Лекции.Орг


Поиск:




Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі




Біз жеке нарықтағы тепе-теңдік талдауын (жартылай тепе-теңдіктің талдауын) өткіздік. Енді жалпы тепе-теңдік үлгісін көрейік. Өзара байланыстар сипатына қарай нарықтар бөлінеді:

– өзара тік байланыстағы нарықтар – бір нарық фирма өндірісінің өнімі екінші нарық фирма өндірісінің ресурсы (қоры) болып келеді. – өзара тік байланыстағы нарықтар – нарық өндіріс өнімдері бір-бірін ауыстырады немесе бірін-бірі толықтырады. Жалпы тепе-теңдік үлгіде өзара байланыстар мысалы ретінде мұнай, бензин, автомобильдер және көмір нарықтарын алуға болады. Бір себептерден мұнай өндірісі қысқарады дейік, нәтижесінде бағасы өсіп кетті. Оның салдары: ұсыныстың азаюы және бензин нарығында бағаның өсуі. Бензин мен автомобильдер комплементарий – тауарлар болғандықтан, автомобильдер нарығында сұраныс пен бағалар төмендейді, ал мұнай субтитут – тауары – көмір нарығында, керісінше – бағалар өседі. Осындай өзгерістермен байланысты нарықтағы өндіріс көлемдерінің және бағалардың өзгеруі кері байланыстар әсері деп аталады. Бірақ бағалар мен ұсыныстардың бірқатар өзгерістерінен кейін (әр нарықта болып жатқан) экономикада қайтадан жалпы тепе-теңдік орнайды. Жалпы тепе-теңдік орнату мүмкіндігі жөніндегі мәселе (экономикалық қажеттілікке жеткізетін) экономикалық теорияда әлі ашық болып тұр.

Нәтижелілік өлшемі – келесі шарттарға сәйкес келу:

1. бар ресурстарды пайдалану

2. өндірушінің де, тұтынушының да әл-ауқатын жоғарылату

3. сұраныстың ұсынысқа теңдігі

Сонымен, біздің міндетіміз: осы тұрғыдан нарықтардың барлық жиынтығында тепе-теңдік үлгілерін қарау. Нәтижелілікке жетудің ең қарапайым үлгісін талдауынан бастайық – Робинзон Крузо экономикасының үлгісі. Робинзон Крузо экономикасының үлгісі (1 адам экономикасының үлгісі) бір ғана адамның (Робинзон Крузо) қызметін қарайық. Ол бір мезгілде бір өнімнің – бидайдың өндірушісі де тұтынушысы да және 1 ғана өндіріс факторына – еңбекке ие. Робинзон Крузо бір мезгілде жалғыз өндіруші де, жалғыз тұтынушы да болғандықтан, ол өз өзіне «жалақы» төлейді дейік.

 

өндіріс көлемі

 

В

 

U3

U2

U1

 

В демалыс сағаттары

Бар болған уақыт

 

90 сурет. Робинзон Крузо экономикасының үлгісі

 

