Қысқартылып жазылған сөздерді (титл), сондай-ақ сызық астына жазылған сөздерді берудің де өз ерекшеліктері болады. Алғашқысы қазіргі заманғы жазумен, қалпына келтірілген әріптер квадрат жақшаға алынып берілсе, екіншілері жолға қосылып, басқа қаріппен беріледі. Д. И. Довгялло Литвалық метрика жазбаларының 16-кітабының мәтінін осылайша берген, қазіргі заманғы литвалық археограф Э. Баненис те осындай 5-кітаптың екінші бөлімін тура осылай етіп жариялаған.
Алайда көне дәуір құжаттарында қысқартылып жазылған сөздерді ашқан кезде мынандай бір ерекшелікті ескерген жөн: құжаттың шығу тегіне байланысты титл астындағы бір сөз әртүрлі болып ашылуы мүмкін. Мысалы, Орыс мемлекетінің құжаттарындағы титл астындағы «гдръ» қысқартуы «г[осу]д[а]ръ» болып ашылса, Ұлы Литва князьдігінің құжаттарында «г[оспо]д[а]ръ» болып ашылады. Бұған бір кездері МГУ студенттеріне «ХVІІ ғасырдағы бұйрық беру іс қағаздарын жүргізу» арнайы курсынан дәріс оқып тұрған академкик М. Н. Тихомиров назар аударған болатын. «Мысалы, – деді ол тыңдаушыларына, – сіздер «гдру» деген сөзді кездестірсеңіздер, оны «гдрю» деп өзгертесіздер. Бұл жердегі кілтипан неде? Егерде «гдру» деп жазылса, оны белорус немесе украиндық жазуы мүмкін, оларға «р» қатаң дыбысы тән. Бір ғана әріпті түзеу арқылы сіздер осындай тілмен хат жазған авторын анықтауға деген мүмкіндіктен айырасыздар».
Тағы бір ресейлік археограф әрі мұрағатшы, Мәскеу тарих-мұрағат институтының профессоры И. Ф. Колесников те белорус мәтіндеріне қатаң «р» дыбысын қолдану («цара», «цару»), «в» орнына «у» немесе керісінше («у землю», «вже»), «из» қосымшасын «с»-мен ауыстыру («изделать», «с Менска»), қатаң (үзілмелі) «г» дыбысын белгілеу үшін «кг» диграфын пайдалану («Жикгимонт») тән болғанын атап өткен.
Сонымен, түпнұсқа мәтініндегі бізге нағыз қате болып көрінетін титл сөздерді дұрыс ашу үшін, ең алдымен оның шығу төркінін біліп алу қажет. Бұл жерде бізге хаттың жазылу ерекшелігін, материалы мен құралдарын, т.б. зерттеумен айналысатын палеография көмекке келеді. ХV ғасырдан бастап Мәскеу Русі мен Литва ұлы княздігінің шапшаң жазуларының бір-бірінен өзгешеленуі басталып, ХVІ ғ. басына қарай бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары барлығы байқалған. Мәскеулік шапшаң жазу белорустармен салыстырғанда әсіресе жоғары қарай еркін шарықтауын тежей бастады. Ал соңғысының оңтүстік-славяндық әсерге ұшырағаны төменге созылатын құйрықтардың ұзарып, иректеле аяқталуынан байқалып тұрады. Бұл әсіресе д, р, у. ц, ш әріптерінен байқалады; тек қана ж,ъ және ятъ жоғары қарай құлаш созады. Белорус жазуының ерекше белгісі – з әрпінің аяғы жолдың астына қарай созылып, өзіне тән құйрығы солға қарай көлбеу бітіп, көбінесе жоғарғы жағы бассыз болып келеді. Мәскеулік шапшаң жазудағы дөңгелектеніп келетін жазудың орнына белорустарда готикалық жазбаға тән бұрыштары шығыңқы болып келу тән. ХV– VІ ғғ. белорус шапшаң жазуының орталығы Литва ұлы княздігінің кеңсе жазбалары болса, жоғарыда сөз болған ерекшеліктердің барлығы соған тән болып келеді.
