~ Жіті бруцеллез кезіндегі негізгі синдром:
| қызбалық
| менингеалды
| аллергиялық
| іш өту
| сарғаюлық
~ Созылмалы бруцеллез кезінде ең жиі зақымдалады:
| тірек-қозғалыс аппараты
| тыныс алу жолдары
| ас қорыту жүйесі
| бүйрек
| қан түзу жүйесі
~ Созылмалы бруцеллездің сүйек-буынды түріндегі клиникалық белгілер:
| буындардың қызаруы, ісінуі
| буындардың сыртқы көрінісі өзгермеген
| буын аймағында бөртпелердің болуы
| буын аймағында жергілікті қызару
| буындарда ауырсынудың болмауы
~ Вирусты гепатит кезінде перифериялық қандағы өзгерістер:
| лейкопения
| анемия
| ЭТЖ-ның жылдамдауы
| нейтрофилді лейкоцитоз
| эозинофилия
~ Вирусты гепатиттер (В, Д) ауыр түрлеріне тән асқынулар:
| жіті бауыр жетіспеушілігі
| өкпе ісігі
| бүйрек жетіспеушілігі
| салдану
| гиповолемиялық шок
~ Вирусты гепатиттің ауырлық дәрежесінің критерийіне жатады:
| геморрагиялық синдромның болуы
| анорексия
| терінің қарқынды қышуы
| айқын сарғаю
| балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсыну
~ Бауыр интоксикациясының белгісі:
| анорексия
| сарғаю
| ахолиттік нәжіс
| тері қышуы
| қоңыр зәр
~ Жіті вирусты гепатиттің өршу кезеңінде бауыр көлемінің тез кішіреюі және оның ауырсынуының азаюы тән:
| жіті бауыр энцефалопатиясына
| холангитке
| созылмалы гепатитке
| өт айдау жолдарының дискинезиясына
| сауығуына
~ Жіті вирусты гепатит кезіндегі негізгі синдром:
| цитолиз
| холестаз
| мезенхималды қабыну
| ШТҰ (ДВС)-синдром
| май қабаты инфильтрациясы
~ Цитолиз белгілері:
| протромбин индексінің төмендеуі және АЛат-тың жоғарылауы
| тимол сынамасының жоғарылауы және сулемо сынамасының төмендеуі
| билирубиннің жоғарылауы
| билирубин және гамма-глобулиннің жоғарылауы
| бета-липопротеид және холестериннің жоғарылауы
~ Қанның биохимиялық зерттеуінің көрсеткіштері (билирубин – 88 ммоль/л, АЛТ-0,36 ммоль/л, тимол сынамасы – 3,6 ед., сулемо сынамасы – 2,0 ед.) тән синдром:
| холестаз
| гемолиз
| цитолиз
| мезенхимальды қабыну
| май қабаты инфильтрациясы
~ Вирусты гепатит В-нің ағымының ауырлығын көрсететін зертханалық көрсеткіш:
| протромбин индексінің төмендеуі
| АЛТ дәрежесінің төмендеуі
| АЛТ көрсеткішінің мөлшерге сай болуы
| сілтілі фосфотазаның деңгейінің жоғарылауы
| тимол сынамасының жоғарылауы
~ Вирусты гепатит В-нің холестатикалық түрінің биохимиялық белгілері:
| тікелей фракция нәтижесінде билирубиннің жоғарылауы
| сулемо титрінің жоғарылауы
| тимол сынамасының жоғарылауы
| холестериннің төмендеуі
|АЛТ-ның жоғарылауы
~ Гепатодистрофия кезіндегі шұғыл ем:
| глюкокортикостероидтер
| антибиотикотерапия
| анальгетиктер
| гепатопротекторлар
| дегидратация
~ Аденовирусты инфекцияға тән синдром:
| склерит
| фарингит
| бронхит
| ларингит
| трахеит
~ Өкпенің, бронхтардың және бронхиолалардың зақымдалуы....тән.
| респираторлы-синцитиалді инфекцияға
| тұмауға
| парагрипке
| аденовирусті инфекцияға
| риновирусті инфекцияға
~ Фарингоконъюнктивитті қызба... кездеседі.
