Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Хирургиялық инфекция

ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ

ИНТЕРН- ХИРУРГТАРҒА АРНАЛҒАН ҚОРЫТЫНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАЦИЯ ТЕСТТЕРІ

 

Жалпы тесттер саны – 1020;

Күрделілігі I деңгей тесттері (жасыл түс) – 113;

Күрделілігі II деңгей тесттері (қызыл түс) – 462;

Күрделілігі III деңгей тесттері (көгілдір түс) – 445

 

 

Құрастырғандар: проф. Жанталинова Н.А

асс. Байзакова А.П

Кафедра меңгерушісі: Дайырбеков О.Д

 

 

Алматы 2014 жыл

 

Ауру сезімінің асқазан аймағында пайда болып, бірнеше сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ығысуы қандай симптом деп аталады?

+А) Кохер;

В) Ровзинг;

С) Ситковский

D) Воскресенский;

Е) Бартомье-Михельсон

 

Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасты қарау барысында оң жақ бел аймағында оң бүйірлі каналда ауру сезімі бар екендігін анықтады. Құрт тәрізді өсінді қалай орналасқан жағдайда осы ауру тән болып табылады?

А) Құрт тәрізді өсінді жамбастық бөлікте орналасқан жағдайда;

В) Құрт тәрізді өсіндінің типтік орналасуы жағдайында;

С) Құрт тәрізді өсіндінің медиальды орналасуы жағдайында;

D) Құр тәрізді өсіндінің бауыр астында орналасқаны жағдайында;

+Е) Құр тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуы жағдайында;

 

Ер адам М. 29 жаста қабылдау бөліміне жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін жетңізілді. Қарап тексергенде: алдыңғы құрсақ қабырғасында 1,0х1,5 см өлшемде кесілген жара бар, жара айналасы ауру сезімді. Санның жоғарғы 1/3 диаметрі 0,3 см болатын оқтың күру тесігі бар. Осы жағдайда жарақат сипаты қандай?

A) Іштің және аяқтың пышақталған жарақаты;

B) Іш пен аяқтың аралас жарақаты;

C) Іш пен аяқтың қосарланған жарақаты;

D) Аяқ пен іштің оқ жарақаты;

+E) Іш пен аяқтың үйлескен жарақаты;

 

Төменде көрсетәлгеннің қайсысы жедел аппендицит кезінде «Жейде» симптомына сәйкес?

А) Кохер симптомы

В) Ровзинг симптомы

С) Раздольский симптомы

+D) Воскресенский симптомы

E) Щеткин-Блюмберг симптомы

 

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы қабыну ошағының үстінен перкуссия жасағанда ауру сезімі пайда болады?

А) Щеткин-Блюмберг

В) Воскресенский

+С) Раздольский

D) Кохер

E) Ровзинг

 

Төменде аталғандардың қайсысы қабыну үрдісінің париетальды ішпердеге жайылғандығы жөнінде мәлімет береді?

А) Температураның жоғарылауы;

В) Жергілікті ауру сезімінің болуы;

С) Аурудың ұзақ уақытқа созылуы;

D) Қандағы лейкоцитоздың жоғарылауы;

+Е) Бұлшық ет кернелуінің пайда болуы

 

34 жасар С. науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+B) Тік шап жарығы

C) Бүйір жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

E) Туа біткен шап жарығы

 

Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+B) Қиғаш шап жарығы

C) Тік шап жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

+E) Туа біткен шап жарығы

Жедел аппендицит кезінде ең жиі немен ажырату диагностикасын жүргізу керек?

+А) Бүйректік шаншу

B) Плевропневмония

C) Миокард инфаркты

D) Геморрагиялық васкулит

E) Тағамдық токсикоинфекция

 

Төменде көрсетілгеннің асқынудың қайсысы жедел аппендицит кезінде анағұрлым қауіпсіз?

А) Құрсақішілік қан кету

+B) Аппендикулярлы инфильтрат

C) Периаппендикулярлы абсцесс

D) Жайылмалы перитонит

E) Пилефлебит

 

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 25 жасар науқас П. жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданды.Қарап тексергенде дәрігер бауыр тұйықтығының жоғалуын анықтады. Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы симптомға сәйкес?

A) Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының

B) Құрсақ қуысында сұйықтықтың

C) Ішектің айқынауаға толуының

D) Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының

+E) Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының

Төмендегілердің қайсысының жедел аппендицит пен 12-елі ішектің перфоративті ойық жарасының ажырату диагностикасында анағұрлым маңыздылығы аз?

А) Бауыр тұйықтығының болмауы

B) Щеткин-Блюмберг симптомының анықталуы

+C) Анамнезінде гастрит пен ойық жараның болуы

D) Асқазан аймағында ауру сезімінің пайда болу сипаты

E) Диафрагманың оң жақ күмбезінің астында ауаны анықтау

 

Төмендегілердің қайсысын жергілікті жансыздандырумен аппендэктомия жағдайында жасауға болады?

А) 10 жасқа дейінгі балаларда

B) Семіздігі бар науқастарда

C) Перитонитпен асқынғанда

+D) Асқынбаған аппендицит кезінде

E) Эмоциональді-лабильді науқастарда

 

Төменде көрсетілген ота тіліктердің қайсысы асқынбаған жедел аппендицитте қолданылады?

А) Леннандер бойынша параректальді

B) Орта-ортаңғы лапаротомия

+C) Мак- Берней нүктесі бойынша қиғаш

D) Төменгі ортаңғы лапаротомия

E) Жоғарғы ортаңғы лапаротомия

 

Аппендэктомияның қай кезеңі барлық науқастарда міндетті емес болып табылады?

А) Операция тілігін таңдау

B) Құрсақ қуысының санациясы

+C) Құрсақ қуысын дренаждау

D) Құрттәрізді өсіндінің мобилизациясы

E) Құрттәрізді өсіндінің тұқылын өндеу

 

32 апта жүктілігі бар 23-жасар әйел 6 сағат бойы хирургиялық бөлімшесіне жедел аппендицит күмәнімен жатқызылды.Динамикалық бақылаудағы уақыт аралығында асқазандағы ауру сезімі өзгеріссіз, жедел аппендицит жоққа шығарылған жоқ. Осы жағдайда науқасқа Сіз қандай тактиканы қолданғаныңыз анағұрлым орынды?