Кейінгі кезеңдегі (ХVІІІ ғ. соңына дейінгі) қолжазбалар мәтінін беру оңайырақ: қолданыстан шыққан әріптердің орнына сол дыбысты білдіретін қазіргі заманғы әріптер қойылады. Титл астындағы сөздер қалпына келтірілген әріптерді ерекшелеусіз-ақ ашылады. Сондай-ақ жолдағы шығыңқы әріптер де ерекшеленбейді. Жіңішкелік, жуандық белгілер де қазіргі жазуға сай қойылады.
Атау есімнің құрамына кіретін барлық жеке есімдер, әкесінің аты, фамилиялар, жанама есімдер, атау есімнен қалыптасқан сын есімдер көлбеу қаріптермен жазылады: Иван Большой Григорьев сын Семенов, Бык сын Ивашков (Беларускі архіу. Т.2. С. 92).
Барлық географиялық атау көлбеу қаріптермен жазылады, күрделі географиялық атауларда қызметтік сөздер мен рулық ұғымдарды білдіретін сөздер кіші әріптермен жазылады: Высокий Холм, Крынское лесничество, Богородчицкие волоки, Сураж на Подляшшу (Беларускі архіу. Т. 1. С. 3).
Қосарлы атаулар арасына дефис қойылмайды: Великая Струга. Географиялық және агиографиялық атаулардан тұратын монастырлар мен шіркеулердің атауында дефиспен қосылған да, қосылмаған екі атау да бас әріппен жазылады: Параскевы-Пятницы әу. шіркеуі, Усвейская Свято-Троицкая шіркеуі, Минск Свято-Троицкий золотогорский костел.
Құжаттардағы санды белгілейтін әріптік цифирь араб әріптерімен беріледі. Әріптік цифирьмен белгіленген жылдарды белгілегенде реттік сан есім жалғаулары дефис арқылы беріледі: 7140-жылдың жазы, 192-жылы.
Түпнұсқа құжаттар Әлем Жаралғаннан бергі немесе Христос Туған жылдан бері қарай белгіленуі мүмкін: Писан во Мстислави в лето SЦОА (где зело – 6 тыс., цы – 900, он – 70, аз – 1), соответственно – 6971 от С. М. и 1463 от Р. Х. (Белорусский архив древних грамот. С. 3) Дата былай жазылуы керек: Лета 6971-го, во 463-м году.
Писан у Вилни, лета Божего Нароженя АФЗА, месяца февраля К дня (где А-тысяча, ферт – 500, кси – 60, аз – 1, како – 20), соответственно: 1561, 20 февраля. (Белорусский архив древних грамот, С. 27).
Құжат мәтінінде көп қайталанатын және қалыптасқан титулатура формасы болған кезде, шартты қысқартулармен беруге болады. Мынандай қысқартулар қабылданған: корольдік және ұлыкнязьдік титул – полный (п.т.), средний (с.т.), краткий (т.), патшалық титул да осылай беріледі.
Ертедегі кезең құжаттарында тайпалар мен халықтар атауын үлкен әріппен жазылады, мысалы: «в Ляхи», «на Кривичи», т.б.
Көне қолжазбаларда басқы әріптер бояумен, қара қаріппен ерекшеленеді, және де бояу түрі көрсетіледі – киноварь, охра, сурик, алтын, т.с.с.
Жаңа және қазіргі заманғы мерзімнің құжаттары түпнұсқаның стилистикалық және тілдік ерекшеліктері, түпнұсқа жасалған кезге тән қысқарған сөздер, тілдік қорлар мен сол кезеңге сипатты: калгас, ревком, т.с.с. сөздер сақтала отырып, қазіргі жазу ережелерімен беріледі.