| аденовирусті инфекцияда
| тұмауда
| риновирусті инфекцияда
| респираторлы-синтициалді вирусты инфекцияда
| парагрипте
~ А серотипімен шақырылған тұмауды емдеудің этиотропты препараты:
| ремантадин
| гамма-глобулин
| аскорутин
| интерферон
| аспирин-упса
~Аурудың клиникалық көріністері болмаған жағдайда мұрын-жұтқыншақтан бөлінетін сұйықтық:
| менингококкты сұйықтық
| менингококкты менингит
| менингококкты назофарингит
| менингококцемия
| менингококкты пневмония
~ Менингококкцемияға тән синдромдар:
| интоксикациялық және геморрагиялық
| интоксикациялық және менингеалді
| интоксикациялық және катаралды
| менингеалды және геморрагиялық
| геморрагиялық және катаралды
~ Менингококкты менингитте жұлын сұйықтығындағы өзгерістер:
| нейтрофилдің нәтижесіндегі цитоз
| клеткалар саны 10- нан аз
| лимфоцитоз нәтижесіндегі цитоз
| глюкоза құрамының жоғарылауы
| белок құрамының төмендеуі
~ Менингококкты инфекцияның энцефалит дамуындағы жайылмалы
түріне едәуір тән:
| бульбарлық белгілер
| оң мәнді менингеалды белгілер
| гиперестезия, гипертермия
| гиперпиретикалық температура, құсу
| гипотония, геморрагиялық бөртпе
~ Эпидемиологиялық бөртпе сүзегінде болуы мүмкін асқыну:
| тромбофлебит
| пневмония
| гиповолемиялық шок
| ішектен қан кету
| жіті бүйрек жетіспеушілігі
~ Бөртпе сүзегіне тән температура қисығы:
| тұрақты
| толқын тәрізді
| гектикалық
| қайтымды
| бұзылған
~ Безгекке тән анемия түрі:
| гемолитикалық
| темір жетіспеушілік
| ақуыз жетіспеушілік
| токсикалық
| апластикалық
~ Спорадиялық оба кезіндегі инфекция көзі:
| кеміргіштер
| адам
| майда мүйізді мал
| ірі мүйізді мал
| құстар
~ Обаның біріншілік-ошақтық түріне жатады:
| терілік
| бубонды
| абдоминалды
| өкпелік
| менингоэнцефалиттік
~ Оба кезіндегі гемограмма көрсеткіші:
| лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ-ның жоғарылауы
| лейкопения, таяқша ядролы ығысу, ЭТЖ-ның жоғарылауы
| анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-ның жоғарылауы
| эозинофилия, моноцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы
| атиптік мононуклеарлар
~ АИТВ –инфицирленген жағдайдағы ерте білінетін белгі:
| полилимфоаденопатия
| жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдалуы
| тыныс алу жүйесінің зақымдалуы
| орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы
| перифериялық жүйке жүйесінің зақымдалуы
~ АИТВ - инфекциясына ұқсас пневмония этиологиясы:
| пневмоцистті
| вирусты
| пневмококкті
| токсоплазмозды
| стафилококкты
~ АИТВ инфекциясы кезінде пневмоцистті пневмонияға тән:
| клиникалық және рентгендік белгілердің сәйкессіздігі
| экзантема және энантема
| зәр-жыныс жолдарының зақымдалуы
| пенициллинді терапияға жақсы нәтиже көрсетуі
| ЖҚА-нен лейкоцитоздың анықталуы
~ АИТВ- инфицирленген науқастардағы гематологиялық асқынулар:
| цитопения
| моноцитоз
| лимфоцитоз
| тромбоцитоз
| нейтрофилия
~ Тілме кезіндегі жергілікті симптом:
| эритема
| жара
| іріңді бөртпе (пустула)
| карбункул
| сыздауық
~ Тілмеге тән синдром:
| терінің зақымдалуы
| интоксикация
| диарея
| артралгиялық синдром
| лимфаденит
~ 25 жастағы науқаста интоксикация байқалғанына 7ші күн. Алдыңғы лимфа түйіндерінің 4ші дәрежеге дейін ұлғаюы, ауырсынуы. Бадамша бездерінің қызаруы, лакунарлы ірің. Барлық күндері лихорадка болған. Пенициллин қабылдаған эффект болмаған.Жер үйде тұрады, жертөлесінде: мысық және тышқандар бар.
Сіздің диагнозыңыз:
| листериоз
| лакунарлы баспа
| жәншау
| фелиноз
| ку-қызбасы
~ Сырқат 20 жаста, үйде инфекциялық мононуклеозбен ұзақ мерзімде қатынаста болған. Шағымы әлсіздік, шаршағыштық, тамағының ауырсынуы. Қарағанда мойын лимфа түйіндері ұлғайған, аңқасы қызарған. Ауырғанына 1 апта болған.
