Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бөлім Науқас гигиенасы




Әр түрлі аурулардың ағымы мен соңына палатадағы гигиеналық жағдай, таза төсек-орын және жеке бастың гигиенасын сақтау үлкен әсерін тигізеді.

Ауруханада жатқан науқастар уақытының көп бөлігін төсегінде өткізеді. Кіші мейірбике науқастың төсекке ыңғайлы орналасуын, төсек жаймасының тазалығын қадағалау керек.

Төсек жаймасы, көрпе-жастықтың тысы ақшыл түсті, таза болу қажет, оларды апта сайын ауыстырады.

Нәжісі және зәрі еріксіз бөлінетін науқастарды үш бөлімнен тұратын арнайы кереуетке жатқызады, оның ортаңғы бөліміне дәрет алу үшін қолданатын судно қойылады, егер нақасқа жартылай отыру жағдайы қажет болса, науқастың денесі сырғанамау үшін оның аяғына тіреуіш қойылады.

Кереуеттің қасында науқастың заттары қойылатын тумбчка тұрады, оның биіктігі кереуеттің бойымен бірдей келу керек.

Төсек жаймасы және науқастың іш киімі гигиеналық ваннадан кейін аптасына 1 рет ауыстырылады. Кейбір жағдайда кірленген кезде ауыстырады.

Кіші мейірбикеде таза төсек жаймасының бір күндік қоры болу керек. Кірленген жаймаларды клеенкалы қапқа салып, дереу палатадан шығарады. Жаймаларды жууға жіберерге дейін арнайы бакқа салады. Кіші мейірбике халатын ауыстырып жаймаларды бірден сұрыптайды. Қан немесе басқа да бөлінділермен былғанған жаймаларды алдымен хлорамин ерітіндісіне батырады, одан кейін ғана жууға жібереді. Таза жуылған жаймаларды басқа бөлмеде сақтайды. Бөлімшедегі жаймаларға шаруашылық мейірбикесі жауап береді, ол таза жаймаларды таратып, кірленген жаймаларды жинап алады. Таңертең ерте кіші мейірбике кір жаймаларды санап өткізіп, тазасын қабылдап алады.

Тері күтімі.

Гигиеналық ванна қабылдай алмайтын, төсекте ұзақ жатқан науқастардың денесін суға немесе дезинфекциялық ерітінділерге: камфорлы спирт, әтір, спирттің судағы ерітіндісі, сірке суына батырылған орамалмен сүртеді. Ол үшін орамалдың бір ұшын дезинфекциялық ерітіндіге батырып, шамалы сығып, құлағының артын, мойнын, арқасын, кеудесінің алдын және қолтық астын сүртеді.Әсіресе сүт бездерінің астын мұқият сүрткен жөн. Құрғақ орамалмен денесін осы реттілікпен құрғатып сүртеді. Төсекте ұзақ жатқан науқастарда, әсіресе арқасымен жатса, тері ойылулары пайда болады. Сегізкөз және дененің басқа да аймағында терінің қызаруы байқалса лимонды жартылай кесіп, оны теріге жағы керек немесе дымқыл орамалмен құрғағанша сүртеді, одан соң кварц шамымен сәулелендіреді және жүелі түрде терінің жағдайын қадағалап отырады. Егер тері ойылуы пайда болса перманганат калий ертіндісімен сүртіп, Вишневский майы, синтомицин эмульсиясы, перуан маймен пихтовый бальзамның қоспасын қолданып терінің ойылған бөлігін таңады.

Тері ойылуының алдын-алу.

Мақсаты: тері ойылуларын болдырмау.

Көрсеткіш: Ұзақ төсек режимі, орталық және шеткері жүйке жүйесінің зақымдалуы, организмдегі алмасу процессінің бұзылуы, зәр шығару жүйесінің қызметінің бұзылуы.