Іс қағаздарын жүргізу бланктерінің мәтіні әдетте қалпына келтірілмейді, тек қана редакциялық тақырыпшалар қою үшін пайдаланылады.
Заңнамалық, дипломатиялық және ресми емес құжаттардың тақырыптары мен даталары, сондай-ақ газет мақалаларының, ғылыми типтегі басылымдардағы үнпарақтар тақырыптары редакциялық тақырыптардан бөлек, түпнұсқада қойылған жерінде қалпына келтіріледі:
Лістоука ЦК КП(б)Б з паведамленным аб расстрэле акупантами у Мінску савецких дзяцей і з прызывам бязлітасна знішчаць фашысцкіх катау (Бұл жерде мұнысы – редакциялық тақырып)
Прачытай і перадай другому
У Мінску гітлерауцы расстралялі сто дзяцей-сірат (Бұл жерде мұнысы – үнпарақтың өз тақырыбы)
(Зборнік лістовак усенароднай партызанскай барацьбы у Беларусі у гады Вялікай Айчыннай вайны (1941 – 1944 гг.) Мн., 1952. С. 75)
Ғылыми-көпшілік (көпшілікке арналған) басылымдарда құжаттарда көрсетілген тақырып типтері қалпына келтірілмейді, редакциялық тақырыптарды беруде пайдаланылады:
Передовая статья «Сберегательное дело в БССР»
(Индустриализация в БССР. Мн., 1975. С. 72)
Іс қағаздарын жүргізу құжаттарындағы тақырыптар мен даталар берілмейді, тек редакциялық тақырыпты жасауда пайдаланылады.
«Құпия», «жедел» дейтін белгі-грифтер құжат мәтінінің алдында, оң бұрышында қалпына келтіріліп қойылады:
1893 г. сентября 15. – Рапорт пристава 1-го стана Брестского у. уездному исправнику об издевательствах помещика Лобачева над крестьянами
Секретно
(Белоруссия в эпоху капитализма. Т. 1. Мн., 1983. С. 190)
Донесение брестского поветового старосты полесскому воеводе о сопротивлении крестьян дер. Леплевка Домачевской гмины при взимании налогов
26 июля 1933 г.
Весьма срочно
Секретно
(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное освобождение и воссоединение с БССР. Документы и материалы. Т. 2 Мн., 1972. С. 250)
Сауалнама, марапат қағазы, қызмет тізімі, т.б. формуляры және сұрақтарға жауаптар әртүрлі қаріптермен беріледі. Егерде бірінің астынан бірі келетін бірнеше біртипті құжаттар жарияланса, формуляр тек бір-ақ рет беріледі:
Справка о состоянии здоровья для гражданских лиц, завербованных на работы в Германию
г. Слуцк 9 марта 1942 г.
Біржа працы Слуцк
Ліст здароуя
1. Запауняецца біржай працы:
Прозвішча Барысевіч
Імя і імя па бацьку Анатолі
(Белорусские остарбайтеры. Документы и материалы. Кн. 1. Мн., 1996. С. 60)
Хаттамалар мәтіндері графаға бөлінбей, толық жолға жазылады. Хаттамалардың ішінде кездесетін сұрақтар, орындарынан сөз қосуларды негізгі мәтін сияқты, «сұрақ», «орнынан айтылған сөз», «қол шапалақтау», т.б. сөздері азатжолдан, басқа қаріппен беріледі. «Тыңдалды», «Қаулы етті» формулалары азатжолдан беріліп, аралары ашып жазылады. «Тыңдалды» формуласында пункттер нөмірленіп, ал «Қаулы етілді» формуласында оларды қайталамай-ақ қойса да болады.
ЛжБ К(б)П ОК №1 мәжілісінің хаттамасы
29 мамыр 1920 ж.
...Тыңдалды: Минск губвоенкомы туралы.