Диагнозды негіздеудегі клиникалық белгі:
| бауыр және көкбауырдың ұлғаюы
| мойын лимфа түйіндерінің іріңдеуі
| сфинктериттің дамуы
| менингеальды белгілердің пайда болуы
| Падалка симптомының пайда болуы
~ Бала 12 жаста, ауруы жедел дене қызуының жоғарылауы 39С, жалпы интоксикация, диспепсиялық белгілерден басталған. Ауруының 4- ші күні беті мойны ісіңкі, қызарған, склералары инъекцияланған. Тілі балқурай тәрізді. Дақты - папулезды бөртпе аяқ қолдарында байқалады. Гепатоспленомегалия.
Болжам диагнозды көрсетіңіз:
| псевдотуберкулез
| қызылша
| жәншау
| энтеровирусты инфекция
| коллагеноз
~ Гератит кезіндегі несептің "сыра түсті" болуы...түсіндіріледі
| өт қышқылының болуы мен уробилинуриямен
| уробилиннің болмауымен
| цилиндрурией
| лейкоцитурией
| наличием метгемоглобина
~ «Жедел дизентерияға» қандай нәжіс тән?
| «Ректальді түкірік» тәрізді
| «Таңқурай мүгі» тәрізді
| «Батпақ балдыры» тәрізді
| «Күріш қайнатпасы» тәрізді
| «Бұршақ сорпасы» тәрізді
~ Тілменің буллезді түріне қандай белгілер тән?
| серозды сұйықтықпен ірі көпіршіктер
| теріде майда көпіршіктің болуы
| ауырсынусыз карбункул
| ұзақ аурсыну синдромы
| жүйке талшықтары бойымен ауырсыну
~ Сiбiр жарасының карбункулдық дамуындағы басты ерекшелiк:
| шеттерiнде жас везикулалары бар қабыну иiнi болуы
| инемен шаншығанда зақымдану орнының ешқандай ауырмауы
| қара қабыршық (струп) болуы
| суық iсiк болуы
| аймақтық лимфаденит
~ Іш сүзегімен ауырған науқастарды ары қарай емдеу мен алдын алуға... қолданады.
| бактериофаг
| вакцина
| гамма-глобулин
| сары су
| спецификалық емес иммундыбелсендіруші терапия
~ Ұшықта... зақымдалуы мүмкін
| көздің кілегей қабаты, жыныс мүшесі, тері, ОЖЖ, өкпе, бауыр
| ОЖЖ, жүрек-тамыр жүйесі
| АІЖ, тері
| тыныс жолдары, тері
| несеп бөлу мүшелері
~ ЖИТС-ның клиникалық дамуында келесі ЖИТС-ассоцирленген аурулардың кездесуі басым:
| Капош саркомасы, пневмоцистi пневмония, кандидоз, ұшық
инфекциясы
| псориаз, аденовирустi инфекция, пневмония
| остеомиелит, сальмонеллез, туберкулез
| лейкоз, стоматит, вирусты гепатит
| гастроэнтероколиттер, бүйрек аурулары
~ Тағамдық улану... зақымдауы симптомдарымен өтетiн жіті жұқпалы
aуру.
| асқазан iшек жолдарының жоғарғы бөлiмдерi және су-тұз алмасудың
бұзылуы
| асқазан iшек жолдарының төменгi бөлiмдерi бұзылуы
| су-тұз алмасуының бұзылуы және жедел интоксикация
| гемодинамикамен
| жүрек қан-тамыр жүйесiн закымдануы
~ Әйел 60 жаста. Саяжайда тұрады, ешкілер бағады. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: қызару, оң жақ тізесінің ісінуі, қалтырау, дене қызуының жоғарлауы. Анамнезінде жедел 3-күн бұрын ауырған. Қарап тексергенде дене қызуы 38,5, оң жақ балтырдың төмеңгі бөлігінде, шекарасы айқын қызару. Пальпацияда ауру сезімі байқалады, терісін ұстап көргенде ыстық. Оң жақ шап аймағында үлкейген лимфа түйіндері, айналасындағы тінмен бірікпеген.
