Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Басты сот талқылауының хаттамасы (ҚР ҚІЖК-нің 347-бабы).




Басты сот талқылауы кезінде міндетті түрде хаттама толтырылады. Көптеген заңгерлердің мойындауы бойынша хаттама — сот процесінің айнасы, онда іске қатысушьшардың барлық әрекетгері, қандай іс қаралып жатқаны, үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі көрінеді.

Хаттамада: басты сот талқылауының күні, оның басталу және аяқталу уақыты; соттың атауы мен құрамы; хатшының тегі; аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сондай-ақ сот шақырған басқа да адамдар; қандай іс қаралып жатқаны; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы туралы нұсқама көрсетіледі.

Хаттамада іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені ескеріледі.

Сондай-ақ хаттамада соттың жүргізілген реттегі іс-әрекеті, іске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық білдірулері және өтініштері, соттың кеңесу бөлмесіне бармай шығарылған қаулылары, қаулыларды кеңесу белмесінде шығарылуына нұсқау көрсетіледі.

Хаттамада айғақтардың егжей-тегжейлі мазмұны, сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары, сот мәжілісінде жүргізілген тексерулер мен дәлелдерді зерттеу жөніндегі басқа әрекеттердің нәтижелері, іске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтінген фактілерге нұсқамалар көрсетіледі.

Сонымен қоса хаттамада тараптардың сот жарыссөзінде сөйлеген сөздерінің жөне сотталушының соңғы сөзінің негізгі мазмұны, үкімнің жарияланғаны және оған шағымдану тәртібі мен мерзімі сотталушыға, жәбірленушіге, қорғаушыға және азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге де түсіндірілгені туралы нұсқама көрсетіледі. Бұған қоса, хаттамада егер тәртіп бұзушылық орын алған болса, тәртіп бұзушының жеке басы мен соттың тәртіп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетіледі.

Хаттама сот отырысы аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірілмей жасалып, оған төрағалық етуші мен хатшы қол қоюға тиіс. Ұзақ уақытқа созылған, тоқтатылған не кейінге қалдырылған жағдайда сот талқылауы барысывда хаттама бөліп-бөліп жасалуы мүмкін, оларға және бүтіндей хаттамаға сот отырысына төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.

Сот талқылауы хаттамасының дұрыс жазылуы туралы сот отырысының төрағалық етушісі мен хатшысының арасында түсініспеушілік болған кезде соңғысы өзінің келіспеушіліктерін жазбаша түрде сот отырысы барысында жасалған жазбалармен бірге хаттамаға қоса тіркеуге құқылы. Хаттама бойынша келіспеушілік төрағалық етушінің шешімімен немесе соттың жеке қарастыруымен шешіледі.

Басты сот талқылауы кезінде киноға түсіру, бейне, дыбыс жазбасы қолданылуы мүмкін, олардың материалдары сот отырысы хаттамасына қоса беріледі, оларға мөр басылып, іспен бірге сақталады. Хаттамада аталған техникалық құралдардың қолданылғаны туралы белгі қойылады.

Төрағалық етуші тараптарға басты сот талқылауының хаттамасы дайындалғаны туралы хабарлауға және онымен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.

Басты сот талқылауында жауап алынған адам хаттамадағы өз айғақтарының жазылуымен таныстыру жөнінде өтініш жасауға құқылы, мұндай мүмкіндік өтініш мәлімделгеннен кейінгі күннен кешіктірілмей берілуге тиіс.

Хаттама қолдан жазылуы немесе машинелік, не компьютерлік әдіспен дайындалуы мүмкін. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшін стенография қолданылуы мүмкін.

Басты сот талқылауының хаттамасына қол қойылғаннан кейінгі бес тәуліктің ішівде тараптар, өзге де адамдар хаттамаға ескерпелер беруге құқылы. Тараптардың өтініші бойынша аталған мерзімді сот он күнге дейін соза алады.

Басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелер. ҚР ҚІЖК-нің 348-бабында көрсетілгендей басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қол қойылғаннан кейін қарайды, ал егер ол ұзақ уақыт бойы болмаған кезде осы соттың басқа сот төрешісі қарайды. Ол нақтылау үшін ескертпе берген адамдарды шақыртуға құқылы.

Ескертпелерді қарау нәтижелері бойынша сот төрешісі олардың дұрыстығын куәландыру туралы не оларды қабылдамау туралы дәлелді қаулы шығарады. Хаттамаға және сот төрешісінің қаулысына жасалған ескертпелер басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі.

 

ІІ. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ

Қылмыстық процестің негізгі сатысының бірі сот отырысын ұйымдастыру болып табылады. Бұл сатыда негізі азаматтардың құқығының қорғанысы, айыпталушы, жәбірленуші және басқа да сот отырысына қатысушылардың заңды қызығушылыктарының сақталуы қамтамасыз етіледі.

Сотқа келіп түскен істер: прокурордан келіп түскен айыптау қаулысы немесе айыптау актісі; тергеушіден келіп түскен істі сотқа жіберу немесе медициналық бұлтартпау шараларын қолдану қаулылары; тергеу органдарының айыптау хаттамасы; азаматтардың жеке айыптау арыздарынан сот отырысын дайындау сатысы басталады. Бұл саты сотқа дейінгі отырыста зандылығы мен негізділігін анықтап, басты сот талқылауына жіберуге негіздердің бар немесе жоқ болуын анықтайды. Сот отырысын ұйымдастыру және дайындық кезеңінің тәртібі мен ережесі ҚР ҚІЖК-нің 319-330-баптарында көрсетілген.