А) Лапароскопияны тағайындау

B) Динамикалық бақылауды жалғастыру керек

+C) Науқасқа жедел операция жасалуы тиіс

D) Босандыру және лапароскопия жасау керек

E) Жүктілікті үзу керек

 

Жедел аппендициттің асқынуларына төмендегілердің қайсысы жатпайды?

А) Аппендикулярлы инфильтрат

B) Жайылмалы іріңді пенитонит

C) Құрсақ қуысының жергілікті абсцесстері

+D) Бүйрек веналарының тромбофлебиті

E) Қақпа вена тармақтарының тромбофлебиті

 

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің операцияға дейінгі асқынуына жатады?

А) Жедел пилефлебит

B) Жараның іріңдеуі

+C) Периаппендикулярлы абсцесс

D) Құрсақ қуысынан қан кету

E) Жабыспалы ішек өтімсіздігі

 

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған. Соңғы уақытта іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Науқастағы өтімсіздіктің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+A) Айналма ішектің қабынуы

B) Аппендикулярлы инфильтрат

C) Тік ішектің ұстама процессі

D) Тік ішектің фитобезоаромен абтурациялау

+E) Нейрогенді сипаты бар ішек жұмысының бұзылысы

 

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендициттің асқынуына жатпайды?

А) Құрсақ арты флегмона

B) Қақпа венасының тромбофлебиті

C) Аппендикулярлы инфильтрат

+D) Меккель дивертикулының қабынуы

E) Тікішек-жатыр кеңістігінің абсцессі

 

Аппендикулярлы инфильтрат әдетте қай уақытта қалыптасады?

А) 1-2 тәулік

B) 2-3 тәулік

+C) 3-5 тәулік

D) 7-9 тәулік

E) 10-12 тәулік

 

Жедел аппендициттің флегмонозды түрі себебінен болған типті аппендэктомиядан кейін Дугласов кеңістігінің абсцессінің дамуының негізгі себебі?

А) Дәкелік тампонның қойылмауы

B) Антибиотикотерапияның болмауы

C) Құрсақ қабырғасын толық тігіп тастау

D) Антибиотиктерді аз мөлшерде тағайындау

+E) Құрсақ қуысының санациясын жүргізбеу

 

Қандай жағдайда аппендэктомия жасалмай, тек дренаждау жасап операцияны бітіреді?

А) Абдоминальді сепсис кезінде

B) Жайылмалы перитонит кезінде

C) Науқастың жағдайы аса ауыр болғанда

+D) Тығыз аппендикулярлы инфильтрат кезінде

E) Диссеминирленген тамырішілік қан ұю кезінде

 

46 жасар ер адамға жедел гангренозды аппендицит себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі 6 тәуліктен соң іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, іш өту, қалтыраумен жоғарғы температура мазалай бастады, қандағы лейкоциттер 14,0х109. Науқаста қандай асқынудың дамығаны анағұрлым ықтимал?

A) Жедел пилефлебит

B) Диафрагма асты абсцесс

C) Жедел ішек өтімсіздігі

+D) Жамбастық абсцесс

E) Өсіндінің тұқылы тігістерінің тұрақсыздығы

 

67 жасар әйелде оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінен кейін 4-тәулікте тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, қалтыраумен жоғарғы температура, әлсіздік пайда болды. Анамнезінде өт-тас ауруы. Қан анализінде лейкоциттер 11,4х109, жалпы билирубин 68 ммоль/л,тік билирубин – 43 ммоль/л, тік емес билирубин – 25 ммоль/л, зәрде өт пигменттері оң. Осы науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

A) Жедел панкреатит

+B) Жедел холангит

C) Өттік перитонит

D) Перивезикальді абсцесс

E) Өт қабының перфорациясы

 

Төменде көрсетілген смптомдардың қайсысы оң жақтан бұғана үстінде төс-бұғана бұлшектінің аяқшаларының арасын басқанда аурусынудың пайда болуының себебі?

+А) Мюсси

В) Мерфи

С) Ровзинг

D) Курвуазье

Е) Воскресенский

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел холециститтің консервативті терапиясының кешенді еміне кірмейді?

А) Антибиотиктерді тағайындау

В) Спазмолитиктерді тағайындау

С) Бауырдың жұмыр байламының блокадасы

D) Оң жақ қабырға асты аймағына суық басу

+Е) Оң жақ қабырға асты аймағына жылу басу

 

Постхолецистэктомиялық синдромның қай себебі бірінші болған оперативті емнің ақауымен байланысты болады?

А) Түбінен жасалған холецистэктомия

В) Шағын тілікпен жасалған холецистэктомия

+С) Жалпы өт өзегінде резидуальді тас

D) Өт кабының өзегін кетгутпен байлау

Е) Өт кабының өзегін капронмен тігу

 

Қысылған жарық өздігінен қайта жазылса, хирург тактикасы қандай болуы тиіс?

A) Лапароцентез жасау

B) Тазалағыш клизма жасау

C) Науқасты емханаға жіберу

+D) Стационар жағадйында науқасты бақылау

E) Лапаротомия, құрсақ қуысының қарап тексеру

 

Науқас В. 28 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін, іштегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: келесі симптомдар анықталды: науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан), іші кернелген, тыныс алуға қатыспайды, бауыр тұйықтығы анықталмайды. Осы науқаста клиникалық көрініс немен шақырылған?