Болжам диагноз?
| оң жақ тізе аймағындағы тілмелік зақымдану
| оң жақ тізе аймағындағы сібір жарасы
| оң жақ тізе аймағындағы карбункул
| оң жақ тізе аймағындағы инфицирленген жара
| оң жақ тізе аймағындағы эризипелоид
~ Ер адам, 40 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 7-ші күні мына шағымдармен түсті: дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауруы, терінің сарғыштануы және қышуы. Эпидемиологиялық анамнез: Балықшы, жиі толық қайнатылмаған балықты қолданады. Сарғаю бар адаммен қатынаста болмаған. Соңғы 6 айда парентеральды егу болмаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,2оС, теріде, склерадағы сарғаю айқын. Терідегі қасынған іздер, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші кебіңкі, өт қабы аймағында ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см, зәрі қою қоңыр, нәжісі ашық сары, Жалпы қан анализінде –эозинофилия.
Болжам диагноз қойыңыз?
| описторхоз
| вирусты гепатит А
| лептоспироз
| иерсиниоз
| вирусты гепатит В
~ Ер адам, 26 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 2-ші күні мына шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жиі шұрылдаған көп мөлшердегі нәжіс, жүрек айну, көп мөлшердегі құсу. Ауру жедел басталған, бір тәулік ішінде жоғарыдағы симптомдар пайда болған. Жақында асханадан тамақтанған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,3оС, гипотония, тахикардия, тері тонусы төмендеген, ерні және тілі құрғақ, іші жұмсақ, эпигастральды аймақта және кіндік аймағында ауру сезімі, нәжісі қабылдау бөлімінде сұйық болды және көп мөлшерде, өткір иісті, жасыл түсті түрде.
Болжам диагноз
| сальмонеллез
| тырысқақ
| дизентерия
| иерсиниоз
| іш сүзегі
~ Ер адам, 23-жаста, жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: нәжісінің сулы және жиі болуы, көп мөлшердегі сулы құсық, жүрек айнусыз. Жедел ауырған. Жақын арада Гаитиде қонақта болған. Қарап тексергенде: жалпы терісінің көгеруі, шырышты қабаттарының құрғауы, афония, көз алмасының төмен түсуі, бет ұштары үшкірленген. Тері тонусы төмендеген, айқын «кір жуушының қолы». Белгілері, тері жабындылары суық, дене қызуы 35,4оС. Аяқ бұлшықеттерінде тырысу болған. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған, ентігу, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары әлсіз, тахикардия, гипотония, іші тартылған, ауру сезімсіз.
Алдын ала диагноздың болжамы?
| тырысқақ, гиповолемиялық шок
| сальмонеллез, гиповолемиялық шок
| жедел дизентерия ИТШ
| ішектік иерсиниоз ИТШ
| іш сүзегі ИТШ
~ Науқас 23 жаста, слесарь, завод жатақханасында тұрады, завод асханасында тамақтанады. Ауруы бір апта алдын басталған. Алғашқы 1-2-ші күні қызбасы 39-39,50С көтерілген. Объектвиті: науқастың жалпы жағдайы орта ауырлықта, қызбасы 37-37,20С. жұмсақ таңдай, тіл асты кілегей қабытың үсті түсі тері жамылғылары сарғайған. Пульс 54 рет 1 минутына, АҚ 90/60 мм сын.бағ. Жүрек тондары әлсіреген, өкпе жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. Іш жұмсақ, оң жақ қабырға астында сәл ауырғандық бар. Бауыр қабырға иенінен 2 см түскен. Талақ қабырға иені қырынан пальпацияланады. Зәр түсі «қою қайнатылған шай».
