Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына катысуы




Мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына катысуы

ҚР ҚІЖК-нің 337-бабына сәйкес мемлекеттік айыптаушының (прокурор) басты сот талқылауына қатысу шарты мен тәртібіне мыналар жатады:

- прокурордың басты сот талқылауына қатысуы міндетті;

- жеке айыптау ісіне прокурордың қатысуы міндетті емес;

- күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурор қолдауы мүмкін;

- егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін еместігі немесе денсаулығына байланысты басқа прокурормен ауыстырылуы мүмкін.

Прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады, бірақ ол осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекетгерді қайталауға әкеп соқтырмайды.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор:

- дәлелдерді ұсынып және оларды зерттеуге қатысады;

- айыптаудың мәні бойынша өзінің пікірін баяндайды;

- сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің шешімін береді;

- сотқа қылмыстың занды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады;

Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекетгік немесе қоғамдық, мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.

Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның корғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады немесе егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға міндетті, ол үшін оның себептерін түсіндіруі керек.

Прокурор айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Бұл жағдай сот талқылауын жалғастыруға негіз бола алады. Мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол беріледі. Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Бұл жағдайда сот істің тоқтатылғаны жайлы үкім шығаруы керек. Ал егер жәбірленуші айыптауды талап етсе, сот Іісті талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен айыпталушыны айыптыны айыпсыз деп шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі не занды өкілі арқылы қолдайды.

Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі тоқтатады. Айыптаудың қалған бөлігінде іс жалпы тәртіппен қаралады.

Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.

Жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы. Егер дәлелсіз себептермен жәбірленуші сот талқылауына келмеген жағдайда сот істі жалғастыруы немесе кейінге қалдыруы мүмкін. Ол үшін жәбірленушінің сот талқылауына қатыспауы істің барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен занды мүдделерін қорғауға әсер ешеуі керек.

Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оны айғақ беру үшін белгілі уақытта келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Бұндай жағдайда жәбірленуші сотқа келу уақытын белгілеуі міндет. Жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына себепсіз келмеуі істі қысқартуға әкеп соғады. Ал егер сотталушының өтініші бойынша іс мәнісі жөнінде жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін.

Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің басты сот талқылауына катысуы

Сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi қатысады. Азаматтық талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген кезде азаматтық талап қаралмауы мүмкiн. Азаматтық талапкердiң азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен талап қою құқығы сақталады. Сот азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшi бойынша азаматтық талап қоюды азаматтық талапкердiң қатысуынсыз қарауға құқылы. Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда сот азаматтық талапты азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды. Азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1075 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2343 - | 2067 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.