ҚР ҚІЖК-нің 319-бабына сәйкес қылмыстық сотқа келіп түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта ҚР ҚІЖК-нің 320-бабына жетекшілік етіп судья сот отырысын тағайындаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:

1) істің аталған соттың қарауына жататындығын;

2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын;

3) анықтау және адцын ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол берілген-берілмегенін;

4) айыптау қорытыңдысының немесе айыптау хаттамасының көшірмесі берілген-берілмегенін;

5) айыпталушыға тандап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жайтпайтындығын;

6) қылмыспен келтірілген залалды етеуді және мүлкін ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын;

7) арыздар мен өтініштердің қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын; (ҚР ҚІЖК 320-бап).

Судья келіп түскен іс бойынша:

- басты сот талқылауын тағайындайды;

- істі алдын ала тындауды жүргізу туралы шешімдерінің бірін қабылдайды.

Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.

Судья қаулы шығарумен бір уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы мәселені қарауға міндетті.

Істі алдын ала тындауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткізеді. Істі алдын ала тыңдау өткізілетін уақыт пен орын тараптарға хабарланады.

Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы міндетті. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнінде өтінген кезде оның қатысуынсыз жүргізіледі. Қорғаушы дәлелді себептерсіз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушынының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады.

Егер сотқа жәбірленуші мен оның өкілінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердіц немесе олардың өкілдерінің келмеуі істі алдын ала тындауға кедергі болмайды (ҚР ҚІЖК 321-бабының үшінші бөлімі).

Басты сот талқылауын тағайындау (ҚР ҚІЖК322-бап). Басты сот талқылауын тағайындауға сот қаулысында процестік және ұйымдастырушылық сұрақтары болуы керек.

Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда мынадай мәселелерді қамтуы тиіс:

- сотталушының аты-жөні, қылмыстық заң бойынша айыпталып отырған қылмыс бабы, жасаған қылмысымен келтірілген залал мөлшері;

- басты сот талқылауының орны, уақыты, күні;

- ҚР ҚІЖК-те көзделген жағдайларына байланысты істі соттың жабық отырысында қарау туралы;

- процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де мәлімдемелері бойынша шешімдері;

- қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді;

- басты сот отырысына шақыруға жататын адамдар тізбесін;

- ҚР КІЖК-дегі 335-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген және заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі айыпталушының қатысуынсыз тындау туралы шешімді;

- сот ісі қай тілде жүргізілетіні туралы шешімді; Сонымен қоса судья сот талқылауына қатысушылар мәселесін шешуі керек:

- қаралып отырған іске мемлекеттік айыптаушының қатысуы;

- азаматтық талапкер, азаматгық жауапкер және олардың өкілдері туралы.

Жоғарыдағы мәселелерді шешіп, сотталушыға айыптау үкімінің көшірмесі тапсырылғаннан кейін және сотқа шақырылатын адамдар тізімін жасағаннан кейін басты сот талқылауын дайындауға қажетті шараларды қабылдайды.

Заң бойынша басты сот талқылауы кемінде үш тәуліктен кейін және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарған кезден бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс. Ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауы тиіс.

Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзарты-луы мүмкін. Алайда, соттың қандай мерзімге дейін істі созу мерзімі керсетілмеген. Бұған жауапты тек сот тәжірибесі көрсетеді, онда сот талқылауының мерзімі сот талқылауы аяқталғанға дейін және судьяның шешім шығарғанына дейін созылуы мүмкін.

Қылмыстық істі косымша тергеу үшін қайтару.Судья алдын ала тыңдау өткізгеннен кейін келесі бір шешімге келуі тиіс:

- істі қосымша тергеуге жіберу;

- істі тоқтата тұру;

- істі соттылыққа жіберу;

- істі қысқарту;

- қылмыстық істерді біріктіру;

- тараптардың шағымын қарау;

- іс бойынша сотты қысқартылған түрде қарау.

Судья істі қосымша тергеуге прокурор арқылы мынадай негізде жібереді:

- егер ол қаралып отырған іспен байланысты болып, істе айыпталушыға басқа айып тағуға негіздердің болуы немесе егер олардың әрекеті қаралып отырған іспен байланысты болса;

- басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздер болса және жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін болмаса;

- айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғүрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған жағдайларда қосымша тергеуге жіберуге құқылы;

- тараптардың өтініші бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да іс дұрыс біріктірілмеген немесе бөлінбеген жағдайда;

- басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын басқа да елеулі бұзушылық анықталған жағдайда.

Бұл ретте судья қаулыда істің қандай негіз бойынша қайтарылып отырғанын керсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешуге міндетті.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату (ҚРҚІЖК 304-бап).Іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушылардың біреуіне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың қүқығына нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Іс жүргізуді уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚР ҚІЖК-нің 50-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шығаруы мүмкін. Мысалы, айыпталушы іздеуде болса, психикалық немесе басқа науқаспен ауырған адам болған жағдайда іс тоқтатылады.

Кейде іс бойынша бірнеше айыпталушы болып, олардың бірі іздеуде, бірі психиатриялық емханада болса, қалғандары қамауда болған жағдайда сот бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін.

Егер осы уақыт ішінде айыпталушылардың біреуіне қатыс-ты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер жойылмаса, овда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс (ҚР ҚІЖК 324-баптың 2-белігі).

Егер айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмағаны кезінде іс прокурорға қайтарылады (ҚР ҚІЖК 45-баптың 1-бөлігінің 1-тармағы). Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата түру кезінде сотталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған кезде іс прокурорға қайтарылмайды.

Анықтаушы, тергеуші немесе прокурор кылмыспен келтірілген залалды өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар кабылдамаған жағдайда судья қылмыстық ізге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануды міндеттейді.

Егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай шешімнің зандық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрсете отырып, істі соттың қарауына жататын-дығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол туралы процеске катысушыларға хабарлайды.