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| вирусты гепатит А
| вирусты гепатит В
| созылмалы гепатит В
| созылмалы гепатит С
| вирусты гепатит Е
~ Науқас 38 жаста. Қалада өмір сүреді. 4-5 айдан соң ауырып қалды. Фибриома операциясынан кейін. Операция кезінде қан құйылған соңғы жылдарда әлсіздік сезініп жүр, тізе, шынтақ, бел буындарында ауырғандық, тәбеті төмен, жүрегі айниды. Қарағанда температурасы 37,50С, тері жамылғысы, склерасы сарғыштанған, аздаған тырналған іздері. Тілінде жамылғысы бар, бауыры тығыз консистенциялы, пальпациядада 4 см қабырға доғасынан орналасқан. Талағы ұлғаймаған, кіші дәреті қара түсті, үлкен дәреті түссізденген. Қан анализі: лейкоциттер – 4,5 х 109/л, Эоз – 2%, тяқша тәрізділер – 1%, сегмент тәрізділер – 41%, лимфоциттер – 47%, моноциттер – 9%, СОЭ – 9 мл/сағ, жалпы билирубин: 87,5 мкмоль/тікелей 75,00 мкмоль/л, тимол сынамасы – 7 бірлікте, Сулена сынамасы – 1,5 мл, АЛТ – 13,7 мкмоль/л.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| жедел вирусты гепатит В
| жедел вирусты гепатит А
| созылмалы гепатит В
| созылмалы гепатит С
| жедел вирусты гепатит Е
~ Науқас С., 34 жаста, экономист, эпигастрий аймағында аздаған ауырсынусезімі, жүрек айну, тәбетінің төмендеу, жалпы әлсіздік, денесінің қақсауына шағымданады. Дәрігерге емханаға қаралады. Келесі күндері жағдайы өзгеріссіз, тек екі рет құсу болған. Ауруының 20-шы күнінде науқас осыдан 3 жыл бұрын жатырдан қан кету себебінен қан құйылғанын есіне түсірді. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына госпитализацияланады. Ауруханада алғышқы күннен бастап тері және склерада жеңіл сарғаю белгілері, көкірек терісінде біреу – сараң телеангиэктазазиялар, анық емес пальмаларды эритем, бауырдың 2-3 см ұлғаюы, брадикардия (1мин 60 рет) анықталады. Барлық уақытта билирубин деңгейі 47,1 мкмоль/л аспаған, АЛТ активтілігі 268; 342; 231; 148 білікте (зерттеу динамикасында). Қанда anti HCV IgM табылған.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| созылмалы гепатит С
| жедел вирусты гепатит В
| жедел вирусты гепатит А
| созылмалы гепатит В
| жедел вирусты гепатит Е
~ Науқас М., 16 жаста, ПТУ оқушысы. Ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Жедел басталды, тоңып қалтырау, температурасы 39,3С, басы ауырды. Парацетомол 1 таб. ішкен, 3 рет құсқан. Түскендегі шағымдары: басының бірден ауырсынуы, жағдайы ауыр, әлсізденген. Бас ауруынан ыңыранады, температурасы 39,3С, бөртпелер жоқ. Қабылдау бөлмесінде құсқан. Жүрек тондары айқын, таза. Пульсі минутына 90 АҚ – 130/95. Іші жұмсақ, ауырмайды. Желке бұлшық еттерінің ригидтілігі бар және Кернинг симптомы екі жағынан оң мәнді. Қан анализі: эр.- 4,2 х 10 12/л Нв – 150 г/л, реңдік көрсеткіш – 0,9 л. лейкоциттер 23 х 10 12/л ЭТЖ – 30 мм/сағ.
Ең ықтимал болжам диагнозды таңдаңыз?
| менингококты инфекция, менингит
| серозды вирусты менингит
| іріңді бактериальды менингит
| бас миының ісігі
| менингизм
~ Науқас И., 24 жаста, клиникаға 10.09. ауруының 2-ші күні түскен. Шығымдары: мұрын құысынан көп мөлшерде сұйықтықтың бөлінуіне, басының аздап ауыруына, тамағының ауырғандығына, құрғақ жөтелге, көзінің қышуының сезінуіне шағымданады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температурасы 38С, иірімнің (дужка) аздап қызарғандығы, тамырының артқы қабырғасының да қызарғандығы, ісінгені және түйіршіктелген табылады. Оң жақ көзінің қабағы қызарған, ісінген, түйін тәрізді. Коньюнктиваның, склераның тамырларының инъекциясы және қабағының ісінгені, оң жақ көз саңлауы тарылған. Менингеальды симптомдары жоқ. Жүрек тондары қысқарған, тамыр соғысы минутына 80 рет, толуы және серпімділігі орташа. Өкпеде везикулалы дыбыс, іші жұмсақ, ауырғандық жоқ. Бауыр 1,5 см үлкейген, талақ үлкеймеген. Үлкен дәреті каша тәрізді күніне 2 рет. Ауырғандықтың 4-ші күні дене қызуы түскен.
