Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тісті, шынжырлы берілістерді, редукторлар мен беріліс қорабын жинау




Тісті берілістерді жинау. Тісті дөңгелектер біліктің отырғызу мойыншаларына шамалы саңылаумен немесе баспақ және арнайы қондырғының көмегімен қолмен тарту арқылы орналастырылады. Баспалау тістегерішті қыздырумен немесе білікті салқындатумен жүзеге асырылуы мүмкін.

Тісті дөңгелектер басты шеңбер диаметрі бойынша соққыға тексеріледі, сондықтан да білікті центрлерге немесе призмаларға орналастырады (6.2-сурет) [9].

Егер дөңгелектің орталық тесігінің осі бастапқы шеңбер осімен эксцентрикті болса, онда ілінісу кезіндегі радиалды соққы саңылаулардың әртүрлі болуына әкеп соқтырады. Мұндай осьтерді баспалау кезінде тісті тәждің қасбеттік соққысы пайда болады және тістің ұзындығы бойынша жанасу жеткіліксіз болады.

Цилиндрлік тісті дөңгелектердің дұрыс ілінуісіне қол жеткізу үшін біліктер бір жазықтықта және параллель орналасуы тиіс. Оларды түзетуді корпустағы мойынтірек астындағы ұялар жағдайларын реттеу арқылы жүргізеді. Сонымен бірге барлық тісті дөңгелектер корпусқа орналастырылып болған соң, саңылау, ілінісу және жанасу бойынша тексерілуі қажет. Жаңадан орналастырылған тісті берілістер үшін рұқсат етілген бүйірлік саңылау болуы тиіс, мұндағы =0,02...0,10 – айналу жылдамдығы мен беріліс типі бойынша қабылданатын коэффицент; m – модуль, мм.

 

6.2-сурет. Престелген тісті дөңгелектерді ауытқымаға тексеру: а – призмаларда; ә – центрлерде

 

Жанасу нүктесі сыртқы түсі немесе бақылаудың басқа құралдарымен стандартқа сәйкес тексерілуі тиіс (6.3-сурет).

 

6.3-сурет. Цилиндрлік тісті дөңгелектердің ілінісуі (а) және қалыпты ілінісудегі тістің түйіс дағы (ә).

 

Конустық тісті дөңгелектермен беріліс сапасы беріліс біліктерінің осьтерінің дұрыс қиылысуымен, дөңгелек осьтері арасындағы бұрыштар дәлдігімен, бүйірлік және радиалды саңылаулар шамасымен анықталады. Конусты тісті дөңгелектер осьтерінің ауытқуы модуль m мәніне байланысты болады. 2...8 мм модульдері үшін ауытқудың рұқсат етілген шамасы (0,015...0,060)m болса, ал m=8...14 мм модульдер үшін болады.

Конустық тісті берілістердегі радиалды және бүйірлік саңылауларды тексеру цилиндрлік тісті дөңгелектердегі берілістерді тексерумен бірдей жүргізіледі. Конустық тісті дөңгелекті берілістердегі саңылауларды дөңгелек жұптарын білік бойымен біршама жылжытумен реттеуге болады. Олардың шамаларын да цилиндрлік тісті дөңгелектердегідей етіп анықтайды.

Бұрамдық берілістер цилиндрлік және конустық тісті берілістермен салыстырғанда дәлірек дайындау мен жинауды талап етеді. Бұрамдық берілістің дұрыс жұмыс істеуі бұрамдық пен оның дөңгелегі осьтерінің орналасуына, жұмыс беттерінің арасындағы қалыпты саңылауға, жақын жатқан профильдердің жанасуына, жеңіл және бірқалыпты айналуына тығыз байланысты болады. Бұл берілісте бұрамдық бұрамалары мен тісті дөңгелек арасында бүйірлік саңылау, яғни дөңгелек жылжымайтын кездегі бұрыштық ығысу пайда болады. Мұндағы саңылау: , - берілістің модулі, мм.