Қылмыстық істі қысқарту. Судья істі толығымен немесе жеке адамдарға қатысты қыскартуы мүмкін. ҚР ҚІЖК-нің 35-бабының бірінші белігінің 1-12-тармақтарында және 36-бабының бірінші белігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тарткдн жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады (ҚР ҚІЖК 327-бап).

Басты сот талқылауын тағайындағаннан кейін тараптар алдын ала тергеу ісінде таныс болған барлық материалдармен танысуға және олардан керек дәлелдемелер алуға құқылы.

Егер сот отырысында судья бұлтартпау шарасын, сотқа шақырылған адамдардың тізімін немесе айыпталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда бүл өзгертулер қаулыға әсер етсе, айыпталушыға оның көшірмесі тапсырьшады. Алдын ала тыңдау кезінде сот процесінің хатшысы хаттама толтырады.

Аныктау немесе алдын ала тергеу процесінде қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және істі сотта қарауға кедергі келтіретін өзге негіздер жоқ деген пікірге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды.

 

ІІІ. БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ

ҚР ҚІЖК-нің 345-бабының 4-тармағына сәйкес сот отырысыңда тәртіп төрағалық етушіге жүктеледі. Басты сот талқылауының барлық қатысушылары, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтардың барлығы төрағалық етушінің сот отырысының тәртібін сақтау туралы өкіміне бағынуға тиіс.

ҚР ҚІЖК-нің 345-бабының 2-тармағында көрсетілгендей соттың сот отырысы залына кіруінің алдында сот приставы «Сот келе жатыр» деп хабарлайды, сот отырысына қатысып отырғандардың бәрі орындарынан тұрады.

Сот талқылауына қатысушылардың бәрі сотқа қарап сөйлесетінде, айғақтар бергенде және мәлімдеме жасағанда орындарынан тұрады. ҚР ҚІЖК-нің 345-бабының 3-тармағына сәйкес бұл ережелерден ауытқуға төрағалық етушінің рұқсатымен жол беріледі.

Сот отырысында тәртіп бұзған, төрағалық етушінің үкімдеріне бағынбаған кезде процеске қатысушыға тәртіпті қайта бұзуы оны сот отырысы залынан шығарып жіберуге әкеп соғатыны немесе әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатыны туралы ескертіледі.

ҚР ҚІЖК-нің 346-бабының 3-тармағы бойынша сотталушы тәртіпті қайта бұзса соттың қаулысымен сот отырысы залынан шығарылады.

Сот отырысы залында сот процесінің тәртібін бұзған адамға соттың өкімімен әкімшілік айыппұл салынады.

Егер сот отырысы залынан сотталушы шығарып жіберілсе, онда үкім оның көзінше жариялануға немесе ол жарияланғаннан кейін дереу қолхат алып хабарлануы тиіс.

Егер тәртіп бұзушының сот отырысындағы іс-әрекетінде басқа әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық белгілері болса, сот тиісті тәртіппен қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғау үшін материалдар жібереді.

Бір ескерте кететін жайт, сот отырысы залында суретке түсіруге, дыбыс бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсіруге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі.

3.1 Басты сот талқылауының құрылысы

Қылмыстық сот іс жүргізу зандылығында мынадай бір бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: 1)басты сот талқылауының дайындық бөлім; 2)сот тергеуі; 3)сот жарыссөзі; 4)сотталушының соңғы сөзі және 5) үкім шығару.

Басты сот талқылауының ашылуы. Басты сот талқылауы үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай қылмыстық істің қаралатынын, сондай-ақ істің ашық не жабық сот отырысында талқыланатыны туралы хабарлайды. Ол үшін сотталушының аты-жөнін, қандай қылмыс қарастырылатынын, Қылмыстық кодекстің бабы, белімі, тармағы хабарланады (ҚР ҚІЖК-нің 350-бабы).

Басты сот талқылауына шақырылған адамдардың келуін тексеру. Сот отырысы ашылғаннан кейін сот отырысының хатшысы сот отырысына прокурор, сотталушы, қорғаушы, сонымен қатар жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, аудармашы, куәгерлер, сарапшылар мен мамандар және келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды (ҚР ҚІЖК-нің 351-бабы).

ҚР ҚІЖК-нің 83-бабына сәйкес, сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес мемлекеттік қызметші сот отырысының хатшысы болып табылады. Сот төрешісінің жүктеуі бойынша хатшы мынадай қызмет атқарады:

-сот тараптарының барлығына сот талқылауының күнін белгілеп, шақырту қағаздарын жібереді;

— келмегендердің келмеу себептерін хабарлайды.

ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілгендей сот отырысының хатшысына қарсылық білдірілуі мүмкін, ол мәселені істі қараушы сот шешеді.

Аудармашыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру. Төрағалық етуші аудармашыға міндеттерін түсіндіріп, шешімдерді, сотталушы мен қорғаушының және жәбірленушінің арыздары мен наразылықтарын, куәлар және өзге де процеске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайларда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды, қойылған сұрақтар, прокурордың, сот төрешісінің, қорғаушының сұрақтарын, үкім мен шешімдерін аударуға міндетті екенін түсіндіреді.

Төрағалық етуші аудармашыға әдейі дұрыс аударма жасамағаны үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді, бұл туралы одан қолхат алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тігіледі. Аудармашыға, сондай-ақ өз міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған зандарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін екені туралы ескертіледі (ҚР ҚІЖК-нің 352-бабы).

Куәларды сот отырысы залынан шығару. Келген куәлар олардан жауап алу басталғанға дейін сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші сот жауап алмаған куәлардың жауап алған куәлармен, олар тәртіп бойынша залда қалуы керек, сондай-ақ сот отырысы залындағы өзге адамдармен сөйлеспеуі үшін шара қолданылады. (ҚР ҚІЖК-нің 354-бабы).

