Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


К2. Көлік техникасын жөндеу технологиясы бойынша негізгі терминдер мен анықтамалар




Ағымдағы жөндеу жұмыстары – көлік техникасының жұмысқа жарамдылығы немесе қамтамасыз етілуі және басқа бөлшектерін қалпына келтіру үшін орын ауыстыру барысында орындалатын жөндеу жұмыстары.

Ақау –нормативті құжаттамалар бекіткен талаптардан рұқсат етілмеген ауытқу.

Аралық жөндеу кезеңі – көлік техникасының жөндеу жұмыстары немесе техникалық қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерінің аралығындағы істелген жұмыстар.

Дайындық коэффициенті – бақылаудағы нысандардың жұмыс істеу жағдайының қорытынды уақытының осы нысандар саны мен пайдалану ұзақтығының (жоспарлы жөндеу мен техникалық күтуді жүргізерде кеткен тұрып қалуды есептемегенде) көбейтіндісіне қатынасы.

Детальдарды дефектациялау – детальдардың әрі қарай пайдалануға жарайтын-жарамайтынын анықтауға арналған олардың техникалық жағдайына түгел бақылау жасау.

Диагностика – нысанның техникалық жағдайын анықтауға арналған теорияны, әдістерді және құралдарды қамтитын сала.

Дұрыс жағдай – көлік техникасының нормативті-техникалық және конструкторлық (жобалық) құжаттамалардың барлық талаптарына сай келетін жағдайы.

Жоспарлы жөндеу жұмыстары – нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарымен жоспарлы түрде қарастырылған жөндеу.

Жөнделетін нысан – тоқтап қалған немесе ақаулардың жөндеуге келетін жағдайлардағы жөнделуі мен жұмысқа жарамдылығы.

Жөнделмейтін нысан –тоқтап қалу немесе ақаулардың пайда болған жағдайда жөнделуімен жұмысқа жарамдылығының қайта қалпына келмейтіндігі.

Жөндеу жұмыстары – машинаның жұмысқа жарамдылығы немесе дұрыстығын қалпына келтіру және оның ресурстарын немесе құрамды бөліктерін орнына келтірудегі операциялар кешені. Операциялардың бұл кешеніне: бөлшектеу, тазалау, жағдайды бақылау, бөлшектерді қалпына келтіру, жинау, реттеу, монтаждау кіреді.

Жөндеу жұмысының көлемі (атқарылатын міндетті жұмыстардың көлемі) –қалпына келтіру, тексеру немесе құрастырмалы бірліктер мен бөлшектерін ауыстырудағы жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің әрбір түрі бойынша орындалатын операциялар тізімі.

Жөндеу жұмыстарының өндірістік үдерісі – ең соңында техниканың түзелмейтін немесе жұмысқа жарамсыздығын нормативті-техникалық құжаттарда қарастырылған бойынша түзелетін немесе жұмысқа жарамды етіп шығаратын өндіріс қаражаты мен адамдардың іс әрекеттерінің жиынтығы.

Жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерісі – ең соңында нормативті-техникалық құжаттардың талаптарымен сәйкес келетін техниканың құрамды бөлшектерінің жүйелі бірігуі (ажырауы) немесе оның жөндеу жұмыстарының жағдайы, мөлшері, түрлерінің өзгеруіне дейін жетіп орындалатын өндірістік үдерістің қорытынды бөлігі. Осыған байлынысты технологиялық үдерістер: бөлшектеу, жинастыру, хромдау немесе пісіру арқылы бөлшектерді қалпына келтіру, тазалау және т.б. арқылы орындалады.

Жөндеу-механикалық шеберханалары – көлік техникасын ағымды жөндеуден өткізуге арналған және оларды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жөндеу-механикалықзаводтардан келетінагрегаттарды пайдаланатын кәсіпорындар.

Жөндеу өндірісінің мамандандыруы – машиналар немесе жинақ бірліктері, сонымен бірге детальдарды қалпына келтіру бойынша белігілі бір аяқталған технологиялық процестерді орындауды арнайы кәсіпорындарда, цехтарда немесе участоктарда ұйымдастыру формасы.

Жөндеу өндірісін технологиялық дайындау (ЖӨТД) – белгіленген мерзім, көлем, сапа және шығындар кезінде жөндеу кәсіпорнының машина жөндеуге технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.