A) Бауырдың жыртылуымен

B) Көкбауырдың жыртылуымен

+C) Қуысты мүшенің жыртылуымен

D) Диафрагманың жыртылуымен

E) Құрсақ қуысына қан кетумен

 

Науқас С., 69 жаста хирургиялық бөлімшеге механикалық сарғаю, деструкті холецистпен жатқызылды.Дайындықтан кейін операцияға алынды. Операция кезінде хирург дәрігер холецистэктомияны, холодехотомияны, 2 ірі тастарды алып тастап және проксималды бағытта холедох дренажын орнатты. Осы жағдайда дәрігер қандай сыртқы дренаж түрін орындады?

A) Кер

B) Долиотти

+C) Вишневский

D) Прадери-Смитт

E) Холстедт-Пиковский

 

Науқас Ж., 63 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ұстамалы түрде ауруына, іштің кебуіне, үлкен дәретінің болмауына шағымданды. Ауырғанына 4 тәулік болған. Өзінің ауырғандығын сүт өнімдерін пайдаланғандығымен байланыстырады. Қарау барысында: іші кепкен, ассиметриялы, перкуторлы дыбыста тимпанит жоғары, ішінде көкшіл таңбалар байқалады, ішектің перситальтикасы естілмейді. Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым тән болып табылады?

A) Жедел аппендицит;

B) Жедел панкреатит;

C) Асқазанның тесілген жарасы;

+D) Ішектің тарылуы;

E) Тағамдық токсикоинфекция;

 

Науқас Ж., 67 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік болды. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы анықталады, барлық бөлімдерінде жоғары тимпанит, перистальтика естілмейді. Науқасқа консервативті ем кешені жасалуда. Сифонды клизма жасағанда 0,5 л сұйықтықтан артық енгізу мүмкін емес. Осы симптом автор бойынша қалай аталады?

+A) Цеге - Мантейфель

B) Спасокукоцкий

C) Скляров

D) Шланге

E) Валь

 

Егде және қарт жастағы адамдарда біріншілік гангренозды холециститтің дамуы немен байланысты?

A) Қосалқы созылмалы гепатитпен

B) Қақпа жүйесінде жоғарғы қысыммен

+C) Өт қабының қанайналымының бұзылуымен

D) Гепатикохоледохтың терминальді бөлігінің бөгеті

E) Қақпа жүйесінде лимфа айналымының бұзылуымен

 

Қабылдау бөлімшесіне хирургқа 45 жастағы науқас Н.оң жақ қабырға астының ауру сезімен, жүрегінің айнуына, және құсуға шағымданды түсті. Жедел ауырған. 3 жыл бойына калькулезды холециститтен зардап шегуде. Қарау барысында тері жабындысы қалыпты түсінде, дәрігер пальпациялау барысында өт қапшығының ұлғайғандығын анықтады. Төменде аталғандардың қайсысы өт қабының ұлғайуына әкеп соққан?

A) Холецисто және холедохолитиаз;

B) Гепатикохоледохтың жедел топтамасы;

+C) Өт қапшығының жедел топтамасы;

D) Оң жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы;

E) Сол жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы

 

Төменде көрсетілгеннің жағдайдың қайсысы эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография көрсетілмеген?

A) Себебі белгісіз сарғаю кезінде

+B) Паренхиматозды сарғаю кезінде

C) Бауырдан тыс өзектердің кеңеюі кезінде

D) УДЗ нәтижелері бойынша холедохолитиазға күмәнданғанда

E) Бауырдан тыс және бауыр ішілік өзектердің кеңеюі кезінде

 

Науқас С. 27 жаста, оң жақ кысылған шап жарығы анықталды. Операция кезінде жарық қабында жіңішке ішектің екі ілмегі анықталды, өмірге қабілетті деп бағаланды. Екі ілмек те құрсақ қуысына енгізілді, шап каналына Жирар-Спасокукоцкий бойынша пластика жасалды. Осы жағдайда хирург тағы не жасауы тиіс еді?

A) Ішек декомпрессиясын жасау

B) Құрсақ қуысының дренаждауын жасау

C) Шап каналының басқа пластикасын таңдау

+D) Ішектің аралық ілмегін қарап тексеру

E) Жіңішке ішектің шажырқайына новокаиннің 0,25% ерітіндісін енгізу

 

Науқас А., 67 жаста іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш кебуіне шағымданады. Ауырғанына 2 тәулік болды. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы іш қату мазалайды, 10 кг-ға жүдеген. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, барлық бөлімдерінде тимпанит, перистальтикалық шулар аса әлсіреген. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орында орындалуы тиіс?

A) Жедел ирригоскопия

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Биопсиямен колоноскопия

D) Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

+E) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

 

Науқас М., 64 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, әлсіздікке шағымданып, жатқызылды.. Анамнезінде 1 апта бойы ауырған. Қарап тексергенде: ауру сезімі және интоксикация синдромдарына, су-электролит бұзылыстарына байланысты жалпы жағдайы ауыр. Ішті қарап тексергенде Валь, Шланге, Скляров, Спасокукоцкий симптомдары оң. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

A) Жедел панкреатит

B) Жедел холецистит

C) Асқазанның тесілген ойық жарасы

D) Жатырдан тыс жүктілік

+E) Жедел ішек өтімсіздігі

 

Төменде көрсетілген оталардың қайсысы 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы кезінде ең жиі қолданылады?

A) Асқазанның 2/3 резекциясы

+B) Тесілген ойық жараны тігу

C) Бағаналы ваготомия және тігу

D) Ойық жараны кесіп алу және тігу

E) Бағаналы ваготомия және пилоропластика

 

Науқас А.; 43 жаста.Егер операциядан кейінгі ерте кезеңде өт қабының тұқылынының аймағына қойылған дренаждан көп мөлшерде өттің бөлінуі байқалса, не туралы ойлау керек?

A) Іріңді холангиттің дамуы

+B) Өт қабының тұқылынының герметикалық еместігі

C) Операциядан кейінгі панкреонекроздың дамуы

D) Көлденең тоқ ішек қабырғасының зақымдануы

E) Он екі елі ішек қабырғасының зақымдануы

 

Жедел деструктивті калькулезді холецистит себебінен болған операция кезінде науқаста өт қабы мойны аймағында щарбымаймен оралған тығыз инфильтрат анықталды. Қандай операция түрі анағұрлым орынды осы жағдайда?