Графиктегі абцисс өсінде Робинзон бос сағаттарын, координат өсінде – оның өндіріс көлемін белгілейік. Абцисс өсіндегі В нүктесі оның бар уақытын, яғни өз қалауымен пайдалана алатын уақытын көрсетеді – оны жұмысқа немесе демалуға арнауы мүмкін. ВВ қисық сызығы – бір тауардың өндірісіне кететін өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы. Әр нүктесі бар ресурстарды (еңбекті) толық пайдалануында Робинзон өндіретін бидайдың ең жоғары өндіріс көлемдерін көрсетеді. Графикте Робинзонның парықсыздық қисық сызықтарының картасын (оның тұтыну ұнатымдарын көрсететін) салайық. Робинзонның өндірістік мүмкіндіктер қисық сызықтары (оның өндіруші ретіндегі қызметін көрсететін) және парықсыздық қисық сызықтарының картасы (оның тұтынушы ретіндегі қызметін көрсететін) сәйкес келуі бізге Робинзон Крузо экономикасының үлгісін береді (90 сурет). Ендігі біздің міндет – пайда мен пайдалылықты көбейтіп (жоғарылатып), нарықта сұраныс пен ұсынысты теңестіретін, өнімге және бос уақытқа деген бағаларды табу, яғни тепе-теңдік бағаларды. Ол үшін ең алдымен біз өндіруші ретіндегі Робинзонның тепе-теңдік бағаларын, сонан соң – оның тұтынушы ретіндегі тепе-теңдік бағаларын тауып, оларды салыстырамыз. Егер олар сәйкес келмесе, ары қарай іздейміз. Ең алдымен, өндіруші ретіндегі Робинзонның пайдасын өсіретін бағаны табамыз. Өнім бірлігінің бағасын Рb, жалақы мөлшерін W, өндіріс көлемін – В, ал бос уақыт сағаттарын – n деп белгілейік. Онда өндірістің валдық (жалпы) шығындары және жалпы табыс құрайды:

ТС = W*(B –n), мұнда (B –n) – еңбекке (өндіріске) кеткен уақыт. TR = Pb* · B. Осыдан, пайда шамасы тең:

п= TR – ТC = Pb* · B –W*(B – n).

Алынған теңдеудің негізінде бірдей пайданың қисық сызығын саламыз. Алынған бірдей пайданың сызықтары бір-біріне жарыспалы, WPb тең еңкіштігі бар, пайданың жоғары деңгейін көрсететін сызықтар координатың басталуынан жоғары тұр. Өндіруші ретінде Робинзонның тепе-теңдік нүктесі L1 болып табылады, онда бидайдың В1 бірлігін өндіру үшін (В – n1) еңбек сағаттары пайдаланады. Енді тұтынушы рөлінде Робинзонның пайдалылық функциясын (қызметін) жоғарылататын бағаны тауып алайық. Робинзонның бірдей пайдасының ең жоғары сызығы бір уақытта оның бюджеттік сызығы болып келеді, себебі оның бюджетін (табысын) пайда құрайды.

Тұтынушы ретінде Робинзонның тепе-теңдік нүктесі L2, онда бюджеттік сызық F парықсыздық қисық сызығын жанай өтеді. Сонымен, тұтынудың ең дұрыс, ұнатымды жиыны – n2 – бос уақыт сағаттары мен В2 бидай бірліктері. Алынған үлгіде өнімге деген сұраныс ұсыныстан аздау, ал еңбекке деген сұраныс оның ұсынысынан көптеу. Бұл Робинзон Крузоның тепе-тең емес үлгісі. Өндіруші мен тұтынушы тепе-теңдік нүктелері сәйкес келгенде ғана біз Робинзон Крузоның оптимумын табамыз. Мұнда сұраныс пен ұсыныс теңесетін бағаларға сәйкес келеді. Бір адамның үлгісіндегі бұл тепе-теңдік L* нүктесіне жетеді (92 сурет).

 

 

 
 


өндіріс көлемі

 

 

В L1

В1

 

L2 U3

В2

U1 F U2

 

n1 n2 B демалыс сағаттары

Бар болған уақыт

91 сурет. Робинзон Крузо экономикасы үлгісіндегі тепе-теңдік еместік

 

Сонымен, бір адамның үлгісіндегі тепе-теңдік С сызығының еңкіштігімен анықталады. С – пайдаға тең сызық, сонымен бірге бюджеттік сызық. Қаралған үлгі өзін-өзі реттеуші: баға механизмінің көмегімен, ол өзін-өзі тепе-теңдік жағдайға келтіреді.

 
 

 


B

L* U3

 

U1 U2

G демалыс сағаттары

B

92 сурет. Робинзон Крузо экономикасы үлгісіндегі тепе-теңдік





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 752 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

805 - | 687 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.