Қаулы етілді: ЗВО-ға Кундо жолдасты тағайындауға ұсыныс жасау.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии 1918–1920 гг. Сб. документов в двух томах.: Т. 2. Мн., 1971. С. 308–309)
Жеделхаттар, телефонограммалар, радиограммалар мәтіндері қысқартылып жазылған жалғаулар мен жұрнақтарды тік жақшаға алу арқылы толықтырылып жазылады. Түсіп қалған немесе қысқартылып жазылған тыныс белгілері («зпт», «тчк», т.б.) мәтінде орнына қойылады. Қызметтік белгілер (жіберілген, алынған жері, күні, нөмірі) құжаттың басында және мәтінге түсініктемеде пайдаланылады. Тікелей телефон арқылы сөйлескен сөздер мәтіндері бастапқы және қорытынды бөліктері сақталып беріледі («Аппаратта бәленбай», «Тыңдап тұрмын», «Сау болыңыз») және сөзге қатысушылар сөздері азатжолдан басталады.
И. В. Сталиннің РКП(б) Солтүстік-Батыс облыстық комитетінің төрағасы А. Ф. Мясниковпен Белоруссиядағы мемлекеттк құрылыстар туралы тікелей желідегі сөзінің жазбасынан
25 желтоқсан 1918 ж.
Сталин: Бұл губерниялар және басқа көптеген нәрселер жайында сіз келгенде сөйлесеміз. Сонымен, арғы күнге дейін.
Мясников: Сау болыңыз.
(По воле народа. Из истории образования Белорусской ССР и создания Коммунистической партии Белоруссии. Документы и материалы. Мн., 1988. С. 83–84)
Жоғарыда атап өткеніміздей, тікелей желі арқылы сөйлескен сөздер жазбасын жариялаған кезде екі сөйлесуші тараптар мәтіндерінің варианттарын салыстырып, барлық әртүрліліктер жайында мәтінге түсініктемеде айта кету керек.
Стенограммалар автор (яғни сөз сөйлеуші) қарап, жөндеп, қолын қойған мәтін бойынша беріледі. Түзетілмеген стенограммалар сол күйінде жөндеусіз беріледі, тек қана мағынасы жоқ: «так сказать», «как говориться», т.б. қыстырма сөздер алынып тасталады. Жетіспейтіндігі ап-анық болып тұрған сөздер тік жақшаға алынып беріледі. Түсіп қалған сөздер, мағынасы түсініксіз болып тұрған жерлер, аяқталмаған сөздер мәтінге түсініктемеде аталып өтеді: «мәтінде осылай», «сөйлем аяқталмай қалған», т.б.
Құжаттардың жартылай немесе толық шифрланған мәтіні жай жазуға айналдырылып жарияланады. Құжаттың шифрланғандығы жайлы мәлімет алғы сөзде беріледі:
ЦГАВМФ.Ф.Р-139.Оп.Д. 320.Л.18. Шифры ашылған дана.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т.2.С.284)
Құжаттың бір немесе бірнеше қосымшалары болған жағдайда, олар негізгі мәтіннен кейін реттік нөмірсіз, негізгі мәтін қарпінен басқа қаріппен беріледі. Қосымшаның өзіндік тақырыбының алдында «№ 1 қосымша», «№ 2 қосымша», т.б. көрсетіледі.
№ 60
БССР Министрлер Кеңесінің «БССР Министрлер Кеңесінің қасындағы Мұрағаттық басқарманың құрылымы мен штаттық кестесін бекіту туралы» қаулысынан
29 маусым 1965 ж.
Қаулыға № 1 қосымша
БССР Министрлер Кеңесі 29 маусым 1965 ж.
БССР Министрлер Кеңесінің қасындағы Мұрағаттық басқарманың құрылымы
(Архивное дело в БССР (1918–1968): Сб. законодательных и руководящих документов. Мн., 1972.С.129–130)
Әскери құжаттардағы географиялық атаулар осы кезеңдегі географиялық карталар бойынша салыстырылады. Әртүрліліктер мәтінге түсініктемеде көрсетіледі. Географиялық объектілер, позициялар атаулары атау септікте беріледі.