Сотталушыныңжеке басынжәне оғанайыптау қорытындысы көшірмесінің уақытылы тапсырылғанынанықтау. Төрағалық етуші сот процесі қатысушыларының қатысуымен сотталушының жеке басын айқындайды. Төрағалық етуші сотталушының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, айын, күнін атауын сұрайды. Сонымен қатар немен айналысатынын, білімін, отбасы жағдайын және оның жеке басына қатысты басқа да деректерді анықтай отырып, сот ісі жүргізілетін тілді білетінін және т.б. айқындайды.

Сотталушының жеке басын айқындау соттың алдында қылмыс жасады деп айыпталып тұрғандығына көз жеткізу үшін қолданылады.

Сотталушының жеке басын айқындағаннан кейін төрағалық етуші сотталушыға айыптау қорытындысының, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмесі тапсырылғанын және қашан тапсырылғаньш анықтайды. Бұл ретте соттың талқылауы, бұл туралы сотталушы өтініш жасаған болса, айыптауды өзгерту туралы қаулының не айыптау хаттамасының көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш тәуліктен бұрын басталмауға тиіс (ҚР ҚІЖК- нің 355-бабы).

ҚР ҚІЖК- нің 411-бабында және осы баптың екінші бөліміне сәйкес жеке айыптау ісі шағымның сотқа түскен сәтінен бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға, алайда айыпталушының оның құқықтары түсіндіріле отырып шағымның көшірмесін алған кезінен бастап үш тәуліктен ерте басталмауға тиіс.

Сот құрамы, процеске басқа қатысушыларды жариялау және олардын қарсылық білдіру құқығы. Төрағалық етуші сот құрамын жариялайды, кімнің айыптаушы, қорғаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдерін, сондай-ақ сот мәжілісінің хатшысын, сот приставын, сот сарапшысын, маманы мен аудармашысының аты-жөнін хабарлап өтеді.

Төрағалық етуші тараптардың сот құрамынан немесе сот төрешілерінің бірінен, прокурор, қорғаушы, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдеріне, хатшы, сарапшы, маман, аудармашыға бас тартуды мәлімдеу құқығын түсіндіреді. Бас тартуды мәлімдеу ҚР ҚІЖК-нің 87, 88, 91, 92, 94, 95-баптарында көзделген негіздер бойынша, осы Кодекстің 86, 87-баптарында белгіленген ережелер бойынша сотпен шешіледі.

Сотталушыға оның құқықтарыи түсіндіру Төрағалық етуші сотталушыға оның осы Кодекстің 65-бабында көзделген басты сот талқылауындағы құқықтарын түсіндіреді жеке жағдайларда қарсылық білдіруге, бұлтартпау шарасын, қорғаушысы болуға және т.б. құқылы екендігін түсіндіреді (ҚР ҚІЖК-нің 358бап).

Жеке айыптау істері бойынша, сондай-ақ бірінші рет жасалған шағын және орташа ауырлықтағы қылмыстар (ҚР ҚІЖК-нің 101, 102, 104-баптары және т.б.) жөніндегі істер бойынша жәбірленушіге бұған қоса оның сотталушымен бітімге келу құқығы түсіндіріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 359-бабы).

Сарапшыға, маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру (ҚР ҚІЖК-нің 361-бабы). Төрағалық етуші сарапшыға оның осы Кодекстің 79-бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және оған әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы ескертеді (ҚР ҚІЖК-нің 371-бабы), бұл туралы сарапшыдан қолхат алынады (ҚР ҚІЖК-нің 360-бабы), ол басты сот талқылауының хаттамасына қоса тігіледі. Төрағалық етуші маманға оның осы Кодекстің 80-бабында көзделген құқықтары мен міндетгерін түсіндіреді және оған өз міндеттерін орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін осы бапта белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.

Өтініштерді мәлімдеу және шешу. Төрағалық етуші тараптардан оларда жаңа куәларды, сарапшыларды және мамандарды шақыру туралы және заттай дөлелдер мен қүжаттарды ал-дыру туралы етініштерінің бар-жоғы туралы сұрайды. өтінішін мәлімдеген адам қандай жағдайларды анықтау үшін қосымша дәлелдердің қажет екенін көрсетуге міндетті.

Төрағалық етуші сондай-ақ тараптардан олардың талқылаудан дәлел ретінде жіберілмеуге тиіс материалдарды алып тастау туралы өтініштерінің бар-жоғын анықтауға міндетгі. Сот талқылауының қалған қатысушыларының пікірін тындағаннан кейін сот мәлімделген әрбір өтінішті қарауға, оны қанағаттандыруға немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы дәлелді қаулы шығаруға тиіс.

Соттың тараптардың бастамашылығы бойынша сотқа мамандар немесе куәлар ретінде келген адамдардан сот отырысында жауап алу туралы өтініштерді қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

Сот өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан адам оны одан әрі мәлімдеуге құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 362-бабы).

Сот талқылауына қатысушылардың бірі, сондай-ақ куә, сарапшы немесе маман келмеген кезде сот тараптардың істі талқылау мүмкіңдігі туралы пікірін тындайды және талқылауды кейінге қалдыру немесе оны жалғастырады. Келмеген адамдарды келесі сот отырысына шақырту немесе оларды алып келу туралы қаулы шығарады. (ҚР ҚІЖК-нің 363-бабы).

Сот тергеуі — сот талқылауының басты бөлігі, онда сотталушы мен жәбірленуші, куәгерлерден жауап алынып, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкерлермен оның өкілдерінен істің мән-жайын дәлелдейтін заттай айғақтар алып сотталушының қылмыстық іске қатысы бар, айыпты немесе айыпсыз екендігі және т.б. іске қатысты мәселелер айқындалады.