Егер жылдам жүрісті берілістер үшін жанасу беті немесе жанасу нүктесі тістің жұмыстық ұзындығынан 80%-дан кем болса, әрі ол көрсеткіш орташа жылдамдықты жүрістегі берілістерде 60% болса, онда берілістің жиналуы дұрыс деп есептеледі.

Жүрістің жеңілдігі мен жайлылығы қолмен, динамометрмен, тежегіш құрылғыларымен немесе басқа да бақылау аспаптарымен анықталады.

Редукторлар мен беріліс қораптарын жинау жалпы арналудағы редукторлар мен сызбаларына сәйкес және Мемлекеттік стандарт талаптарына жауап бере алатындай болуы тиіс [20]. Қораптың сырланған ішкі беттері және құйылған детальдардың өңделмеген беттері жинаудың алдында тазалануы және құрғатылуы тиіс.

Жылжымайтын тістегеріштердің қайта қосылуы бірқалыпты күшпен еркін түрде жүзеге асырылуы қажет. Қайта қосу механизмі тістегеріштердің берілген жағдайда тұрып қалуын қамтамасыз етуі тиіс. Іліністегі тістегеріштердің қасбеттік сәйкес келмеуі ені 30 мм-ге дейін болатын тістегеріш үшін тәж енінің 5%-нан аспауы, ал ені 30 мм-ден асатын тістегеріш үшін 3%-дан аспауы керек. Саңылаусыздықты қамтамасыз ету мақсатында редукторлардың ажырайтын бөлігін жинау алдында спиртті лакпен немесе сұйық әйнекпен жұқа қабаттап майлайды. Жиналған редукторлар мен беріліс қораптары жинау сапасы тексеруінен өткен соң домалатуға беріледі.

Шынжырлы берілістерді жинау. Жұлдызшаларды біліктерге орнату және оларды шынжырлы берілістерде кілтек немесе оймакілтектің көмегімен бекіту тісті дөңгелектердегідей жүргізіледі. Шынжыр тістерді дұрыс айналу үшін жұлдызшалар осьтері қатаң түрде параллель, ал олардың қасбеттері бір жазықтықта жатуы тиіс. Жұлдызшалардың рұқсат етілген ығысуы 1...2 мм-ден аспауы керек. Оны реттеу тығырықтың немесе тоқтатқыштың көмегімен іске асырылады. Жұлдызшалардың соққысын қосымша аспап центрінде және призмаларда индикатор немесе рейсмустың көмегімен тексереді.

Ұзын өлшемді шынжырды алу үшін олардың ұштарын ауыспалы буындармен жалғайды. Втулкалы-аунақшалы шынжырда (6.4 а-сурет) жалғастыру буыны табақшалармен бекітілген екі аунақшадан тұрады. Шынжыр ұштарын біріктіру үшін бір табақшаны шешіп алады, осьтерді соңғы буындар втулкасының тесігіне қояды, сонан соң шешілген табақшаны орнықтырады және осьтерді гайкамен немесе бұрамасұқпамен бекітеді.

6.4-сурет. Втулкалы-аунақшалы шынжырлар ұштарын жалғау және тартпалар құрылысы:

а – шынжырды жұп санды буынмен жалғау; ә – шынжырды тақ санды буынмен жалғау; б, в – тартпалар

 

Мұндай буынмен жұп санды буынды шынжырларды біріктіруге болады. Тақ санды буынды шынжырларды біріктіру үшін 6.4 ә-суретте көрсетілгендей ауыспалы буын қолданылады. Осы тәртіппен табақшалы тісті шынжырларды да жинайды. Шынжырлар тартпасының құрылғысы 6.4 б және в-суреттерде көрсетілген. Шынжырлы берілістерді жинау барысында шынжырлардың шамалы бос болуын қамтамасыз ету қажет, себебі ол шынжырдың жұлдызша тістеріне дұрыс отыруына көмектеседі де, шынжырдың тозуын азайтуға септігін тигізеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 831 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2195 - | 2032 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.