Жиырылудың артуын қаңқаға жеткізуді сіңірлер немесе бұлшық еттің сүйек қабына жабысуы тікелей жүзеге асырады. Әрбір етті талшықтың ұшында плазмолемма терең жіңішке шұңқырлар түзеді. Сіңірлер және сүйек қабығы жағынан бұл шұңқырларға жіңішке коллагенді талшықтар өтеді. Коллагенді талшықтар ретикулярлы талшықтармен шиыршақталып өріледі. Талшықтардың ұштары базальді мембраналарға бағытталып, оларға енеді, кейіннен кері қайтып шыға берісінде қайтадан дәнкер тіннің коллагенді талшықтарын айналдыра өреді.
Еттi талшықтар арасында болбыр талшықты дәнекер тiнiнiң жұқа қабаты – эндомизий орналасқан. Базальді мембрананың сыртқы жапырақшасының коллагенді талшықтары оған оралып, миосимпластардың жиырылуын арттырады. Борпылдақ дәнекер тінінің қалың қабаттары бірнеше етті талшықтарды қоршап перимизий түзеді және бұлшық етті будаларға бөледі. Бұлшық еттің бетін қоршайтын дәнекер тiндi – эпимизий деп атайды.
Васкуляризация. Артериялар бұлшық етке еніп, дәнекер тінінің қабаттарына тарайды. 5 - 6 реттік тармақтар перимизиде артериолалар түзеді. Эндомизиде капиллярлар орналасқан. Венулалар, веналар және лимфтикалық тамырлар әкелуші тамырлардың қатарынан өтеді. Тамырлардың маңайында әдеттегідей тіндік базофильдер көп болады, олар тамырлар қабырғасының өткізгіштігін реттейді.
Нервтенуі. Бұлшық еттерде миелинденген эфферентті, афферентті, сондай – ақ миелинденбеген вегетативті нерв талшықтары айқын көрінеді. Жұлынның моторлы нейронынан импульс әкелуші нерв жасушасының өсінділері перимизиге тармақталады. Оның әрбір тармағы базальді мембранаға еніп, терминал түзеді.
Сонымен әрбір етті талшықтар өздігімен нервтенеді. Бір мотонейронмен нервтенетін етті талшықтар тобы невті- етті бірлік деп аталады.
Әрбір көлденең жолақты бұлшық етте етті ұршық болады. Оның қызметі бұлшық етпен реттеудің нәтижесі жайлы хабар алу. Етті ұршықтың сыртқы дәнекер тінді капсуласының ұштары перимизиямен қосылған. Етті ұршықтың саны әр түрлі бұлшық еттерде әр қилы, себебі ол бұлшық еттің көлеміне және қызметіне байланысты. Бұлшық еттер неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым етті ұршықтар оларда көп болады. Етті ұршықтардың капсуласының астында жиырылуға қабілетті бірнеше ерекше етті талшықтар орналасқан. Олар құрылысы және қызметі бойынша кәдімгі етті талшықтардан өзгеше. Капсуланың ішінде орналасқан мұндай етті талшықтар - интрафузальді етті талшықтар (лат.: intra - ішкі; fusus – ұршық), алкәдімгі етті талшықтар - экстрафузальді етті талшықтар (лат.: extra - ішкі; fusus – ұршық) деп аталады.
Интрафузальді етті талшықтар: Интрафузальді етті талшықтар. Олар экстрафузальді етті талшықтардан жұқа және қысқа. Гистологиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты интрафузальді етті талшықтардың екі негізгі типін ажыратады – ядролы – сумкалы интрафузальді етті талшықтар және ядролық тізбегі бар талшықтар. Біріншісінде шағындалып жиналған жүздеген ядролары орналасқан. Мұндай интрофузальді етті талшықтардың орта тұсы жалпақтанып сумка тәрізді болады, осыған байланысты оны ядролы- сумкалы деп атайды. Екінші типті талшықтар ядролары тізбектеліп орналасқан. Олар бірінші типке қарағанда екі есе жұқа және қысқа. Экстрофузальді етті талшықтардың жиырылуы немесе босаңсуы нәтижесінде ұршықтағы дәнекер тінді капсуланың жетілуі өзгереді, осыған орай интрафузальді етті талшықтардың тонусы да (физиологиялық жағдайдағы күш - қуаты) өзгереді. Сондықтан интрофузальді етті талшықтар ұдайы қажиды.
Ан мен лимфаның формалық элементтері. Эритроциттер және лимфоциттер.Қан құрамындағы эритроциттер мен тромбоциттерге морфофункционалды сипаттама.
Қанның формалық элементтеріне эритроциттер (қанның қызыл түйіршігі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршігі) және тромбоциттер (қанды табақшалар) жатады.
Эритроциттер – яросыз жасушалар. Оның негізгі қызметі – оттегі мен көмір қышқылын тасымалдау, яғни тыныс алу. Бұл қызметті арнайы тыныс салу пигменті - гемоглобин атқарады. Сонымен қоса эритроциттер амин қышқылдарын, антиденені, токсиндерді және бірқатар дәрі-дәрмектерді тасымалдайды. Әдетте гемоглобин ер адамдарда 130-160 г/л, ал әйел адамдарда 120-140 г/л.