Сот тергеуі айыптаушының сотталушыға таққан айыбының мәнісін баяндаудан, ал жеке айыптау істері бойынша арыз берген адамның немесе оның өкілінің, ал олар болмағанда - сот отырысы хатшысынын шағымды баяндауынан басталады.

Айыптау ауырлығы төмендеу түріне өзгертілген жағдайда немесе айыптаудың бір бөлігінен бас тартылған кезде айыптаушы сотқа айыптаудын жаңа негізделген тұжырымын жазбаша түрде баяндауға міндетті (ҚІЖК-нің 364-бабы).

Сонымен қатар, сотталушыға тағылған айыпты өзгерткен жағдайда, сот қаулысымен сот отырысында айтылады.

Төрағалық етуші сотталушыдан оған айыптаудың түсінікті не түсініксіз екенін сұрайды, оған айыптаудың мәнісін түсіндіреді және онын тағылған айыпқа өз көзқарасын сотқа хабарлау ниетінің бар-жоғын анықтайды (ҚІЖК-нің 364-бабының 1-бөлімі).

Сонан соң сотталушыға алдын ала тергеу не анықтау кезінде білдірілген кінәсін мойындау немесе мойындамаумен байланысты емес екенін түсіндіруге тиіс. Сонымен қоса, өз кінәсін мойындайтыны не мойындамайтыны туралы сұраққа жауап беруге міндетті емес екені және сотталушының жауап беруден бас тартуы оған жш-келііргендей түсініксіздігі түсіндірілуге тиіс.

Сотталушы өз жауабын дәлелдеуге, қалай әрекет еткендігін, өзін кінәлі не кінәсіз екендігін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі онын өз кінәсін мойындамағаны деп түсініледі. Содан кейін төрағалық етуші сотталушыдан оған қойылған азаматтық талап қоюды мойындайтынын мойындамайтынын (толық, ішінара) сұрайды. Егер сотталушы бүл сұраққа жауап берсе, онда ол жауабының дәлелін айтуға құқылы. Сотталушының жауап бермеуі оның азаматтық талап қоюды мойындамағаны деп түсініледі. Сонан соң сот дәлелдемелерді ұсыну мен зерттеу тәртібін талқылайды. Егер іс бойынша бірнеше сотталушы болса, онда сот олардан жауап алу тәртібін шешеді. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойышна сот қаулы шығарады.

Сот тергеуінде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі. Сотталушы төрағалық етушінің рұқсатымен сот тергеуінің кез келген сәтінде айғақ беруге құқылы.

Сотталушыдан жауап алу. ҚІЖК-нің 367-бабына сәйкее сотталушыдан жауап алудың алдында төрағалық етуші тағылған айып және істің басқа да жағдайлары бойынша айғақ беру немесе бермеу құқығын, сондай-ақ сотталушының барлық айтқаны өзіне қарсы пайдаланылуы мүмкін екенін оған түсіндіреді. Сотталушы айғақ беруге келісім берген кезде бірінші болып одан қорғаушы және процеске қорғаушы тарапынан қатысушылар, сонан кейін мемлекеттік айыптаушы және процеске айыптаушы тарапынан қатысушылар жауап алады. Төрағалық етуші жетекші сұрақтарды және іске қатысы жоқ сұрақтарды алып тастайды. Сот сотталушыға іс бойынша сұрақтар қояды. Сот сотталушыға одан тараптар жауап алғаннан кейін сұрақ қояды, алайда нақтылау сұрақтары жауап алудың кез келген сәтіңде қойылуы мүмкін.

Басқа сотталушы болмаған кезде сотталушыдан жауап алуға тараптардың өтініші немесе соттың бастамашылығы бойынша жол беріледі, бұл туралы қаулы шығарылады. Бұл жағдайда сотталушы сот мәжілісі залына қайтып келгеннен кейін оған өзі болмаған кезде сот мәжілісінің хаттамасына енгізілген деректер оқылады және өзі болмағанда жауап алынған сотгалушыға сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. (ҚР ҚІЖК-нің 367-бабы).

Сотталушының алдын ала тергеу және жауап алу кезіндегі айғақтарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 368-бабы).

Сотталушының іс бойынша сотқа дейінгі әзірлік барысында берген айғақтарын жария етуге, сондай-ақ жауап алу хаттамасына қоса берілген оның айғақтарының дыбыс жазбасын, бейне жазбаны не киноға түсірілімін жаңғыртуға мынадай жағдайларда;

— сотталушы сотта айғақ беруден бас тартқан кезде;

— іс сотталушы болмаған кезде қаралғанда;

— сот талқылауымен алдын ала тергеу барысында берілген айғақтардың арасында елеулі қайшылықтар болғанда жол беріледі.

Тиісті жауап алу хаттамасындағы не сот отырысы хаттамасындағы айғақтарды алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер дыбыстық, бейнежазбаларды, кино көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына жазылады.

Жәбірленушіден және куәгерлерден жауап алу. Жәбірленушіден жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 369-бабының бөліктерінде көзделген куәлардан жауап алу ережелері бойынша жауап алынады. Жәбірленушінің ерекшелігі ол куәгер сияқты сот отырысы залынан шығарылмайды. Ең алдымен жәбірленуші содан соң куәгерден жауап алынады.

Жауап алудың алдында төрағалық етуші куәнің жеке басын айқындайды, оның сотталушыға және іске қатысушы басқа адамдарға қарым қатынасын анықтайды, іс бойынша шын айғақтар беру жөніндегі азаматтық борышы мен міндетін, сондай-ақ айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауаптылығын түсіндіреді.