A) Холецистостомия

B) Холецистоэнтеростомия

+C) Түбінен холецистэктомия

D) Холедоходуоденостомия

E) Мойнынан холецистэктомия

 

26 жасар ер адам ауырғанынан 4 тәулік өткенде хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтратпен жатқызылды. 2 тәуліктен кейін ауру сезімі күшейді, 39,70С дейін температураның жоғарлауы, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік байқалды. Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі кезінде 3,0х2,7 см сұйықтықты түзіліс анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым оңтайлы?

A) Қор (резерв) антибиотиктерін тағайындау

B) Инфильтрат пункциясын жасау

+C) Жедел операция жасау

D) Плазмаферез тағайындау

E) Тымырішкілік инфузия көлемін көбейту

 

Науқас К., 75 жаста лапаротомия кезінде деструктивті холецистит анықталды. Гепатодуоденальді байлам ісінген, мойын аймағындағы қабыну инфильтратына байланысты өт қабы өзегі, артерия ажыратылмайды. Операция кезінде өт қабының өзегі мен артериясын бөліп жатқанда холедохтың қабырғасы зақымданған. Осы жағдайда хирург осы асқынуды болдырмас үшін қандай хирургиялық араласуды орындау керек еді?

A) Кез келген жағдайда холецистэктомияны өт қабы мойнынан жасау

+B) Холецистэктомияны өт қабы түбінен жасау

C) Холецистостома салып операцияны аяқтау

D) Жалпы өт өзегін дренаждаумен шектелу

E) Өт қабы пункциясын жасау

 

Әйел адам Е.; 65 жаста хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 2 тәулік өткеннен соң перитонит клиникасымен жатқызылды. Лапаротомия кезінде науқаста бүкіл құрсақ қуысында серозды бөлініс, үлкен шарбыда, шарбы қалтасында, ұйқы безі денесінде стеатонекроздар анықталды. Ұйқы безі ісінген, көлемі үлкейген. Ұйқы безінің осы патоморфологиялық өзгерістері немен байланысты?

A) Жедел панкреатиттің ісінген түрімен

B) Инфицирленген панкреонекрозбен

C) Геморрагиялық панкреонекрозбен

D) Панкреатогенді абсцесспен

+E) Майлы панкреонекрозбен

 

56 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ауыр жағдайда іштегі айқын ауру сезіміне, құсуға, әлсіздікке шағымданып түсті. 3 тәулік бойы ауырған. Анамнезінен: 2 тәулік бойы алкоголь қабылдаған. Қарап тексергенде: пальпация кезінде іші жұмсақ, эпигастрия аймағында қатты ауырсыну байқалады, пульс 100 соғу 1 мин., АҚ 100/70, лейкоциттер 11,0х109, температура 37,60С, диастаза 512 Бірлік, қан амилазасы 268 ммоль/л. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) 12 елі ішек перфоративті ойық жарасы

B) Жедел деструктивті холецистит

+C) Жедел панкреатит

D) Ішімдік сурагаттарымен улану

E) Жедел токсикалық гепатит

 

Панкреонекроз кезінде полиорганды жетіспеушілік дамуы мен жүйелі гемодинамиканың бұзылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+A) Калликреин-кинин жүйесінің және цитокиндердің белсенденуі

B) Протеолиттік ферменттер белсенденуі

C) Липолиттік ферменттердің белсенденуі

D) Ішкі секреция бездерінің қызметінің белсенденуі

E) Үдемелі эндогенді интоксикация

 

35 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып келді. Жағдайы нашарлағаннан 1 апта бұрын науқасты эпигастрий аймағындағы ауру сезімі мазалаған, алмагель ішкен. Осы жағдайда төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым мәліметті?

A) Асқазанды зондтау

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

+D) Фиброэзофагогастродуоденоскопия

E) Өңеш, асқазан және он екі елі ішек рентгеноскопиясы

 

58 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа ас ішкеннен кейін құсуға, әлсіздікке, тырысуларға, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. 12 елі ішек ойық жарасымен 18 жыл ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?

A) Қышқылдық пен рН анықтаумен асқазанды зондтау

B) Эзофагогастродуоденоскопия және толық қан талдауы

C) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және жалпы белокты анықтау

+D) Асқазан рентгеноскопиясы, плазманың электролиттік құрамын анықтау

E) Құрсақ қуысының рентгенографиясы және коагулограмманы анықтау

 

 

28 жасар ер адам жуықта хирургияның қабылдау бөліміне іштің ауру сезіміне шағымданып келгенде үйіне қайтарылған.18 сағаттан кейін тесілген ойық жара, перитонит клиникасымен қайта түсті. Дәрігер ойық жарақатты тұжырымдап, бос газы бар, құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады. Осы жағдайда диагностикада қателіктер неден туындайды?

A) Бос құрсақ қуысына перфорациясы

+B) Аузы жабылған және шарбы қалтасына тесілгенде

C) Перфорацияның қан кетумен қосарланғанда

D) Перфорацияның қалтқы стенозбен қосарланғанда

E) Ойық жара перфорациясы мен малигнизациясы қосарланғанда

 

Тесілген ойық жаралар ең жиі қай жерде орналасады?

A) 12 елі ішектің артқы қабырғасы

+B) 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасы

C) Асқазанның кіші иіні

D) Асқазанның үлкен иіні

E) Асқазанның түбі

 

34 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. 1 тәулік бұрын эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі, суық тер болған, бірақ бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі басылған. Дәрігерге бармаған. Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Жедел аппендицит

+B) Тесілген ойық жара

C) Жедел панкреатит

D) Қысылған жарық

E) Ішек өтімсіздігі

 

Ішек өтімсіздігінің странгуляциялық түрінде төмендегілердің қайсысы бірінші дамиды?

