Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 cәуірдегі № 294 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11356 болып тіркелді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жеке тұлғаларды денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу құқығына аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгiлi бір түрiн жүргізу құқығына бiлiктiлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Туыстас емес транспаланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сонай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Медициналық технологияларға клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
____________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 13 мамыр
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 12 мамыр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 cәуірдегі
№ 294 бұйрығына 1-қосымша