Куәға сондай-ақ ҚР КДЖК-нің 78-бабында көзделген өзіне, еріне (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы, ал діни кьізметшілерге - тәубе үстінде өздеріне ішкі сырын сеніп ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқылы екендігі түсіндіріледі. Куәға, сондай-ақ осы Кодекстің 78-бабында көзделген оның басқа да құқыктары куәдан оған өз міндеттері мен жауаптылығы түсіндірілгені туралы қолхат алынып, хаттамаға тіркеледі.

Заң бойынша айғақ беру міндетінен босатылған бірақ айғақ беруге тілек біддірген адамдарға көрінеу жалған айғак бергені үшін жауаптылығы түсіндіріледі. Терағалық етушінің рұқсатымен жәбірленуші сот тергеуінің кез келген уақытында беруге құқылы. Куәлардан жеке-жеке және жауап алынбаған куәлардың қатысуынсыз жауап алынады.

Төрағалык етуші куәгерге сұрақ қойып, сотталушыға, жәбірленушіге қарым-қатынасын анықтайды. Куәнің берген жауабынан оның берген бағасын білуге болады. Сонан соң төрағалық етуші куәгерден іс бойынша керген-білгенін айтуға ұсыныс жасайды. Куә жауап бергеннен кейін, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушысы жауап алады. Бірінші болып өтініші бойынша сот отырысында осы куә шақырылған тарап сұрақ қояды. Сот төрешілері куәға одан тараптар жауап алып болғаннан кейін сұрақ қояды. Жауап алынған куәлар сот отырысы залында қалады және олар сот тергеуі аяқталғанға дейін соттың рұқсатынсыз және тараптардың келісімінсіз одан шықпауға тиіс. Және де олар бір-бірімен сотта естіген ақпаратпен ауыспауы керек. Куә өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды (цифр, күн, уақыты, аты және тегі, жер аты және т.б) оқып шығуға рұқсат беріледі.

Бұл жазбалар соттың талап етуі бойынша пайдаланылады. Куәға өз айғақтарына қатысты қолындағы құжаттарды оқып шығуға рұқсат беріледі. Бүл құжаттар сотқа ұсынылады және оның қаулысы бойынша іске тігілуі мүмкін.

Куәнің және оның жақындарының кауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында сот куәнің жеке басы туралы нақты деректерді жарияламай, оны процеске басқа қатысушылар көрмейтіндей жағдайда одан жауап алуға құқылы, бұл туралы қаулы шығарылады (ҚР ҚІЖК-нің 370-бабы).

Кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу (ҚР ҚІЖК-нің 372-бабы). Кәмелетке толмаған жәбірленуші, куәгерден жауап алудың өз ерекшеліктері бар. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алу, ал соттың қалауынша он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі мұндай адамдардан жауап алу педагогтің қатысуымен жүргізіледі, қажет болған жағдайда сонымен қатар ата-аналары немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де занды өкіддері шақырылады. Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен жәбірленушіге және куәға сұрақ қоя алады.

Он алты жасқа толмаған жәбірленушіден, куәдан жауап алудың алдыңда төрағалық етуші оған шын және толық айғақтардың іс үшін маңызын түсіндіреді. Айғақ беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақ бергені үшін жауаптылык туралы аталған адамдарға ескерту жасалмайды және олардан қолхат алынбайды.

Тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамашылығы бойынша кәмелетке толмаған жәбірленуші мен куәдан жауап алу сотталушы жоқ кезде жүргізілуі мүмкін. Бұл туралы сот қаулы шығарады. Сотталушы сот отырысы залына қайтып келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәнің айғақтары жария етіледі, жәбірленушіге, куәға сұрақ қою және олардың айғақтарына орай өз айғақтарын беру мүмкіндігі беріледі.

Он сегіз жасқа толмаған жәбірленуші, куә сот олардың әрі қарай қатысуын қажет деп таныған жағдайлардан басқасында, олардан жауап алудың бейнежазбасы мен киноға түсіруін жария етуге:

а)бұл айғақтар мен олардың сотга берген айғақтары арасында елеулі қайшылықтар бар болған кезде;

б)олардың сот талқылауына келу мүмкіндігін жоққа шығаратын себептер бойынша жәбірленушінщ немесе куәнің сот отырысына қатыспауы кезінде жол беріледі;

в)егер іс сотталушының қатысуынсыз қаралса;

г)сотталушы жауап беруден бас тартқан кезде;

Тиісті жауап алу хаттамасындағы немесе сот отырысы хаттамасындағы айғақтардың алдын ала жария етпей тұрып, дыбыс, бейнежазбаны және кино түсірілімін жаңғыртуға жол берілмейді. Егер олар дыбысталған не көрсетілген жағдайда сот отырысының хаттамасына тіркеледі.

Сот талқылауындағы сараптама (ҚР ҚІЖК-нің 373- бабы). Алдын ала тергеу жұмыстарында сараптама жүргізілмеген болмаса, ал сотта оны жүргізу керек болған жағдайда сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сараптама тағайындауға құқылы. Сотта сараптама жүргізу осы баптың талаптары ескеріле отырып, ҚР ҚІЖК-нің 35-тарауында жазылған ережелер бойынша жүзеге асырылады.

Төрағалық етуші сарапшыны тағайындап, оған сараптама тағайындалғаны туралы сот қаулысының кешірмесі тапсырылады және ҚР ҚІЖК-нің 79-бабымен көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сот тараптардың пікірлерін тыңдап болып, тексеру жүргізу үшін қажетті уақытқа сот отырысын кейінге қалдыруға құқылы.

Төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сотталушы, қорғаушы, айыптаушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерлердің сарапшыға жазбаша түрде сұрақ беруді ұсынады.

