Таспалы конвейерлердің тірек аунақшалары көліктегі машина жасауда ең көп тараған бұйым болып есептеледі. Ресейдің Узлов машина жасау заводында сағатына 78 аунақша (жылына 220-240 мың аунақша) шығара алатын автоматтық желі жұмыс істеуде [13].
Желінің жұмыс агрегаттары аунақшаларды жинаудың технологиялық күштеріне сәйкес орналасқан және ол келесі операциялардан тұрады: өңделген сыртқы құбырға 1 буксаларды 4 баспалау (6.5-сурет), сыртқы құбырды 5 жаншып біліктеу, ішкі құбырды 6 жаншып біліктеу, осьтерді 2 орналастыру, лабиринтті втулка 3 мен мойынтіректерді баспалау, серіппелі сақиналарды 8 және 9 орнату, жиналған аунақшаны тексеру және оларды майлау материалдарымен қамтамасыз ету.
6.5-сурет. Таспалы конвейердің аунақшасы:
1 – құбыр; 2 – ось; 3 – втулка; 4 – буксалар; 5, 6 – сыртқы және ішкі құбырлар; 7-9 – серіппелі сақиналар
Аунақшалар детальдары станоктар мен автоматты желі агрегаттарының сәйкес шанақтарына салынады. Аунақшалар агрегаттан агрегатқа бағыттағыш еңіс науалар бойынша тасымалданады. Аунақшалар науаларға арнайы гидравликалық құрылғылар көмегімен лақтырылып салынады.
Бірінші станокта буксаларды құбырға баспалайды (6.6-сурет І операция). Буксаларды ұстағыштарға 1 кигізеді де, гидроцилиндр плунжерінің жұмыс қозғалысы кезінде бірмезгілде құбырға баспалап отырғызады. Сонан соң екінші станокта буксаларды жаншып біліктеу (6.6-сурет ІІ операция) жүргізіледі. Ішкі құбырды орнату және оны жаншып біліктеу үшінші станокта жүзеге асырылады. Ішкі құбырды гидроцилиндр плунжерінің жылжуы кезінде конустық құралбіліктің 2 көмегімен жаншып біліктейді (6.6-сурет ІІІ операция). Төртінші станокта итергіштің көмегімен аунақша осі ішкі құбырға кіргізіледі. Шарикті мойынтіректерді буксалар мен аунақша осіне автоматты желінің бесінші станогында баспалайды. Осы мақсатта осьті қажетті жағдайда алдын ала ұстап тұрады.
6.6-сурет. Аунақшаларды автоматты желіде жинау операцияларының нобайлары:
1 – ұстағыштар; 2 – құралбіліктер
Сыртқы және ішкі нығыздағыш втулкаларды жинаулы түрде буксаға алтыншы станокта баспалайды, ал сыртқы және ішкі серіппелі сақиналарды буксаға жетінші станокта орналастырады. Жинаудың дұрыстығын бақылау үшін аунақшалар сегізінші станокта науа бойынша бағыттағыш бұрыштарға келіп түседі. Автоматты датчиктер жүйесі бақылау столына аунақшаларды біртіндеп беруге мүмкіндік жасайды. Жарамды (қозғалмайтын осьте айналатын) аунақшалар соңғы жұмыс орнына автоматты түрде бағытталады, ал жарамсыздары – қайта түзету үшін шанаққа беріледі. Бақылау барысында аунақшалар саны автоматты түрде саналады.
Автоматты желінің соңғы, тоғызыншы жұмыс орнында жарамды аунақшалар тығыз балқытылған консистентті маймен толтырылады. Аунақшаларды бояу мен орау жеке қосымша желіде жүргізіледі.