Лекции.Орг


Поиск:




Оғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары. Тепе-теңдік




Қоғамдық игілігіне деген сұраныс қисық сызығының жағымсыз еңкіштігі бар, өйткені қоғамдық игіліктерге қатысты, жеке игіліктерге де сияқты, шекті пайдалылықтың кемушілік заңы әрекетте болады. Сонымен бірге қоғамдық игіліктерге деген сұраныстың бірқатар ерекше қасиеттері бар:

1. Қоғамдық игіліктер бөлінбейді, (яғни қосылатын), сондықтан олар бір емес, бірнеше тұтынушылармен пайдаланады. Барлық тұтынушылар берілген баға бойынша игіліктердің бірдей бағасын тұтынады, әр қайсысының тұтыну көлемі игіліктердің ұсынысына тең: QS = q1 = q2 = … = qn.

2. Барлық тұтынушылар қоғамдық игіліктерді тұтынудан пайданы (пайдалылықты) бір мезгілде алады, олардың сұраныс қисық сызықтары әр қоғамдық игілігінің көлемін тұтынудан алынған шекті пайдаларды (пайдалылықтарды) көрсетеді. Демек, қоғамдық игіліктің берілген көлемін тұтынудан шекті қоғамдық пайда барлық шекті жеке пайдалардың сомасы:

MSB = MB1 + MB2 + … + MBn = ∑MBn,

мұнда MSB – шекті қоғамдық пайда;

MBn – n-тұтынушының шекті пайдасы

Сонымен, қоғамдық игілікке деген сұраныс тұтынушы үшін бағаның әр деңгейінде шекті пайда ретінде анықталады. Осыдан қоғамдық игілікке деген жиынтық сұраныс көлемі әр берілген баға үшін жеке сұраныстардың сомасына тең. Қоғамдық игіліктің бағасы ауыспалы шама емес. Сондықтан, қоғамдық игілікке деген сұраныстың қисық сызығы жеке сұраныс қисық сызықтарын тік қосу жолымен қалыптасады. 4 тең игілік көлемінде А тұтынушы игіліктің 3 тең қосымша бірлігі үшін төлеуге дайын, ал В тұтынушы – 8. екеуі де игіліктің бірдей санын тұтынатындығынан, олардың жалпы шекті пайдалылығы тең: 3+8=11 (тік қосу жолымен біз сұранысты анықтаймыз). Нәтижесінде алынған нарық сұранысының қисық сызығы графикте қалың сынық қисық сызықпен көрсетілген.

Р

16 10

6

 

 

DA DB

4 9 15 q

102 сурет. Қоғамдық игілікке нарық сұранысының қисық сызығы

 

Қоғамдық игіліктің сұранысы жеке игілік сұранысынан айырмашылығы бар. Қоғамдық игілікті тұтыну процесіне (үдерісіне) қосымша пайдаланушыларды тарту (енгізу) игіліктің пайдалылығын азайтпайды. Қоғамның игілікті тұтыну процесіне (үдерісіне) барша көп тұтынушылар тартылғанына қоғам мүдделі. Осылай, қоғамдық игіліктің нәтижелі көлемін өндіру мәселесі туады. Осы мәселенің шешуінде шекті пайдалылықтың шекті шығындарға теңдігінің жалпы қағидасы қолданады (бұл жағдайда қоғамдық игілікті пайдаланудан шекті пайда), яғни MSB = MSC, мұнда MSC – қоғамдық игілікті өндірудің шекті қоғамдық шығындары. 103 суретте DA – А тұтынушының қоғамдық игілікке сұранысы, DВ – В тұтынушының қоғамдық игілікке деген сұранысы. Олардың төлеуге жалпы дайындығы (мүмкіндігі): MSB = МВА + МВВ = a+b. Екі тұтынушының да игіліктің қосымша бірлігі үшін төлеу мүмкіндігі МС шекті шығындарға, яғни Q тең жағдайда, өндіріс көлемі нәтижелі. Қоғамдық игілікті өндіру көлемінен ауытқу (осы нүктеден), оның өндірісін көбейтуін немесе азайтуын білдіреді.

Р

D=MBA+MBB MC

 

DB

a+b

b1

b

c

a1

а

DA

QA QB Q* Q

103 сурет. Қоғамдық игілік өндірісінің нәтижелі көлемі

 

Қоғамдық игіліктің сұранысы мен ұсынысын талдауының кейбір ерекшеліктері:

1. Қоғамдық игілік өндірісінің нәтижелі көлеміне жету оның бірлескен тұтынуын қажет етеді. 100 суреттегі графикке сәйкес, тұтынушының біреуі де қоғамдық игілік үшін қажетті Q* көлемде төлей алмайды. Сондықтан, егер игілікті әр қайсымыз жеке тұтынсақ, бұл пайдалылықтың төмендеуіне әкелуші еді. Қоғамдық игілікті бірлесіп тұтыну тұтынушылардың әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік туғызады.

2. Пайдалылықтың әр түрлі деңгейі бар, қоғамдық игілікке бірдей бағаны белгілеу тұтынушылар үшін Парето бойынша нәтижесіз. Тағы да 100 суретке назар аударайық: С нүктесіне сәйкес қоғамдық игіліктің бірыңғай бағасы А тұтынушы оның тұтынуын тоқтатуына әкеледі. В тұтынушының төлеуге мүмкіндігі жоғары болғандықтан, ол игіліктің тұтынуын жалғастыра береді, бірақ ақшасын артық төлеп отырады (өйткені b1>b). Егер игілікке бағалар әр түрлі болса (А тұтынушы үшін аздау болса, В тұтынушыға қарағанда), екі тұтынушы да бұдан үлкен пайда алушы еді, яғни пайдалылық өсіп, шығындар азаюшы еді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 663 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1026 - | 848 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.