Қойылған сұрақтар жария етілуге және олар бойынша сот талқылауына қатысушылардың, прокурордың пікірлері тындалуға тиіс. Сонан соң мәселені қарап және ол бойынша тараптардың пікірін тындап, сот өз қаулысымен олардың ішінен іске қатысы жоқ немесе сарапшының құзыретіне жатпайтындарын алып тастайды, жаңа мәселелерді тұжырымдайды.

Тараптар сараптамалық зерттеу объектісі ретінде заттарды, құжаттарды ұсынуға құқылы. Оларды мұндайлардың қатарынан шығарғанда, сот дәлелді қаулы шығаруға міндетті.

Сарапшы сараптама мәніне қатысты мән-жайларды зерттеуге қатысуға, сотталушы, жәбірленуші мен куәгерлерге сұрақ беруге, қылмыстық істің материалдарымен танысуға, сараптама мәніне қатысты барлық сот іс-әрекетіне қатысуға құқығы бар. Сарапшыға заң негізінде немесе одан тыс сұрақ қоюға болмайды. Сарапшы қорытындыны жазбаша түрде береді және сот мәжілісінде жария етеді. Сарапшыдан жауап алу қорытынды жария етілгеннен кейін ғана оны түсіндіру, нақтылау немесе толықтыру үшін жүргізілуі мүмкін. Егер сараптама тараптар арасындағы келісім бойынша немесе қылмыстық істі жүргізуші органның бастамасы бойынша жүргізілсе, сарапшыға бірінші болып айьштаушы тарап, содан соң қорғаушы тарап сұрақ қояды (ҚР ҚІЖК-нің 374-бабы).

Қосымша сараптама қорытынды толық немесе жеткілікті түрде айқын болмаған, сондай-ақ осының алдындағы зерттелген байланысты қосымша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда тағайындалады. (ҚР ҚІЖК-нің 373-бабының 10-бөлігі).

Заттай дәлелдемелерді қарау (ҚР ҚІЖК-нің 375-бабы). Тергеу барысында іске тігілген жөне жаңадан алынған заттай дәлелдемелер сот тергеуі барысында сотта қаралуға және тараптарға ұсынылуға тиіс. Заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде тараптардың өтініші бойынша да сондай-ақ соттың бастамасымен де жүргізіледі. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарауы үшін ұсынылуы мүмкін. Заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдардың заттай дәлелдемелерді қараған кезде анықталған, іс үшін маңызы бар мән-жайларға соттың назарын аударуға құқығы бар.

Алдын ала тергеу жұмыстарында іске түрлі себептермен тіркелмеген және алынбаған жағдайда заттай дәлелдемелерді қарауды сот олар тұрған жерде белгіленген ережелерді сақтай отырып жүргізуге тиіс.

Тергеу іс-әрекетінің хаттамалары мен құжаттарын жария ету (ҚР ҚІЖК-нің 376-бабы).

Сот өтініш білдірген тараптардың сұранысын, іс үшін маңызы бар куәландырылған мән-жағдайларды, тергеу іс-әрекетінің хаттамаларын жария етуге құқылы.

Сот отырысында тараптар сонымен қоса іс үшін маңызы бар құжаттарды көрсетуіне болады. Бұндай жағдайда сот дәлелденген үкім шығарып, ол іске тігіледі.

Ал егер тараптардың біреуінің жауабына келіспейтін болса сот алдын ала болған тергеу жұмысындағы жауабын оқиды. Бұл жағдайда тергеу жұмыстарының құжаттары алынып, хаттамалары оқылады.

Іс болған орынды және үй-жайды қарау (ҚР ҚІЖК-нің 378-бабы). Тергеу жұмыстарында іс болған орынды қарау толық және кейбір жағдайлар түсініксіз болған жағдайда, іске қатысты орынды және үй-жайды карау сотпен шешіледі. Сот қарауына айыптаушы және жақтаушы жақ та қатысады. Қажет болған жағдайда куәгер, сарапшы, маманды сот шақыруы мумкін.

Қарау орнына келген соң төрағалық етуші сот отырысының жалғасатындығы туралы жариялайды да сот қарауға кіріседі. Бұл ретте сотталушыға, жәбірленушіге, сарапшы мен маманға қараумен байланысты сұрақтар берілуі мүмкін.

Тану, куәландыру, айғақтарды тұрған жерінде тексеру мен нақтылау, эксперимент жүргізу, үлгілер алу үшін көрсету сот талқылауында тараптардың қатысуымен, ҚР ҚІЖК-нің 223,230, 257, 258-баптарында және 34-тарауында көзделген ережелер сақтала отырып, соттың қаулысы бойынша жүргізіледі (ҚР ЩЖК-нің 360-бабы).

Мемлекеттік айыптаушы айыптау дәлелдемелерін зерттеу аталған өтініш туындаған сәтке қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтініш білдіруге құқылы. Мұндай жағдайда сот жәбірленушінің, қорғаушының, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің пікірін тындап, олардың өтініштерін қанағаттандыруға құқығы бар.

Қорғаушы тарабының сотталушының, қорғаушының сот тарабының немесе олардың өкілдерінің өтініші бойынша ұсынылған және іске тігілген дәлелдемелерді зерттеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай бас тартуды соттың қанағаттандыруы міндетті.

Сот тергеуінің аяқталуы (ҚР ҚІЖК-нің 381-бабы). Төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін тарапта-рға, олардың сот жарыссөзінде, ал соттың үкім шығару кезінде тек сот тергеуінде қаралған дәлелдемелерге ғана сілтеме жасауға құқылы екендігін түсіндіреді, тараптардан, олар сот тергеуін толықтыруды қалай ма және немен толықтырғысы келетінін сүрайды. Сот тергеуін толықтыру туралы етініш мәлімделген жағдайда, сот бүл етінішті талқылайды жөне оны шешеді.

