына келтірудің мүмкін болар тәсілдері

 

Топтама Эскиз Қалпына келтірудің қолдану аясы Қалпына келтірудің мүмкін болар механикаландырылған тәсілдері
Біліктер
Тегіс Детальдардың біріккен жеріндегі тозған бөлігін жөндеу немесе қалпына келтіру (мойынтіректер, тісті дөңгелектер, шкивтер, барабандар және т.б.) А, Аш, Жж, Гп
Сатылы Тозған оймакілтектер мен арнашаларды қалпына келтіру Кж
Оймакілтекті Тесіктердегі және сыртқы беттердегі тозған немесе бұзылған бұрандамаларды қалпына келтіру Гп, Кж, А
Втулкалар
Тегіс Ішкі және сыртқы беттердің тозуын жою А, Аш, Жж
Сыртқы төбешікпен Ішкі және сыртқы беттердің тозуын жою А, Кж, Аш
Тісті дөңгелектер
Цилиндрлік Тозған және зақымданған тістерді қалпына келтіру. Тозған отырғызу тесіктерін (жанасқан детальдарды) жөндеу немесе қалпына келтіру Кж, А, Гп
Конустық Тозған терең беттерін қалпына келтіру, сызаттар мен сынықтарды жою және т.б. Кж, Гп, А
Білік - тістегеріштер Тозған және зақымданған тістерді қалпына келтіру _
Барабандар
Шкивтер Тозған немесе зақымданған сыртқы беттерді жөндеу немесе қалпына келтіру. Тозған жұлдызша тістері мен муфтадағы жұдырықшаларды қалпына келтіру. Тозған отырғызу тесіктерін жөндеу немесе қалпына келтіру А, Аш, Кж, Жж, Гп
Барабандар Сызаттар мен сынықтарды жою және т.б. А,Кж, Гп
Жұлдызшалар Тістердің отырғызу беттерін, кілтек ойықтарын қалпына келтіру Кж, А, Аш, Гп, Жж
Аунақшалар Отырғызу және шетжақ беттерінің, арнашалардың тозған жерлерін қалпына келтіру А, Аш, Гп
Жұдырықша лы муфталар Жұдырықшаларды, отырғызу және терең беттерін қалпына келтіру Кж, А, Аш, Гп
Айқастырмалар
Айқастырмалар Тозған отырғызу немесе басқа да тесіктерді жөндеу немесе қалпына келтіру; майысуларды жөндеу А, Аш, Гп
Иінтіректер Тозуға отырғызу немесе басқа да тесіктерді жөндеу немесе қалпына келтіру; майысуларды жөндеу А, Аш, Гп
Базалық детальдар
Рамалар - Сызаттар мен сынықтарды және басқа да зақымдарды жою. Қаттылығы төмен элементтерді күшейту, ақаулы элементтерді ауыстыру, конструкция элементтерін түзету А, Ка, Кж, Аш,,Гп
Металлқұрылымдар
Біртұтас - Сызаттар мен сынықтарды және басқа зақымдарды жою. Қаттылығы төмен элементтерді күшейту, ақаулы элементтерді ауыстыру, конструкция элементін түзету А, Аш,, Ка, Кж, Гп

Ескерту: детальдарды қалпына келтіру тәсілдерінің шартты белгілері:

А – флюс қабатымен автоматтық электр импульстік балқыту (бұрама сызығымен); Аш – флюс қабатымен автоматтық балқыту; Ка – көмірқышқыл газындағы балқыту электронды ортасында автоматты балқыту; Кж – көмірқышқыл газындағы балқыту электронды арасында жартылай автоматты балқыту; Гп – ұнтақ тәріздес материалдармен газды плазмалық балқыту; Жж – электр жанамалы балқыту (жанамалы жапсарлы).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 807 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2184 - | 2124 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.