Сөзбен берілген реттік сан есімдерді (ай күндері, әскери құрамалар нөмірлері, т.б.) цифрмен берген жөн, тек қана жинақтаушы сан есім мен архаикалық формадағы белгілеуші сандар: жетеуі, біржарым, үштік, төрттік, т.б. сөзбен беріледі.
Рим және араб цифрлары әдетте құжат түпнұсқасына сай қалпына келтіріледі. Алайда жүзжылдықтар, конгресстер, съездер ретін белгілегенде қалыптасқан стереотип бойынша рим цифрларын қолданған дұрыс: ХХ ғасыр, КОКП ХХ съезі, Коминтерннің ХVП конгресі, т.б.
Майдандар, армиялар, корпустар, дивизиялар, т.б. нөмірлік белгілері араб цифрына септік жалғаулар жалғану арқылы беріледі: 1-ші Белорус майданы, 16-шы армия, 3-ші аттылы корпус, 241-ші Речицк бомбалаушы авиадивизия, т.с.с.
Құрамалар (бөлімдер) нөмірі мен командир лауазымының қысқарған атауын берген кезде септік жалғау қолданбайды: начдив 25, командарм 16, штакор 3.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т.1.С.19)
«Пайыз», «нөмір», «параграф» сөздері цифрлық белгілермен қосақталып берілгенде, сондай-ақ кесте графаларының атаулары тиісінше белгілермен алмастырылады: 5%, № 3, (параграф белгісін қою) 4.
Даталарды қойған кезде септік жалғаулар сақталмайды (егер түпнұсқада 1920 ж. 10 - шы мамыр деп жазылса, біз оны 1920 ж. 10 мамыры деп түзетеміз, тек қана сан ай атынан кейін келген жағдайда ғана бейсенбі, 10-ы; мамырдың 10 - ы деп жазамыз.
Қысқартылып жазылған сөздер, егер ол жалпы қабылданған қысқарған сөздер болмаса, толықтырылып жазылады. Ғылыми типтегі басылымдарда сөздердің қалпына келтірілген бөлігі тік жақшаға алынады: св[ятой], крестьян[ский], гр[аждани]н, т.с.с. Ғылыми-көпшілік басылымдарда екіұшты мағынасы жоқ қысқартылған сөздер ешбір тік жақшасыз-ақ ашылып жазылады, бірақ бұл туралы алғысөздің археографиялық бөлігінде міндетті түрде айтылады.
Мекемелер, ұйымдар, әскери құрамалар, лауазымдардың қысқартылған атаулары мен жалпы қабылданған қысқарған сөздер мәтінде сақталады: Наркамасвета, Рэвваенсавет, т.б. Бір ғана органның, мекемелердің, т.б. атауына қатысты қолданылатын әртүрлі қысқартулар бірегейленбейді, түпнұсқада қалай жазылса, солай беріледі: СНК және Саунарком, НКЗ және Наркомзем, РВК және райвыканкам (белорус тіліндегі құжаттар үшін), РВК және райвоенкомат (орыс тіліндегі құжаттар үшін). Мекемелердің қысқартылып жазылған атауын ашқан кезде оның кейінгі өзгертілген атауы ескерілмей, құжатта қалай жазылса, сол күйінше беріледі.
Кейбір жағдайда тек қана ашып жазу емес, кейбір қолдан жасалған сөздердің мағынасын түсіндіре кету қажеттігіне тап боласыздар. Бұл әсіресе 1920–1930-жылдар құжаттарына тән, ресми құжат мәтіндерінде «шкрабы» («школьные работники» деген сөз), немесе әскери лауазымға қатысты мүлде шым-шытырық «замкомпоморде» («заместитель командующего по морским делам» деген мағынасын әрең дегенде түсінген) деген атау.