Өтінішті шешкен және кажетті сот әрекетін орындаған соң, сондай-ақ сот тергеуін толықтыру туралы өтініш туындамаған немесе сот оларды дәлелді түрде кабылдамаған жағдайларда төрағалык етуші сот тергеуін аяктадды деп жариялайды

Істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылануы (КР ҚІЖК-нің 382-бабы). Ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар туралы істер бойынша, егер:

—сотталушы өзінің кінәсін толық көлемінде, оның ішінде өзіне қойылған талап-арызды мойындаса;

—сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процеске қатысушылардың құқығына нұқсан келтіретін, осы Кодексте белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе;

—процеске қатысушылар іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы мен жол берушілігі дау туғызбаса және оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізіледі.

Істі сотта талқылаудың қысқартылған тәртібі сотталушы мен жәбірленушіден жауап алудан тұрады. Сот жарыссөзі және қаралған істі аяқтау ҚР ҚІЖК-де белгіленген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Қысқартылған сот талқылауы он күн мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім сот төрешісінің дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.

Сот егер айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу барысында сот отырысында зерттеуді талап ететін мән-жайлар белгіленген болса, сот тергеуін толық көлемде жүргізу туралы қаулы қабылдауы мүмкін

Сот жарыссөзінің мазмұны мен тәртібі (ҚР ҚІЖК-нің 383-бабы). Сот тергеуі аяқталғаннан соң төрағалық етуші сотгың сот жарыссөзіне көшетінін хабарлайды. Сот жарыссөзі — бұл сот тергеуі, айыптаудың және қорғаушының сөздерінен тұратын бөлігі, онда алдын ала тергеу және сот тергеуінің қорытындысы шығарылып, дәлелденген істер сарапталынып, сотталушының айыпты не айыпсыз екендігі жөнінде пікірлерін айтады, берілген жаза және басқа да сұрақтар жөнінде соттың қаулысымен шешім қабылданады.

КР ҚІЖК-нің 383-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот жарыссөзі айыптаушының, сотталушының, корғаушының, жәбірленушінің немесе оның өкілінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.

Егер тараптардың ұсынысы бойынша сот жарыссөзіне уақыт белгіленсе төрағалық етуші оның ұзақтығын көрсете отырып, сот отырысында үзіліс жариялайды.

Іске қатысушылардың сөздерінің реттілігін олардың ұсыныстары бойынша сот белгілейді, бірақ барлық жағдайларда бірінші болып айыпталушы сөз алады.

Егер мемлекеттік айыптауды бірнеше мемлекеттік айыптаушы қолдаса, іске бірнеше жәбірленуші, қорғаушы, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері, азаматтық талапкерлер мен олардың өкілдері, сотталушылар қатысса, төрағалық етуші өз сөздерінің кезектілігін өзара келісуі үшін оларға уақыт береді. Қажет болғанда бұл үшін сот отырысында үзіліс жариялануы мүмкін. Егер аталған адамдар жарыссөздегі өз сөздерінің кезектілігі туралы келісімге келе алмаса, сот олардың пікірлерін тындап болып, сөз кезегі туралы қаулы алады.

Сот жарыссөзіне қатысушылар өз сөздерінде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Сотқа жаңа айғақтар ұсыну қажет болса, олар сот тергеуін қайта бастау туралы өтініш жасай алады.

ҚР ҚІЖК-нің 383-бабыньщ 6-бөлігіне сәйкес сот сот жарыссөзінің ұзақтығын белгілі бір уақытпен шектей алмайды, алайда төрағалык етуші, егер жарыссөзге қатысушы азаматтардың сөзі қаралатын іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты не сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге негізделген болса, оларды тоқтатуға құқылы.

Сот отырысына қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөзінде айтылғандар бойынша тағы бір реттен қысқаша қарсылықтарын немесе ескертпелерін (репликаларын) білдіруге құқылы. Соңғы ескертпені айту құқығы барлық жағдайларда сотталушы мен оның қорғаушысына тиесілі.

Әрбір сот жарыссезіне қатысушы сотқа ұсынатын тұжырымын жазбаша түрде табыс ете алады. Олар:

1)жасалуына сотталушы айьшталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;

2)бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нак қандай қылмыстық занда көзделген (бабы, белігі, тармағы);

3)сотталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме;

4)сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлі ме;

5)оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма;

6)сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе;

Ұсынылатын тұжырымның сот үшін міндетті күші жоқ.

Сотталушының соңғы сөзі (ҚР ҚІЖК-нің 384-бабы). Сот жарыссөзі аяқталған соң, төрағалық етуші сотталушыға соңғы сөз береді. Сотталушының соңғы сөзі — бұл сот талқылауының соңғы аяқтау бөлімі, онда аддын ала тергеу ісінің қорытындысын шығарып, тәртібіне баға беріледі.

Сотталушыға оның соңғы сөзі кезінде ешқандай сұрақ коюға жол берілмейді. Сот тәжірибесінің көрсетуі бойынша, соңғы сөз сотқа өтініш ретінде тұрады. Сотталушының соңғы сөзі негізінде өз кінәсін мойындайтыны немесе мойындамайтынын, жазасын жеңілдетуін, қылмыстық міндеттен босатуын сұрайды.

Сот сотталушының соңғы сөзінің ұзақтығын белгілеуге құқылы емес. Төрағалық етуші, егер сотталушының сөзі қаралған іске қатысы жоқ мән-жайларға қатысты болса, оны тоқтатуға құқылы.

Егер сот жарыссөзіңде сөз сөйлеуші немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамасымен сот тергеуін қ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1368 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2283 - | 2135 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.