Ер адамдарда эритроциттер 3,9 – 5,5х x1012/л, әйел адамдара 3,7 – 4,9х x1012 /л қан. Сау адамдарда эритроциттер мөлшері жасқа, эмоциялық және бұлшық еттік жүктемеге, экологиялық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Әйел жыныс гормондары эритроциттерді тежеуге қабілетті, сондықтан әйелдерде эритроциттер мөлшері аз.
Адамдарда қалыпты жағдайда эритроциттердің 80% дискоциттер құрайды. Электронды микроскоппен зерттеу барысында эритроциттердің басқа формалары – планоциттер, сфероциттер, стоматоциттер, эхиноциттер және т.б түрлері анықталды. Эритроциттердің қартаю процестерінің көрінуі олардың гемолизіболып саналады. Гемолиз деп эритроцит жасушаларының қабығы бұзылып, одан гемоглобиннің шығуын айтады. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де қан жүрісін қиындатады.
Ауруға шалдыққан кезде эритроциттердің аномальді түрлері пайда болуы мүмкін. Ол көбінесе гемоглобиннің құрылысының өзгеруіне байланысты. Молекулодағы тіпті бір амин қышқылының аусуы эритроциттің өзгеруіне себепші болады. Мұндай бұзылу процесін пойкилоцитоз деп атайды.
Адамдарда эритроциттер диаметрі 7,1 - ден 7,9 мкм-ге дейін. Бұлар нормоциттер, 8,0 мкм-ден үлкен болса, онда макроциттер, ал егер 6 мкм және одан кіші болса, онда микроциттер деп аталады. Эритроциттердің пішіндерінің өзгеруі анизоцитоз деп аталады.
Электрондық микроскоппен қарағанда эритроциттер плазмолеммасының қалыңдығы шамамен 20 нм. Оның жоғарғы бетінде фосфолипидтер, сиалин қышқылы, антигенді олигосахоридтер, ішкі бетінде – гликолитикалық ферменттер, натрий-және калий АТФ-аза, гликопротеиндер, гемоглобиндер орналасады.
Гликолипидтер мен гликопротеидтердің олисахаридтері гликокаликс түзеді. Олар эритроциттердің антигенді құрамын анықтайды. Бұл антигендер мен тиісті антиденелер қосылғанда эритроциттердің жабысуы – агглютинация жүреді.
Эритроцит цитоплазмасында шамамен 60% су және көбінше гемоглобиннен құралған 40% құрғақ қалдық болады. Бір эритроциттегі гемоглобиннің мөлшерін түстік көрсеткіш деп атайды. Электрондық микроскоппен қарағанда эритроцит гиалоплазмасында гемоглобин көптеген диаметрі 4-5 нм. тығыз түйіршіктер ретінде көрінеді. Гемоглобин – бұл күрделі пигмент, оның құрамында глобиннің 4 полипептидтік тізбегі және гем (құрамында темірі бар бояулы зат) болады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин қанмен тасымалданып тіндерге келгенде оңай ыдырайды. Нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі тіндердің жасушаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы тіндерде зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбоксигемоглобинге айналады. Ол жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышқыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Адамдарда гемоглобиндердің екі түрі – HbA (ересектерге тән), HbF (ұрықтарға тән) кездеседі. Бала туғанда HbF - 80%, ал HbА - 20% құрайды. Ересек адамдарда басым көпшілігін HbА (98%) және аз мөлшерін HbF (2%) құрайды. Эритроциттегі энергиялық алмасудың негізгі жолы – гликолиз. Бұл процесс кезінде АТФ және НАД-H2 түзілуі жүреді. Гликолиз энергиясы плазмолемма арқылы катиондардың активті тасымалдануын, эритроциттер мен қан плазмасындағы калий және натрий концентрациясының оптималдық сәйкестігінің сақталуын, сондайақ эритроциттердің мембранасының бүтіндігін жіне пішінінің сақталуын қамтамасыз етуге қабілетті. Гемоглобинде темірдің болуы оған сары түс, ал эритроцит көп мөлшерде қанға қызыл түс береді. Қан препаратын бояу барысында ересек эритроциттер оксифильді болады. Ересек эритроциттер мен қатар 1-5% жас эритроциттер де кездеседі. Олар қышқыл және негізгі бояулармен боялуға қабілеттінемесе полихроматофильді. Суправитальді бояу кезінде олардың цитоплазмасында түйіршікті - торлы құрылым (erythrocytus reticulatus) көрінеді. Осыған байланысты жас эритроциттерді ретикулоциттер деп аталады. Электрондық микроскопиялауда түйіршікті - торлы құрылым құрамында эндоплазмалық тор, рРНҚ, рибосомалар мен митохондриялары бар қалдық органеллалардан түзілетіні көрінеді.
Эритроциттер шамамен 120 тәулік өмір сүреді. Организмде күнделікті шамамен 200 млн. эритроциттер бұзылады.