Жарияланатын мәтінде жиі қайталанатын лауазымдар, шендер, әскери атақтар, географиялық атаулар, техникалық, т.б. терминдерді, егер олар атау септікпен тіркесіп келсе, қысқарту енгізуге болады: заг. АНА І. Пятроускі; ген. Даватар; р. Свислочь (но загадчык аббзела народнай асветы; генерал; река).
Құжаттарды жариялағанда үлкен және кіші әріптер құжат жазылған кездегі емес, қазіргі орфография ережелеріне сәйкес қолданылады. Сондай-ақ түпнұсқадағы аббревиатуралардың тыныс белгілері де сақталмайды: мысалы, С. С. Р. Ба емес, ССРБ; С. Н. К. емес, СНК, т.б.
Мемлекеттік жоғарғы органдар мен басқару органдарының, жоғары мемлекеттік лауазымдар, құрметті атақтар, қарулы күштер атауларындағы сөздер, т.б. үлкен әріптермен басталып жазылады:
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесі, Қазақстан Республикасының Президенті, Кеңестер Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері.
Мекемелер, мекемелердің ірі құрылымдық бөлімшелерінің, бас басқармалар, сондай-ақ географиялық терминдерден жасалған әскери операциялар, әскери құрамалардың күрделі атауларындағы бірінші сөздер үлкен әріппен жазылады:
Мәдениет сарайы, ҚССР ІІБ мұрағаттық басқармасы, ҚССР МК жанындағы Бас мұрағат басқармасы, Белорустік шабуыл операциясы, Белорус гусарлар полкі.
Бірнеше сөзден жасалған, сондай-ақ бір әріптерден (аббревиатура) құралған қысқарған мекеме атаулары үлкен әріптермен жазылады:
Минпрос, Казпромцветмет, ВНУ, ВАК.
Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының толық атауында орган ретіндегі «Кеңес» сөзі үлкен әріптен басталады:
халық депутаттарының селолық Кеңесі, халық депутаттарының жергілікті Кеңесі.
Ордендер мен медальдар атауында орденнің немесе медальдың атауы үлкен әріппен жазылады:
Станислав ордені, Андрей Первозванный ордені, Әулие Владимир ордені, 1 дәрежелі Отан соғысының партизаны медалі, Франциск Скорин медалі.
Мекемелердің жалпы есім атаулары, ұрыс аудандарының және әскери топтамалардың, штабтардың атауы, әскер түрлері, құрметті гвардиялық құрамаларға қатысы барлығын білдіретін сөздер, сондай-ақ лауазымдар, атақтар, дәрежелер атаулары кіші әріптермен жазылады:
ішкі істер және әділет министрлігі, гомель бағыты, бобруй топтамасы, полк штабы, жаяу дивизия, Мәскеу полкінің лейб-гвардиясы, жеңіл өнеркәсіп мнинстрі, штаб бастығы.
Құжат астына қойылған қолдарды қалпына келтірудің өзіндік ерекшеліктері болады. Олар құжат мәтінінен кейін, құжатта қай тілде берілсе, сол тілде, құжаттың қай жерінде тұрғанына қарамастан, жаңа жолдан бастап беріледі. Мысалы, 1920 ж. 31 шілдесінде ССРБ тәуелсіздігін жариялау туралы орыс тілінде жазылған Декларацияға басқалармен бірге В. Игнатовский де қол қойған. Оның қолы беларус тілінде қойылған. Құжатты жариялаған кезде біз оны нақ осы тілде бердік.
Екі немесе үш мекемелер тең негізде жасаған құжаттардың соңындағы қолдар бір деңгейде беріледі: бірлескен қаулыларда, арнауларда, республикалық және жергілікті кеңестік, кәсіподақтық және т.б. органдар хаттарында; министрліктер мен ведомстволардың бірлескен бұйрықтарында, кәсіпорындар арасындағы келісімшарттар мен әртүрлі ұйымдар мен ведомстволар өкілдерінен құрылған жюри шешімдерінде, дипломатиялық құжаттарда. Әскери құжаттарда түпнұсқадағы қолдардың орналасу түрі сақталады.