A) Ішектің сіңіріп алу қызметінің бұзылуы

+B) Ішек қабырғасының қанайналымының бұзылуы

C) Ішек қабырғасының лимфа ағысының бұзылуы

D) Ішектің эвакуаторлы қызметінің бұзылуы

E) Ішек қабырғасының нервтенуінің бұзылуы

 

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған.Соңғы уақытта іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Жоғарыда айтылған шағымдармен стационарға келді. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде жоғары тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші орындалуы тиіс?

A) Жедел ирригоскопия

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Ректороманоскопия

D) Құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

+E) Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

 

Патофизиологиялық өзгерістер ішек өтімсіздігінің клиникалық симптомдарын: шөлдеу, терінің құрғауы, АҚ түсуі, олигоурияны шақырады. Осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Ішекте механикалық кедергі

B) Ішектің динамикалық бұзылыстары

+C) Дамыған гиповолемия және дегидратация

D) Ішек қанайналымы мен нервтенуінің бұзылуы

E) Ішек реабсорбциясының бұзылуы

 

25 жасар ер адам хирургия бөлімшесіне іштегі толғақ тәрізді қатты ауру сезімі, құсу, нәжіс пен газдың шықпауы деген шағымдармен жатқызылды. Спорт жаттығулары кезінде жедел ауырған. Анамнезінде аппендэктомия. Қарап тексергенде: науқас мазасыз, түрі боз, суық термен жамылған. Пульс 100 рет 1 мин., АҚ 100/70. Іші керілген, ауру сезімді. Рентгенограммада көптеген деңгейлер мен Клойбер табақшалары. Осы жағдайда анағұрлым оңтайлы емдік тактика қандай?

A) Асқазан-ішек жолының бариймен рентгеноскопиясын жасау

B) Сифонды клизма жасау және динамикада бақылау

+C) Операция алды дайындық және жедел операция

D) Үнемі аспирациямен асқазанды зондтау

E) Диагностикалық лапароскопия жасау

 

76 жасар әйел қабылдау бөліміне хирургқа ауырғанына 10 сағаттан кейін іштегі қатты ауру сезіміне, шөлдеуге, әлсіздікке, бір рет болған іш өтуге шағымданып түсті. Анамнезінде: ЖИА және АГ. Қарап тексергенде: тілі кепкен, науқас мазасыз, акроцианоз бар, пульс 110 рет 1 мин., АҚ 90/60. Қан талдауында: лейкоциттер 29,0х109. Құрсақ қуысының рентгенограммасында жіңіщке ішекте газ. Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Жедел панкреатит

B) Тамақтық токсикоинфекциясы

C) Жедел ішек өтімсіздігі

D) Асқазанның ойық жарасы

+E) Мезентериалды тамырлардың тромбозы

 

79 жасар әйелде операция кезінде бүкіл жіңішке ішектің және тоқ ішектің оң бөлігінің ишемиялық некрозы анықталды. Ішектегі осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Төменгі шажырқай венасының тромбоэмболиясы

B) Төменгі шажырқай артериясының тромбоэмболиясы

+C) Жоғарғы шажырқай артериясының I сегмент деңгейінде тромбоэмболия

D) Жоғарғы шажырқай артериясының II сегмент деңгейінде тромбоэмболия

E) Жоғарғы шажырқай артериясының III сегмент деңгейінде тромбоэмболия

 

43 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздікке, бас айналуға, кофе тұнбасы тәрізді құсуға шағымданып жеткізілді. Ауырғанына 1 тәулік болған. Төмендегілердің қайсысы қан кету фактісін орнату үшін бірінші кезекте жасалуы тиіс?

A) Жалпы қан анализі

B) Асқазанды зондтау

C) Коагулограмманы зерттеу

D) Альговер шок индексін анықтау

+E) Тік ішекті саусақпен зерттеу

 

49 жасар әйел хирургиялық бөлімшеге қатты әлсіздікке, қанмен құсуға, қара нәжіске шағымданып жеткізілді. Анамнезінде 5 жыл бойын 12 елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанда жаңа қан, 12 елі ішектің артқы қабырғасында өлшемдері 1,5х1,0 см болатын, сорғалап жатқан қан кетумен асқынған ойық жара. Осы науқаста анағұрлым дұрыс емдік тактикасы қандай?

A) Асқазанға зонд қою, суық сумен жуу

B) 2 сағаттан кейін эндоскопиялық бақылау жасау

C) Гемостатикалық терапия жүргізу

+D) Шұғыл операция жасау

E) Операцияны жеделдетілген түрде өткізу

 

49 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа әлсіздік, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінде: 1 апта бойы алкоголь қабылдаған. 7-тәулікте үйінде көп реттік құсу болғанын айтады. Түскеннен 3 сағат бұрын қан аралас құсу және қара нәжіс болады. Бұл жағдайда төмендегілердің қайсысы қанкетудің негізгі себебі болуы анағұрлым ықтимал?

A) Асқазанның немесе 12 елі ішек ойық жарасы

B) Өңештің варикозды кеңейген веналары

C) Эрозивті-геморрагиялық гастрит

+D) Мэллори-Вейсс синдромы

E) Рефлюкс-эзофагит

 

Қабылдау бөліміне хирургқа 34 жасар науқас асқазан-ішек жолынан қан кету клиникасымен жеткізілді. Шұғыл ЭФГДС кезінде жалғасып жатқан қан кету көзі ретінде өңештің төменгі үштен бір бөлігіндегі варикозды кеңейген веналар анықталды. Анамнезінде 5 жыл бойы бауыр циррозы. Алдында бірнеше рет консервативті ем қабылдаған. Осы жағдайының нашарлауы 1 тәулік бойы. Осы жағдайда анағұрлым бірінші кезекте жасалынатын емдік тактика қандай?