Жабдықтар (стерильді): лоток, салфеткалар, пинцеттер, шынылы банка; 10% камфорлы спирттің ерітіндісі немесе 40% этил спиртінің ерітіндісі; киім және төсек жаймасы, қапталған дөңгелектер, поролонды мақта-дәкеле сақиналар.

Міндетті жағдайлар: терінің бүтіндігі сақталу керек

Таблица 1

Этаптар Негіздеу
Дайындық
1.Мүмкін болса пациентпен сенімді қатынас орнату. Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды қамтамасыз ету.
2. Пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алу. Пациенттің ақпарат алу құқығын сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
3. Тері ойылуы кездесетін дене бөлігін күнделікті қарау: сегізкөз, өкше, жауырын, шүйде, ұршық аймағы, сан сүйегі, тізі буынының ішкі аймағын дене қалпін ауыстырған сайын терідегі өзгерістерді бағалау. Ескерту: терінің бозарған немесе қызарған бөлігін байқасыңыз дереу дәрігер шақыртып, алдын-алу және емдеу шараларын бастау қажет. Тері бүтіндігінің бұзылуын анықтап қарау. Тері ойылуларының пайда болу қаупі төмендейді.
4. Киім және төсек жаймаларындағы қыртыстарды жазу.  
5. Тамақтандырғаннан соң төсек жаймасындағы қиқымдарды қағу.  
6.Қолды жуып, кептіру. Мейірбикенің жеке гигиенасын сақтау.
Таблица 2
Орындау
1. Төсектегі пациенттің дене қалыпын әр 2 сағат сайын ауыстыру, төсектен денесін шамалы көтеру, әр бір қырына және ішіне кезектесіп аудару.   Дененің қысылу ұзақтығы төмендейді. Денесінің қалыпын ауыстырғанда терінің үйкелуі болмайды.
2. Жылы сабынды сумен терісі ойылуы мүмкін дене аймақтарын сөткесіне 2 рет сүрту. Тері күтімін жүзеге асыру, оның бүтіндігін сақтау. Инфицирленуді болдырмау.
3. Орамалмен құрғатып сүртіп, жылы камфор немесе этил спиртіне батырылған салфеткамен Беткей капиллярларды кеңейту, терідегі қан айналымын жақсарту, терінің қоректенуін қамтамасыз ету.
4. Қорғайтын кремдерді жағу.  
5. Массаж жасау арқылы терісі ойылуы мүмкін аймақтардың жұмсақ тіндерін уқалау.Сүйегі шығып тұратын аймақтарға массаж жасалмайды. Қан айналымын жақсарту.
6. Пациенттің сегізкөз аймағына матамен қапталған поролонды дөңгелекті қою. Теріге түсетін қысымды азайту.
7. Поролонды дөңгелектерді шынтақ және өкше астына қою.  
8. Терінің қысылуын төмендететін жабдықтарды қолдану.  
9. Тері ойылуының алдын-алу шараларын науқастың туысқандарына және оны күтуге қатысатын адамдарға үйрету. Науқасты үнемі күтуді қамтамасыз ету.
Аяқтау
Қолды жуып, кептіру Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Іш киімін ауыстыру.

Стационарда іш киімді гигиеналық ванна қабылдағаннан соң 7-10 күнде бір рет ауыстырылады. Өте әлсіз, тершең және салақ науқастардың іш киімі жиі ауыстырылады. Үстіндегі көйлегін шешу үшін мейірбике науқастың сегізкөзі аймағынан көйлектің шетінен ұстап басына қарай қайырып, оның қолын көтерген күйде қайырылған көйлекті алдымен мойны арқылы басынан, содан соң қолынан шешеді. Көйлекті кигізгенде керісінше, алдымен қолынан, содан соң басы арқылы кигізеді. Науқастың қолы жарақаттанған болса алдымен сау қолын шешеді, кигізгенде алдымен жарақаттанған қолынан бастап кигізеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2181 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2457 - | 2271 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.