Қойылған қолдар саны көп болғанда барлығы немесе алғашқы бірнеше қол қалдырылып, мәтінге түсініктемеде неше қол енбей қалғандығы жайлы міндетті түрде ескертіледі. Және де қол қойған тұлғаларға қысқаша сипаттама беріледі:
Ореховка қыстағының шаруалары*
*Барлығы 12 шаруаның қолы қойылған.
(Белоруссия в эпоху капитализма. Т. 1. Мн.,1983. С.181)
Қойылған қол түсініксіз болғанда, қойылған қол болмаса және адамның қолы мен аты-жөнін оқу қиын болған жағдайда, мәтінге түсініктемеде: «қол түсініксіз», «қол қойылмаған», «фамилиясы көрсетілмеген» деп атап өтіледі:
Предуездревкома*
* Қолы түсініксіз.
Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т.2. Мн., 1971. С. 438)
Командир отряда капитан Никитин*
*Қол қойылмаған.
(В непокороннем Минске. Мн., 1987. С. 63)
Адамның лауазымы көрсетілмеген әрі қолы түсініксіз болған жағдайда, төмендегідей мазмұнда мәтінге түсініктеме келтіріледі:
* Хатқа (құжатқа) қол қойған адамның лауазымы көрсетілмеген. Қолы түсініксіз.
(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. Т.2. Мн., 1971. С. 191)
1950–1960-жылдардағы жарияланымдарға тән құжаттардың аяғындағы қолдарды қалпына келтіруге байланысты кейбір ерекшеліктерді көрсете кеткен жөн. Мәселе түпнұсқада болған қолдар олардың аяғында жоқтығында. Бұл мынандай жағдайға байланысты: КОКП ХХ съезінен кейін партиялық идеология «кейіннен басшылық лауазымнан аластатылған» тұлғалардың қолы қойылған құжаттарды жариялауға, бірақ ол құжаттардың аяғына шыққан мекемелерінің атын ғана қоюға рұқсат береді. Ал бұған дейін 1930–1940-жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың қолы қойылған құжаттарды жариялауға мүлде рұқсат етілмейтін еді. «Белорус тарихы бойынша құжаттар мен материалдар» жинағының 4-томын даярлау тарихы осыны көрсетті. Құрастырушылар құжаттар жинағының макетіне қосқан құжаттардың жартысында кейін «халық жауы» ретінде әшкереленген, сондай-ақ «саяси өмірбаяндары белгісіз» тұлғалардың қолдары қойылған болатын. Жинақты рецензиялаған ИМЭЛ және КСРО ГАУ қызметкерлері жинақ редакторларына БКП ОК-нен мұндай құжаттарды жариялауға рұқсат алуға ұсыныс жасады.
Өкінішке орай, қойылған қол проблемасы аталған мерзімде қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалармен ғана шектелген жоқ. Сонымен қатар құжаттардың астына қолдарын қойғаннан біраз жылдардан кейін сотталған, шетелге кеткен (тек қана саяси себептерден емес) адамдардың фамилиялары да көрсетілмейтін. Егерде байқаусызда мұндай адамдардың фамилиялары құжаттар жинағының бетіне шығып кеткен болса, бұл партия басшылығының жоғарғы органдарында талқылауға түсіп, тиісінше қорытынды шығарылып жататын.
Кейбір жағдайда жарияланымдарда бекітуші қолдар да қалпына келтіріледі. Ғылыми типтегі басылымдарда олар құжаттың қосымша бөлігін құрайды; ғылыми-көпшілік басылымдарда бекітуші қолдар олардың құжат тарихын зерттеуде мәні болған жағдайда ғана беріледі. Бекітуші қолдың болуының өзі біздің алдымыздағы түпнұсқа емес, түпнұсқаға қол қойған тұлғалардың фамилиялары келтірілгенмен, қол қойылмаған бекітілген көшірме екендігінің айғағы болып саналады.