A) Торакотомия, эзофаготомия, оңештің варикозды кеңейген тамырларын тігу

B) Портокавальді анастомоз салу

C) Консервативті ем жүргізу және бақылау

+D) Сенстакен-Блейкмор зондын орнату

E) Гастротомия, оңештің варикозды кеңейген тамырларын тігу

 

78 жасар ер адам қабылдау бөліміне хирургқа жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. Зерттегеннен кейін және операция алды дайындық жүргізгеннен кейін операцияға алынды. Лапаротомия кезінде 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасында ойық жара анықталды, 1,0 см дейін перфоративті тесігі және 2 см дейін қабыну аймағы бар, жайылмалы фибринді-іріңді перитонит. Тесікті тігуге талпынғанда тігістер қиып кетті. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

A) Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы

+B) Тесікті Поликарпов бойынша тігу

C) Тесікті бір қатар тігіспен тігу

D) Джадд бойынша пилоропластика ваготомиямен бірге

E) Гейнеку-Микулич бойынша пилоропластика, ваготомия

 

48 жасар ер адам ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін тесілген ойық жара клиникасымен түрде хирургиялдық бөлімшеге жатқызылды. Анамнезінде 3 жыл бұрын қан кету болған. Лапаротомия кезінде асқазан ойық жарасы анықталды, 0,8 см перфоративті тесігі және 2,5 см дейін қабыну аймағы бар. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

A) Тесілген ойық жараны тігу

B) Антрумэктомия ваготомиямен бірге

С) Ваготомиямен бірге тесілген ойық жараны тігу

D) Ваготомиямен бірге ойық жараны кесіп алып тастау

+E) Асқазанның 2/3 бөлігінің Бильрот-II бойынша резекциясы

 

44 жасар ер адамға 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы себебінен операция жасалған. Зондты алғаннан кейін 3-тәулікте науқаста іштегі қатты ауру сезімі және перитонит белгілері пайда болды. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс тактика қандай?

A) Жедел лапароскопия жасау

B) Асқазанға қайта зонд қою

С) Анализдер алып, динамикада бақылау

+D) Релапаротомияны жасау

E) Инфузионды терапия тағайындау

 

62 жасар әйел ауырғаннан 3 тәуліктен кейін жедел холецистит клиникасымен хирургиялық бөлімшеге түсті. Қанныі зерттеуінде: лейкоциттер 18000*89, дене температурасы 380.Өт қабының ультрадыбыстық зерттеуінде конкременттер анықталды, өт қабының қабырғасы қалыңдаған, қос қонтур пайда болған. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

A) Диагностикалық лапароскопия жасау

B) Спазмолитик пен ішке салқын қоюды тағайындау

С) Инфузионды терапия мен УДЗ тағайындау

D) Антибактериальді терапия тағайындау

+E) Операция алды дайындықтан кейін операция жасау

 

30 жасар ер адам жедел панкреатит клиникасымен ауырғаннан 5 тәулік өткеннен кейін хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Тұрақты ауру сезімі, 37,5-38,00С шамасындағы температура мазалайды. Қарап тексергенде: эпигастрий аймағында контурлары айқын емес, тығыз түзіліс пальпацияланады. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

A) Ұйқы безінің жалған торсылдағы

+B) Парапанкреатикалық инфильтрат

С) Инфицирленген панкреонекроз

D) Өт қабынның шынайы кистасы

E) Өт қабының абцессі

 

28 жасар ер адамда сол жақтық қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының флегмонасы анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым тиімді араласу болады?

A) Жарық қабын ашу және дренирлеу

B) Жарық қабын ашу және ревизия жасау

+С) Жарық қабын ашпай лапаротомия жасау

D) Жарық қабын ашу, ішек резециясы, сосын лапаротомия

E) Жарық қабын бөліп алу және кысып тұрған сақинаны кесу

 

68 жасар әйел хирургялиық бөліміне қысылған вентральді жарық клиникасымен ауру басталғаннан 26 сағат өткеннен кейін госпитализацияланды. Операция кезінде 20 см ұзындықта ащы ішек ілмегінің некрозы анықталды. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс тактика қандай?

A) Некроздалған ілмек бойынша ішек фрагментің резекциясы және анастомоз салу

B) Некроз орнынан 10 см проксимальді және 5 см дистальді шегініп, резекция жасау

С) Некроз орнынан 20 см проксимальді және 40 см дистальді шегініп, резекция жасау

+D) Некроз орнынан 40 см проксимальді және 20 см дистальді шегініп, резекция жасау

E) Некроз орнынан 40 см проксимальді және 40 см дистальді шегініп, резекция жасау

 

23 жасар ер адамға қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының бір қабырғасы қуық екені анықталды. Осы жағдайда хирург жарықтың қай түрін анықтады?

A) Ішкі

+B) Жылжымалы

С) Литтре жарығы

D) Сирек орындағы жарық

E) Спигелий сызығының жарығы

 

Төменде аталған әдістердің қайсысы науқаста шат жарығының қысылуына күмәнданғандыған диагностикалау үшін қолданбайды?

+A) Барий әкпен ішекті рентгенографиялау;

B) Іш пердені шолулық рентгенографиялау;

C) Жөтел түрткісін анықтау;

D) Іш қуысының мүшелеріне УДЗ жасау;

E) Диагностикалық лапароскопия;

 

Шап жарығы кезінде қандай мүше ең жиі қысылады?

A) Шарбы

+B) Жіңішке ішек

C) Шәует өзегі

D) Қуық

E) Жуан ішек

 

Науқас К., 23 жаста, хъирургиялық бөліміне оң жақ шатының кенеттен ауырғандығына шағымданып түсті. Осыған қоса науқаста жүрегінің айнуы, құсу, жоғарғы температура болған. Ауырғандығына 18 сағат болған. Дәрігер қарау барасында іштің кепкендігін, шат аймағында басқан кезде ауру сезімі бар, жайылған ісік, қызарған, жері айқындалды. Осы жағдайда төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?