Ең ықтимал болжам диагнозды таңдаңыз?
| аденовирусты инфекция
| риновирусты инфекция
| реовирусты инфекция
| парагриппты инфекция
| респираторлы микоплазмалық инфекция
~ Науқас 20 жаста әскер 1 сәуір ауырған. Төменгі жағының артқы бұрыш аймағының ісінуі, ауызын ашқанда ауырсыну, әлсіздік. Госпитализацияланған қарағанда: жағдайы орта дәрежелі ауырлықта дене қызуы 37,7С шайнау бұлшық еттерінің әлсіз тризмі. Оң құлақ маны аймағында ісіну, пальпациялағанда ауырсыну, 6х6 см дақтимеген формалы, қамырлы консистенциялы тіндермен байланыспаған, терісі жалтырап тұр. Аңқасы таза, қызармаған, тілі құрғақ ақ жабындымен жабылған. Пульс 86 АҚ 110/70.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| эпидемиялық паротит
| сілекей безінің жаңа түзілімі
| мойын клетчаткасының флегмонасы
| лимфогранулематоз
| токсикалық дифтерия
~ Науқас 19 жаста. Ауруханаға ауруының 1-ші күні түседі. Осы күні науқас түскі мезгілден соң ауруы жедел басталған, қалтырап, күні бойы дене қызуы 40 С-қа дейін жоғарылап, басы ауырады. Кешкі мезгілде денесінде бөртпенің пайда болғанын байқайды, жедел жәрдем шақырып ауруханаға жеткізеді. Түскендегі шағымдары: бас ауырғандық, әлсіздік, жағдайы ауыр, дене қызуы 39С. Санасы дұрыс, бірақ өте әлсіз. Еңтігу, мұрын, ерін үшбұрышында цианоз, аяқ-қол, денесінде айқын, формасы дұрыс емес «жұлдызша» тәріздес геморрагиялы бөртпелер, сегізкөзде қатарланған некроздалған бөртпелер ошақтары көрінеді. Пульс-толықтығы әлсіз, 1мин 130. Артериялық қысымы 80/60 мм.с.б. Іші ауырмайды симптомдар жоқ. Қан анализі: эр.- 3,7 х 10 12/л, Нв – 110 г/л, Л – 31 х 10,9/д, П -30%, С - 50%, Л - 18%, Мон - 2%, ЭТЖ – 42 мм/сағ. Несеп анализі: меншікті салмағы 1015. Ақуыз – 0,066%. Эрит – 2-3 көру аймағында. Дәнді цилиндр 0,4 көру аймағында.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| менингококцемия
| бөртпе сүзегі
| желшешек
| қызылша
| белдемелі лишай
~ Науқас 25 жаста, сантехник, 10 желтоқсанда төмендегі шағымдармен түскен: үлкен дәретінің тұрақсыздығына, ішінің толғақ тәріздес ауруы, тәбетінің төмендеуіне. Науқас жұмыс уақытында жүргенде шілде айында ауырған, жатақханада тұрған, суды ашық су қоймасынан ішкен, жалпы ортадан (қазаннан) бөлімінің ауруы және күніне 10-12 ретке дейін ішінің өтуі болған. Нәжісінде кілегей және қан қоспаларының болғанын байқамаған. Дәрігерге қаралмаған, 4 күн бойы күніне 1 таблеткадан фталазол ішкен, осыдан кейін науқастың ішінің өтуі тоқтаған, бірақ дөрекі, майлы, сүтті тағамдардан кейін науқастың ішімдіктен кейін, ішінің өту және ауырсынуы байқалады. Өзіндік ем қолданған, шылым шегеді, алкогольдік ішімдік қолданады. Қарағанда: қызуы 37,20С., арықтаған, терісі бозғылттанған, тілі ылғалды, қалың ақ жабындымен қапталған, ішінің кебуі жоқ, жұмсақ, сигма тәрізді ішектің бойында ауырсыну байқалады, нәжісін қарағанда-кілегей араласқан ботқа тәріздес және майда қан түйіршіктері байқалады.
Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз?
| созылмалы дизентерия
| жедел дизентерия
| сальмонеллезды колит
| тағамдық токсикоинфекция
| вирусты диарея
~ Науқас Б. 40 жаста, ауруының 3-ші күні ауруханаға іш ауруына, қызбаға, іш өту мен бас ауруына шағымданып түсті. Ауруды бөлме температурасында 1 тәулік сақталған қуырылған үйрек жегеннен 12 сағаттан соң дамыған. Объективті: дене қызуы 390С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, науқас беймаз, тері тургоры төмендеген, іш кебіңкі, эпигастрий және оң жақ мықын аймағы ауырады, ішектердің спазмы жоқ, бауыр, талағы ұлғаймаған. Нәжісі қаралды, ол сұйық, көшеді, жаман иісті, кілегей араласқан жасыл түсті.