А.Е Үдербаева. С.Ә. Мәшеков
(5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студенттеріне арналған)
ИЛЕМДІЛІК ПІШІНӨЗГЕРУІНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ТЕОРИЯСЫ
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Алматы 2013
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің 5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы»мамандығының студенттеріне арналған «Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені /Құрастырушы Үдербаева А.Е., С.Ә. Мәшеков – Алматы: ҚазҰТУ, 2013. б.
Құрастырушы Үдербаева А.Е. аға оқытушы, С.Ә. Мәшеков, т.ғ.д. профессор
Аңдатпа
Оқу-әдістемелік кешенінде кәзіргі заманғы ғылыми деңгеймен металдарды қысыммен өңдеу теориясының мынандай механика-математикалық негізі баяндалады: кернеулер және деформациялар теориясы, реалогиялық теңдеулер, металл мен қорытпалар илемділігі, металдарды қысыммен өңдеу теориясы есептерін шығарудың әдістері.
5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының студентеріне арналған «Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені студентер пәнді өз бетінше талқылаған кезде, зерханалық және сараптамалық сабақты орындағанда және пәннің теориялық бөлімін оқыған кезде, оларға жақсы көмек беруді өзіне мақсат қойды.
Оқу-әдістемелік кешені КР МЖБС талабына, 5В073800 «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығының мамандық сипатамасына және жұмысшы оқу жоспарына сәйкесті жасалған. Сондықтан осы оқу-әдістемелік кешені пәннің негізгі мазмұнын толық бейнелейді.
Оқу-әдістемелік кешені пәннің оқу бағдарламасынан (SYLLABUS), дәріс конспектісінен, әдістемелік материалдан, студенттер өз бетімен жұмыс істеу үшін қажетті оқу-сараптамалық материалдан, керекті әдебиет тізімінен тұрады. Тестілік және бақылау сұрақтары студенттерге, осы пән бойынша өзінің алған білімін бақылауға мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік кешені студенттердің танып білерлік және творчествалық істерін белсендетуге және дәрістік пен дәрістен тыс уақытта студенттердің өз бетінше жасайтын жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу-әдістемелік кешенді металлургиялық және машинажасау мамандықтарының студенттері мен магистрантары қолдана алады.
© Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті, 2013ж.
Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Сабақты өткізетін оқытушы Үдербаева Асемгүл Еркинбек қызы аға оқытушы, магистр, Мәшеков Серік Әкімұлы техн. ғылым. докт., профессор
Қатысу ақпараттары...2577125...............................................................
Кафедрада болу уақыты...900 - 1700., МСК 02...............................................................
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Аталуы Илемділік пішінөзгерудің қолданбалы теориясы
Кредиттер саны..4....................................................................................................................
Өткізілетін орны «Білдекжасау, материалтану және машинажасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы
Оқу жоспарынан көшірме
Курс | Семестр | Кредит | Аптасына академиялық сағат | Бақылау түрі | |||||
Дәріс | Зертхан. сабақ | Тәжірибелік сабақ | СӨЖ | СӨЖО | Барлығы | ||||
Емтихан |
1.3 Пререквизиттер: Механика I; Механика II; Материалтану.
1.4 Постреквизиттер: Ұсталық соғу және ыстықтай қалыптау технологиясы; Қыздырмай қалыптау технологиясы.
Пәннің мақсаты және міндеті
«Илемділік пішінөзгеруінің қолданбалы теориясы» пәнінің мақсаты 5В073800- «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы» мамандығына илемділік деформациясының негізгі заңдарын зерттей отырып металдарды қысыммен өңдеу процестерін тиімді жүргізудің жалпы принципті негіздерін жасай және талдай білу саналады. Айтылған мәселелерді меңгеру арқылы металдан илемді деформациялау әдісімен өндірілген дайындамалар мен бұйымдардың жоғары дәлдікпен геометриялық өлшемдерін және сыртқы пішінін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар металдың ішкі құрылымына әсер ету арқылы оның сапасын да қажет бағытта өзгерте білу қажет. Студент білу қажет:
- металдарды қысыммен өңдеген кезде пайда болатын керенеу-деформация күйін есептеу әдістерінің теориялық негіздерін және металдарды илемді деформациялау процесінің негізгі заңдылықтары туралы терең ұғымы болуы керек;
- металдарды қысыммен өңдеу процестерін жүргізу кезінде туатын құбылыстарды түсіндіру, осы процестерді зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістері туралы ұғымы және металдарды илемді деформациялаудың физикалық негіздерін, металл мен деформациялаушы аспаптың жанасу бетінде туатын үйкеліс заңдылықтарын, температуралық, деформациялық және кинематикалық факторлардың және т.б. факторлардың деформациялау нәтижесіне әсерін білуі керек;
- металдың илемділікке бейімділігін есептеу жолдарын, металдардың илемді деформацияға кедергісін есептеу әдістерін меңгеруі керек;
- илемді деформациялау кезіндегі металдың пішін өзгерту параметрлерін есептеу жолдарын және металдарды қысыммен өңдеу процестерінін жеке түрлерін талдау жүргiзуге машықтануы керек.