A) Ішектің жедел тарылуы;

B) Оң жақ бөлігінде іріңдеген шат лимфадениті;

C) Оң жақ бөлігінде жедел іріңді паранефрит;

D) Оң жақта іріңдеген жедел эпидидимит;

+E) Жарық мүшегінің флегмонасы және қысылған шат жарығы;

 

Науқас Л., 68 жаста қысылған шат жарығы бар науқасты оталау кезінде хирург жарық мүшегін ашқан уақытта шажырқайға қарсы шеті бойынша аш ішектің азғантай ғана бөлігінің қысылғандығын анықтады. Хирург осы жағдайда қысылудың қандай түрімен соқтығысты?

A) Сырғанаған қысылу;

B) Ішектің іш жағынан қысылуы;

C) Ішектің шажырқай бөлігінің қысылуы;

+D) Ішектің Рихтерлік қысылуы;

E) Меккелев дивертикулының қысылуы;

 

Төмендегілердің қайсысы қысылған жарық кезінде ішек қабырғасының өмірге қабілеттілігін көрсетпейді?

A) Белсенді перистальтика

B) Ишемиялық ошақтардың болмауы

+C) Ішек қуысында сұйықтықтың жиналуы

D) Шажырқай тамырларының пульсациясы

E) Сірлі қабаттың жылтыр түсі

 

34 жасар С. науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+B) Тік шап жарығы

C) Бүйір жарығы

D) Жоғарғы қабырғасы

E) Алдыңғы қабырғасы

 

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөліміне оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс, ауру сезімі, 37,30С шамасындағы температура деген шағымдармен жатқызылды. Кезекші хирург шап лимфаденитіне күмәнданды және қысылған шап жарығын да жоққа шығармады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс?

A) Салқын қойып, спазмолитиктерді енгізу

B) Антибиотиктерді тағайындап, бақылау

+C) Шұғыл операцияны жасау

D) Жоспарлы операцияны жасау

E) Құрсақ қуысына УДЗ жасау

 

Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

A) Медиальді

B) Артқы

C) Бүйір

D) Жоғарғы

+E) Алдыңғы

 

44 жасар А. науқаста операция кезінде қысылған кіндік жарығы анықталды. Науқасқа жарық қақпаларының пластикасының қай түрі көрсетілген?

A) Бассини

+B) Сапежко

C) Мартынов

D) Руджи-Парлавеччио

E) Жирар-Спасокукоцкий

 

Науқас А. 24 жаста қысылған шап жарығына ота жасалған кезде хирург, жарық қапшығының қынап қабықшасында орналасқанын қиыцндықтарын байқады. Жарық қапшығы шап байламынан төмен орналасқан. Төменде көрсетілгеннің қайсысы операциялық тапқышқа осы жағдайға сәйкес?

+A) Сан жарығы;

B) Сырғымалы жарығы;

C) Қиғаш шап жарығы;

D) Тік шап жарығы;

E) Спигелді сызық жарығы;

 

Төмендегілердің қайсысы жедел деструктивті панкреатит кезінде шок пен коллапсты шақыруы мүмкін?

A) Холедохтың дистальді бөлігінің қысылуымен

B) Билиарлы гипертензия

+C) Ферментті токсемия

D) Ұйқы безінің ісінуі

E) Ауру реациясы

 

39 жасар ер адам хирургиялық бөлімшеге ойық жара этиологиялы асқазан-ішек жолынан қан кетумен ауыр жағдайда жатқызылған, инфузионды-трансфузионды терапия жасалуда. Төменде көрсетілгеннің қайсысы Науқаста өткізілген емнің адекватты екенін көрсетеді?

A) Тахикардияның сақталуы

B) Гипергликемияның төмендеуі

+C) Орталық веналық қысым мен сағаттық диурездің жоғарлауы

D) Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы

Е) Гемоглобин мен гематокриттің жоғарлауы

67 жасар ер адам емханаға хирургқа кекіруге, эпигастрий аймағындағы ауырлыққа, тамақпен құсуға шағымданып келді. Анамнезінде: 2 жыл бұрын тесілген ойық жара бойынша операция жасалған. Соңғы 6 ай ішінде 7 кг салмақ жоғалтқан. Науқастағы осы жағдайдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Асқазан рагі

B) Панкреатит

C) Дуоденостаз

D) Кардия ахалазиясы

+E) Қалтқы стенозы

 

Ер адам 38 жаста, хирургиялық бөлімшеге жаралық этиологиялы декомпенсация сатысында пилородуоденальды тарылу клиникасымен түсті. Жүргізілген тексерулерден кейін және операцияға дайындық жүргізілген соң науқасқа операция тағайындалды. Төменде аталған операциялардың қайсысы науқас үшін тиімді болып табылады?

A) Асқазанды субтотальды кесу;

B) Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

C) Гейнек-Микулич операциясы және бағандық ваготомия;

D) Айналмалы гастроэнтероанастомоз және бағандық ваготомия;

+E) Финне операциясы және селективті проксималды ваготомия;

 

Науқас С., 68 жаста, хирургиялық бөлімшеге тері жабындысының қышынуына, әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына және дене температурасының кезеңді түрде 39 С дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданып түсті. 2-нші тәулікте бөлімшеде науқаста нәжісі қара түсті болды. Науқасқа ФЭГДС жүргізілді, жүргізу барысында эндоскопист гемобилияға күмәнданды. Төменде аталғандардың қайсысы гемобилия көрінісіне сәйкес келеді?

A) Дьелафуа жарасынан қан ағу;

B) Прокоагулянттар өндірілуінің азайуы;

+C) Өт өзегі арқылы бауырдан қан ағу;

D) Өңештің варикозды тамырынан қан ағу;

E) 12елі ішек және асқазанның жедел жарасы және эррозиясы.;

 

Сарғаюдың қай түріне төменде айтылған клиникалық сурет сәйкес келеді: сарғаю ауру сезімінен кейін пайда болды, бауыр ортаща ұлғайған, өт қабы пальпацияланбайды, қою түсті зәр, ақ нәжіс, тік билирубиннің басымдылығымен билирубинемия?