Тромбоциттер (қанды пластинка). Олар домалақ немесе сопақша болып келген түссіз денешіктер. Бұл қанды пластинкалар цитоплазмасында ядросы жоқ мегакариоциттер. Олардың саны 1л қанда 200-300х109. Әрбір пластинка оның негізі гиаломерден және грануломер түйіршіктерінен тұрады. Электрондық микроскоппен қарағанда грануломерде мембранамен қоршалған диаметрі шамамен 0,2 мкм тығыз түйіршіктер көрінеді. Сонымен қоса, онда митохондриялар мен гликоген түйіршіктері болады. Гиаломерде түйіршіктер болмайды, электрондық микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қарағанда жұқа филаменттер көрінеді. Романовский – Гимза тәсілімен бояған кезде қанды пластинканың 5 түрін ажыратады: 1) жас, құрамында базофильді гиаломерлері және аздаған азурофильді түйіршіктерімен; 2) жетілген, әлсіз оксофильді гиаломерлерімен және көптеген азурофильді түйіршіктерімен; 3) кәрі, неғұрлым күңгірт, қою-күлгін түйіршіктермен, 4) дегенеративті, сұр-көк гиаломерлері және сұр-күлгін түйіршіктерімен, 5) алып, қалыптылардан 2-3 есе артады, алқызыл-көкшіл гиаломермен және күлгін түйіршіктерімен.
Тромбоциттер қан ұю процессіне қатысады. Қанның ұю процесі кезінде қан пластинкалары әр түрлі заттар (фосфолипидтерді, липопротеидтерді және т.б) мен әр түрлі ферменттерді бөледі.
Қан пластинкаларының өмір тіршілігі шамамен 5-8 күн.
Ан түзу туралы түсінік. Гемопоэздің түрлері. Ұрықтық гемопоэедегі қанның тін ретінде дамуы. Оның кезеңдері мен сипаттамалары.
Гемоцитопоэз -дегеніміз қанның дамуы, түзілуі. Бұл процестің 2 түрі бар. Оның бірі қанның тін ретінде дамуына әкелетін ұрықтық даму кезеңінде жүретін эмбриондық гемоцитопоэз. Ал қанның физиологиялық регенарация - лану процесі постэмбриондық гемоцито- поэз деп аталады.
ЭМБРИОНДЫҚ ГЕМОЦИТОПОЭЗ
Эмбрионда қанның тін ретінде дамуы ең алдымен сары уыз қапшығында, одан соң бауырда, сүйек кемігінде және лимфоид -тық мүшелерде (тимус, көкбауыр, лимфа түйіндерінде) жүреді.
Сары уыз қапшығында қанның өндірілуі
Бұл процесс адамда эмбриондық дамудың 2-3- аптасында бастала -ды. Сары дене мезенхимасында қан тамырлары жасушаларының бастамасы немесе қан аралшық -тары оқшаулана бастайды.
Сары уыз қапшығында эритроцит- тердің дамуы біріншілік қан тамыр- ларының ішінде, яғни интраваскуляр- лы жүреді. Қан тамырлары жолының бойында орналасқан бласттардан бір мезгілде экстраваскулярлы түрде гранулоциттердің (нейтрофильдер мен эозинофильдер) біраз мөлшері дифференциацияланады.
Бауырда қанның өндірілуі
Бауыр ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды, ал 5 -6 апталық кезеңінде ол қан өндіру орталығына айналады. Бауырда қан өндіру капиллярлар жолымен экстраваскулярлытүрде жүреді.
Тимуста қанның өндірілуі
Тимус құрсақ ішілік дамудың 1-ші айының соңына таман пайда болады. Ұрықтың 7-8 апталық
өмірінде оның эпителиі тимуслимфоциттеріне түрленетін қанның бағаналы жасушаларымен толыса бастайды.
Көкбауырда қанның өндірілуі
Көк бауыр эмбриогенездің 1-айының соңына таман пайда болады. Мұнда орналасқан бағаналы жасушалардан барлық қанның формалы элемент -терінің экстраваскулярлы түзілуі жүреді. Эмбрионалды гемопоэз көкбауырда 12-13 аптада басталады.
Сүйек кемігіндегі қанның өндірілуі
Сүйек кемігі ұрықтық мерзімнің 4 -айында қызмет ете бастайды. Алғашқы гемопоэздік элементтер дамудың 12-аптасында пайда болады. Сүйек кемігінде бағаналы жасуша - лардан дамуы экстраваскулярлы жүретін қанның барлық формалы элементтері түзіледі.
ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІ
Жекелеген лимфоциттердің пайда болуы ұрықтық дамудың 8-15 апталық өмірінде-ақ басталады.
Адамның лимфа түйіндері ұрықтық кезеңнің 7-8 аптасында пайда бола бастайды. Көпшілік лимфа түйіндері 9-10 апталық кезеңде дамиды. Осы кезеңде лимфа түйіндеріне дамудың ерте сатыларында эритроциттер, гранулоциттер мен мегакариоциттер -ге дейін түрленетін қанның бағаналы жасушаларының енуі басталады.