Жөндеу өндірісінің шоғырлануы – жөндеу үдерісінің ірі жөндеу кәсіпорындарында немесе ірі жөндеу цехтарында жинақталуы.

Жөндеу-техникалық заводтары – көлік техникасын және де осы техниканың агрегаттары мен тораптарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған кәсіпорындар.

Жөндеуді ұйымдастырудың агрегаттық-тораптық әдісі – күрделі жөндеу кезінде тораптарды толық ауыстыратын, ал сонан соңғы жөндеулерде айналма қордан түсетін жөндеулі бөлшектермен біртіндеп ауыстыратын әдіс.

Жұмыс мерзімі – нысанды пайдаланудан бастап немесе оны жөндеуден соң қайта бастап шекті жағдайға өткенге дейінгі пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы.

Күрделі жөндеу жұмыстары – көлік техникасының толықтай және дұрыстығын қалпына келтіру немесе ресурстарын толықтай қалпына келтіруге жақын немесе оның құрастырмалы бірліктерін ауыстыру мен кез келген бөлшектерін, оның ішінде базалық бөлшектерді қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу жұмыстары.

Күрделі-қайта қалпына келтіру жөндеуі – жұмыс істеу мерзімі өтіп кеткен машиналарға арналған жөндеу. Бұл процесс ақауларды машинаны бөлшектеп шашып болған соң анықтаудан, оларды жөндеп және машина ресурсын келесі қараудан өткенше қайта қапына келтіруден тұрады.

Пайдалану – бұйымның сапасы жүзеге асатын, қолдау табатын және қалпына келтірілетін өмірлік циклінің бір сатысы. Жалпы алғанда пайдалануға оны арналуы бойынша қолдану, тасымалдау, сақтау және техникалық күту мен жөндеу кіреді.

Ресурс – машинаны пайдаланудан бастап немесе жөндеуден соң қалпына келтіріп, шектік жағдайға дейінгі жұмысының қорытынды есептік ұзақтығы.

Техникалық жағдай – нысанның техникалық құжаттамалары бекіткен белігі бір уақыт мезетінде жағдай параметрлері және белігілерімен сипатталатын өндіріс немесе пайдалану қасиеттерінің өзгеру жиынтығы.

Техникалық жоба – жобалау тапсырмасында болжамдап шешілген технологиялық, құрылыс, тасымалдау тағы сол сияқты мәселелерді негіздейтін және жобалау тапсырмасы негізінде бекітіліп жасалған құжат.

Техникалық қызмет көрсету – операциялар кешені немесе белгіленген, күту, сақтау және тасымалдау бойынша пайдалану кезіндегі машинаның жөнделуі немесе жұмысқа жарамдылығын ұстап тұруды қамтамасыз ететін операциялар.

Техникалық қызмет көрсету циклі (жөндеу циклі) – нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) белгілі бір жүйесінде орындалатын, машинаның ең аз істелінген немесе қайталанатын уақыт интервалы.

Техникалық пайдалану коэффициенті – пайдаланудың белгілі бір кезеңінде нысанның жұмыс істей алатын қорытынды уақытының математикалық күтуінің сол кезең ішінде техникалық күту және жөндеумен белгіленген нысанның жұмыс істей алу жағдайы мен тұрып қалуының қорытынды уақытының математикалық күтуіне қатынасы.

Толықжинақты жөндеу – келесі қарауға дейін жұмыс мерзімін ұзарту арқылы машинаның дұрыстығы мен ресурсын қайта қалпына келтіру үшін және зерттеу нәтижесінде анықталған ақауларды жою мақсатында жұмыс мерзімі өтіп кетсе де, машинаның жұмыс жағдайында орындалатын жөндеу үдерісі.

Ұзақмерзімділік – техникалық күту мен жөндеудің бекітілген жүйесінде жұмыс істеудің шектік жағдайына жеткенге дейінгі бұйымның жұмыс істей алуын сақтау қасиеті.

Шектік жағдай критериі – нормативті-техникалық және конструкторлық (жобалық) құжаттамалармен бекітілген көлік техникасының шектік жағдайының белгісі немесе белгілерінің жиынтығы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1202 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2270 - | 2053 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.