A) Гемолитикалық

+B) Обтурациялық

C) Посттрансфузиялық

D) Паренхиматозды

E) Энзимопатиялық

 

Әйел 65 жаста қабылдау бөліміне хирургқа іштегі ауру сезіміне, бас айналуға, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір тәулік бұрын автобустан құлап, сол бүйірімен соғылған. Қарап тексергенде: боз, мазасыз, іші жұмсақ, ауырмайды, АҚ 100/60, пульс 92 рет 1 мин., қан анализінде эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин 97 г/л, гематокрит 28%. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

A) Іштің жабық жарақаты

B) Бауырдың соғылуы

+C) Көкбауыр жыртылуы

D) Бүйректің соғылуы

E Құрсақ арты гематома

 

43 жасар науқас К. Хирургиялық бөлімшеде «Жедел панкреатит» диагнозымен консервативті ем қабылдаған. Аурудың 18-күнінде жоғары температура, қалтырау, 1 мин 100 ретке дейінгі тахикардия, лейкоцитоз 20,0х109, формуланың солға ығысуымен, эпигастрий аймағында инфильтрат пайда болды. Осы науқаста төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Холангит

B) Жедел холецистит

C) Құрсақ арты флегмона

+D) Шарбымай қалтасының абсцессі

E) Ұйқы без торсылдағы

 

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел панкреатит кезінде сол қабырға-омыртқа бұрышының пальпациясы кезінде ауру сезімін туғызады?

A) Мондор

B) Грей-Тернер

C) Грюнвальд

+D) Мейо-Робсон

E) Воскресенский

 

Жедел панкреатит кезінде бетте цианоз дақтарының пайда болуы қандай симптом болып табылады?

A) Керте

+B) Мондор

C) Грей-Тернер

D) Мейо-Робсон

E) Воскресенский

Науқас И., 43 жас эпигастрии аймағындағы ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, іштің кебу шағымымен қабылданған. Тексергенде іш көлемі ұлғайған, перкуссия кезінде эпигастирии мен мезогастриде жоғары тимпанит байқалды. Дәрігер науқаста жедел панкреатит диагнозын болжамдады.Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит кезінде метеоризм дауына себепші?

A) Тоқтамайтын құсумен, денедегі сұйықтықтың жоғалуы

B) Инфильтратпен он екі елі ішектің қысылуымен

C) Жоғарғы шажырқай артериясының тромбоэмболиясымен

+D) Көлденең тоқ ішек шажырқайы түбірінің ісінуімен

E) Ұйқы безінің ферментативті жетіспеушілігімен

 

Науқас Н., 44 жас панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды. Бұл жағдайда қандай мақсатпн осы ота жасалды?

A) Детоксикациялау мақсатында өтті алу

B) Холангит дамудың алдын-алу

+C) Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы

D) Жедел холангиттің дамуының алдын-алу

E) Өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы панкреатиттің ісінген түріне не тән?

A) Перитониттің дамуы

+B) Іштегі қатты ауру сезімі

C) Дене температурасының айқын жоғарлауы

D) Парапанкреатикалық инфильтраттың түзілуі

E) Көздің шырышты қабаты мен терінің сарғаюы

 

Жедел панкреатит дамуында басты рольді не алады?

A) Микробты агрессия

+B) Аутоферментті агрессия

C) Веналық ағыстың бұзылуы

D) Плазмоцитарлы инфильтрация

E) Микроциркуляторлы бұзылыстар

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы майлы панкреонекроз ненің нәтижесінде дамиды?

A) Каллеккреин-кинин жүйесінің белсенденуі

B) Протеолиттік ферменттердің бесенденуі

+C) Липолиттік ферменттердің бесенденуі

D) Гликолиттік ферменттердің бесенденуі

E) Цитокиндердің белсенденіп қайайналымға шығуы

 

Жедел панкреатит кезінде компьютерлі томография мүмкіндік бермейді?

A) Аурудың түрін анықтау және көршілес құрылымдардың патологиясы

B) Динамикалық бақылау жүргізу

C) Үрдістің орны мен таралуын анықтау

D) Ұйқы безінің зақымдануын диагностикалау

+E) Ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігін анықтау

 

Қандай байламды кесу ұйқы безін қарау үшін, сондай-ақ дренирлеу үшін ең ыңғайлы бару жолын қамтамасыз етеді?

A) Асқазан-диафрагмалық

B) Асқазан-көкбауырлық

+C) Асқазан-тоқ ішектік

D) Бауыр-асқазандық

E) Бауыр-бүйректік

 

Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөлімшеге хирургқа ауру басталғаннан 3 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне, аз уақытқа ес-түсін жоғалтуына, суық терге, бір реттік құсуға шағымданып келді. Анамнезінен:10 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауырады. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, пульс 100 соғу минутына, АҚ 100/70 мм рт.ст. Операция кезінде алдыңғы қабырғада ойық жара диаметрі 2,0 см, 0,3 см перфоративті тесігі бар. Буылтықтың айқын тыртықты деформациясы, қабыну сипатындағы стеноз белгілері, сондай-ақ артқы қабырғасында 1,5 см дейінгі ойық жара бар. Жіңішке ішектің ішінде қан. Осы науқаста ауру ағымының ерекшелігі қандай?

A) 12 елі ішектің гигантты ойық жарасы

B) Ойық жарақатының перфарациясы қанкетумен байланысты

C) Ойық жарақатының перфарациясы стенозбен байланысты

D) 12 елі ішектің сүйіскен ойық жарақаты бар

+E) Қанкетуі, перфорация және стеноздың қосарланған асқынуы

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатит пен жедел ішек өтімсіздігі арасында ажырату диагностикасын жүргізу үшін қандай зерттеу әдісі мәліметті емес?

A) Диагностикалық лапароскопия

+B) Венаішілік холангиография

C) Құрсақ қуысы мүшелерінің шолу рентгенографиясы

D) Құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі

E) Ішек бойынша барий пассажын рентгенологиялық бақылау

 

Жедел іш клиникасымен 45 жасар науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде құрсақ қуысында геморрагиялық б}



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Великий китайский поход за иностранными студентами | Выбор потребительских трансформаторов
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 933 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.